Магжан Жумабаев

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 18:57, реферат

Описание работы

Мағжан – ең алдымен,сыршыл ақын.Ол жүректің қобызын шерте біледі,оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса,сырлы,көркем,сәнді жазады.Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз.

Работа содержит 1 файл

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ.docx

— 15.69 Кб (Скачать)

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ

(1893-1938)

    Мағжан – ең  алдымен,сыршыл ақын.Ол  жүректің қобызын  шерте біледі,оның  жүрегінен жас  пен қаны аралас  шыққан тәтті сөздері  өзгенің жүрегіне  тәтті у себеді. Мағжан не жазса,сырлы,көркем,сәнді жазады.Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз.

    Мағжан  Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылғы 25 маусымда  Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі  Жұмабаев ауданының Мағжан ауылында  дүнмеге келген. Болашақ ақын 1897 жылы ауыл балаларына арнап әкесі Бекен ашқан мектептен төрт жасында сауат ашып, хат таниды.Содан соң Қызылжар медресесінде төрт жыл оқып, орталау білім көлеміндегі әр түрлі пәндерді игере келе арнайы араб, парсы, түрік тілдерін үйреніп, Шығыс әдебиетімен түпнұсқадан таныса бастайды.Одан әрі 1910 жылдың күзінде Уфаға барып, білім беру деңгейі жөнінен сол кездегі жоғары оқу орны саналатын Медресе-Ғалияға түсіп, онда ұстаздық ететін атақты татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен, медресе шәкірті Бейімбет Майлинмен танысады. Бұлар үлкен-кіші демей, бір-бірімен етене ұғысып, ғұмыр кешеді. Мағжанның талантын анық танып, келешегінен үлкен үміт күткен ұстазы Ғалымжан Ибрагимов оған Медресе-Ғалиямен қанағаттанбай, оқуын әрі қарай жалғастыруға ақыл-кеңес береді. Мағжан Жұмабаевтың 1912 жылы Қазанда басылып шыққан ‘‘Шолпан’’ атты тұңғыш жинағына демеуші болған да осынау татар әдебиетінің классигі еді. Мағжан Жұмабаевтың өз кезіндегі, өз ұатар-құрбыларының арасындағы әдеби оқу-білігі терең, эстетикалық талап-талғамы биік ақын болып қалыптасуына, біріншіден, Медресе-Ғалиядан кейін орыстың Сібір университеті атанған Омбы мұғалімдер семинариясында (1913-1917), кейін Мәскеудің әйгілі Валерий Брюсов жетекшілік ететін әдебиет-өнер институтында оқуы (1923-1927) себеп болса, екінші жағынан, 1909 жылы Петербургте жарық көрген Абайдың өлеңдер жинағымен танысуы, аса білімдар қаламгер әрі қайраткер Міржақып Дулатовтан дәріс алып, үлгі-өнеге үйренуі – орыс әдебиетіне, жалпы Еуропа мәдениетіне қанығуы шешуші  себеп болғаны сөзсіз. Өзінің ‘‘Алтын хакім Абайға’’ деген өлеңінде Мағжан:

            Шын хакім, сөзің  асыл – баға  жетпес,

            Бір сөзің мың  жыл жүрсе дәмі  кетпес.

            Қарадан хакім  болған сендей  жанның 

            Әлемнің құлағынан  әні кетпес, -

Дей келіп:’’Ай өтер, жыл өтер, дүние көшін тартып кете берер, ал ел-жұртың көзін ашып оянған сайын – сенің қадірің артып, қасиетіңді халқың ұққан үстіне ұға  түсер’’деп, ‘‘қазақтың бас ақынын’’ тұп-тура қазақ зиялыларының көсемі Ахмет Байтұрсыновша түсінеді, кемеңгер Абайдың қайталанбас талантына бас иеді. Сөйтіп, Мағжан Абай үлгісімен өзінің шығармашылық ортасында ақындық бетін айқындап, шеберлігін шыңдай бастаса, Міржақып ықпалымен күллі ел-жұртқа азаматтық келбетін танытып, таза ұлтжанды тұлғаға айналады.

