Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:04, доклад

Описание работы

ЖЕР СІЛКІНІСІ – жер қыртысы немесе мантия бетінің кенеттен қозғалуы нәтижесінде және тығыз тербеліс түрінде үлкен қашықтыққа берілетін жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелісі. Жер қыртысындағы сейсмикалық толқындар тарайтын нүктені жер сілкінісінің ішкі кіндігі деп атайды. Жер сілкіну ішкі кіндігінің ең қысқа қашықтықтағы жер бетінің орнын жер сілкіну кіндігі деп атайды. Жер сілкінудің қарқындылығын 12 баллдық сейсмикалық шкала бойынша (MSK-86) бағалайды, ал жер сілкінудің энергетикалық санаты үшін магнитуданы пайдаланады. Жер сілкіну шартты түрде әлсіз (1-4 балл), күшті (5-6 балл) және қирататын (8 және одан да көп) деп бөлінеді.

Работа содержит 1 файл