Менің елім, тағдырым – Қазақстан

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 16:03, сочинение

Описание работы

Аумағы ұшқан құстың қанаты, жер танабын қуырған тұлпар тұяғының дүбірімен өлшенген кең де келісті өлкені мекендеген «қазақ» деген елміз. Басымызға қонған бағымыз бен сорымыз кезектесіп, досымызға ақ пейіл, дарқан көңілімізді, жауымызға найзамызды, дауымызға қамшымызды кезек сілтегенде де ертеңімізден үмітімізді үзбедік. Тағдырымыз таразыға түскен шақтарда «күмбір-күмбір кісінетіп, күреңді мініп», «қоңыраулы найза қолға алып, қоңыр салқын төске алып», жауына атой салған батыр бабаларымыздың ерлігіне сүйендік. Құт дарып, қыдыр қонған қасиетті жеріміздің, қабырғалы жұртымыздың шаңырағын шайқалтпауға жанын салған, теңдік пен татулықты ту етіп ұстасқан «бастаса елдің көсемі, сөйлесе сөздің шешені» болған қазына кеуде қарттарымыздың, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат ағаларымыздың арқасында еліміздің іргесі сөгілмей бұл күнге жеттік.

Работа содержит 1 файл

Менің елім, тағдырым - Қазақстан!.doc

— 39.50 Кб (Скачать)

Менің елім, тағдырым – Қазақстан!

 

                                                                  Пай! Пай! Пай! Киелі неткен  жер!

                                                            Батырлар дүрілдеп өткен жер,

                                                             Тұлпарлар дүбірлеп өткен жер,

                                                             Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

                                                          Сарылап сал-сері кеткен жер,

                                                   Бас иіп, иіскеп топырған,

                                                      Тағзым жасамай өтпеңдер!

М.Мақатаев

 

   Аумағы  ұшқан құстың қанаты, жер танабын  қуырған тұлпар тұяғының дүбірімен  өлшенген кең де келісті өлкені мекендеген «қазақ» деген елміз. Басымызға қонған бағымыз бен сорымыз кезектесіп, досымызға ақ пейіл, дарқан көңілімізді, жауымызға найзамызды, дауымызға қамшымызды кезек сілтегенде де ертеңімізден үмітімізді үзбедік. Тағдырымыз таразыға түскен шақтарда «күмбір-күмбір кісінетіп, күреңді мініп», «қоңыраулы найза қолға алып, қоңыр салқын төске алып», жауына атой салған батыр бабаларымыздың ерлігіне сүйендік. Құт дарып, қыдыр қонған қасиетті жеріміздің, қабырғалы жұртымыздың шаңырағын шайқалтпауға жанын салған, теңдік пен татулықты ту етіп ұстасқан «бастаса елдің көсемі, сөйлесе сөздің шешені» болған қазына кеуде қарттарымыздың, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат ағаларымыздың арқасында еліміздің іргесі сөгілмей бұл күнге жеттік.

   Бүгінгі күн биігінен өткенге ой көзімен қарасақ, шығысты нұрына шомылдырып, арайлап атқан тәуелсіздік таңына деген талпынысты

«Желмая мініп  жер шалсам,

  Тапқан жерге  ел көшір», - деп, саналы өмірін  терең ой, шерлі күрсініспен өткізген  Асан қайғыдай,

«Құрап жанды көп жиып,

  Өз алдына  ел қылуды» аңсаған Ақтамбердідей, 

«Еділдің бойы ен тоғай,

  Ел қондырсам  деп едім,

  Жағалай  жатқан сол елге

  Мал толтырсам  деп едім», - деп асқақ ойын  қорғасындай салмақты жырларының  өзегі еткен Махамбеттей бабалардың  отты жырларынан көреміз.

    Қазақстан  – бүтін қазақ халқының атамекені,  кіндік қаны тамған киелі жері. Ол менің елім!

                      Батысында Жайық, шығысында Ертіс  есілген, 

                      Тарихын шертсе тұсауы тілдің  шешілген,

                      Жұртының ыстық жүрегінен жұлдыз тұтанған

                      Отаным осы – Қазақстан болып  атанған! – деп ақын жырлағандай,  Атыраудан Алтайға дейін созылған  ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата жұрт. Әні  мен күйі шалқыған, сыры мен жыры толқыған ғажайып сұлу сахара!

   Арайлап  атқан таңы бар, сайын дала, асу бермек асқарлары бар жазираны  мекендеген мейірбан халқы бар  ел – Қазақстан! 

   Қазақстан – байтақ  ел. Осы сөзді естігенде көз  алдымызға жазық дала, кілемдей  өрнектелген көк шалғын, айдын көлде қиқулаған аққу-қаз, үйірім жусаған отар-отар қой, құлын-тайы ойнақтаған үйір-үйір жылқы, жібектей толқыған ақ селеу, қоңыраулатқан бозторғай үні елестейді.

