Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 13:42, реферат
Ілияс лириканың бар саласында қалам жебеген дарын. Оның қазақ поэзиясын өркендетуге ерен үлес қосқан саласы - пейзаждық лирика. Табиғатқа арналған өлеңдерінде сөзбен сурет салуға барынша шебер екенін көреміз. «Жазға салым», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Жаз», «Қыс», «Мезгіл суреттері», «Жел», «Жетісу суреттері», т.б. өлеңдері осының айғағы. 1925 жылы қазақ поэзиясына ұлы жаңалық әкелген «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін М.Әуезовтің - «мен Ілиястың шын ақындығына ден қойдым» деуі тегін емес.
Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңін оқытудағы ерекшеліктер немесе «қазақ поэзиясындағы ұлы жаңалық»
Б.О.Есімбекова,
Алматы қаласы
Ілияс Жансүгіров Жетісу
Ілияс
лириканың бар саласында қалам
жебеген дарын. Оның қазақ поэзиясын
өркендетуге ерен үлес қосқан саласы
- пейзаждық лирика. Табиғатқа арналған
өлеңдерінде сөзбен сурет салуға
барынша шебер екенін көреміз. «Жазға
салым», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Жаз»,
«Қыс», «Мезгіл суреттері», «Жел», «Жетісу
суреттері», т.б. өлеңдері осының айғағы.
1925 жылы қазақ поэзиясына ұлы жаңалық
әкелген «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан
кейін М.Әуезовтің - «мен Ілиястың шын
ақындығына ден қойдым» деуі тегін емес.
Ешкідей үркіп шыққан Шөладыр тұр,
Қасқырдан бір тықырды көретіндей.
Телміртіп Текес аса ай туады,
Тайыншаның тарғыл ала зересіндей.
Жайлаудың Ортасында Тұзкөл жатыр
Жарқырап
төбел таздың төбесіндей,
деп
суреттейді. Осылардың бәрінен сөзбен
салынған суретпен қатар жанды кейіп те
аңғарылып қалады. (Ілияс Жансүгіров, шығармалар
жинағы. 1-том). Ақынның пейзаждық лирикасына
жататын аса көркем шығармасы «қазақ поэзиясындағы
ұлы жаңалық» болған «Жетісу суреттері»
өлеңін оқытудың өзіндік ерекшелігіне
тоқталғанды жөн көрдік. (Өлеңді толық
меңгерту үшін 2-3 сағат бөлген жөн).
Сабақтың
тақырыбы: І. Жансүгіров «Жетісу»суреттері.
Сабақтың
мақсаты: Өлеңді оқу, мазмұнын түсіну.
Сабақтың
тәрбиелік мақсаты: Табиғатқа деген
дұрыс көзқарас қалыптастыру. Экологиялық
түсінік беру.
Сабақтың
көрнекілігі. Ақынның портреті мен
шығармалар жинағы 1-4 томдар. Қазақстанның
географиялық картасы, өлеңде кездесетін
өсімдіктердің, аңдардың, құстардың
суреттері. Гербарийлер, «Оқушының
қысқаша анықтамалығы» кітабы, «Гүлстан»
журналы.
Сабақтың
түрі: Интеграциялық сабақ. (Әдебиет,
география пәндерін интеграциялау).
(Интеграция. Латын. Integratio- қалыптастыру,
толықтыру. Белгілі бір мөлшерде
бөлшектерді біріктіру деген
мағынаны білдіреді.) Интеграциялық сабақ
екі немесе үш пәннің белгілі бір бөлімдерінің
біріктіріліп өткізілуінен құрылады.
Яғни, Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері»
өлеңін өткенде география пәні бойынша
өлеңде кездесетін өсімдік атауларына
тоқталу, анықтама беру, шөптердің суреттері
немесе гербарийлер көрсету. (Гербарийлер
көрсеткен тиімді болады.)
География
пәні мұғалімі өсімдік атауларын
әдебиет пәні мұғалімінен терең
білетіндігі даусыз. Сондықтан география
немесе биология пәні мүғалімдерімен
бірігіп өткізсе, сабақ толыққанды,
мазмұны терең болар еді.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мақсатын қою. Сабақтың
ІІІ.
Сабақтың барысы.
3.1.
