Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 22:06, реферат
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өскен ортасы, ұшқан ұясы — бір кезде қазақ сахарасында мәдениеттің ордасы сияқты болған Абай ауданына қарайтын Шыңғыстау деген жерде. Ескіше сауаты бар атасы Әуездің көмегімен 7-8 жасқа келгенде арабша хат таниды. Осы кезден бастап қазақ әдебиетінің әр түрлі үлгілерін және ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, Абай өлеңдерін жаттап, оқи бастайды. Мектеп жасына жетіп, үлкендер сөзін ұғатын кезден бастап тәрбиеленген жас балғынның сауаты осылайша ерте ашылды. Көзі ашық жастың қолына түскен кітап, қисса, жыр, ертектер оның жастық шағының үлкен рухани азығы болатын.
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен қызметі (1897-1961)
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өскен
ортасы, ұшқан ұясы — бір кезде
қазақ сахарасында мәдениеттің
ордасы сияқты болған Абай ауданына қарайтын
Шыңғыстау деген жерде. Ескіше сауаты
бар атасы Әуездің көмегімен 7-8
жасқа келгенде арабша хат таниды.
Осы кезден бастап қазақ әдебиетінің
әр түрлі үлгілерін және ауыз әдебиеті
шығармаларын оқып, Абай өлеңдерін
жаттап, оқи бастайды. Мектеп жасына
жетіп, үлкендер сөзін ұғатын кезден
бастап тәрбиеленген жас балғынның
сауаты осылайша ерте ашылды. Көзі ашық
жастың қолына түскен кітап, қисса, жыр,
ертектер оның жастық шағының үлкен
рухани азығы болатын. Оның үстіне қазақтың
бас ақыны Абаймен ауылдас, ағайын-туыс,
араласы мол тілектес көрші елдің
ішінен шығуы Мұхтардың жас шағының
бақыты еді. Бала кезінде тұңғыш көрген
ақыны - Абай болса, алғаш сауатын
ашқан оқу құралы да - Абайдың
қолжазба өлеңдері. Абай шығармаларымен
ерте танысып, ақын шабытына еліктеп, сезімтал
жүрегін ерте оятты. Абай шашқан құнарлы
дәннің түймедей боп алғаш көрінген
бөбешік, жаңа ғана құлақтана бастаған
жас жапырақтарының бірі осы Мұхтардай
талапкерлер бойынан көрінді. Сөйтіп,
болашақ жазушының тұңғыш тәлім-тәрбие
алған алтын бесігі, қанаттанып ұшқан
ұясы - Абай мектебі болды.
«Атамыз бізді өзінше оқытатын,- деп еске
алады Мұхтар -... аздап қара таныған соң,
өлеңнің бірінен соң бірін жаттадым. Арасында
Лермонтов, Пушкин, Крылов, Татьяна мен
Онегин тәрізді құлақ естімеген өзгеше
есімдер кездесіп қалады. Әуез атасының
немерелеріне таң атқаннан күн батқанға
дейін кітаптан бас алғызбайтын талабының
арқасында әрі Мұхтардың бойындағы жазушылық
талантқа алғаш түрткі боп, қиялына қанат
бітіріп, шарықтап өсуіне дем берген сол
орыс классиктерінің рухани азығы болды.
1907 жылы он жасында Семейдің бес кластық
училищесіне оқуға түсіп, жақсы оқитын
шәкірттің бірі болады. Осы училищенің
3-класында оқып жүріп, «Дауыл» деген тақырыпта
шығарма жазып, оқушылар арасында ерекше
көзге түсіп, талантты оқушы екенін көрсетті.
Училищені үздік бітірген соң, 1912 жылы
Семейдің мұғалімдік семинариясына оқуға
түседі. Сол семинарияны үздік бітірген
екі оқушының бірі - Мұхтар болды, онда
оқып жүргенде дарынды жасты толғандырған
мәселе: өнер, білім, мәдениет, әйел теңдігі,
еңбекші қамы болды. Жазушы әрқашан да
Абай атасының өнегелі сөздерін есінен
шығарған жоқ.
Семинарияны бітіріп шыққаннан кейін
Әуезов ең алғашқы еңбек жолын өзінің
туған ауылында Шаған болысындағы мектепте
мұғалім болудан бастайды.
Жазушының білім алған мемлекеттік оқу
орындары мыналар: Семейдің бес кластық
училищесі (1908-1914), мұғалімдер семинариясы
(1915-1919), Ташкенттегі Орта Азия университетінің
(САГУ) аспирантурасы (1923-1924), Санкт-Петербург
университеті (1924-1928). Осындай оқу орындарын
бітірген және өз бетімен көп ізденген
ағартушы, ұстаз, ғалым, жазушы.
М.Әуезов үлкен өмірлік, шығармашылық
жолдардан өткен жазушы. Ол жиырма
жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын
жазып, қазақ даласында театр
өнерінің бастапқы үлгісін көрсетті.
Дарынды жас жазушы «Еңлік-Кебек»
пьесасын тарихта болған уақиға негізінде
жазған және Еңлік-Кебек Мұхтардың
туып өскен жерінде ХVІІІ ғасырдың
соңғы кезінде болған тарихи шындық.
