Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 20:07, реферат
Дулатұлының Абайға арналған алғашқы қысқа ғана мақаласы татардың «Уақыт» газетінде 1908 жылы жарияланған. Ақынның ой-өрісі, білім деңгейі, туған жері, шыққан ортасы айтылып, әдеби мұрасына жалпылама баға беріліп, оның орыс әдебиетімен, әсіресе Лермонтовпен үндестігі ескертілді. 1914 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай» мақаласы ақынның опат болғанына он жыл толуына орай арналып жазылған.
Міржақып Дулатұлының
Абай шығармашылығын зерттеуі
Дулатұлының Абайға арналған алғашқы
қысқа ғана мақаласы татардың «Уақыт»
газетінде 1908 жылы жарияланған. Ақынның
ой-өрісі, білім деңгейі, туған жері, шыққан
ортасы айтылып, әдеби мұрасына жалпылама
баға беріліп, оның орыс әдебиетімен, әсіресе
Лермонтовпен үндестігі ескертілді. 1914
жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай»
мақаласы ақынның опат болғанына он жыл
толуына орай арналып жазылған. Мұнда
әдебиеттің, оның көрнекті өкілдерінің
халық тарихында алатын орны айрықша бағаланады.
Абайдың қадірін білмеу, оны елеп ескермеу
ұлттың үлкен кемшілігі ретінде аталады,
әдебиет елдің жаны деп көрсетіледі.
Абайдың қазақ халқы тарихындағы мәртебелі
орнын басқа елдер әдебиетімен сабақтастықта
алып қарап, дәл тауып, дұрыс бағалап
берген Дулатұлының келешек заманда ұлы
ақынның атақ-абыройы, мерей-даңқы өсіп,
жаңа буынмен әмірене табысатынын
ерекше әулиелікпен көре білген. Дөрекі
социологиялық, таптық, атеистік көзқарас,
дүниетаным тұрғысына түскен кезде зерттеушілер
абайтануда толып жатқан солақайлыққа,
сан-алуан қателікке ұрынғаны белгілі.
Ал Кәкітай Ысқақов, Ахмет Байтұрсынов,
Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов
Абайдың шығармаларын тануда ұлттық,
халықтық, эстетикалық таза талғаммен
ешқашан мәнін жоймайтын бағалы байламдар
жасай алды. Абай шығармаларындағы сарын-әуезді,
ой-пікірді, идея-нысананы алаш азаматтары
терең сезіп, тебірене насихаттай білген.
Әдебиеттің барлық жанрында бірдей қалам
тартқан қаламгер, қоғамдық-әлеуметтік
іске жанын салып араласқан қайраткер
Міржақып Дулатовтың өмірлік мақсатының
биік нысанасы, тапжылмас темірқазығы
- біркүндік даңқ, өтпелі дәулет, баянсыз
шен емес, туған халқының бостандығы,
өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы,
ол қуғын-сүргін керіп, түрмелер азабын
тартып жүрген азапты күндерінің өзінде
де, ақтық демі біткенше бүл жолдан тайған
жоқ. Қазақ жұртының бүгінгі, болашақ
буындарына алаш деп ұран салып, келешек
үшін арыстанша алысқан Міржақып Дулатовпен
бауырындай етіп табыстыратын, айналып
келгенде, осы мәңгілік жасайтын асыл
қасиеттер. Елді бұрынғы мешеуліктен
арылып, өнер мен білімге ұмтылуға шақыру
идеясы Абайдан, Абай заманынан басталды.
Алайда, осы идеяның жаңа қоғамдық жағдайда
кеңірек, жаңаша мағынаға ие болып, «Оян,
қазақ!» деген сөздің ұлттық ұранға
айналуы осы кез - XX ғасырдың басы болатын.
Міржақып ақындық, жазушылық еңбегін журналистік
қызметімен ұштастыра білді. 1911 жылы «Айқап»
журналында, 1913-1918 жылдарда «Қазақ» газетінде
қызмет етті. Ол «Қазақ» газетін шығаруға
бас редактор Ахмет Байтұрсыновпен бірге
аянбай ат салысып, осы газеттің жарық
көрген алғашқы күндерінені бастап оның
бетінде әдебиет пен мәдениетке, қоғамдық
өмірдің маңызды мәселелеріне арналған
мақалалар жариялап отырды. Сөйтіп, ол
талантты публицист, әр түрлі әлеуметтік,
мәдениеттік мәселелерді толғайтын мақалалардың,
очерк, фельетондардың авторы ретінде
жұртшылыққа кеңінен танылады. Солардың
ішінде әдебиет мәселелерін сөз ететін
мақалалар аз емес екенін еске сала отырып,
1914 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған.
«Абай» деген мақаласын бөліп айтуға болады.
Мақала «Абай секілді атымен қазақ халқы
мақтанарлық ақынымызды арамыздан жоғалтқанымызға
10 жыл толуын еске түсіріп» атап өту үшін
жазылғанын автор өзі де айтқан. Міржақып
Абайды «қараңғы заманда шыққан басшымыз»
деп атап, оның қазақ әдебиетін, ой-санасын
дамытуға косқан үлесін аса жоғары бағалап,
артына қалдырған мұрасыньң қадірі барған
сайын арта береді деген терең пікір айтады:
«Зәредей шүба етпейміз, Абайдың өлген
күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша
жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық
ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде
Абай құрметі күннен күнге артылар. «Бірінші
ақынымыз» деп қабіріне халқы жиі -жиі
зиарат етер, халық пен Абай арасы күшті
махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз
көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер,
қуанар».
