Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 11:13, реферат
Сәбит Мұқанов (1900-1973 жж.)
Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері.
Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. Ол кездегі қазақ ауылындағы жалғыз оқу – молда оқуы болған. Жас Сәбит осы молдадан оқып, арабша хат таниды. Ел арасына көп тараған қисса-поэмаларды оқитындай сауаты ашылды. әуелде өлең-жырға, ертегі-әңгімеге әуес бала там-тұмдап әдебиет үлгілерін тауып оқи бастайды.
Сәбит Мұқанов (1900-1973 жж.)
Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиетінің
аса көрнекті қайраткері.
Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік
Қазақстан облысының Преснов ауданы. Ол
кездегі қазақ ауылындағы жалғыз оқу –
молда оқуы болған. Жас Сәбит осы молдадан
оқып, арабша хат таниды. Ел арасына көп
тараған қисса-поэмаларды оқитындай сауаты
ашылды. әуелде өлең-жырға, ертегі-әңгімеге
әуес бала там-тұмдап әдебиет үлгілерін
тауып оқи бастайды. Ол кездегі азын-аулақ
қазақ кітаптарында ескі өзбек, немесе
татар тілдері араласып келетін. Бұған
себеп кітап бастыру ісі көбіне ескіше,
дін оқуына қанық молда, немесе қазақ тіліне
шорқақ, білмейтін татар оқығандарының
қолында болатын. Талантты жастың қолына
осындай әрқилы кітаптардың ішінен татардың
классик ақыны Ғабдолла Тоқайдың, Абайдың
кітаптары түседі. Бұл – қараңғыда нұр
жауғанмен бірдей еді. Өйткені поэзиядан
түсінігі молайған Сәбитке нағыз керегі
де осындай шыншыл, түсінікті поэзия болатын.
Абай мен Тоқайдың мағынасы терең, нәрі
мол, әрі сұлу өлеңдері көкейіне қонып,
Сәбиттің кейін ақындық, жазушылық жолға
түсуіне көп әсер етеді.
Ендігі мәселе – білімді тереңдету. Өйткені
ескі оқумен алысқа бару жоқ.
С. Мұқанов Омбы қаласындағы жұмысшы факультетінде
оқиды. Осы кезде орысша үйреніп, орыс
әдебиетінің үлгілерімен танысып, поэзияның
үлкен дариясынан сусындайды, алуан түрлі
жандарды, ғажайып бейнелерді ол сонан
көреді. Біліміне ақындық таланты ұштасқан
С. Мұқанов бірнеше өлеңдерін шығарады,
ол 1926 жылы рабфакты бітіріп шыққан соң
«Батырақ», «Октябрь өткелдері», «Сұлушаш»
поэмаларын жазады. Өлеңдері мен поэмалары
бірнеше кітап болып басылады.
1926-1928 жылдары С. Мұқанов республикалық
«Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан»)
газетінде, баспа орындарында қызмет істейді.
Мұнан кейінгі жылдарда Ленинград университетінде,
кейін Мәскеудегі қызыл профессура институтында
оқып, 1935 жылы бітіріп шығады.
Осы кезде С. Мұқанов белгілі «Майға сәлем!»
өлеңін; «Ақ аю» поэмаларын жазды.
1935 жылы С. Мұқанов жаңадан шыға бастаған
«Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы
болып істеді. 1937 жылы Қазақстан Жазушылар
одағының төрағасы қызметін атқарды.
Бұл кезеңдегі С. Мұқанов қаламына шыққан
ірі туындылар «Ботагөз» романы (1938, бұрынғы
аты «Жұмбақ жалау») «Менің мектептерім»
(1941), «Колхозды ауыл осындай» (1937) сияқты
шығармалар.
С. Мұқанов соғыс жылдарында фашистік
басқыншыларды әшкерелейтін бірнеше уытты
өлеңдер, очерк, әңгімелер жазды. Халқымыздың
майдан мен тылдағы ерлігін, қаһармандығын
паш етті.1943 жылдан 1951 жылға дейін С. Мұқанов
екінші рет Жазушылар одағының төрағасы
болып, республикада көркем әдебиетті
онан әрі өркендету жолында қызмет етті.
