Граммтикалық стилистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 20:08, реферат

Описание работы

Граммтикалық стилистика
Стилистиканың басты мақсаты, бұдан бұрын айтылғандай, жеке сөздер мен грамматикалық тұлғалардың, сондай-ақ синтаксистік конструкциялардың қолданылу заңдылықтары мен экспрессивтік сапасын айқындау. Олай болса грамматикалық стилистиканың басты міндеті — грамматикалық категориялар мен синтаксистік конструкциялардың мәні мен мағынасын айқындау, сол мән-мағы-наның туу, пайда болу тәсілдерін көрсету және жеке тұлғалар мен шумақтардың қолданылу жүйесі мен сферасын белгілеу. Осы міндеттер тұрғысынан келгенде, стилистиканың грамматикалық саласының маңызы аса ден қоярлық. Өйткені оған мына тәріздес себептер бар: грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік конструк-циялардың жеке сөздер тәріздес стильдік салаларға жіктеліп, қа-лыптасуы кең таралған құбылыс емес. Белгілі бір тұлғалар мен шумақтардың қолданылу заңдылығы олардың мән-мағынасы мен грамматикалық табиғатына тәуелді болады.

Работа содержит 1 файл