Зақымдану ошақтарына мінездеме

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 19:08, реферат

Описание работы

Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді.
Ядролық жарылыс ауада, жер (су) беттерінде және жер (су) астарында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.

Содержание

1. Ядролық қарудың жарылыс ошағы
2. Химиялық қарудың жарылу ошағы
3. Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы
4. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар
5. Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары

Работа содержит 1 файл

Зақымдану ошақтарына мінездеме.docx

— 25.16 Кб (Скачать)

Зақымдану ошақтарына мінездеме

 

Мазмұны:

1. Ядролық қарудың жарылыс  ошағы

2. Химиялық қарудың жарылу  ошағы

3. Бактериологиялық қарудың  жарылыс ошағы

4. Нерв жүйесін зақымдайтын  фосфорорганикалық уландырғыш заттар

5. Зақымданған ошақтағы  құтқару және қайта келтіру  жұмыстары

 

 

1. Ядролық қарудың жарылыс ошағы

 

Ядролық қару деп жарылыс кезінде  ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде  болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға  негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының  ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының  қуаты тротилдік эквивалентпен  өлшенеді.

Ядролық жарылыс ауада, жер (су) беттерінде және жер (су) астарында  болуы мүмкін. Оның талқандау факторына  соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.

Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады. Және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып сақтанады.

Жарықтық сәуле  бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер бар. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.

Жарықты сәулелену – бұл жарылыс  кезінде болатын сәулелердің  қуаты. Бұның қызуы миллион градусқа (жарылыс барысында  бірнеше мыңға) дейін болады (жарылыстың аяғында).

Жарықты сәулелену өте қысқа  мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады.

Ол күннен алдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Сәуленің мөлшері - калориямен өлшенеді.

Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады.

Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:

   1 – ші дәрежелі  – 4 кал/см;

   2 – ші дәрежелі  – 4-7,5 кал/см;

   3 – ші дәрежелі – 7,5 - 12 кал/см (тері сыдырылады);

   4 – ші дәрежелі  – 12 –ден жоғары  кал/см (терінің  күйігі тереңдеп, жапырықтанып, бөлшектеніп  түседі);

Жарықты сәуле бөлу үлкен  өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.

Өткір радиация – гамма сәулесінің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар  жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ласатайды.

Радиоактивті заттар адамдарға  екі жолмен әсер етеді: гамма сәуленің бетта-бөлшектермен бөлініп адамның  ашық жеріне, терісіне қонады., екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп  қонса, адамдар радиоактивті күйік  алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық  тарайды. Радиоактивті заттардан панаханалар  ғана сақтайды.

Электрлік магниттік  импульс жарылыстан кенін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады.

Радиацияға қарсы  қорғаныс. Медициналық көмек көрсету.           

Алдымен халықты радиациялық  қауіп жөнінде құлақтандыру керек; ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы хабардар ету керек, радиактивті заттармен ластанған  аймақтың тұрғындарын өздерін қалай  ұстау керектігін мүмкіншілігінше  түсіндіру қажет, радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы зор, дозиметрлік  бақылауды тұрақты жүргізу керек, су мен тамақты радиоактивті ластануға  зерттеу жасау керек.

2. Химиялық қарудың жарылу ошағы

 

Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улану заттарын  жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланады. Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Улану заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:

  • зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөлуге болады: нервті-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улану әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), псикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS – адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен  және т.б.);
  • улану заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды;
  • соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге алып келеді (иприт, зоман, U типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады;
  • әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жәй әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті  иприттер, фосген, дифосген;
  • қолданылуы ықтимал заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.

 

3. Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы

 

Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (потогенные) микроорганизмдерді, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады.

Бұл қарудің қауіптілігі  – приборлардың жиынтығынан іздеп  табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған  жерден, судан, ауадан заттар алынып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап  қана анықтауға болады. Оған көп  уақыт кетеді, ол жаппай улану басталғанда  әрбір минут, секунд қымбат.

4. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар

 

    Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның исі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.

