Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:12, реферат
Мақсаты: Балаларға қазақтың домбыра, шертер, қобыз, сазсырнай, сыбызғы, шаңқобыз секілді фольклорлы-этнографиялық, музыкалы аспаптары және Қазақстан халықтарының өзге де музыкалық аспаптары түрлерімен танысады, олардың пайда болу тарихын зерттейді.
Көрнекіліктер: слайд, музыкалық аспаптар салынған суреттер.
Тақырыбы: «Домбыра - Дастан»
Мақсаты: Балаларға қазақтың домбыра, шертер, қобыз, сазсырнай, сыбызғы, шаңқобыз секілді фольклорлы-этнографиялық, музыкалы аспаптары және Қазақстан халықтарының өзге де музыкалық аспаптары түрлерімен танысады, олардың пайда болу тарихын зерттейді.
Көрнекіліктер: слайд, музыкалық аспаптар салынған суреттер.
Бастаушы: Бүгін 2 сынып оқушылары қазақтың музыкалық аспаптарымен танысамыз. Домбыра – аспабы арқылы ата-бабаларымыз ән шырқап, күй орындаған, оны өзінің өмірлік серігі еткен. Халықтың бірде-бір мейрамы домбырасыз өтпеген. Домбыра ішекті аспаптарға жатавды. Құрылысы жағынан домбыраның екі түрі бар.
1-оқушы: Домбыра.
Екі ішекке бір тиекті қондыра,
Ойнаймыз біз қолымызды талдыра.
Білсең егер айта қойшы, балақан?!
Бұл қай аспап? Бұл-кәдімгі домбыра.
Бастаушы: Ерте заманда адамдар құстармен, жан-жануарлармен сөйлесе білген. Олар алдымен құстың, жануардың дыбысын жақсылап тыңдап, кейін дәл сондай дыбысты өздеріайтып көруге талпынған. Түрлі дыбысты алдымен ұрып, сілкіп ойнайтын аспаптармен салды. Ұрып, сілкіп ойнайтын аспаптарда аттың шабысын, құстың ұшқанын жануардың жүргенін т.б. салатын болған. Аспаптар осылай «сөйлей» бастады.
Даңғыра – ұрып ойнайтын аспап. Даңғыраның дыбысы қоңыр, жуан. Дүрсілдеген дыбысы жан-жануардың аяғының шапшаң жүрісін, күннің күркірегенін т.б. салады.
2-оқушы: Даңғыра.
Ұрасың оны, соғасың
Жиналып мұнда қаласың.
Естіледі жаңғыра,
Дабыл қаққан даңғыра.
Бастаушы: Асатаяқ – сілкіп ойнайтын музыкалық аспап. Асатаяқ ағаштан жасалады. Тегіс бетіне түрлі темірден жасалған, өрнектелген сылдырмақтар ілінеді. Сілкіп ойнағанда сылдыраған дыбыс береді. Асатаяқтың түрі өте көп. Күй мен әндіорындау кезінде асатаяқпен сүйемелдейтін болған.
3-оқушы: Асатаяқ.
Кездеседі бұл аспап некен-саяқ,
Сыңғырлаған қоңырауы өзіне сай-ақ.
Бақсылардың қолында жүрген талай,
Қазағымның асабы – асатаяқ.
Бастаушы: Жетіген аспабы туралы халықта бір аңыз бар. Ертеде шал мен кемпірдің жеті ұлы болған екен. Кішкене кезінде олар асық ойнағанды өте жақсы көреді. Бір күні елі үлкен қиындыққа ұшырайды. Жеті ұлы мал бағып жүріп, жоғалып кетеді. Сонда әр ұлының ойнаған асықтарын үлкен тақтайшаның бетіне қойып, ішек тағып, аспап жасайды. Сол аспапта 7 ұлының 7 асығы қалған екен дейді. Қазір сол аспап жетіген деп аталады.
4 – оқушы: Жетіген.
Асықтары шашылады бетіне,
Түзетеміз асықтарды шетінен.