Пьеса күні бүгінге дейін сахнадан
түспей келе жатқан тозбайтын дүние.
Пьеса өзінің талантын, көркем тілге,
бейнелеу әдісіне әбден жетіліп
қалған, алысқа шабар тұлпар, қиял қанатын
қияға сермер сұңқар келбетті ерекше
бітімін танытты. Қазақ халқының
шешендік өнерін меңгерген жазушының
әрбір сөзі төгілген жыр арқылы берілді.
Осы пьесадан кейін он шақты жыл ішінде
көптеген әңгіме, повесть, пьесаларымен
көзге түсті. «Қорғансыздың күні», «Барымта»,
«Ескілік көлеңкесінде», «Қыр суреттері»,
«Жетім», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қаралы
сұлу». «Қилы заман» секілді атақты шығармалары
мен қазақтың тұңғыш театрының сахнасын
ашқан «Еңлік-Кебек» және «Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал»
драмалық шығармалары көпшілік назарын
бірден өзіне аударды.
Бүгінгі жан-жақты дамыған ұлттық театрымыздың
өмірге келуі жазушы атымен тығыз байланысты.
Ол тұңғыш театрдың шығармашылық өміріне
ұзақ жылдар бойы араласып, негізгі репертуар
қорын жасап, оның бағытын анықтаған драматург.
Осындай туындыларымен өзінің құдіретті
талант иесі екенін көрсеткен жазушы,
ғалым, педагог, коғам қайраткері М.Әуезов
аса құнды еңбектері үшін халық құрметіне
бөленіп, жазушылық сатысының ең жоғарғы
сатысына шыққан еді.
1917 жылы май айында Ералы жазығындағы
Ойқұдық жайлауында Абайдың аяулы жары
Әйгерімнің отауында «Еңлік-Кебек» пьесасы
қойылған болатын. Онда ойнайтын артистерді
де өзі тауып тамаша ойын көрсеткен еді.
Сонда Мұхтар небары жиырма-ақ жаста ғана
болатын. Сол пьесаны қоюшы режиссер өзі,
суфлер де өзі болған екен.
М.Әуезов - журналист. Оның ең алғашқы публицистикалық
мақаласы 1917 жылы жазылған «Адамдық негізі
-әйел» атты еңбегі. Онда жазушы әйел тұрмысына,
қоғамда алатын орнына азаматтық ой-пікір
тұрғысынан пайымдаулар жасаған. Адам
тәрбиесіндегі ананың, әйелдің алар орнын
ерекше бағалай білген жас Мұхтардың толғақты
мәселесі бүгінде қоғамның негізгі тақырыбына
айналып отырғаны шындық.
Сонымен қатар, М.Әуезовтің көтерген ең
маңызды мәселесінің бірі — тіл мәселесі
болды. Абай ойларымен үндес болған жазушы:
«Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең,
тіліңді, бесігіңді түзе!» деп тебіренген
еді. Атақты «Абай жолы» эпопеясы қазақ
өмірінің энциклопедиясы. Осы роман арқылы
жазушы ең алдымен өз халқының қадыр-қасиетін,
алдымен қазақ халқына, сонан кейін бүкіл
дүние жұртына айғақтап берді. Абайды
әлемге таныта отырып, М. Әуезовтің өзі
де әдебиет әлеміне ұлы дарын, қайталанбас
тұлға болып танылды. Ол туралы Б.Матип:
«Қазақтар туралы бұрын ештеңе естімеген
едім. Енді оларды өте жақсы танимын. Жақында
ғана М.Әуезовтың тамаша кітабын ағылшын
тілінде оқып шықтым. Шынында қазақтар
неткен ғажап халық» деп жазған еді.
Шыңғыс Айтматов: «Орыс мәдениетінің дамуына
Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі ортаазиялық
көркем ойдың және біздің барлық көрші
отырған халықтарымыздың рухани өмірінің
қалыптасуына Әуезов сондай әсер етті»,-деп
жазушының терең білімділігін құрметтейді.
М. Әуезовтің «Абай» эпопеясы - «Қалың
елім, қазағым, қайран жұртым» деп өткен
жұмбақ адамның жүрегіне терең бойлаған
ең зор ескерткіш болып табылады. М.Әуезов
Абай мұрасын зерттеуді 1918 жылдардан бастайды.
Сол жылдары «Абай» журналы бетінде «Абайдың
өнері мен қызметі», «Абайдан соңғы ақындар»
т.б. мақалаларын жарялайды. Абай жөнінде
жазған мақалаларының ішіндегі ең көлемді
мақалаларының бірі «Абай ақындығының
айналасы» атты мақаласы.
