Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:05, реферат
Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ақ олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» – ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш – микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).
3) Сырқатпен қарым-қатынаста
болған адамдарды клиникалық
айғақтар болған жағдайда
4) Сырқатты ұжымнан
оқшаулағаннан кейін балалар
бірге тамақтанған, болған
В вирусты гепатиті
В вирусты гепатиті (бұдан әрі — ВВГ) инкубациялық кезеңі орташа есеппен 60-90 күнді құрайды (диапазоны 45-тен 180 күнге дейін). Сарғаю түрлері болған 5 жасқа дейінгі балалардың 10%-дан кемінде клиникалық белгілерімен білінеді. Алайда, бұл ретте аурудың созылмалы түрі жағдайдың 30-90%-нда дамиды. 5 жастан асқан балалар мен ересектерде жіті манифестік жұқпа гепатит В вирусын жұқтырғандардың 30-50%-да, бірақ жұқтырғандардың тек 5-10%-да ғана созылмалы ауру дамиды. В гепатитінің вирусы жіті де, созылмалы да ауруды туғызады.
Жұқтыру жолы — парентералдық (қан құю, шырышты қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен ілесетін манипуляциялар, микрожарақаттар арқылы тұрмыстық жанасу), жыныстық, сондай-ақ жұқтырған анасынан балаға босану жолдарын өту кезінде беріледі.
В және Д вирусты гепатиттерінің алдын алу.
В вирусты гепатиті (бұдан әрі — ВВГ) мен Д вирусты гепатитінің (бұдан әрі – ДВГ) өзіндік профилактикасы — вакцинациялау. ВВГ-ге қарсы вакцинациялаудың басты мақсаты созылмалыларды қосқанда, В және Д гепатиттерінің барлық түрлеріне жол бермеу.
ВВГ-ге қарсы вакцина:
1) ВВГ-ге қарсы
моноваленттік вакцина
2) ВВГ-ге қарсы
поливаленттік вакцина бірнеше
ауруларға қарсы қорғанышты
Туған кезде алғашқы доза ретінде міндетті
түрде ВВГ-ге қарсы моноваленттік вакцина
қолданылуы керек, өйткені поливаленттік
вакциналарды балаларға туылған кезінде
енгізуге болмайды.
Вакцинациялау тактикасы.
Вакцинациялау кешені
3 дозадан тұрады. Нәрестелер үшін егу
үлгісі: 0-2-4 ай (туғаннан кейінгі 12 сағат
ішінде – өмірінің 2 айында – өмірінің
4 айында); туылған кезінде
ВВГ-ге қарсы вакцинаның шығарылған барлық
түрлері мен нысандары бір-бірін толығымен
алмастыра алады, яғни вакцинаның кейінгі
дозаларын енгізу үшін әр алуан өндірушілер
шығарған әртүрлі препараттарды пайдалануға
болады.
Егер вакцинаның қандай да бір дозасы
салынбаған болса, ол мүмкіндігінше дереу
енгізілуге тиіс, бұл ретте иммундаудың
толық курсын қайта бастаудың қажеті жоқ.
Иммундаудың пайдаланылған үлгісіне қарамастан 3 дозадан тұратын HbsAg-ге (анти-HbsAg) қарсы антиденелердің қорғаныш деңгейі егілгендердің 95%-нан астамында қалыптасады. ВВГ-ге қарсы вакцина жасалғаннан кейін антиденелердің қалыптасуымен жауап берген адамдар жіті, созылмалы ВВГ жұқпасынан және дельта-жұқпасынан жақсы қорғалған. 15 жастан асқан адамдарды вакцинациялау алдын ала ВВГ-ге маркерлік диагностикалаудан кейін жүргізіледі. ВВГ-ге зерделеуде оң нәтижелі адамдар вакцинациялауға жіберілмейді.
Мыналар вакциналарды енгізуге қарсы айғақтар болып саналады:
1) шала туғандық, туған кездегі салмағы 2000 грамнан кем;
2) препараттың құрамдас
бөліктеріне сезгіштіктің
3) 380С-тан жоғары
температурасымен немесе жалпы
жай-күйдің айтарлықтай
4) жүктілік;
5) ауыр емес жіті
респираторлық вирустық
ВВГ-ге қарсы
вакцинациялауға жататын
1) жаңа туған
нәрестелер өмірдің алғашқы 12
сағатында перинаталдық
Егер бұрын егілмеген болса:
2) жасөспірімдер
сырқаттанушылық деңгейі
3) жыныстық қатынас
және тұрмыстық жолмен
4) меншік нысанына
қарамастан денсаулық сақтау
ұйымдарының медицина
5) меншік нысанына
қарамастан медицина
6) қан, оның компоненттері
мен препараттарының
7) алғаш анықталған АИТВ жұқтырғандар;
8) гемодиализге және трансплантацияға жататын алғаш анықталған сырқаттар;
9) онкогематологиялық
сырқаттар, сондай-ақ иммундық
супрессиялық препараттарды
Қан және оның компоненттері мен препараттары
реципиенттеріне құюды жүргізген денсаулық
сақтау ұйымының берілген тізіміне сәйкес
аумақтық емханаларда жүргізілуге тиіс.
