Дулат Бабатайұлы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 15:04, курсовая работа

Описание работы

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріyде туып, 1871 жылы дүние салған.
Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.

Работа содержит 1 файл

дулат бабатайулы.doc

— 148.00 Кб (Скачать)

    Бұл үйлесім бұзылған бойда, отбасының қызығы мен   берекесі кетіп, бақыты сорына айналмақ. Қазақ фольклоры мен ақын-жыраулар шығармашылығындағы отбасы мәселесінде "жақсы әйел – жаман әйел" тақырыбы дәстүрлік сипатқа ие. Ақын-жыраулар арасында аталған тақырыпқа жыр тудырмағаны кемде-кем. Дулат жаман әйел тақырыбын жекелеп алып, мейлінше өткір де шынайы суреттейді.  

    Жаман болса қатының,        Көрінгенмен ұрысып,

    Қонбаса айтқан акылың,      Қайраумен  тілің мұқалып,

    Үйіңнің іші жау болып,       Қалың өңің жұкарып,            

    Отыңның басы дау болып,  Үйіңнің іші  қаңырап,             

    Көп көзінше қыжыңдап,      Өмірден көңлің тоқырап,       

    Оңашада ызыңдап,               Белдеу жаудан жаман жоқ.   

    Құрбың  келсе, құрысып,                                                       

    Ащы болса да, шындық. Және бұл – бір дәуірге, бір ұлт пен ұлысқа ғана емес, барлық заманалар мен халықтарда кездесетін шындық.

    XX ғасырдағы орыстың аса көрнекті  ақыны А.Твордовскийдің "Василий  Теркин" атты поэмасында үйінің  шырқын бұзып, дозаққа айналдыратын әйел туралы:  

    Отырғанша оның қасында Миды жеп, төбе тестіріп,        

    Шыққаның  жақсы күніне Атакаға бес кіріп, –

    (Қ.Аманжолов  аудармасы.)   

    деген ғой. Дулат дәстүрлі суреттеу тәсілдерін шебер жаңғырта отырып, көркем, шыншыл өлең түрін жасаған.

    Туған жер тақсіреті

    Атамекен  – адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп - өніп келе жатқан жері ғой. Сондықтан адам туған жерін дүниедегі ең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысы – Анасына  балайды. Туған жерге қатынас  – адамның адамшылығының, ізгілігінің, парасатының көрінісі.  

    Батырлар  жырындағы:                                                 

    Атам  күйеу болған жер,                     

    Анам  келін болған жер,

    Кіндік  қаным тамған жер, –  

деген қарапайым жолдарда адамның туған  жеріне деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген. Бұдан, атамекен адамға өмір сұру қуанышын, еркіндік пен ел үшін мақтаныш сезімін сыйлайтынын көреміз. Адам толық бақытты болу үшін – аяулы Отаны болу керек, сүйіспеншілік жайындағы барлық түсініктеріміз атамекен деген бір ғана сөзге біріккен дейді даналар.

    Ұлы дала, ұлан байтақ Отанымызды анталаған  жауларынан аман алып қалған да сол  перзенттерінің қанына ата құлқы, ана  сүтімен тараған, ана тілімен  дарыған, дәм-тұзымен бекіген сүйіспеншілік.

    XIX ғасырдың ұлы ақындарының бірі  – Дулат жыраудың да туған  жер туралы тебіреністерінен  перзенттерінің туған жермен  жан дүние жақындығының қаншалықты  терең тамырлы әрі мәңгілік  екеніне тағы да толғана отырып  көз жеткіземіз.