Сабақты әдебиет пәні мұғалімі
бастайды. Ілияс Жансүгіровтің өмірі,
қиын тағдыры, шығармашылығы
«Мен Ілиястың шын ақындығына ден
қойдым»
М.Әуезов
«Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің
көгіндегі аз ғана жарық
жұлдыздардың бірі».
Ә.Тәжібаев
«Ілияс
Жансүгіровті қазақ әдебиетінің
шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері,
поэзиямыздың бар саласына үлес қосып,
поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп,
күні бүгінге дейін үлгі шашып, дәстүр
жасаған қайраткерлігін әрқашан бірінші
орынға қойған абзал. Ілияс Жансүгіров
ең алдымен қазақ поэзиясындағы ұлы таулардың
бірі, жыр Құлагері».
(Т.Кәкішев)
Міне,
балалар, қазақ поэзиясының зерттеушілері
Ілияс Жансүгіровке осылай деп баға
берген екен. «Жетісу суреттері»
өлеңі осыған дәлел. Өлеңнен берілген
үзіндіні оқу, мазмұнын түсіндіру, идеясын
ашу. Өлең жер жаннаты –Жетісудың
табиғаты туралы. Өлең «Жалпы сын», «Тау
суреті», «Жетісудағы су суреті»,
«Жетісу жәндігі», «Жер түгі» деген
5 бөлімнен тұрады. (Өлеңнің толық нұсқасы
көп томдық шығармалар жинағында берілген.
1-том. 200-210 беттер). Ақын «жер таппан жерде
жетер Жетісуым» деп шебер жырға қосады.
Бүгін өлеңнің «Жер түгі»
3.2.
Жетісу жерін картадан
•
«Жер түгі» деген бөлімнің толық
нұсқасында шөптер мен ағаш түрлерінің
81 түрі айтылады. Ағаштар мен бұталар:
қарағай, тал, долана, ұшқат, шетен, ырғай,
арша, ақ сасық, қызыл қайың, барша, шынар,
шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен, үйеңкі,
шырғай, тораңғы, сары ағаш, қойқарақат,
жиде, тобылғы, бауырқұрт, қараған, бозқараған,
шеңгел, шілік. Барлығы: 31. Шөп түрлері:
еңлік, түйеқұйрық, сарыкүйік, тауқонақ,
шайшөп, маңқа, құлынембес, сүттіген, мейіз,
киізкиік, ақшалғын, көкмарал, бетеге,
раң, жапырақтеңге, бұйра, балдырған, у
қорғасын, бәрпі, атқұлақ, жүлкеуір, шырыш,
шытыр, мыңтамыр, жуа, рауғаш, жаужапырақ,
сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ, шоңайна,
меңдуана, сора, шақпақ, шырмауық, кендір,
қылша, жыланқияқ, қанжыға, қоға, сасық,
аққой, таусарымсақ, қымыздық, қалақай,
атқұлақ, айылқияқ, саржағал, құстаңдай.
Барлығы: 50
Осы
аталған ағаштар мен шөптердің
бірқатарын атап өтейік.
Долана
(боярышник) - Қазақстанның таулы аудандарында
жи кездеседі. Әртүрлі гүлділер тұқымдасына
жатады. Табиғатта долананың 1500-дей түрі
бар. Жемісі қанқызыл түсті долана
көп тараған. Оның биіктігі 4 метрге жетеді.
Мамыр айының соңында гүлдейді. Гүл түстері
ақ, күлгін, қызыл болып келеді. Гүлдері
жиынтықталып, үлкен гүл шоғын жасайды.
Жидегі дөңгелекше, ашық қызыл, кейде қара
немесе сары түсті болып кездеседі. Долананың
өсуі өте жай, бірақ төзімді. Жидегін 7
жылда салады. Жидегін пайдаланады.
У
қорғасын-улы өсімдік. Қазақстан
далаларында оның 14 түрі кездеседі. Оны
бәрпі (мәрпі) деп те атайды. У қорғасын
Тарбағатайда, Жетісу Алатауында, Іле
Алатауында, Күнгей Алатауында өседі.
Биіктігі 80-100 см. дейін жетеді. Гүлі көк
түсті. Ерте заманда адамдар оны аң аулағанда
садақтың жебесіне жаққан. Өсімдік уы
тамырында болады.