С вирусты гепатиті
С вирусты гепатиті (бұдан әрі — СВГ), жұқпа көздері: аурудың жіті және созылмалы түрлерімен сырқаттар.инкубациялық кезеңі орташа есеппен 180-210 күнді құрайды.Берілу жолдары ВГВ ұқсас.
Е вирусты гепатиті
Е вирусты гепатиті (бұдан әрі — ЕВГ) — берілу жолы – су арқылы:
1) судан пайда болған эпидемиялық бұрқ етулер 7-8 жыл аралықтармен;
2) аурудың жарылыстық сипатымен;
3) 15-29 жастағы жас адамдардың басым зақымдалуымен;
4) пәтердегі ошақтанудың төмендігімен;
5) жүктіліктің үшінші триместрінде 20 % дейін өлім-жітіммен.
Аурудың көтеріле бастауы жазғы айларға тән, бұл суды барынша көп тұтынуға және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау көзі болып табылатын жер асты суының барынша ластануына байланысты. Алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар АВГ кезінде жүргізілетіндерге ұқсас.
АВГ мен ЕВГ-нің
алдын алу негізінде
Д вирусты гепатиті
Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) Жіті вирусты
гепатит (А, Е, В, С, Д)
2) Энтералдық тетік
– асқазан-ішек жолдары арқылы
жұқпалы аурулардың берілуі.
3) Парентералдық тетік – қан құйған, инъекция және басқа да манипуляциялар жасаған кезде тері қабаттары мен шырыштылардың тұтастығы бұзылуымен ілесетін, сондай-ақ босану жолдары арқылы өту кезінде анадан балаға берілуі.
ЖВГ сырқаттарын ауруханаға жатқызу
Энтералдық гепатиттермен сырқаттарды ауруханаға жатқызу клиникалық көрсеткіштер бойынша (ауыр түрлері), парентеральдық гепатиттерден бөлек жүргізіледі. Сырқаттарды жатқызуға (оқшаулауға) эпидемиологиялық айғақтар жоқ, өйткені көбінесе жағдайлар аурудың өршу кезінде анықталады. Осы кезеңде сырқаттар қоршаған ортаға вирус бөлуін тоқтатады және эпидемиологиялық қауіп тудырмайды.
ЖВГ-мен ауыратын
жүкті әйелдер клиникалық айғақтар
бойынша жұқпалы аурулар
ЖВГ сырқаттарын емдеу
ЖВГ сырқаттарын
емдеу халықаралық ұсыныстар
негізіндегі көпшілік мақұлдаған тәсілдерге
сәйкес жүргізіледі және ол сақтану
тәртібін, арнайы диетаны, этиотроптық
және патогенетикалық терапияны қамтиды.
АВГ мен ЕВГ кезінде этиотроптық терапия
жоқ. Вирусқа қарсы препараттарды тағайындау
жіті ВГ және ДГ прогредиенттік ағымында
жұқпалық процестің жоғары аясында және
жіті ГС кезінде қолданған орынды.
Этиотроптық терапия
халықаралық ұсыныстар мен
Патогенетикалық және
симптоматикалық терапия ауру ауырлығына
есепке ала отырып, көрсетілген. Глюкокортикостероидтерді
қолдануға болмайды.
ЖВГ-ні емдеу кезінде дәрілік препараттарды
қолдануда өте сақ болу керек.Көптеген
препараттар гепатоуытты.
ЖВГ-нің фульминанттық түрін емдеу.
1) Су балансы мониторингі бар инфузиялық терапия.
2) Психомоторлық қозу ұстамаларын тоқтату.
3) Ішек аутоуыттануының алдын алу.
4) Гипоксияны түзету.
Жіті бүйрек энцефалопатиясы асқынуларын (бұдан әрі — ЖБЭ) емдеу.
1) Ісік – мидың
ісінуі: осмодиуретиктер, салуретиктер,
ГКС, кранио-церебралдық
2) Асқазан-ішек қан кетуі: криоплазмалық-антиферменттік кешен.