    XIX ғасырдың орта тұсына қарай  патша отаршылдары ел ата қонысынан шетке сырған кезде шығарған өлеңдерінде туған жердің ендігі тағдыры үшін қан жылаған ақын жүрегінің күйініші үлкен суреткерлік қуатпен бейнеленген.  Дулат өзінің "Аягөз", "О, Сарыарқа, Сарыарқа!", "Ақжайлау мен Сандықтас" деген тамаша жырларында өзі туған өңірдің көркем келбетін кестелі тілмен суреттей отырып: "Құт-берекелі көркем қоныс енді кімдікі?" – деген сұрақ қояды. Сол арқылы жұрттың туған жерді сүю, қорғау түйсігін оятып, оның қазіргі мына күйіне күйіндіріп, ашындырмақ болады. Туған жерді мадақтай отырып, оқырмандарды (тыңдаушыларды) егілту сарыны Дулат поэзиясына ода түрін әкелді. Ол "О, Сарыарқа, Сарыарқа!" атты өлеңінде қасиетті қара қоныс Сарыарқаның артықша сипаттарын мұнды әуенмен төгілте жыр етеді.  

    О, Сарыарқа, Сарыарқа!                      

    Самалың салқын жон едің...

    Масаты  кілем жяйғандай

    Қоныстың  шұрай жері едің!..              

    Саған келіп ішіп ек,

    Тұнықтың  мөлдір шынысын.  

    Мұнда мадақтан басқа сөз айтылмаса  да, мұңды сарынның қайдан құйылып  тұрғанын аңғару қиын емес. Ақын "сондайсың" демейді, "сондай едің" – деп өткен шақта айтады. "Енді бұрынғыдай емессің, бұрынғы толықсып, толып, лықсыған... бейбіт өрісің жоқ" дегенді меңзейді. "Енді бұрынғыдай саған келіп тұнықтың мөлдір шынысын іше алмаймыз" деп мұңаяды. Ақын бұл өлеңінде астарлап жеткізген жайларын "Аягөз" атты өлеңінде ашып айтты.  

    Тауды екіге жарасың,                Арнаң қалды осылып.

    Тастың  қашап арасын.              Күркіреген үніңнен

    Кесіп өтіп кезеңді,                    Аңдар қашты шошынып.     

    Аягөз қайда барасың?..             Қырға суың тарады,          

    Тарбағатай  тауынан                  Ойға суың барады             

    Тоқсан  сала қосылып,               Тоғанменен тосылып.        

    Тоғыз өзен түйісіп,                    Қырың-малдың кіндігі,     

    Ақтың төмен жосылып.            Ойың-өнім, егіс қой.          

    Ағының  тасты ағызып,  

    Дулат "шалқып шапқан жүйріктей" Аягөз  өзені мен оның шүйгін де жемісті  өңірін маржандай таза шұрайлы тілмен бедерлеген құлпырған суреттермен  оқырмандарын (тыңдаушыларын) елітіп келеді де, кенет сөз арнасын кілт бұрып:  

    Айтуға  ауыз келе ме,

    Аягөз кімнің жері еді? –  

деп, Аягөздің бүгінгі күніне оралтады. Оқырман да оқыс ітттін тартып, көңілі құлазып сала береді. Осындай жердің өзінікі екеніне қуана, бақытты сезімге бөленіп отырған ол табан астында сол асылынан айырылып, пұшайман күйге түседі.

    Бұдан кейін өзінің әсер күші, поэтикалық қуаты, ойының тереңдігі мен шыншылдығы мен сыншылдығы жағынан Абайға дейінгі  поэзияда сирек кездесетін жырдың нөсер  бұршағы төгіледі. Осының бәріне мойындарына жезден қарғы таққан би, старшындар мен ұлықтарға "жағымды болған" аға сұлтан, қазылар кінәлі екенін айта келіп:  

    Жауға шабар ерің жоқ,

    Сақадай болып сайланып.

    Төсекжанды  мырзалар

    Ала баспақ байланып,

    Үй күшіктей үреді,

    Отының  басын айналып.     

    Жеріңнің  алды шұрайын,       

    Дуан  салып жайланып.

    Датыңды айтсаң майырға,

    Сібірге кеттің айдалып. –  

дейді ызалы жырау. Содан кейін мысқылды жүзбен, суық езу тартып:  

    Бейнең  қандай болды екен:

    Қарасаңшы бір мезгіл

    Қолдарыңа айна алып, –  

дейді өзін тыңдап отырғандарға.  