     Ашық жатқан  су көздерін, өте ұзақ уақыт  бойы – 6 айға дейін зақымдаушы  күшін жоймайды. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу  арқылы уландырады. Жазды күндері  бір жерде -12 тәулік бойы, ал  қысты күні 2-3 айға дейін сақталып  улайды.

    Зарин – бұл  түссіз немесе сарғыштау түрде  кездесетін, ауада жақсы буланып  ұшатын, қыста қатпайтын сұйық  зат. Оны кез келген мөлшерде  суға немесе органикалық еріткіштерге  араластырып қолданады. Судың  әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен  тұйық су көздерін ұзақ уақыт  бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке дейін сақталады.

  Бұл да теріге өтіп  және тыныс алу орындарын улайды. Организмге сіңгеннен кейін орталық  нерв жүйесіне зардабын тигізеді.

 Иприт – теріні  күйдіріп,іріңдетіп улағыш заттарға  жатады. Ол сарымсақтың исі бар  сарғыш немес қара қошқыл түсті  сұйық. Органикалық ерігіштерде  жақсы ериді. Ол адам терісіне  сіңу арқылы улайды. Бұл жағдайда  адам терісі 2-3 сағатта қызарады  да, жараға айналып 20-30 тәулік  бойы жазылмайтын жара пайда  болады.

Адам тыныс жүйесі арқылы уланғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, тұншығып өледі. Синильдік қышқыл. Бұл тез  буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез арада бұға айналып  ұшып кетеді. Қату температурасы – 140С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады. Фозген – бұл тұншықтырғыш улы заттарға жатады. Ол түссіз газ түрінде болады және ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген көптің исі бар. Адамды буланған күйінде тыныс алу органдары арқылы уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін өзінің уландыру күшін сақтайды.

 

5. Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары

 

Құтқару және басқа да шұғыл  жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында  адам құтқару үшін және де жарақат  алғандарға көмек көрсету және  қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

Төтенше жағдайдың зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге  және соған байланысты төуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы  міндет- адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.

Адамдарды құтқару төтенше  жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін  құрайды, сонымен қатар, төтенше  жағдайды зардабын жою жұмыстары  арнаулы үш топқа жіктеледі:

  • құтқару;
  • арнаулы (жедел);
  • қосалқы.

Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

  • басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
  • зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);
  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
  • зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;
  • өрт сөндіру ;
  • коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
  • тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
  • осал құрылыстарды күшейту.

Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстарының орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жағдай туындайды.

Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:

  • аландарды тазалау;
  • техника орнату;
  • қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;
  • жұмыс орындарын жарықтандыру т.с.

Табиғи және техногенді сипаттағы  төтенше жағдайларды ескерту  мен жою жөніндегі шараларында  зандылыққа сәйкес азаматтық қорғаныс күштері қатысады.

Төтенше жағдай зардаптарын  жою мынаны қамтиды:

  • халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;
  • барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;
  • тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;
  • құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;
  • төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;
  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;
  • құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;
  • төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.

Сондай-ақ, төтенше жағдай зардабын жоюға және құтқару жұмыстарды қамсыздандыру мен даярлауға  бағытталган материалдық және басқа  шараларды ұйымдастыру кіреді.

Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен  кирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл  жағдайда бактериологиялық зақымдану  түрлері аңықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы  аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі. Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табыста жүргізу үшін мыналарды істеу қажет:

  • барлаудың барлық түрлерін үздіксіз және бір уақытта жүргізу және оның мәліметтерін жылдам пайдалану;
  • мақсаттары әртүрлі күш пен құралды бір уақытта және дұрыс пайдалану;
  • зақымдау, қирау, өрт аймағын тез жою немесе айналып өту;
  • күш-жігерді маңызды нысандарға жұмылдыру, күш пен құралды бағыттау;
  • тұрақты және нақты өзара іс-қимыл қарқының қолдау;
  • күш пен құралды үздіксіз, мығым және ұтымды басқару.

Информация о работе Зақымдану ошақтарына мінездеме