Бұл жылдары әдебиеттің жас кадрларын
тәрбиелеу, жаңа тақырыптарды игеру, заманға
лайық көлемді шығармалар беруді әдебиет
майданындағы ең маңызды міндеттердің
бірі санаған С.Мұқановтың тәрбиелік,
ұстаздық еңбегі елеулі.
1950 жылдары С. Мұқанов «Сырдария» романын,
«Шоқан Уәлиханов» пьесасын жазды. Кейін
бұрынырақ жарияланған екі томдық «Өмір
мектебі» кітабының жалғасы ретінде «Есею
жылдары» деген өмірбаяндық романын жазып
шығарды.
С.Мұқанов – белгілі қоғам қайраткері.
1947 жылдан 1963 жылға дейін Жоғарғы Кеңесінің
депутаты болды.
Әдебиетті дамытудағы қажырлы еңбегі
үшін С. Мұқанов екі рет Еңбек Қызыл Ту
орденімен, 1960 жылы 60 жасқа толуына байланысты
Ленин орденімен наградталған.
Поэзиясы
С.Мұқанов революциясы қарсаңында жалпы
адам өмірі туралы, көңіл күйі, арман туралы
өлеңдер жазған. Соның ішіндегі ең маңыздысы
– 1919 жылы жазылған «Бостандық» өлеңі.
Бұл өлең қазан төңкерісі шын мағынада
еркіндік әкелді деген кешегі күнге дейін
айтылып келген ұғымға саяды.
Бұл бостандық көктен бізге келмеді,
Ешкім бізге сыйлап және бермеді.
Мұнда қазір ортағы жоқ өзгенің
Бұл бостандық – жұмыскердің жеңгені!
Бұл шумақтан еңбекші халыққа келген бостандықты
ақынның факт ретінде ғана ұғып қоймай,
оның саяси, таптық мағынасын басқаға
насихаттайтынын көреміз. Таптық күрестің
ымырамен бітпейтінін, қанаушылармен
үзілді-кесілді айқас үстінде ғана, оларды
біржола жеңумен ғана тынады деп ұғады
ақын. Қазан төңкерісі әкелген бостандық
орталық Ресей халқы үшін де, шет аймақтағы
қазақ халқы үшін де көктен түскен емес,
езілген еңбекшілердің, жұмысшы табының
ондаған жылдар бойғы күресінің нәтижесі
болып көрінеді. Ол кездегі ұғым солай
еді.
1920 жылы жазған «Кедей баласы» өлеңінде
С. Мұқанов сол революциялық тақырыпты
онан әрі кеңейте түседі, таптық қырын
өткірлей береді. Қанаушы таптың қазақ
ауылындағы сұрқиялары бай, би, молдалар,
олардың қолданар әдісі алдау, арбау, дінмен
көзді байлау деп ұғады ақын.
Молдекеңдер алдауға бата алмас,
Құдай-дағы жұмағын малға сата алмас.
Енді байлар бостандыққа бір адым
Баса алмас та, кедейменен қатарлас
Еңбекшілер, ендігі күн сенікі,
Жасайды кедей, гүлденсін кедей, жасасын!
Ақын жиырмасыншы жалдары қазақ ауылы,
қазақ кедейінің хәлі, шаруалар тұрмысы
жөнінде көптеген өлеңдер жазады. Оның
бастылары «шоқпыттың шаруасы» «Сүт заводы»,
«Қазақстан», «Жолы жоқтар біздің жолға
қосылсын», «Егістік», «балқаш», «Конвеер»
және басқалары.
Бұрынғы қазақ ауылы кедейлерінің типтік
бейнесі «Шоқпыттың шаруасы» (1926) деген
өлеңінде көрінеді. Ол революцияға дейін
еңбегі жанбай көп азап көрсе, енді үкімет
көмегінің арқасында егіншілікті кәсіп
етіп, табысы табысқа ұласты.
«Егістік» өлеңінде (1926) Шоқпыттың саналы
шаруаға айналғаны, болашақ ауылдың тірегі
енді осы Шоқпыт болатыны көрінеді:
Тұқымды кім бергені,
Қалайша күн көргені.
Өзіне айқын Шоқпыттың
Бүкіл қазақ халқына...