М.Әуезов Ташкентте оқыған жылдары - ұлттық
мәдениетіміздің дамуы үшін тарихи кезең
болды. Онда жүріп ол әлемдік мәдениеттің
мәдени ескерткіштерін шебер меңгере
алды. Парсы-иран эпосы «Шаһнама», түрікмен
эпосы «Көрұғлы», қырғыз эпосы «Манаспен»
сусындады. Туысқан халық әдебиеттерін
қадірлей білген жазушы өз елінде қудалауға
түскен көрші қырғыз халқының атақты «Манас»
жырын әлемдік ғылыми маңызы туралы тебірене
жазып қорғап шыкқаны туралы басылымдарда
жарияланды.
М.Әуезов прозаның барлық жанрында еңбек
етті. Сонымен қатар орыс әдебиетінің
классиктері Л.Толстойдың, И.Тургеневтің,
Н.Гогольдің және т.б. жазушылардың шығармаларын
тәржімалады. Отыз жылдан астам уақыт
бойы аудармамен айналысқан жазушы қазақ-орыс
әдебиетінің жақындасуына көп септігін
тигізді. Көптеген орыс және шетел пьесаларын
аудара келе М.Әуезов драматургиялық және
аудармашылық саласында шеберлік үлгісін
көрсетті. Дүние жүзі әдебиетінің үздік
үлгілерін қазақ тіліне аударып, ұлттық
әдебиет пен өнерді әлемдік әдеби процеспен
байланыстыра отырып, қазақ әдебиетінде
көркем аударма ісінің қалыптасуына үлкен
үлес қосқан қаламгер. В.Шекспирдің «Отеллосы»
мен «Асауға тұсауы», Н.Гогольдің «Ревизоры»,
К.Треневтің «Любовь Яроваясы» т.б. тақырыптардағы
драмалары, опера либереттосы отандық
театр сахналарының төрінен берік орын
алған құнды дүниелер.
Көп ұлтты әдебиетті өркендетудегі зор
еңбегі үшін Ленин орденімен, екі рет Қызыл
Ту орденімен және «Құрмет белгісі» орденімен
марапатталды. Жазушының Алматыда мемориалдық
музей үйі бар.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие беретін қаладағы
байырғы оқу орны - Семей педагогикалық
колледж- М.Әуезов атында. Ол заңды да.
Өйткені, осы оқу орнында жазушы білім
алып қана қоймай, өзі ұстаздық еткен.
Қаланың Жаңасемей бөлігінде ескерткіш,
Бөріліде жазушының музей үйі бар.
XX ғасыр қазақ қоғамында әдебиет пен мәдениетіміздің
өркендеуіне аса зор үлес қосқан қазақ
әдебиетінің классигі, көркем сөз шебері,
ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым
академиясының академигі, филология ғылымының
тұңғыш докторы, профессор, Қазақ ССР-нің
ғылыми қайраткері М.Әуезовтің 100 жылдық
мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде 1997 жылы аталып
өтті. Аса көрнекті жазушы М.О.Әуезовтің
еңбектері қазақ әдебиетінің баға жетпес
мүлкі. Ой-өрісі кең, білім парасаты терең,
өмірге құштар, болашаққа деген үміт арманы
жоғары, қарапайымдылығы шын ғалым бойына
сай, адамгершілікке, ізгілікке толы жүрегі
пәк, жаны жас адам болды.
Неміс ақыны Гете айтқан екен: «Ұлы адамның
туған, тұрған, еңбек еткен жерлері ардақты
да қадірлі. Ғасырлар өтсе де ұрпақтарға
оның сөзінен де, ісінен де үні естіліп
тұрады». Гетенің осы сөзі Мұхтарға арналып
айтқандай.
«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын
артына сөз қалдырған»,-деген Абайдың
сөзімен айтқанда, Мұхтар Әуезов - адамзат
баласының тарихында мәңгі жасай беретін
ұлы - Адам.
Әдебиеттер тізімі:
Әуезов М. Менің өмірбаяным.-Кітапта:
Әуезов М. Бірінші том. - Алматы,1967, 21-27
6.
Әуезов М. 20 томдық шығарамалар жинағы.-Алматы:Жазушы,1979-198
6
Әуезов М.О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай.-1992.-№
З.- 28-34 б.
М.Әуезов – ХХ ғасырдың ұлы жазушысы және
гуманисі: Жазушы Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық
мерейтойына арналған жинақ.-Алматы: «Ғылым»,
1997.-162 б.
Абдрахманов С. Мұхтар Әуезов // Егемен
Қазақстан.-2002.-27 қыркүйек.-5 б.
Жанаева Ш. Мұхтар Әуезов тіл туралы //
Ертіс өңірі.-2003. -14 ақпан.-7 6.
Мұхамедханов Қ. Ұстаз ұлағаты: (М.Әуезовтың
туғанына 87 жыл толуына орай) // Семей таңы.-1984.-2
октябрь.
Мұхамедханов Қ. Мұхтар кешкен қилы заман
// Абай .-1993.-№ З.-78-82 6.
Тебегенова Э. Әлем мәдениеті тарихын
зерттеуші // Абай.-2003-№ 1.-16-20 б.
Тілепов Ж. Мұхаң зерделеген мақал-мәтелдердің
жанрлық болмысы // Абай.-2003.-№ 2.-33-38 б.
Информация о работе Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен қызметі (1897-1961)