Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 21:02, реферат
Мұқанов, Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер.
Мұқанов, Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер.
Әке шешеден
жастай жетім қалып, балалық
шағын ауқатты ағайындарына
Жастайынан
халық арасында жиі айтылатын
жыр дастандарды жаттап, өзі де
ауызша, жазбаша өлең шығарып талаптанып
жүрген Сәбит осы кезден бастап,
шығармашылыққа шындап бет бұрады.
Оның есімін жалпы қазақ оқырманына
кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны,
«Адасқандар» романы осы кезде өмірге
келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен
кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем»
(1933), «Сөз Советтік армия» (1934) атты өлеңдері,
«Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау»
романы (1938) және осылар тәріздес толып
жатқан шығармалары қазақ әдебиетінің
дамуында ерекше рөл атқарады. Осы
кезге дейін атқарған сан салалы
қызметінде болсын, шығармашылық өрлеу
жолында болсын, ілгерлеудің басты
кепілі терең білім екенін, онсыз
көздеген мақсатында жету мүмкін еместігін
айқын сезінген ол 1928 жылы Ленинград
университетінің филология
Жазушының шығармашылығында
да, бүкіл қазақ прозасында да белгілі
белес болған келелі туындысы кейіннен
қайта өңделіп, «Ботагөз» деген
атпен жарық көрген «Жұмбақ жалау»
романы еді десе, оның саналы шығармашылық
өмірін түгел дерлік қамтыған «Өмір
мектебі» трилогиясы шын мәніндегі
халық шежіресі болатын. Ол халықтың
арасынан шыққан халықтың сүйікті жазушысы
болды. Оның қазақ мәдениетін өркендету
саласында сіңірген зор еңбегі кезінде
жоғары бағаланды. Бірнеше мәрте
Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің мүшелігіне, Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесінің
ХХ ғасырдағы
қазақ әдебиетінің алыптары туралы
әңгіме болғанда “Кәдімгі Сәбит Мұқановтың”
(өз сөзі) орны бөлек. 2000 жылы 100 жылдық
мерейтойы ЮНЕСКО шешімімен жоғары
деңгейде ұлықталған қазақ әдебиетінің
классигі Сәбит Мұқановтың шығармашылық
ғұмыры жаңа ХХІ ғасырда да жалғасын
табуда. Шығармалары қайта басылып
шығып жатқаны өз алдына, социалистік
дәуірден капиталистік қоғамға қадам
басқан Қазақ елінің әдебиеттану
ғылымында С.Мұқановтың кітаптарына,
өткен ғасырдағы атқарған қызметі
мен жазушылық жолына жаңаша көзқарас
қалыптастыратын зерттеу
Міне, “Арда” баспасынан “Тарихи тұлға тағылымы” айдарымен 2005 жылы жарық көрген Тұрсынбек Кәкішұлы мен Күләш Ахметтің “Сәбит Мұқанов” әдеби-ғылыми ғұмырнамасы жоғарыдағы пікіріміздің дәлеліндей. Кітап аңдатпасындағы: “Ұлттық мәдени өмірімізде ірі қайраткерлігімен белгілі Сәбит Мұқанов туралы бұл еңбек бүгінгі өскелең ұрпаққа алып тұлғаның қилы заманы мен қиян тағдырын танытады. Көрнекті ғалым, білікті әдебиет зерттеушісі, алымды сыншы Т.Кәкішұлы тарихи тұлғамен рухани сырлас болған. Ол Сәбеңнің күллі өмір жолын, шығармашылық ерен еңбегін тарихи үдеріс барысында терең талдап, жан-жақты зерттеп, әділ бағасын береді” деген түйінді ойлар кітаптың құлақ күйін келтіріп тұр.
