Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2011 в 17:34, реферат
Мұхтар Әуезов Омарханұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында жерленген ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ҒА-ның ака- демигі (1946), филология ғылымының докторы, про- фессор (1946), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қай- раткері. Әуезов бұрынғы Семей уезі, Шыңғыстау облы- сының №8 ауданына қарасты Аяққараған деген жерде, орта дәулетті отбасында дүниеге келген. Әкесі Омархан мен атасы
Мұхтар Әуезов
1897 – 1961
Мұхтар Әуезов Омарханұлы
қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай
ауданында жерленген ұлы жазушы, қоғам
қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ҒА-ның
ака- демигі (1946), филология ғылымының докторы,
про- фессор (1946), Қазақстанның еңбек сіңірген
ғылым қай- раткері. Әуезов бұрынғы Семей
уезі, Шыңғыстау облы- сының №8 ауданына
қарасты Аяққараған деген жерде, орта
дәулетті отбасында дүниеге келген. Әкесі
Омархан мен атасы Әуез сауатты адамдар
болған. Алты жасында атасының үйретуімен
Абайдың өлеңдерін жаттап, оны ұлы ақынның
өзіне айтып берген. 1908 жылы Семейде- гі
Камалиддин хазірет медресесінде оқып,
одан орыс мектебінің дайындық курсына
ауысады.1909 жылы әке- сі Омархан қайтыс
болып, Мұхтар ауылына оралады. Семей мұғалімдер
семинариясын бітірген Әбіш Хасе- нов
деген мұғалімнен бір жыл дәріс алады.
Немере аға- сы Қасымбек оны жаз бойы өзі
дайындап, 1910 жылы Семей қалалық бес кластық
орыс қазына училищесіне оқуға орналастырған.
Сол училищенің соңғы класында оқып жүргенде
«Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазды.
1914 жылы Абайдың қайтыс болғанына он жыл
толған күнге арнап, Н.Құлжанова мен Н.Құлжанов
ұйымдастырған әдеби кешке, 1915 жылы «Біржан-Са-
ра» айтысы көрсетілген ойын-сауық көрмесіне
қатыс- ты. Онда Қ.Сәтбаев, Ж.Аймауытов
өнер көрсетті. Жас Мұхтар сол кездердегі
қалалық спорт жарыстарына да белсене
қатысып, «Жарыс» футбол командасының
жар- тылай қорғаушысы болды. Училищені
1915 жылы аяқ- тап, Семей қалалық мұғалімдер
семинариясына түсті. Семинарияда оқып
жүріп те шығармалармен айналыс- ты. Шәкәрім
Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» даста-
нының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын
жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық
деген жерде Абайдың қызы Кенже мен Әйгерімнің
тіркестіріп тік- кен киіз үйінде сахнаға
шығарды. Мұхтардың өзі режи- ссер әрі
суфлердің міндетін атқарды. Бұл қойылым
оған үлкен шабыт беріп, өнерін ұштап,
жетілдіруге мүмкін- дік жасады.Сол жылы
Райхан Кәкенқызына үйленді.Ре- сейдегі
саяси төңкерістер, Уақытша үкіметтің,
Алашор- да халықтық кеңесі мен үкіметінің
құрылуы Әуезов өміріне де үлкен өзгерістер
әкелді. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын
құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы
болды.