   Халқымыз ғасырлар  бойы кіндік қаны тамған жерін,  елін, атамекенін, ұлттық салт-дәстүрін сақтап қалу мақсатаында қанын да, жанын да аямай күрескен еді. Адамзат тарихында мың өліп, мың тірілген қазақтардай ауыр тарихты басынан кешірген халық аз болар.

   «Ақтабан шұбырынды,  Алқакөл сұламалыға» ұшыраған  жылдары қазақтардың тең жартысы дерлік қырылып қалды. Қаратаудың басынан «Елім-айлап» зарлап келе жатқан көшті көз алдыңа елестетсең, жаның түршігіп, жүрегің сыздап қоя береді. Халқымызды осыншама қырғанға ұшыратқан, баласын анасынан, анасын баласынан айырып, қан жылатып кеткен не деген тасжүрек жауыздар десеңізші?!

                           Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

                           Аспан көрсең Ай мен Күнге  жол ашқан, 

                           Менің байтақ Республикам таулары, 

                           Менің көгім – мөлдіреген сол аспан...

                           Жерінде гүл, көгінде күн бір  жүзген,

                           Ұлан – байтақ республикам  бұл менің! – деп Сырбай  Мәуленов ағамыз жырлап өткендей, туған жердің киелі топырғаы  кім-кімге де ыстық қой. Әрине, оны біреулер білер, біреулер білмес, біреулер сезер, біреулер сезбес. Бірақ, «Мен Қазақпын» деген әрбір адамның жүрегінің бір бұрышында еліне, Отанына деген махаббат, сүйіспеншілік болу керек.

   «Біз  қазақ деген мал баққан елміз,  бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз» - деп, қаз дауысты Қазыбек бидің сонау Абылай заманында айтқан сөздері осы күнгі қазақтың ұранындай естіледі.

   «Мың  өліп, мың тірілген» өр қазақ, ер қазақ халқы киелі мәртебе – ұлттық тәуелсіздік үшін қаншама ғасыр бойы өзінің егемендігі мен бостандығын аңсаған ата-бабаларымыздың арманы орындалып отыр.

   Тәуелсіздік  – әрине, еліміздің бақыты. Тәуелсіз  ел деп біз ұлы ұлағатты, қызы инабатты, халқы сауатты, салауатты, елі аман, жұрты тыныш, шекарасы бүтін мемлекетті айтамыз. Ендеше, тәуелсіздік – біздің киелі дем берушіміз, болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз.

    Айналаңдағы  алыс-жақын елдерде соғыс болып  жатқанда, ең алдымен, аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен ұараймын. Қарай отырып, осы жақсылықтар мен игілікті істердің басында көргендік пен басшылық беріп жүрген еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамызға рақмет айтамын! Тек мен емес, ол талай жастардың, жалпы Қазақстан халқының тілегі екеніне де күмәнім жоқ. Қуаныш пен жақсылыққа толы он тоғыз жылға көз жіберіп қарасақ, ата-бабамыз бес ғасыр армандаған арманы орындалған екен. «Бітер істің басына, жақсы келсін қасына» деп дана халқымыз айтқандай, сол жұмыстардың дәл ортасында ел президенті жүрді. Осы он тоғыз жылда ауыз толтырып айтарлықтай көптеген жұмыстар жасалды. Біріншіден, елдің Ата Заңы Конститутция мен рәміздері өмірге келді.

             Туым – теңдігім,

             Елтаңбам – елдігім, 

             Әнұраным – айбыным! – демекші  тәуелсіз Отанымыздың көк жүзімен  астасқан көк байрағы астында  Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше  болдық. Ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны, тұңғыш төл теңгеміздің шығуы – бәрі де Елбасына қатысты тарихи оқиғалар. Ел ордасы болыа Астана бой көтерді.

                    Асан қайғы, Бөгенбай, Қорқыт өскен  – Астана,

                Кенесары, Наурызбай жортып өткен – Астана,

                    Есіл, Нұра екі өзен нәрін тосқан – Астана,

                    Ақан, Ғазиз, Біржан сал әнін  қосқан – Астана, -

деген Қайнар Олжайдың өлеңінен Астананың қасиетті тарихы бұрыннан бай қала екенін түсінуге болады. Болашағынан да үміт көп.

                            Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала

                            Шуақ болып шашылмай жылына  ма?

                            Сүй Отанды!

                            Шыныңмен сүйіп өт те,

                            Гүл боп қадал ойына, қырына  да, - деп, 

ақиық ақын Мұқағали Мақатаев сүйген елді, еркіндік, теңдік және татулық мұраттарын ту еткен туған елімді мен шынымен сүйемін мен мақтан тұтамын!

    Сүйікті  Отаным, жасай бер мәңгі жасай  бер! Көгімізде бейбітшілік білгісіндей боп көгершіндер, теңдік, бостандық белгісіндей боп қыран құстар самғап ұша берсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шідерті жалпы орта білім бері мектебінің 11 «А» сынып оқушысы Салауат  қызы Нуржан


Информация о работе Менің елім, тағдырым – Қазақстан