Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 15:47, реферат
Сүйінші Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.
Қазақтың салт-дәстүрлері
Сүйінші Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.
Сәлемдеме Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.
Көрімдік Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.
Базарлық Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.
Жеті ата Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.
Тыйым«Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.
Араша Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы адамдар «араша, араша!» деп басу айтуға тиіс. «Араша» деген сөзді естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар.
Құтты болсын айту Бала туған, келін түсірген т.б. сол сияқты қуанышқа «қайырлы болсын» айту ата салтымыз. Ол сол адамдарға деген ыстық ықыластың, қуанышқа ортақ екендігінің белгісі.
Тоқымқағар Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі.
Тізе бүгу Халық әдебімен тізе бүгудің бірнеше түрі, жолы, шарттары бар. Мұның бәрі де негізінен әдептілік, тәртіп заңдарына негізделген. 1. Жұмысы болып бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады. Егер тым асығыс болса, ол жайын айтып бір тізесін бүгуі керек. Бұл – шаңыраққа көрсетілген құрметтің белгісі.2. Бұрынғы дәстүрде біреуден бата тілегенде ол адам бір тізесін бүгіп, екі қолын жаяды. Бұл әдет бүгінге дейін сақталған.3. Ұрыста, жекпе-жекте немесе айтыс-тартыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған айыпкер тізесін бүгіп, басын иіп, айыбын төлейді.
Шашу Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.
Шаңырақ түйе |
«Шаңырақ түйе» Ұзатылып келе жатқан қыздың және оның жанындағы әйелдердің (шешесі, жеңгесі, сіңлісі т.б.) мініп келе жатқан көлігі «шаңырақ түйе» деп аталады. Және ол келін үшін ыстық қасиетті мал болып саналады. Бұған жолшыбай кездескен немесе бөтен адам мінбейді. Егер міне қалса оны көрген жұрт «пәленше келіннің шаңырақ түйесіне» мініп келді деп келемеждеген. Ертедегі салт бойынша көште үлкен шаңырақ жеке түйеге артылып, алдымен жүреді екен. Оған адам мінбейді, атпен жетелейді, «шаңырақ түйе» деген сөз осыдан шыққан. |
Түйемұрындық |
Түйемұрындық (ғұрып). Ұзатылып келе жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары,әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады. |
Қыз көші |
Қыз көші (салт). Құда аттандырар
кәдесі жасалғаннан кейін ұзатылған
қыз шешесі,жеңгесі, жас іні, сіңлілерімен
бірге көлікке отырып жолға шығады.
Қыз артта қалғандарға қарамауы
керек. Құдалар алға түседі. Одан кейін
шаңырақ түйе (қыз көші) жүреді. Тойшы
жігіттер көш соңынан әсем киініп ән-күймен
ереді. Былайша айтқанда көште ерекше
салтанатты жарасымдылық болады. Қыз ауылынан
бір көш жер шыққанша мұны «қыз көші» деп
атайды. Одан әрі асқанан кейін «келіншек
көші» дейді. |
Жасау |
Қоштасу |
Қоштасу (салт). Ұзатылатын қыз
өз үйінен аттанар алдында өзінің
ата-анасымен, аға-інісімен, сіңлісі, жақын-жуықтарымен
қоштасу жырын айтады. |
Ау-жар |
Ау-жар (салт, айтыс). Ұзатылып бара жатқан қыздың «сыңсуы», «қоштасуы» ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, тұған ел-жұрттан бөлініуі, жат босаға аттау оңай іс емес. Осының бәрін тәжірибелі де, тәрбиелі халық жылай жүріп ән, жыр түрінде шеберлікпен үйлестіріп жасай білген. Тағы бір қызығы қыз жылап қоштасқанмен ол қайғы емес қуаныш, қимастық сәтінің де белгісі. Дегенмен қыз ауылының қыздары мен жігіттерінің де қимастық көңілдері де көрінбей қалмайды. Олар «жар-жардан» кейін де өлең-жырды үстемелей жүріп айтыс түріндегі «ау-жарды» тағы бастай жөнеледі. Мұнда да ізгі тілектестік, достық көңіл, жаңа бақыт жолында жақсы ниет көрінеді. Оның сөзі де, әні де көркем, ойнақы айтылады. Ол біресе «ау-жар», біресе «ай-ау», біресе, «бике-ау», біресе «үкі-ау» деп те айтыла береді. Олардың мынадай үлгілері бар: |
Аушадияр |
Аушадияр (дәстүр). Үйлену тойы
кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, жыр.
Және жай өлең емес, өзіндік айтылар әні,
ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар. Көркем
шығармашылықпен айтылатын той көркі,
салтанат сәні, өнегелі өнер. Мұны іздеп
тауып, өмірке әкелген көп жасағыз жазушы
Уахап Қыдырханов екен. Аушадияр жырының
үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап,
бізге жеткізген. Шынын айту керек бұл
қазіргі Қазақстан елінде айтылмайды,
халық жадынан мүлде шығып кетіп, ұмыт
қалған. |
Жар-жар |
Жар-жар (ғұрып). Ұзатылған қыз
тойында қыз-жігіттер тобы кететін қыздың
көңілін аулап, бара жатырған жағында
да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңмен
айтысады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты,
елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді.
Мұның бәрі өлеңмен айтылатындықтан «Жар-жар»қызықты
болып естіледі. Мысалы: «Жар-жарды»жігіт
былай бастайды: |
Неке қияр |
Неке қияр (ғұрып). «Ауылнаймын,
немесе қағазсыз неке қыймаймын, жаназа
оқытпаймын, -деп Көдебай бір дікілдейді»
(Б.Майлин). Неке - қасиетті ұғым, беріктік
шарты. Қазақ халқы мұны «ақ неке» деп
ардақтайды. «Ақ некелі жарым» деп мақтанады.
Бас қосқан ер мен әйелдің міндетті түрде
некесі қиылады. Ол көпшілік алдында жасалады.
Қосылған бірақ некесі қиылмаған адамдарды
халық «некесіз» деп сөккен және оларға
салқын қараған. Олардың балалары да «некесіз
туған» деген жаман атқа қалған. Ауыз әдебиетінде
неке қияр кезінде айтылатын куәлік сөз
бар. «Неке қияр сөз» деп неке қияр кезде
екі арада жүретін екі куәнің күйеу мен
қыздың ырзалығын сұраған уақытта айтатын
сөздерін айтамыз. Бұл әнмен айтылмайды.
Бірақ өлеңше ұйқасқан, дәйім бір қалыпты
айтылады. Мысалы: |
Қыз ұзату |
«Қыз ұзату» (салт, той). «Ұлын-ұяға,
қызын-қияға қондыру»-ата-ананың тілегі
әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату-үлкен
той, думан әрі қызық. Бұл күні ата-ана
қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны-қыз өсіреді
және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны-әрине
қимастық көңілі. |
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Физика-математика факультеті.
Реферат
«Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері.»
Орындаған: __________________
Тексерген : _________________
Семей 2012