Заңды тұлғалар.Заңды тұлғалар түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 08:48, лекция

Описание работы

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, тек жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33 – бабында оған мынадай тұжырым берілген: « Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.

Работа содержит 1 файл

Заңды тұлғалар.docx

— 17.26 Кб (Скачать)

Заңды тұлғалар.Заңды тұлғалар түрлері.

      Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, тек жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33 – бабында оған мынадай тұжырым берілген: « Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады». Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаларды мынандай белгілері бойынша айқындайды:

  1. Ұйымдасқандық бірлігі.
  2. Мүліктік оқшаулығы.
  3. Дербес мүліктік жауапкершілігі.
  4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

     Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.

       Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай – ақ құрылтай құжаттарына сәйкс жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып,  өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.

       Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық – құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық  мүлкін айқындайтын құжаттар.

      Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз – ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44 – бабының 1 – тармағы 2 – бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

      Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық – құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.

     Заңды тұлғалардың түрлеріне келетін болсақ, азаматтық кодекс заңды тұлғаларды  2 түрге бөледі:

  1. Коммерциялық заңды тұлға
  2. Коммерциялық емес заңды тұлға

       Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес деп танылады.

     Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34 – бабының 2 – тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.

       Коммерциялық емес ұйым – заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.        Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша:

  1. Коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады.
  2. Жекелеген ұйымдық – құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін.
  3. Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерліу қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді.
  4. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
  5. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлары өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді.

       Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары:

  1. Құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;
  2. Құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;
  3. Құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды тұлғаларға бөлінеді.

        Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы болғандықтан қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады. Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады. Жоғарыда айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға болмайды, себебі «коммерциялық емес ұйым» заң құжаттарында көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін. 
 
 
 

Қазақстан Республикасының  Ғылым және Білім  министірлігі

Қарағанды Банк колледжі 
 
 

 
 
 
 
 

Тақырыбы: « Заңды тұлғалар. Заңды тұлғалар түрлері». 
 
 
 

                                                Орындаған: Теңдікова А. Б.

                                               Тексерген : Дюсембенова Г. Ж. 
 
 

Қарағанды 2011 жыл

Информация о работе Заңды тұлғалар.Заңды тұлғалар түрлері