    Мағжанның  ақындық әлемінің ең басты  ерекшелігі – Мағжанда тап  жоқ:‘‘бай’’, ‘‘кедей’’ – ‘‘қанаушы’’, ‘‘қаналушы’’ деген ұғымдар оның ойына да кірмейді. ‘‘Бұлар бір-біріне қарама-қарсы, бай – кедейдің дұшпаны’’ деп білмейді. Ақынға керегі – бұлардың алауыздығы, бір-біріне қарама-қарсылығы емес, бірлігі, ынтымағы. ‘‘Туған жерім – Сасықкөл’’ деген өлеңінде: ‘‘Сыртында ақ боз үйлер жарасқан көл; байларың кедейлерге қарасқан көл’’ деп тектен-тек айтып отырған жоқ. Елдің елдігі – осынау уыздай ұйыған бірлікте деп түсінеді. Отбасының татулығы да осында деп біледі. Біледі де, сүйеді. ‘‘Тап’’ дегеннің сыры мен сипатына мән бермегендіктен бе, әлде соны түсінбегендіктен бе, кім білсін, әйтеуір Мағжан адам мен қоғамды, ел мен жерді ешқандай тапқа – топ пен жікке бөлмей, түгел құшақтап сүйеді.Оның ‘‘неге екенін өзі де білмейді’’.

Менің бір қарт анам бар,                                    Алаш деген елім бар,                                 Неге екенін білмеймін? –                                   Неге екенін білмеймін?                                    Сол анамды сүйемін.                                          Сол елімді сүйемін!                                 Жабайы ғана жарым бар,                                   Сарыарқа деген жерім бар,

Неге  екенін білмеймін? –                                     Неге екенін білмеймін? -                               Сол жарымды сүйемін!                                      Сол Арқамды сүйемін!

Сонымен,Мағжанда ‘‘тап’’ емес, ‘‘ұлт’’ қана бар: Қазақ- Алаш! Ол таптан ұлтты биік қояды. Ол өзінің ұлтымен мақтанады: ‘‘Қалың елім, қара қалың қара ағашым; қайраты мол айбынды ер, Алашым!’’ Ол өзін Алаш үшін құрбан етуге бар: ‘‘Не көрсем де, Алаш үшін көргенім; маған атақ – ұлтым үшін өлгенім!’’ Ол өзінің Омбы түрмесінде жатып жазған ‘‘Сағындым’’ өлеңінде:

   Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

  Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.

  ‘‘Қарашығым, құлыным!’’ – деп зарлаған,

  Алыстағы сорлы анамды сағындым.

  Қазағымды, қалың елді сағындым,

  Сарыарқамды – сайран жерді сағындым.

  Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті,

  Арқадағы айдын көлді сағындым, -

деп сарнаса, ол тап пен таптың ымырасыз тартысы  мен тайталасынан туған, А.Байтұрсыновша  айтқанда, ‘‘бей-бауырмал’’ қоғамға  қалай ұнасын! Мағжан басынан ғұмыр  бойы бұлт арылмауының себебі де, салдары  да осы арада жатыр.

    Мағжан  онға тарта поэма жазды. Бұлардың да негізгі тақырыбы – бүгінгі шындық емес, алаштың ерте күндердегі ерлік тарихы, ел аузындағы аңыз, жұрт жадында сақталған әр алуан қиял-ғажайып ертегі. Поэзияның кең көлемді эпикалық түріндегі тырнақалды тұңғыш туындысын тұп-тура ‘‘Ертегі’’ деп, тағы бір-екеуін тіпті ‘‘Өтірік ертек’’, ‘‘Шын ертек’’ (‘‘Жүсіп хан’’) деп атаған.Сондай-ақ Мағжан Жұмабаевтың бірден-бір прозалық шығармасы ‘‘Шолпанның күнәсі’’ де терең психологиялық новелла.

Информация о работе Магжан Жумабаев