Жалбыз
(мята) биіктігі 1 м-ге дейін жететін
көп жылдық өсімдік. Ол ылғалды жерлерде,
таудың сай салаларында өседі. Сабақтары
түзу, төрт қырлы, көп бұтақты. Жапырақтары
қарама-қарсы орналасқан, шеттері
ара тісті. Гүлдері ақшыл көк немесе
қызғылт, Шілде –тамыз айларында гүлдейді.
Өсімдіктің жағымды хош иісі болады.
(«Гүлстан» журналынан).
Үйеңкі.
Биіктігі 6 метрден аспайды. Баяу өседі.
Жапырақтары ақшыл-жасыл, күзге қарай
қызыл түске боялатын әдемі ағаш.
Түсінің әдемілігі мен жапырақтарының
алуан түсті болуы назар аудартпай қоймайды.
(Мұғалім
суреттер мен гербарийлер
Балалар,
біз өлеңде кездесетін бірқатар өсімдіктердің
түрлеріне, олардың маңыздылығына тоқталып
өттік. Олар табиғат сәні. Табиғат байлығы
– біздің байлығымыз. Табиғаттың өзіне
тән тұнықтығын, тұңғиық сырларға толы
тынықтығын, ішіне сырын бүгіп тұрар тылсымдығын
ұлы ақын осылай жырлап, оның сұлулығын,
сақтауға ой салған екен.
3.3.
Оқулықпен жұмыс. Өлеңді
Әдебиет
теориясы бойынша жүргізілетін жұмыс.
Кейіптеулерді
табу. Әзілді әйел, ажын-абысындай, кербез,
саржағал сәлемдеседі, сүйеді сүйкенгенді,
шымшып бұрайды. Кейіптеулер не үшін керек?
Теңеулерді
тап. Оқушылар өлеңнен теңеулерді табады.
Ал мына теңеулермен міндетті түрде
жұмыс жасаған дұрыс. Қамшысындай,
мұсылманның абызындай, көкпар тартқан
шабысындай, «кіндігі қырғыз өрме қамшысындай».
Теңеулер не үшін қажет?
3.4.
Поэзиялық ой толғау.
•
«Жуалар шайқаңдаған ол бір кербез,
Шалма
орап мұсылманның абызындай», деген
өлең жолдарындағы кербез жуаларға,
•
«сепсе қурай сырға қадап» деген
тіркестегі қурайдың «сәнденіп» тұруына
поэзиялық ойтолғау жазып көрейік.
4.
Түсінігін тексеру.
•
Сұрақ - жауап жұмысы (қысқаша).
•
«Тауға біткен жалбызым,
Маңдайға біткен жалғызым» - деген
мақалды қалай түсінесіңдер? Жалбыз
өсімдігінің қасиеті неде?
5.
Қорыту.
6.
Үйге тапсырма беру.
1.
Өлеңнің толық нұсқасын оқу,
мазмұнын, идеясын түсіну.
2.
Ақын «Шымырлап Іле қайнап
құмды безген» «Асқарда шың
мекендеп, жайлаған аң», «Па, шіркін!
Болады екен, тау да сұлу, мұз
көйлек, көк мұнармен белін буу»
деп су суреті мен тау суретін де жырына
қосады. Осы бөлімдер бойынша су, тау
жәндіктері туралы ізденіс жұмыстарыын
жүргіземіз.
«Жетісу
жәндігі» бөлімінде айтылатын аңдар
мен жәндіктер: арқар, тышқан, сілеусін,
ібіліс, аю, бұғы, бұлан, қасқыр, шие
бөрі, қарсақ, сусар, бұлғын, жанат, таутеке,
құлжа, ителгі, қырғи, құр, тұрымтай, бидайық,
бүркіт, үкі, шымшық, шамшақай, маубас бұқа,
шөже, тоқылдақ, көбелек. Барлығы: 28.
3.
«Жетісу табиғатының бүгінгі
жай-күйі» тақырыбына жобалау
әдісі бойынша жұмыс жасау.
•
Жоба жасау. «Табиғат байлығын қайтсек
сақтай аламыз?».
•
«Жер түгінен» «Қызыл кітапқа» енген
аң-құстар мен шөптер.
•
Мақал - мәтелдер жинау.
•
Ақын монологы
•
Ақынның бүгінгі ұрпағына айтар
сыны.
• Ұрпағының ақынға айтар сыры.