Аяулы Отаным – Қазақстан!

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 10:41, сочинение

Описание работы

Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасам, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір жолынан өткен өнегелі істері- елін, жерін қорғау ,бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне ер, халқына адал болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа деген асыл арманы ғой.

Работа содержит 1 файл

Аяулы Отаным.doc

— 26.50 Кб (Скачать)

                                 Аяулы Отаным –  Қазақстан!

 

                         Отан!- деген сөзім қандай әдемі!

                         Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.

                         Таңдандырды жан-жағымды- бай өлке,

                        Қарапайым, кең дастархан әдебі.

                         Атам қазақ, ансағаны  еркіндік,

                        Сақтау үшін азаттық  пен бекіндік,

                        «Қастығы жоқ қазақ»- деген аңыз бар,

                       «Татулықтың символымыз» сертімдік. 

      Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасам, ата-бабаларымыздың  асқар таудай ақылында, өз өмір жолынан өткен өнегелі істері- елін, жерін қорғау ,бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне ер, халқына адал болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа деген асыл арманы ғой.

   Сонау ғасырлар  бойының белгісінен байқасақ, ежелден- ақ  ру-тайпаларымыздың өзі жерін еш жауға бастырмаған, ұлын, қызын бергіз беуін батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбындай жанын орамалға түйіп, садақ ұстап, қол күшіне сеніп,найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.

   Сондықтан да ата-бабаларыамыздың  сүйіспеншілігі мен  мақтанышының 

арқасында қазір біз әдемі де ұлан-байтақ,тарихы мол, өкілдері тату, аспан төрі кең, күні, айы бәріне де ортақ- ежелгі Қазақстан Республикасында бақытта, молшылықта, ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатырмыз.

  Маған өзіме туған  жердің бір уыс  топырағы да қымбат. Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді,жерімді, тілімді сыйлыймын.

Осындай байтақ, бай дарқан далам бар-ау оны  қорғап бізге жеткізген- біздің елдің батыр қыздары мен ұлдары. Мен солардың ұрпағымын ғой деп қуаттанамын. Осының бәрі жұдырықтай менің жүрегімде ерлік сезімі пайда болды.

                    Жұлдыздың көркі  болар ма,

                    Ішінде бір Ай  болмаса!

                    Халыктың көркі болар ма,

                    Басқарған ханы  болмаса!?- деп Нысанбай атам жырлағандай, әр елдің, әр мемлекеттің өз ханы ,патшасы, президенті болады. Ал біздің Қазақстанның сыйлы да құрметті елбасшысы Әбішұлы Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл кісі ел басына күн тудырған, даналы батырлығымен, парасаттылығымен ел мұның, халық сырын, тарих үнін білген, халықтын басың қосқан- елдің мақтанышы. Ал біз- инабатты, білімді, рухани таза жас-

тар бүкіл елдің болашағымыз.Ал сол болашақтың есігіне жету үшін біз ата-анамыз жүректерімізге сыйлаған шырақты сөндіріп алмауымыз керек, онымен қоса қолымыздағы ақиқаттын кілтін де байқаусыздан түсіріп алмайық, ал оны сақтау жолы өте оңай, ол Абай атамыз айтып кеткендей, адамға тән үш қасиеті: ақыл, қайрат және ыстық жүрек. Жалпы, мен өзім осы қасиеттердің санына тағы тәртіпті, ізденісті және сенімділікті қосар едім.Тек сонда ғана сол болашақ төрі бізге лезде ашылып кетеді деген ойдамын.

   Сондықтан да құрметті  жолдастарым аяулы  Отанымызды қорғандар, патриоттық сезіммен батылды, сақ батыр аға-әкпелеріміз деп мақтануларынды тапсырамын.

  Осы дәуірге жету  жолында Отаным- қазақ елінің көрген қасіреттін енді Тіңіріме еш елдің басына бермесін дер едім. 

                     

                           

Информация о работе Аяулы Отаным – Қазақстан!