    "Ақжайлау  мен Сандықтас" атты өлеңінде  де туып-өскен өңірін "атамның  қонған қонысы" деп тебірене, оның  келісті көріністерін перзенттік, тіпті сәбилік сүйіспеншілікпен  елжірей суреттейді. Жерге қатысты  ешкім айтпаған "қызғаныш" сөзін қолданып, ата қонысын:  

    Атам  қонған кең далам,

    Мендей  сені қызғанар

    Бауырыңда өскен қай балаң? –           

деп, жас баладай жабыса сүйеді. Ақын бұл толғауында да   көкірегіне байланған ескі шеріне қайта оралады:                   1  

    Өксігіңді ойласам,

    Ұйқы  беріп, қайғы алам.  

    Қилы-қилы заманды,

    Заманға сай адамды

    Салғастырып қарасам,

    Су  мүйіз болған танадай

    Шыр көбелек айналам, –                         

деп, елдің еркін, тәуелсіз заманын еске алып, теңселіп кеткендей болады.  

    Ақын  – қазақ даласының кіріптарлық, халықтың шұрайлы, сулы қоныстарынан ығыстырылып, өз жері, өз елінде өгей жетімнің күйіне түскенін көрмей, айтпай, тек Сарыарқасы мен Сандықтасын тамылжыта жырына қосса, әрине, оғаш, түсініксіз, ал атамның  қонысын өзгеден қызғана сүйдім десе, жалған болар еді. Елін, жерін жанындай жақсы көріп, оның тағдырын ойлап, күйзелген ұлы жырау олай еткен жоқ, шындықты, шынайы сезімін бейнелейді. Оның туған жер туралы толғауларының тарихи мәні де, тәрбиелік кұндылығы да сонда.

    "Еспенбет" поэмасы

    Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы XIX ғасырдағы қазақ  әдебиеті үшін жаңалық еді. Поэма:  

    Еспенбеттей ер қайда?

    Еспенбеттей ер туса,

    Ер  күтетін ел қайда? —  

деген жолдармен аяқталады. Шығарма, міне, осы аңсардан, яғни ақынның күллі шығармашылығына ортақ елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеядан туған. Хан-сұлтандар халқынан бөлініп, жатқа жағынған, батырлары "қазан бұзар үй тентекке айналған" заманда ер мен елдің бірлігі идеясын халықтың көкейіне жеткізіп, еңсесін тіктемек болған. Сол мақсатпен айбынды бейнелері халық жадынан өшпеген Ер Қосай, Қабанбай, Ақтамберді батырлар заманындағы қазақтардын, қалмақтарға қарсы бір шайқасын өзек етіп алып, батырлық дастан тудырған. "Еспенбет" поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен, онда, қиял-ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Бас қаһарман Еспенбет те, оның Ақберте аты да, қалмақ, қазақ батырлары да – бәр-бәрі өмір шындығы аясында алынып, суреттеледі.

    Жырау поэмасын бастаған жерден бас қаһарманын:   

    Ер  Еспенбет кешегі     

    Ерекше  ер деседі.  

    Тіл біткеннің шешені, 

    Топта бермес есені.

    Үлгі  айтса – көшелі,   

    Жауға шапса – көсемі, –  

деп марапаттай таныстырғанымен,  

    Өзі болған жігіттен                         

    Сұрама  кім деп ата-анаң, –  

дегеніне  қарағанда, Еспенбет қандай да бір, артықшылығымен ел көзіне түспеген, қарапайым ғана кісінің баласы. Міне, осы Еспенбет жас күнінде әке-шешеден бірдей жетім қалып, нағашысы Ер Қосайдың (тарихта болған адам, батыр) қолында, уақ елінде өседі. Қосай жиенді бөтен санамайтын қазақ салты бойынша да, "Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен" де оған жетімдік көрсетпей өсіреді. Ер жеткенде таңдап жүріп қалыңдық айттырып, басына үй тұрғызып бермек ойда жүреді. Қазірде "тоқсан жасқа келіп, тұғырдан әбден түскенімен", Ер Қосайдай:             

    Елім  десе, елеріп,                   

    Жаннан  мүлде күскен кер;

    Бел шешпей жортып ел үшін,

    Алты  малта ас қылып,

<

Информация о работе Дулат Бабатайұлы