Кейін ұжымдастыру (коллективтендіру),
индустрияландыру дәуірінде С. Мұқанов
көптеген жаңа өлеңдер жазды. Бұлардың
қай-қайсында болса да ақын құрылыс майданындағы
қайнаған еңбекті, жұмысшы, малшы, егінші
өмірін негізгі тақырып етіп алады.
С. Мұқанов жоғарыда айтқандай, қазақ поэзиясына
жай ақын болып қана келген жоқ, өзінше
жаңа түр мен мазмұн ала келді. Байырғы
поэзия үлгісі, әрине, жаңа заманға үйлесе
бермейтін еді. Ақын поэзияға жаңа өрнек,
түр беруге, оны осы күнгі өмір, тұрмысқа
бейімдеуге ұмтылады. Осындай соны, әуенді
туындысы – 1933 жылы жазылған «Майға сәлем!»
атты өлеңі. Мұнда ақын дүние жүзі еңбекшілерінің
ынтымақ күні – 1 Майды тек жасыл көктем,
шуақ күн деп қана жарламайды, бұл күн
бүкіл езілген халықтың қолына ту ұстап,
күреске шығатын, бостандыққа ұмтылатын,
азат еңбекке бастайтын күн дегенді уағыздайды.
Май мейрамының өзін ақын «Жолдас» деп
атап, оны жаңа адам, жұмыскер бейнесінде
елестеді.
Мың сәлем саған,
Мәңгі жолдас майым!
Сен жас жігіт боп келген сайын,
Жар жібек, барқыт киіп,
Жасыл желек,
Бүркенеді үйеңкі терек қайың!
Басқаға қымбат, саған тегін, арзан,
Түрлі гүл, інжу жақұт, лағыл, маржан
Үстіне төгіледі.
Үкің – бұлт,
Қалпағың – күн.
Найзағай қылыш қазынаң -
дейді,
Әрі қарай, жеңген елде бостандық алған
халық еңбек мейрамын қандай табыстармен
қарсы алып отырғаны, шаруа мен жұмыскердің
бүкіл байлықтың иесі болып отырғаны өлеңде
мақтанышпен айтылады. Лирикалық кейіпкер
- өлеңмен, әнмен бірге бүкіл еңбекшілер
тобы алға, өрге жетелейтін, озат, жоғары
саналы құрылысшы, еңбеккер болып көрінеді.
«Майға сәлем» - С. Мұқанов поэзиясындағы
зор жаңалығы. Жол сандары, буын, ырғағы
жағынан бұрынғы қазақ поэзиясына ұқсамайтындығы
үзіндіден көрініп тұр.
«малшының мақтанышы» (1934), «Колхозды ауыл
осындай» (1938) атты өлеңдерінде С. Мұқанов
Ауыл еңбеккерлерінің бейнесін жасайды.
С. Мұқановтың көптеген өлеңдері соғыс
тақырыбына, кейін бейбіт еңбек, тың тақырыптарына
арналады. Соғыс кезінде «Мен де аттандым
майданға», «Фашизмнің ажалы», «Гвардеец
бауырларға», «Ленин қаласында» сияқты
жоғары патриоттық сезімдерге толы өлеңдер
жазды. «Берлин алынды» өлеңінде:
Көз жасын көлдей қылған талай елдің,
Сан жетпес жүректерге қайғы-шердің.
Уын төккен,
Ордасы – жылан-шаян,
Фашизмнен тазарды бүгін Берлин! -
деп қуанады ақын бүкіл халық атынан, соғыс
бітіп, Берлинде жеңіс туы желбірегенде.
Ақынның лирикалық өлеңдерінің негізгі
кейіпкері – қарапайым, еңбекші халық
өкілі.
С. Мұқанов лирикалық өлеңдермен қатар
көптеген поэмалар жазды. Поэмада ақын
сан алуан өмір қыбылысын кең алып, белгілі
кейіпкерлердің іс-әрекетін көрсету арқылы,
оның қоғамдық, әлеуметтік немесе моральдық,
философиялық сырын ашу арқылы дәуірге
сай негізгі айтпақ идеямен баяндайды.
Лирикалық өлеңдерге қарағанда поэмаларында
нақтылы кейіпкерлердің істері суреттеледі.