Ғасырлар тоғысында қоғам алмасты, заман өзгерді, ұлттық құндылықтарымызға жаңаша көзқарас қалыптаса бастады. Кеңестік дәуірдегі әдебиетіміз бен мәдениетіміздің жәдігерлеріне сын көзбен қарап, қайта бағалауда біржақты пайымдаулар, бұрмалаушылықтар, асығыс үкім айтудың көріністері де байқалды. Кеңестік идеология қолшоқпарларының кесірінен қуғын-сүргінге ұшыраған, атылып-айдалып кеткен, шығармалары құртылған, қапаста қалған арыстарымыздың ақталуы, Алаш қайраткерлерінің есімі мен атқарған істерінің қайта жаңғыруы дүр сілкініс, зор серпіліс әкеліп, қазақ рухының асқақтауына септігі тиіп, жаңа ұрпақтың ой-санасына айрықша ықпал жасаумен қоса, кешегі дәуірдің төл перзенттерін, солардың тәлім-тәрбиесінде өскендерді үрей мен күдіктің торына шырмады. Қазақ әлеуметі рухани-психологиялық дағдарысты да бастан өткерді.
Өткен ғасырдағы
алмағайып кезеңде бұрынғы зор
тұлғасы аласарғандай, айқын келбеті
көмескі тартқандай болған алыптарымыздың
бірі – Сәбит Мұқанов еді. Кеше
ғана Мұхтар Әуезовтің: “Қазақ әдебиетінің
аға жазушысы Сәбиттің аты – қазақ
оқушысының мол қауымына өте даңқты,
анық қымбат аттың бірі” деп, Ғабит
Мүсіреповтің: “Жазушы Сәбит Мұқановтың
қаламынан туған еңбектер өз алдына
бір энциклопедия”, деп Мұхаметжан
Қаратаевтың: “С.Мұқанов толық мағынасында
халық жазушысы еді” деп, Расул Ғамзатовтың:
“Біздің әдебиетіміздің Эльбрустарының
бірі” деп, Сәйфи Құдаштың: “Шын
мағынасында үлгі-өнеге
Рас, сәбиттанудың
жаңа да жарқын парақтарының жазылуына
академик-жазушының 100 жылдық мерейтойының
жоғары деңгейде аталып өтуі де зор
әсер-ықпалын тигізді. Жаңа ғасыр
табалдырығында тұрған кезде Алматыда,
Астанада, Бішкекте, Петропавлда, т.б. қалаларда
өткен ғылыми-теориялық
Кітаптың
ең ауыр жүгін “Даңқ тұғырының
шайқалуы” атты І тарауы арқалап
тұрғанын аңғарамыз. Ең өзекті мәселені
алдымен талдап-таразылап
Кітаптың 44 бетін алып жатқан бұл тарауды бей-жай отырып оқу мүмкін емес. Әсіресе, С.Мұқановтың 20-30 жылдардағы жетістіктері мен шалыс басқан қадамдары, әдебиет майданындағы даусыз табыстары мен солақай сілтеген тұстары, таптық көзқарасты қалыптастырудағы жанкешті еңбектері және алашордашылармен ат құйрығын кесісуінің себеп-салдарлары, қазақ әдебиетіне үлкен олжа салған прозалық, поэзиялық және ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуы және өзі сенген, көзсіз табынған большевиктер партиясының мұны кеудесінен итеріп, қатарынан шығаруы, ұлттық мұраларымызға, тарихи тек-тамырларымызға ерекше қамқорлықпен қарауы және кеңестік өмірдің жаршысы әрі жыршысы болуы, кейбір кезеңдік мәселелерде, әдебиеттің жеке тұлғаларына қатысты айтыс-тартыста қате де қиғаш тұжырымдар жасауы және өзінің сол мүлт кеткен, қателескен тұстарын кейін өз қолымен қайтадан түзетуі, т.б. толып жатқан ірілі-ұсақты уақиғаларға уақыт, заман, қоғам биігінен қайта баға берілуі, жан-жақты таным сүзгісінен өткізілуі бұл еңбектің құнын арттыра түседі.
