Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 23:05, сочинение
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен
Менің Отаным- егеменді Қазақстан
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар.
Кітап –білім бұлағы
«Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы»-дегендей кітап арқылы білім аламыз. Кітап тек досың ғана емес, ұстазың, кеңесшің, әрі ақылшың. Барлық ғылым, технология атаулының атасы. Кітапсіз өмірді елестету де мүмкін емес. Әйтсе де онымен достасудан қашқақтап, әр парағын жұлып, қор қылып, шаң басқан сөрелерге тастаған жандар қаншама. Шын достықтың, ізгі ниеттің, пәк көңілдің, терең ойдың, асыл сөздің қадірін бағалай алмағанымыз ұят қой қазір. Мектепке алғаш келгенде Әліппеге қызығып, суретіне қарап әріптерді үйрендік. Ыбырай атамыз «Кел, балалар, оқылық, оқығанда көңілге, ықыласпен тоқылық»-деп бізді оқуға шақырды. Мектепте әр түрлі кітаптар оқып сауатымызды аштық, көп нәрсені үйрендік. Білім нәрін осы кітаптардан алдық.
Менің анам кітапты сүйіп оқиды. Оны аялай ұстап, онымен шын достасқан. Одан үйренгенін маған да үйретіп, ақыл-кеңес беруден еш аянған емес. Алғаш кітапті қалай оқуды, қалай аялап ұстай керектігін маған анам үйреткен болатын. Өзі кітапты оқығанда бас алмастан түнімен бітіргенше ұйықтамай оқып бітіреді. Мен ертегілер оқығанды жақсы көремін. Ондағы батырлардың ерлігі, тапқырлығы, елін сүйгіштігі мені қызықтырады. Орыс тіліндегі ертегі кітаптарым да бар. «Мөлдір бұлақ» журналына жазылып, соны оқимын.Қазіргі кезде компьютер, ұялы телефон, инетернет желісі бос уақытымызды жаулап алды. Ондағы ойындар, агент арқылы сөйлесу қызықтырады. Кітапттың пайдасының зор екендігін білсем де кейде өзім компьютерде көп отырып қаламын.
Том-том кітап құшақтап, кітапханаға жиі баратын адамдарды сирек кездестіреміз қазір. Бұрынғыдай үлкен мәртебемен мерекелерде бір-бірімізге кітап сыйламаймыз да. Не десек те, нағыз жанашырымыз, ұстазымыз, досымызды кітапты жоғалтып алмайық! Қайта оның жандануына, өз куатына еніп, тез таралуына қол ұшын беріп, онымен достасуға шақырайық!
Елімізде кітап шығаруға ,оны безендіруге көп көңіл бөлінеді.Оған қыруан қаражат жұмсалады. Қазіргі кезде барлық мектеп оқушыларына оқулықтар тегін беріледі. Оқулықты бүктеп жыртып бүлдіруге болмайды өйткені әр кітап Отан байлығы аға-апаларымыздың маңдай тері.