Білсең егер айта қойшы, балақай,
Бұл қай аспа?
Бұл - әрине, жетіген.
Бастаушы: Қобыз - аспабы ағаштан ойылып жаслады. Қобыздың жаңа және ескі түрі бар. Қобыз – қазақтың ескі музыкалық аспабы. Ысқышпен ысып ойналады. 4 қылы, 4 құлағы бар.
5 – оқушы: Қобыз
Жан дүниенді тербетеді толқытып,
Бұл аспатың естігенде саз үнін.
Қорқыт бабам тіл бітірген, қай аспап?
Бұл, әрине, қасиетті қобызым.
6 – оқушы: (Қорқыт ата туралы мәлімет беру)
Бастаушы: Шертер - қазақтың ішекті аспаптарының бірі. Үш немесе төрт ішегі болады. Құрылысы жағынан домбыраға ұқсас. Шертер аты айтып тұрғандай шертіп ойналады.
7 – оқушы: Шертер
Саз жиегін тербетер,
Ойыңды да сергітер
Домбыраға ұқсайтын
Қызық аспап – шертер.
Бастаушы: Сазсырнай – үрлеп ойнайтын аспап. Сазсырнай саз балшықтан жасалады. Кептіріледі және отқа күйдіріледі. Бірнеше ойығы бар. Аспаптың дыбысы табиғаттың үні тәрізді. Желдің соғуы, құмның сусылы естілгендей болады.
8 – оқушы: Сазсырнай
Әуені тамаша қандай!
Таңғалдырар бар жанды – ай
Табиғаттың сазындай,
Ғажайып аспап сазсырнай.
Бастаушы: Дабыл – ұрып ойнайтын аспап. Ең көне аспаптың бірі. Дабыл теріден жасалады. Ағашқа керіліп кептіріледі. Дабыл халықты жиылысқа шақырғанда және бір хабар алдында соғылатын болған.
9 – оқушы: Дабыл
Даң – дұң, даң – дұң
Тарсылдаған жауын
Шақырады халықты
Жиындарға дабыл.
Бастаушы: Шаңқобыз - тілшікті аспап. Темірден жасалады. Тіспен тістеп, темір тілшігін саусақпен қозғап, дыбысын шығарады.
10 – оқушы: Шаңобыз
Кіп – кішкентай шаңқобыз
Аспаптарға мән берер
Шертіп қалсам тілшігін
Оркестрге сән берер.
Бастаушы: Ал, енді балалар мен сендерге жұмбақтар жасырамын.
1. Төксін десең сырын саз,
Құлағын тек оң бұра
Үніне ерсең, жұртың мәз.
Ел мақтаны - ...
Даусы бар, жаны бар
Шертер күйі, әлі көп.
Құлағын оң бұра
Ол кім? (домбыра)
2. Бас құлақ, мойны бар
Үп – үлкен шанағы бар
Ысқышпен ысқанда
Әндетіп шығар әні – бар. (қобыз)
3. Сазымнан жасалған
Өрнектеп қашалған
Сырнайдың үніндей
Бұлбұлдың біріндей.(сазсырнай)
4. Ел қорғайтын ерлікке
Әуенімен шақырған
Батырлыққа елдікке
Әуенімен шақырған. (дабыл)
5. Тілшікті аспап
Қобыздай асқақ
Ерекше үні бар
Бұл қандай аспап? (шаңқобыз)
Бастаушы: Ән «Домбырасыз сән қайда»
Қорытынды: Міне, бүгін балалар біз қазақтың музыкалық аспаптарымен таныстық. (домбыра, қобыз, шаңқобыз, сазсырнай, дабыл) Аспаптарсыз ән, күй, әуен, музыка болмас еді. Әр аспаптың үні әртүрлі екенін байқадыңдар. Әр музыкалық аспаптың өзіндік үні, дыбыс бояуы бар. Халықтың әндері, күйлері, жырлары ағаштың тамыры сияқты ешқашан ескірмейді, солмайды. Жылма – жыл халық музыкасы да жаңа әндер мен күйлер толығып отырады.