Кітап авторлары
С.Мұқановтың әдебиетке қатысты
мәселелерде өткір сынды айта
білумен қоса, өз тарапына айтылған
сындарды зор төзімділікпен көтеретінін,
тіпті, дұрыс деп тапса сыннан
қорытынды шығаратынын дөп
“Өктем ой өрімдері” деп аталатын тарауда Сәбит пен Міржақып, Ахмет – Сәкен – Әбдірахман – Сәбит, Смағұл мен Сәбит, Қошке мен Сәбит, Ілияс пен Сәбит желілері арқылы көп шындықтың шымылдығы ашылады. Осы қалай дейтін күбірткелі сауалдарға жауап берілген, сондай-ақ, бұл тараудағы арнайы тоқталған бір мәселе: “Сәбеңнің әдебиет әлеміне, идеологиялық майданға келгендігін аңғартқан, аңғартып қана қоймай, осы жігіттен бірдеме шығады деп үміттендірген және шошындыра үміттендірген атышулы мақаласы” – 1922 жылы “Еңбекші қазақта” басылған “Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!” дейтін мақаласы жөнінде. “Осы эссесінде Сәбең талайларды тарихтан сызып тастаймын деп үлкен қателіктерге ұрынды, ұлылардың аруағын қозғау Сәбит Мұқановқа өмірі кешірілмейтін күнә болды. Оны даттағысы келетіндер осыны дәлелге келтіріп, өздерінің жымысқы ойларын өткізіп жүрді, өткізіп келеді. Бірақ, тарих – әділетті, бәрін де өз орнына қояды”, – дейді кітап авторлары.
Осы тарауда С.Мұқановтың 20-жылдардағы дау-дамайларға кедей таптың жалауын көтеріп, аса белсенділікпен араласқаны, әдебиет туралы айтыс-тартыстарда ерекше көзге түскені, “Сәбең араласқан істің түзелгені көп болумен қатар, бұрмалана бұзылғандары да аз емес” екендігі, осының бәрін ол көзсіз сенім, алғаусыз көңілмен атқарғандығы жан-жақты тәптіштеле қарастырылған. Бұл жазушының өмір жолына, атқарған істеріне, шығармашылық мұратына толайым тың, кәміл жаңа көзқарасты аңғартады.
Әдеби-ғылыми
ғұмырнаманың “Алғашқы асу” және “Шыңға
шығу” дейтін тараулары С.Мұқановқа
шулы даңқ әкелген, қазақ әдебиетінің
тарихында елеулі орын алған, өлеңмен
жазылған “Сұлушаш” романы мен
“Адасқандар” романы жөнінде. “Сұлушаш”
романын сынаған, сараптап талдаған,
шын сипатын ашқан
Кітаптағы аса қызғылықты оқылатын көлемді тарау (43 бет) – “Жаңа өріс” деп аталған екен. Бұл С.Мұқановтың 1932 жылы жарық көрген, екінші қайтара басылмаған, жарық көруіне рұқсат етілмеген “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. 1 бөлім (ұлтшылдық, байшылдық дәуір – буржуазно-националистический период”) деп аталатын еңбегі туралы. Поэзияда “Сұлушашты”, прозада “Адасқандарды” беріп атағын жайған Сәбит Мұқановтың күтпеген тұста ғылымға ойысып, әдебиет тарихынан 458 беттік көлемді еңбек жазуының объективті және субъективті себеп-салдарлары бұл кітапта әділ таразыланған. “С.Мұқановты күні бүгінге дейін сөзге қалдырып, абыройына дақ салып, ел-жұрт көңіліндегі күдікті сейілтпей келе жатқан бір мәселе – алаш қозғалысы және оның қайраткерлері жөніндегі түсінігі, айтқан-жазғаны. Тапшылдықтан оянған санасы, төңкерісшілдікпен қалыптасқан көзқарасы алаш қозғалысын зиянды деп табудан өзгермей кетті, ал оған қатысқан азаматтарды совет өкіметін, партияны мойындамағандар деп білді, жазды” дей келе мына еңбекті атап “Бұған айрықша мән беру керек, себебі әлі күнге дейін оның қадір-қасиетін анықтау, маңызын түсіну, жазылу тарихын, сырын білу жағы жетіспейді”, дейді кітап авторлары. “Сәбит Мұқанов осы кітапты әдейі жазғанға ұқсайды…”, “Уақыт өте келе бұл кітаптың бағасы өсе түспесе, кемімейді”, “Сәбең саяси-идеялық мәселелерді кейде, тіпті, бірінші орынға қойып, социологиялық талдауға түсіп кететін сәті аз емес” дейтін ой ұшқындарын шығарып, оны кеңінен талдау-таразылауға ұластырған.
“ХХ ғасырдағы
қазақ әдебиеті” еңбегінің