3) Жіті бүйрек
функциясының жеткіліксіздігі:
4) жайылған қайталама
жұқпасы: антимикотиялық
Кене энцефалиті.
Кене энцефалиті
(КЭ) – ауыр мержігуге, немесе өлім-жітімге
әкеліп соғатын, адамның қауіпті
сырқаттануы. Бұл сырқаттану жануарлар
мен адамдарды иксод кенелері шаққанда
таралатын вирус арқылы пайда болады.
2005 жылы облыс бойынша медициналық көмекке
кене шаққан – 800 адам жүгінді, оның 9 –
ы кене энцефалитімен ауырды. Ақсу, Алакөл,
Ескелді, Енбекшіқазақ, Қарасай, Райымбек,
Сарқан, Талғар, Уйғыр аудандары және Талдықорған,
Текелі қалалары — кене энцефалитінің
табиғи ошақтары бар аудандар болып табылады.
Осы аудандарда адамдар арасындағы сырқаттанушылық
жыл сайын тіркеледі.
Кенелердің сүйікті жерлері – қалын орман тұғырығы бар аралас ормандар. Кенелердің иіс сезімі жақсы дамыған, олар адам мен жануарлар иісін 3-5 метр жерден сезеді. Кенелер, әмісе мойынға, төске, қолтық астына және шап қатпарына қадалады. Жыл ішінде кенелердің белсенділігі мамыр мен шілденің ортасына дейін және тамыз айынан қазанға дейін байқалады. Бірақ, адамның КЭ зақымдалуы мүмкіндігі жылдың барлық жылы мезгілдерінде де бар.
Энцефалиттің белгілері (симптомдар)
Жасырын кезең 1-30 күнге дейін созылады. Сырқаттану аяқ асты қалтыраудан дене қызымының 38-390С көтерілуінен, қатты бас ауруынан, дене сырқырауынан, әлсіздіктен, ұйқы бұзылудан, жүрек айнудан, құсудан басталады. Науқастың беті, көзі қызарады 3-5 күннен кейін жүйке жүйесінің зақымдалуы басталады.
Кене шаққаннан қалай қорғану және егерде, кене шаққанын байқасаңыз не істеу керек?
Бірінші, есіңізде
сақтаңыз! КЭ бойынша қауіпті аумақтарға
барған кезде (тау, тау етектері), кене
шабуылын және жағу мүмкіндігін төмендегі
бірқатар қарапайым ережелерді сақтау
қажет. Сәйкесетін киім киюге көніл бөлу
керек. Шалбардың балағын етіктің, бәтіңкенің
қонышына жіберген дұрыс, көйлегіңіз ұзын
жеңді және жағалы болу керек. Орманға
баратын болсаңыз әртүрлі комбинизондар
киген дұрыс. Киімді өңдеу және оның қорғаныс
қасиеттерінің ұтымдылығын арттыру үшін
алдын алу репелленті (қорқытатын) және
инсектицидті (жәндіктер мен кенелерді
жоятын) препараттарды қолдану керек.
7-14 тәулік бойы кенелерден максималды
қорғанысқа киімді репеллент – инсектицидті
препараттармен өңдеу арқылы жетуге болады.
Егерде қадалған кенені көрсеңіз, жақын
арада медициналық мекемесі жоқ болған
жағдайда, оны өзіңіз алып тастауыңыз
керек. Ол үшін кене денесіне өсімдік майын
жағып, кененің бас жағын жіппен байлап,
жіп үштарын жоғары және жан жаққа тартып,
тербеліс қозғалыстарымен алып шығу қажет.
Содан соң, серопрофилактика пунктіне,
жүгіну қажет. Онда емдеу мақсатында кене
энцефалитіне қарсы иммуноглобулин тегін
енгізіледі. Кенеге қарсы туратын иммуноглобулин
— кене шағуға дейін және кене шақаннан
кейін кене энцифалитінің дереу арнайы
серопрофилактикасына арналған препарат.
Бұл препаратты жұқпаның табиғи ошақтарына барғанға дейін, кенелердің белсенді кезеңдерінде, сондай – ақ, кене шақаннан кейін 96 сағат (4 тәулік) ішінде енгізу ұсынылады. Егер, кене қадалғаннан кейін 96 сағат өтсе, бұл препаратты енгізудің қажеті жоқ. Ал, негізгі алдын алу шараларының бірі – кене энцефалитіне қарсы вақцинациялау болып табылады.
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ (ҚЫРЫМ ҚАНДЫ БЕЗГЕГІ, САРЫ АУРУ, ТУБЕРКУЛЕЗ, ҚЫШЫМА)
Информация о работе Жұқпалы аурулар туралы ұғым және жұқпалы ауру түрлері