Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 18:00, реферат
Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы “Әдебиет танытқыш” (“Теория словестности”) деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.
Ахмет Байтұрсынов
лириканы – толғау деп алып, осы
әдеби тектің қыр-сырын ерекше тиянақты
талдап, орасан терең пікірлер тұжырымдап,
сұлулық, көркемдік, әсемдік, шеберлік
табиғатына қатысты ойларын бажайлай
жеткізеді. Ықшамдап, жинақтап айтқанда
Ахмет Байтұрсынов лирикаға (толғауға)
мынадай шарттар қояды:
1. ІШКІ ШАРТЫ:
а) Толғау жалпы сырлы болуы
керек. Ақын толғауы да өз көңілінің күйін
айтады. Бірақ ол күй өзгеге түсінікті
болуы тиіс. Күйі түсінікті болмаса, өзгеге
әсер ете алмайды;
ә) толғау шын
сырлы болуы тиіс. Өтірік жай сөзге
де жараспайды. Толғау сияқты сырлы
шығармаға өтірік жараспақ түгіл, бүлдіреді.
Сондықтан күйлі толғау көңілде шын болған
күйден шығу керек. Бұрынғы қазақ ақындарының
мақтау, құттықтау өлеңдерінің көбі қадірсіз
болып кетуі шын көңілден шын толғау болып
шықпағандықтан;
б) толғау таза болуы
тиіс – нас, былғаныш, нәжіс әдемі
нәрседен шықса, көңілге қандай әсер етеді?
Толғау сөзге былғаныш сөз, былғаныш пікір
қатысса, о да сондай әсер етеді;
в) толғау көңілдің
тереңдігі күйінен хабар беруі
тиіс. Көңілдің бер жағынан шыққан
сөздердің әсері оқушының көңілінде
терең із қалдыра алмайды;
2. ТЫСҚЫ ШАРТЫ:
а) Толғау сөзі көңіл күйінің
бейне билеуі сияқты болуы
тиіс. Күй де, би де біріне-бірі
үйлесіп келгенде, сұлу болып
шығады. Күй мен бидің үйлесуі;
ә) толғау қысқа
болуы тиіс. Көңіл күйінің көбі-ақ
бір қалыпта ұзақ тұрмайды. Көңіл
күйінен шығатын толғау көңіл табиғатына
қарай ұзын болмасқа тиіс, ұзын болмайды
да. Нағыз толғаулардың көбі-ақ 4-5 ауыз
өлеңнен аспайды;
б) толғау әуезді
сөзбен айтылуы тиіс. Адамның көңілінің
күйін жақсы білдіретін – күй
мен ән. Әннен соңғы көңілге
көбірек әсер беретін - әуезді сөз, әуезді
күшін көбейтетін өлең түрде айтылуы тиіс.
Кейінгі қазақ
әдебиетшілері орыс тіліндегі еңбектердің
ізімен саяси лирика, махаббат лирикасы
деп қана шектеліп келсе, Ахмет Байтұрсынов
ұлттық өнердің өз табиғатынан шығарып,
лириканың сап толғау, марқайыс толғау,
налыс толғау, намыс толғау, сұқтаныс толғау,
ойламалдау, сөгіс толғау, күліс толғау
секілді түрлеріне анықтама береді, мысалға
“Интернационал”, Абайдың “Адамның кейбір
кездері”, Сәкеннің “Жолдастар” өлеңдері,
“Маса”, “Оян, қазақ” кітаптарындағы
кейбір өлеңдер алынған.
Ахмет Байтұрсынов
драманы қазақша “Айтыс-тартыс”
Байтұрсынов саралауы
бойынша драма былай бөлінеді:
1) мерт, яки әлектегі тартыс (трагедия);
2) сергелдең, яки азапты тартыс (драма);
3) арамтер, яки әурешілік (комедия). Екінші
жерде ықшамдап: 1) әлектеніс; 2) азаптаныс;
3) әуреленіс деп те бөледі. Осы түрлердің
әрқайсысындағы тартыс табиғаты, кейіпкерлердің
сипаты жеке-жеке, дәлді де нақты әліптеледі.
Зерттеу барысында
ғалым басқа елдер әдебиетін
де ескереді: “Орыстың асқан ақыны Пушкин
жазған өлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен.
Орыстың асқан ойшысы, сөз өнерпазы Лев
Толстой шығарған сөздерін баспаға беріп
қойғаннан кейін де талай түзетіп, талай
өзгертеді екен. Бұл ойындағы, қиялындағы,
көңіліндегі нәрсені тілмен айтып жеткізу
қиын екендігін көрсетеді”, — дейді “Сөз
өнері” тарауында. Бұдан басқа Эзоп, Федр,
Лафонтен, Крылов есімдері айтылады, жапон,
француз, поляк әдебиеттеріндегі өлең
құрылысы сөз болады. Абылай, Шоқан, Ақан
сері, Торайғыров, Ядринцев, Потанин есімдері
кездеседі.
“Әдебиет танытқыш”
алғаш 1926 жылы шықты, 1989 жылы “Жазушы”
баспасы, 1991 жылы “Жалын” баспасы
шығарды. Соңғы басылымда бұрынғы
жариялануда кеткен бірталай селкеуліктер
жөнделді, олар – кейбір шатасқан сөздердің,
баспа кінәсінен кеткен қателіктердің
бұрмаланған текстердің түзетілуі. “Әдебиет
танытқыштың” қазір Алматыда сақталған
кітаптарының соңғы беттері жыртылғандықтан,
еңбектің тексті түгел берілмей отыр.
Зейін салған кісі аңғарса керек, А.Байтұрсынов
былай дейді: “Ұстасу шығармалар қайраткердің
түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс;
2) азаптаныс; 3) әуреленіс”. Осылардың
біріншісі - әлектеніс пен үшіншісі әуреленіс
талданады, ал екіншісі – азаптаныс жоқ.
Сондықтан сақталған кітап бойынша болашақта
“Әдебиет танытқыштың” толық текстін
табу міндеті тұр. Тағы бір мәселе әр түрлі
жанрлық формаларды талдап болғаннан
кейін А.Байтұрсынов әр жерде бұларды
нұсқалықтың пәленше номерлерінен қара
деп ескертеді. Ендеше, “Әдебиет танытқыш”
оқулық, оның хрестоматиясы - нұсқалығы
да болған ғой. Қазіргі дерек бойынша,
ол жарияланбаған секілді. Әлде қолжазба
күйінде архивтің бірінде жатыр ма? “Мәдениет
тарихы” деген еңбек бітіргені белгілі
– ол да жоқ. Қайда? Қысқасы, Ахмет Байтұрсыновтың
ұлы еңбегі “Әдебиет танытқыш” төңірегінде
әлі де көп зерттеу жүргізу керек.
“Әдебиет танытқышта”
Ахмет Байтұрсынов
1913 жылы “Қазақтың”
тұңғыш саны шыққанда газет
редакторы Ахмет Байтұрсынов
былай деп жазған: “... Өзіміздің
елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке,
оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен
әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына
ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел
ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға
тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халымыз
оңды емес. Осы күні орыс школы мен татар
мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілін
елеусіз қылып, хат жазса өзге тілде жазып,
қазақ тілінен алыстап барады. Бұл, әрине,
жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ,
табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз
мың жасамаса, ол уақытта тілмен де, сол
тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі
қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны
істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет
жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз
жетті”.
Ахмет Байтұрсыновтың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы – баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған.