Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 19:44, реферат
Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир 1564 жылы 23 сәуірде Эйвон өзенінің бойындағы Стратфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген. Оның әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді (саудагер болған, қала мэры болып да сайланған). Уильям Джон Шекспирдің үшінші баласы еді, одан басқа тағы жеті баласы болған. 7 жасында Уильям ең жақсы деп есептелетін грамматикалық мектепке барды (1571-1578), онда латын және көне грек тілдерін үйренді. Әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай, 16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр болады (ет сатушының шәкірті, ауылдық мектепте репетитор т.б.). 18 жасында Уильям Анна Хесуэй деген өзінен 8 жас үлкен фермердің қызына үйленеді.
Ағылшын
әдебиеті
Уильям Шекспир (1564 – 1616)
Ағылшынның әлемге аты әйгілі
драматургы әрі ақыны Уильям
Шекспир 1564 жылы 23 сәуірде Эйвон
өзенінің бойындағы Стратфорд
деген кішкентай қалада
XVI ғ. аяғында театр ағылшын
халқының сүйікті өнері болды.
Ол кезде Лондонда онға жуық
театр болған. 1585-1612 ж. Шекспир
Лондонда тұрды. Ол өзі жақсы
көрген театрды төңіректейді: әуелі
театрға келушілердің атын
1593 ж. Шекспир Джеймс Бербедж басқарған ең жақсы труппаға кірді. Труппаның мүшелері 1599 ж. «Глобус» театрын салды. Бұл театрда Шекспирдің пьесалары жиі қойылды.
1612 ж. Шекспир туған қаласына қайтып оралады. Оның айналасында туғандары болады, бірақ сүйікті театры болмайды, ал театрсыз Шекспир өмір сүре алмады. 4 жылдан соң өзінің туған күнінде 23 сәуірде 52 жасында Шекспир қөз жұмды. Ол Стратфорд шіркеуінде жерленді.
Шекспир ескі, феодалдық дүниенің
күні бітіп жатқандығын
Шекспир адамның ұлылығын
Өзінің «Гамлет», «Отелло», «Король Лир», «Ромео мен Джульетта» және басқа трагедияларында Шекспир қайырымдылық пен әділеттілік туралы ізгі, батыл адамдар армандарының жүзеге аспайтындығын көрсетті. Ол күшті, ер жүрек кейіпкерлерді, олардың жоғары сезімдерін – сүйіспеншілік пен достықты, адалдық пен ерлікті мадақтады. Шекспирдің кейіпкерлері тағдырдың әлсіз құрбандары емес, олар қиналады және күреседі, бірақ дүниені өзгертуге қабілеті жетпейді.
Шекспир 37 пьеса (трагедия, комедия,
тарихи драма), сондай-ақ көптеген
өлең жазды. Шекспирдің антик
мифологиясының сюжеттеріне
Шекспир көптеген сонеттер жазды. Сонет (сыңғырлау, сылдырлау деген итальян сөзінен шыққан) – әр шумағы 14 тармақтан құрылатын өлең түрі. Тармақтар екі рет төрт-төрттен, онан соң екі рет үштен топтасады (З.Ахметов «Әдебиеттану. Терминдер сөздігі»). Оның 154 сонеттен тұратын жинағы сақталды. Бұл жинақ ақынның алғашқы, оның тірі кезінде жарық көрген жинағы. Кітапқа кірген 126 сонет ақынның досына, ал 128 қарашашты сұлуға арналған. Зерттеушілердің ойынша, Шекспирдің досы ретінде шығатын бейне – граф Саутгемптон, ал қарашашты сұлудың кім екені белгісіз, оның аты тарихта сақталмаған. Сонеттерді бірнеше циклге бөлуге болады. Олардың тақырыптары – достық, сүйіспеншілік, қызғаныш, тағдыр туралы толғау. Сонеттерінде ақын достықты, сұлулықты, махаббатты мадақтайды. Сонымен қатар бақытсыз махаббат, әлеуметтік, философиялық мәселелер көтереді.