Бұл сөздердің қандай көрегендікпен айтылғанын
бүгін әділ қазы - уақыттың өзі дәлелдеп
көрсетіп отыр деуге толық хақымыз бар.
«Қазақтың бас ақыны - Абай.
Онан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ
баласында біз білетін ақын болған жоқ.
Ақмола, Семей облысында Абайды білмейтін
адам жоқ,- дей келе Ахмет Байтұрсынов,-
Абайдың сөздері кітап болып басылып шыққанша
Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысына
естілмеуші еді»,- дейді. Ал, Міржақып
Дулатов болса: «Не шара! Қазақ әдебиетінің
атасы хакімінде алтын әріппен жазыларлық
Абай Шыңғыс тауында туып, Шыңғыс тауында
60 жылдық өмірін өткізіп, сол Шыңғыс тауында
өлді. Туғанын, жасағанын, өлгенін өз елі
Тобықтыдан басқа қазақтың көп жері білмей
де қалды. Осы заманда үш ауыз сөздің басын
құрай білетіндердің жазулары тасқа басылып,
халыққа тарап, сынға түсіп тұрғанда, Абай
сөзі өзі өлгеннен бес жыл өткенде басылды»,-
деген еді.... Зер сала қарасақ Алаш арыстарының
айтқан сөздерінде үлкен мән жатыр. Абай
есімінің кең қазақ сахарасына таралуына,
ұлы ақын сөздерінің «көкірегі сезімді,
тілі орамды» «үлгілі жас» пен сөз танырлық
адамына жетуіне басты себеп болған - тұңғыш
жинақ екендігі тағы да айқын.
…Қалғанша жарты жаңқам мен сенiкi –
Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!
…Қаламнан жылап аққан қара бояу,
Жазылып қағазға сен, жұртқа қыл паш,- дейдi.
Расында бұл – күрес жылдарының
көркем өлеңi. Бұдан күрделi уақыттың ойы
мен бейнесi анық аңғарылады. ХХ ғасыр басындағы
iлгерiшiл руханият үшiн
Абай – сапалық деңгейге көтерiлудiң рәмiзi
болғандықтан, Мiржақып та бұл құбылысқа
өзiнше қарады. 1908 жылы татардың “Уақыт”
газетiне жазған “Ибраһим ибн Құнанбаев”
атты мақаласында ол Ресей құрамындағы
түрiк халықтарын ұлы ақын мұрасымен, ғұмырбаянымен
таныстырады. Қаламгер мұнда Абайды елшiл
ақын ретiнде көрсете алған. “Тiлi (бiздiңше,
татаршадан аударушы “сөзi” дегендi осылай
алған – Д.Қ.), оқушыларын оятатын өлеңдерi
оны бүкiл атырапқа машїүр еттi. …Адамшылық
ой-қиялы өте таза, ұлтжанды (“милләтшiл”
болар – Д.Қ.), елiн -жерiн сүйген кiсi едi”,-дей
отырып, Мiржақып ақынның осы қасиетiн
көрсететiн өлеңiнен мысал келтiредi
Бұдан шығатын қорытынды: ағартушы
М.Дулатұлы әдебиетке және оның биiк
тұлғасы Абайға ұлт тағдыры, ұлт
мүддесi тұрғысынан қараған. Мiржақып үшiн
жан таза болса - әдебиет те таза, тұлға
арлы болса - сонынан ергендер де арлы.
Осы тұжырымнан ағарған ел өз мүддесiне
сәйкес тұлғаны “тауып” алатыны, яғни
ұлтты ұлт ету жолында еңбек сiңiрген
азамат жоқтаусыз қалмайтыны аңғарылады.
Бұл әдебиеттен сырт түсiнiк емес.
Мiржақып — қазақ әдебиетiнде ХХ ғасыр басында ғана қаз-қаз басқан драматургияға да ниеттес болған қаламгер. К.Төгiсұлының “Надандық құрбаны” пьесасын сынайтын еңбегiнде ол: “Театр кiтабы — әдебиеттiң бiр мүшесi екенiн, оның өз алдына мағынасы, пайдасы зор екенiн бiлушi кем. …Қазақ театры, қазақ әртестерi болуға әлi ерте екендiгi әркiмге белгiлi болса да, театр кiтабының керектiгiн де ерте деуге болмайды. Әдебиет кештерiн түрлендiру, толықтыру һәм қызықтырақ қылу үшiн бiрер театр кiтабы керек”,-деп жазады. Сынның 1916 жылы жарыққа шыққанын ескерсек, пьесаны қал-қадерiнше жазған К.Төгiсұлын да, сапаны талап еткен М.Дулатұлын да түсiнуге болады…
Дәл
осы тұста бiзге Мiржақыптың сыны қадiрлi.
Ол жоғарыдағы жалпы әдебиет туралы ойын
осы еңбегiнде айтқан-ды. Қаламгер “пьеса
да — өмiрдiң көркем айнасы” дегендi байыптаған.
Сөйтiп, Көлбай туындысын — сәтсiз тәжiрибе
деп тапқан.
Кешегі қара күндерде,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде,
Жол таба алмай сенделіп,
Адасып алаш жүргенде,
Бұл күнгі көп көсемдер,
Сұраймын, сонда қайда едің? - деп
басталады да, келесі шумақтардың соңында
осы «қайда едің?» деген неше дүркін қайталанады.
Мұның, өзі айтатын ойдың желісін үзбей,
бір арнада дамытып, барған сайын ширықтырып
ширата түскендей әсер береді.
Информация о работе Міржақып Дулатұлының Абай шығармашылығын зерттеуі