Біржан САл Қожағұлұлы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:12, реферат

Описание работы

Біржанның туған жері - қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Руы - керей. Өз әкесі Тұрлыбай кедей шаруа болған, Қожағұл Біржанның атасы. Біржанның өз басы да кедей, өмір бойына салдық құрып ел аралап, ән салып жүрген. Ол тек ақын ғана емес, ең алдымен, асқан әнші, әрі тамаша композитор.

Работа содержит 1 файл

Біржан сал Қожағұлұлы.docx

— 22.94 Кб (Скачать)

                                                              Біржан сал Қожағұлұлы

 

 Біржанның туған жері - қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Руы - керей. Өз әкесі Тұрлыбай кедей шаруа болған, Қожағұл Біржанның атасы. Біржанның өз басы да кедей, өмір бойына салдық құрып ел аралап, ән салып жүрген. Ол тек ақын ғана емес, ең алдымен, асқан әнші, әрі тамаша композитор.

 

            Қазақтың дәстүрлі әншілік өнері жайында әңгіме болғанда Біржан салдың аты алғашқылардың қатарында аталады. Біржан осы күндегі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданы, Ермол деген жерде 1831 жылы дүниеге келген. Ол жерді бұрын “Қожағұл ауылы” дейді екен. Заманында үш жүзге аты мәлім болған Біржанның әрбір әнінің шығу тарихы бар. Өмірін сал-серілік құрып өткізген Біржанның аруларға арнаған әндері аз емес. Сондай әндердің бірі - “Ләйлім шырақ”.

 

Біржанның өмірі мен шығармашылығы жөнінде академик Ахмет Жұбанов өзінің “Замана бұлбұлдары” атты монографиясында толық жазады. Біз оқырманға “Ләйлім шырақ” әнінің шығу тарихын, Жұбановтың жазған нұсқасы бойынша келтіргенді жөн көріп отырмыз.

 

…Біржан ел аралап жүріп, Арықбалық жақтан қайтып келе жатып, ағайынды Көлбай, Жанбай дегендердің ауылына келеді. Көлбай мен Жанбай екеуі де жас жағынан Біржанмен шамалас, Біржанмен қонысы қатар, ешқандай өнерлері жоқ, малды-жанды адамдар болады. Өздерінің менмендігімен, паңдығымен аттары шыққан, анау-мынау кісіні менсінбейтін де мінездері бар еді. Біржанның атын естіп, оның халық алдында аса беделді екенін біледі. Өнердің қадірін тереңдеп біле қоймайтын Көлбай, Жанбай Біржанның халық алдындағы беделінің түбінің неде екенін нақ басып біле алмайтын. Бір күні Біржанның осы ауылға келе жатқанын көріп, бұрыннан таныс болса да танымаған болып, үйлеріне еніп кетеді. Мұны байқап қалған әнші іркілместен ауыл шетіндегі қораштау бір үйге келіп түседі. Қонақтың атақты Біржан сал екенін білген үй иесі барынша күтіп, әншінің асты-үстіне түсіп, бәйек болады. Тамақ ішкеннен кейін Біржан әдетінше домбырасын алып, ән салады. Ауыл адамдары жиналып, қошеметтеп, түн ортасына дейін Біржанның әсем әндерін тыңдап, көңіл көтереді. Көлбай, Жанбай екеуі бірдей ән тыңдауға келмейді, өздерінше қыр көрсетеді. Әншінің дауысын естіп отыра алмай тұра жүгірген қарындасы Ләйлімді де, барғысы келген келіншектерін де жібермейді. Киіз үйдің ішінде дыбыс естілмей тұра ма, мұның бәрін де ауылдың бір қу жігітінің құлағы шалып қалып, ол ән арасында Біржанға естіртіп, қасындағыларға асырып жеткізеді. Байсалды әнші бәрін де көңіліне түйіп, ешнәрсе білмегендей отыра береді. Ертеңіне шайдан кейін, құдық басын жағалап кеткен атын алып келуге Біржанның жолдасы кетеді. Бірақ әншінің атының аяғында шідері жоқ болып шығады. Оны естіген Біржан құдық жаққа қарап тұрып, әсем басып су алып келе жатқан Ләйлімді көреді. Қыздың кінәсі жоғын білсе де, оның ағаларынан кешегі жақтырмаған кейіптері үшін, ән тыңдауға қарындасы мен келіншектерін жібермегендері үшін кек алудың жолын ойлап, Ләйлімнің алдынан шығып, “Шідер көрмедіңіз бе?” деп, әңгімеге тартады. Бұл көріністі көріп қалған Көлбай мен Жанбай құдық басында жұмыстары бардай, қарындасына қарай жүреді. Ағаларының сөзді анық еститін жерге келуін күткен әнші табанда Ләйлімге қарап, суырылып әндетеді:

 

Ләйлім шырақ!