Шекспир шығармашылығы үш
Шекспир комедиялары мен драмаларының әрекеті әр түрлі елдерде болады, бірақ олар қай жерде өтсе де, барлығында Англияның рухы сезіледі. Драматург өткен ғасырды суреттесе де, оның жасаған кейіпкерлері Қайта өрлеу дәуірінің өкілдері болып көрінеді.
Шекспирдің саяси көзқарасы пьеса-хроникаларында айқын көрінеді. «Генрих VI» (3 бөлімнің басылуы 1594-1623), «Ричард III» қойылуы басылуы т.б. пьеса хроникаларының негізгі идеясы – мемлекеттік бірліктің қажеттігі, феодалдық анархияны жою. Шекспир пьесаларында дүние жүзінде алғаш рет драматургия саяси күресті мифтік емес, реалистік әдіспен бейнеледі. Ол шығармаларына феодалдық қоғамның барлық өкілдерін, сондай-ақ демократиялық пікірдегілерді де қатыстырды. Алайда Шекспир өз дәуіріндегі гуманистердің күмәншылдығынан асып кете алмай, халықтың өз тағдырын және мемлекет мәселесін өзі басқара алатындығына сеніңкіремей қарады.
Шекспир шығармашылығының
Шекспир шығармашылығының үшінші кезеңі (1609-1612) бұрынғысынша зұлымдық пен адамгершіліктің күресін арқау ете отырып, тартысты көбіне ұнамды қасиеттің иесіне моральдық және реальдық жеңдіру арқылы шешеді. Бұл кезеңге «Перикл» (1609), «Цимбелин» «Қысқы ертегі» шығармалары жатады. Бұл трагикомедиялар – мазмұны драмалық болса да, соңынан жақсы аяқталатын пьесалар.
«Гамлет» трагедиясы
Шекспирдің барлық
Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы 1601 – 1602 ж жазылған. Оның сюжетін драматург ХІІ ғ. Саксон Грамматиктің көне хроникасынан алған – бұл Амлет деген дат бекзадасының тарихы. Шекспир бұл сюжетті жаңашылдықпен түсініп, образдарына терең әлеуметтік және философиялық мән беріп, мүлдем ерекше шығарма жазды.
Трагедияның әрекеті ортағасырлық Дания өтсе де, автор мұнда өзінің замандастарының типтік образдарын жасады, «шіріген дат мемлекетін» бейнелей отырып, ол өзінің кезіндегі Англияны көрсетті.
Дат бекзадасы Гамлет әкесінің
өзі өлмей, біреудің қолынан
өлгенін естиді. Гамлеттің әкесін
өлтірген Клавдий оның
Виттенберг университетінің
Гамлет эгоист, өзімшіл адам болса,
ол Клавдийді өлтіріп, өзі
Гамлеттің позициясы өмірді, ақиқатты
кең, терең түсінуге себеп
Трагедияның шиеленісі –
Трагедияның идеясы. Гамлет бейнесі арқылы ХVII ғ. Англиядағы гуманистік озық ойдың дағдарысы бейнелеуін тапты. Бас кейіпкер Гамлет – Қайта өрлеу дәуірінің гуманисті, өз заманына лайық жоғары мұраттың иесі. Бірақ оның өмірге, адамға деген сенімі, оның ең жақсы мұраттары іске аспайды, себебі мемлекетті басқаратын адамдардың өздері қылмыскерлер, кісі өлтірушілер. «Гамлет» трагедиясының идеясы – жоғары армандардың құруы, қоғамды түзетуге шыққан жалғыз күрескердің қайғысы, трагедиясы.
Гамлет образы көптеген
Шекспир Ресейде XVIII ғ. кеңінен
таныла бастады. Ол туралы Н.М.
Шекспир пьесалары қазақ тіліне аударылып, республикалық көптеген театрларында қойылып келеді. «Отелло», «Асауға тұсау» т.б. туындылары М.Әуезовтің аударуымен күні бүгінге дейін сахнадан түскен емес. Пьесалары қазақ тілінде талай рет кітап болып басылды. «Сонеттер» 1970 ж. жеке кітап болып шықты. Сонеттерді алғаш рет қазақ тіліне аударған Х.Ерғалиев, М.Мақатаев.