Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 15:04, биография
Николай Коперник (нем. Nikolaus Kopernikus; итал. Nicolò Copernico; пол. Mikołaj Kopernik; 19 ақпан 1473 ж. Польша, Торунь – 24 мамыр 1543 ж.) – дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы, математигі, экономисті.
Николай Коперник (нем. Nikolaus Kopernikus; итал. Nicolò Copernico; пол. Mikołaj Kopernik; 19 ақпан 1473 ж. Польша, Торунь – 24 мамыр 1543 ж.) – дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы, математигі, экономисті.
Краков университетінде оқып, 24 жасында каноник (діни қызмет) болып сайланды. Италия мемлекетінде астрономия, философия, заң, медицина, т.б. ғылым салалары бойынша білімін жетілдірді. 1504 ж. отанына қайтып оралып, ғылыми және саяси жұмыстарға белсене араласты.
Коперник Италияда, кейін өз елінде жүргізген ұзақ зерттеулері мен бақылаулары негізінде 1500 жыл бойы ғылымда үстемдік етіп келген Әлем жөніндегі Птолемей іліміне (геоцентрлік жүйе) сын көзімен қарап, оған қарсы пайымдаулар мен қорытындыларға келеді. Птолемей жүйесі бойынша Әлем кіндігі ретінде қозғалмайтын Жер қабылданса, Коперник жүйесінде Әлем кіндігі ретінде Күн алынады. Коперниктің бұл еңбегі ғылымдағы үлкен төңкеріс болды. Коперник бұл жаңалықтарын өзінің “Аспан сфераларының айналуы” атты кітабында баяндайды. Осы кітаптағы кейбір кемшіліктер кейін Иоганн Кеплер мен Исаак Ньютонның еңбектерінде түзетіліп, толықтырылды. Бұл діншілдердің аспан, Жер жайлы қате қағидаларына қатты соққы болып тиді. Сондықтан да 1616 ж. инквизиция үкімі бойынша Коперниктің кітабы “қара тізімге” алынып, оны пайдалануға қатаң тыйым салынды. Бұл тыйым тек 1822 ж. ғана күшін жойды.