Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 15:26, сочинение
Отан деген сөз біздің қай-қайсымызға да айрықша ыстық. Отан – кіндік кескен жеріміз ғана емес, ол баршамыздың кең байтақ еліміз. Бұл әлемдегі барлық адамның өз отаны болады.
Менің
отаным - менің Қазақстаным!
Отан деген сөз біздің қай-қайсымызға да айрықша ыстық. Отан – кіндік кескен жеріміз ғана емес, ол баршамыздың кең байтақ еліміз. Бұл әлемдегі барлық адамның өз отаны болады. Олар оны құрметтеп, сыйлап, мақтаныш етеді. Оны ең қымбат, ең қасиетті, ең аяулысы – Анасына балайды.Отаннан жақын Отаннан ыстық жер жоқ. Мен өз Отанамды, туып-өскен жерімді сүйемін. Менің Отаным - өз тарихы мен мәдениеті дамыған, өнеркәсібі мен шаруашылығы өркендеген, шикізаттарға бай, егеменді, дербес, тәуелсіз, ұлттық мемлекет.
Міне, бүгін егеменді ел болып, өзге жұртпен тереземіз теңеліп, ата-бабаларымыздың ертеден бергі арман-тілегі іске асып, қалыптасқан елдік дәстүрі қабылданған Ата заңы бар, дербес, тәуелсіз, ұлттық мемлекетке айналдық.Мәртебеміз жоғарылап, даңқымыз биіктеуде. Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Оған дәлел әлемдегі халықаралық ең беделді ұйымдпрдың бірі ОБСЕ-нің Қазақстанда өткізілуі. Бұл еліміздің экономикасы дамыған елдермен бір қатарда көрінуі. Елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы қазақ жері күннен-күнге алға қарай қадам басып көркеюде. Кешегіміз артта қалып, болашағымыз әлі алда. Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет құрылып, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамасыз етілді. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы қаланды. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен болашақ маман иегерлерін дайындайтын білім ордалары құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды.
ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «
Жастар-егеменді еліміздің болашағы, тәуелсіздіктің
көк туын аспандата ұстар тұғыры.Менің
қызметімдегі серіктестеріммен жас көмекшілерім!»-деп,
жастарға үлкен сенім артқан. Сондықтан
біз тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген,
ұлттық сана-сезімі, намысы мен жігері
тасыған, рухы биік жас балдырғандар –
егемен елдің тірегіміз! Мен өзімді «қазақ»
атты ұлы ұлттың талай дарабоз даналарымызды
дүниеге әкелген қасиетті топырақтан
жаралған ұрпақ екенімді мақтанышпен
айтамын. Осы Алаш туы көгінде желбіреген
Ұлы Дала төсінде өскен біздей қыран жастар
сөзсіз Қазақстанның үміт артар болашағы.
Міне, осындай болашаққа, ұмтылысы жоғары
жас ұрпаққа көшбасшымыз Н.Назарбаев басқарған
Қазақстан үлкен үмітпен, жаңа міндеттер
артып отыр. Сол жолда еліміз талантты,
білімді де білікті, армандарын жүзеге
асыруға ерік-жігері бар, жас буынға барлық
жағдай жасауда. Сондай нақты терең білімімен,
кәсіби мамандығы бар жастарды тәрбиелеп
шығаратын ҚазГЮУ университеті еліміздің
беделді университеттерінің бірі. ҚазГЮУ
университетін бітірген студенттер еліміздің
экономикасының дамуына өз үлесін қосып,
өндірістің кез-келген саласында мамандықтары
бойынша белсене жұмыс атқаруда. Мен де
еліміздің экономикасының дамуына, гүлденіп,
көркеюіне өз үлесімді қоспақпын. Келешекте
елімізге қызмет етуге, тәлім-тәрбие берген
тек ата-ананың ғана емес, халқымның қалаулы
азаматы болуды, ата-бабамның қаны сіңген
туған жерімнің, Отанымның ардақты азаматы
болуды мақсат етемін. Отанымның дамуы
үшін өз күшімді аямай еңбек етуге даярмын.
Сол себепті өзімнің асқақ армандарыма
осы унивеситеттің арқасында жете алатыныма
нық сенімдімін. Менің сенімім, менің
таңдауым – ҚазГЮУ.