 

Мен де өзіңдей жас едім, жаңа талап.

Біреуге Ташкент барған алдырып ем,

Қызыл жібек қырмызы пұт бес қадақ, - деп қоя береді. Ойда жоқта мұндай ілтипатқа ұшырағанына таңғалған Ләйлім, “бұл сал маған не айтқалы келеді” дегендей ойға қалып, аңырап тұрған орнында қозғалмай қалады. Біржан болса

одан сайын екіленіп:

Өзіме бер шідерімді тауып алсаң,

Елу теңге берер ем, сүйінші алсаң.

Жерде шіріп қалса да көзім көріп,

Қыршын жасым қиылсын бітім алсам, - деп, аяғын қатайта, түсін суыта, тілін безеп,

жақындап қалған екі ағасына көзін тігіп:

Ләйлім шырақ - асыл тасым!

Көлбай, Жанбай бірге өстік замандасым!

Келген жоқ көктен пері, жерден шайтан,

Шідерімді ұрлаған қарындасым, - деп, Ләйлімді әбден састырады. Ләйлім: “Бір қайыс үшін жұрттың бәрін ұры қылдыңыз ғой!” дейді. Біржан болса тағы да екіленіп, істің жайына енді түсініп келе жатқан Көлбай, Жанбайға, Ләйлімге кезек қарап, шідерін мақтай:

Ләйлім шырақ!

Таудан аққан сылдырап мен бір бұлақ,

Қайыс болсын, жіп болсын неге керек,

Шідерімнің бағасы қырық қысырақ, - деп, олармен құнына келіспей тұрғандай, тоқтамай айта береді. Ертеңгі уақытта ауылды басына көтерген әншінің дауысына жиналған жұрт бірте-бірте көбейіп, бұлардың қасына келіп қалғанын көріп, “мына сал тағы бірдемені былықтырар” деген қауіппен Көлбай, Жанбай Ләйлімді ымдап үйге қарай бұрады. “Не болды?” деп шулаған адамдарға: “Біздің Ләйлімжанға шығарып тұрған әні ғой!” деп істің шын сырын ашқылары келмей, соңдарынан ерген жұртты жекіріп, кейін ысырып тастайды.

Көлбай, Жанбай ақбоз үйінің төріне қалың кілем, жібек көрпе төселіп, самауыр бұрқылдап, қымыз құйылып, әп-сәтте өзгеріс бола қалады. “Жүрген жерінде бізді жамандап жүрер” деп, Біржанды қонақ етіп, сыйлап, бірнеше күн қондырып, ән салдырып, риза етіп жөнелтеді. Кетер кезде, жазықсыз біраз ұялтқаны үшін, Біржан Ләйлімге қарап, кешірім сұрағандай, шідерді қоспай, “Ләйлім шырақ” әнін айтып, оны қызға арнағанын, қайда болса да айта жүргенде әр кезде Ләйлімнің суреті көз алдында болатынын сездіреді. Әңгіме үстінде қыздың ағалары кіріп қалғандықтан, бұдан артық ешнәрсе айта алмай, әңгімені басқа жаққа бұра салады. “Ләйлім шырақ” әнінің бұлай бейбіт кейіпке көшіп, аяғы “қайырлы” кездесу болып біткеніне қыздың ағалары да қуанып қалады. Осылай Біржан әндерінің ішіндегі бір белдісі - “Ләйлім шырақ” әні дүниеге келеді. Ән ауыздан-ауызға тарап, көпшілікке белгілі болады. Бұл әнді осы күнге жеткізген әнші Жүсіпбек Елебеков болатын. Ал қазіргі кездегі шебер орындаушылардың ішінен Ербол Саринді, Толғанбай Сембаевты, Еркін Шүкімановтарды ерекше атауға болады.


Информация о работе Біржан САл Қожағұлұлы