Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 21:23, реферат
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды.
ОН БЕСІНШІ СӨЗ
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің
білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң,
дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре
алмайды. Сол қызықты нәрсесін
іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты
болып ойында қалады. Сонда есті адам,
орынды іске қызығып, құмарланып іздейді
екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса
көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған
бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады
екен.
Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір
баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар
болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын
итқорлықпен өткізіп алады екен дағы,
күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен.
Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық
тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай,
буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты
қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші
талапқа қайрат қылуға жарамай қалады
екен.
Үшінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол
өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе
екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады
екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде,
яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде,
бір түрлі мастық пайда болады екен. Әрбір
мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың
көзін байлап, төңіректегі қараушылардың
көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды
сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті
кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан
жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді
екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап,
бөркі түсіп қалып, етегі атының к...н жауып
кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше
шаба беруді біледі екен, соны көрдім.
Егерде есті кісілердің қатарында болғың
келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында
бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің
есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі
өмірді қалай өткіздің екен, не білімге,
не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде
өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?
Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің
де білмей қалыппысың?
ОН СЕГІЗІНШІ СӨЗ
Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы
киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып
кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен
артық киінбек, не киімі артық болмаса
да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ
- кербездің ісі.
Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі
бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін,
қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын
көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі
атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың
арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа,
өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі
қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге
«әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат
мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы
бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.
Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны
адам бір ойламасын, егерде бір ойласа,
қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді
осындай кер, кердең немеден безіңдер
деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы
адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен
оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды:
естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі
жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан
білгені, көргені көп болған адам білімді
болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп
жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір
естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден
естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе,
жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды,
сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде
шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып
есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып
сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде
сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп
қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не
керек? Осындай сөз танымайтұғын елге
сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны
баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен,
сол секілді сөз болады.