Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 20:49, реферат
Улағыш заттар (орыс. Отравляющие вешества) — ұрыс жағдайында қолданган кезде адамдар мен жануарларға зақым келтіретін улы (уытты) қоспалар. Улағыш заттар химиялық қарудың негізі болып келеді. Улағыш заттар жүйкеге әсер ететін улағыш заттар, теріге әсер ететін улағыш заттар, кезден жас ағызатын улағыш заттар, түншықтыратын улағыш заттар және жалпы әсерлі улағыш заттар болып бөлінеді. Жүйкеге әсер ететін улағыш заттар қазіргі улағыш заттардың аяғы әлімге әкеліп соқтыратын негізгі тобын құрайды. Оларга құрамында фосфоры бар және кез келген аппликацияда зақым келтіретін улағыш заттар жатады.
Улағыш заттар (орыс. Отравляющие вешества) — ұрыс жағдайында қолданган кезде адамдар мен жануарларға зақым келтіретін улы (уытты) қоспалар. Улағыш заттар химиялық қарудың негізі болып келеді. Улағыш заттар жүйкеге әсер ететін улағыш заттар, теріге әсер ететін улағыш заттар, кезден жас ағызатын улағыш заттар, түншықтыратын улағыш заттар және жалпы әсерлі улағыш заттар болып бөлінеді. Жүйкеге әсер ететін улағыш заттар қазіргі улағыш заттардың аяғы әлімге әкеліп соқтыратын негізгі тобын құрайды. Оларга құрамында фосфоры бар және кез келген аппликацияда зақым келтіретін улағыш заттар жатады. Олар — табун, зарин, зоман және т.б. Жалпы әсерлі улағыш заттарға көгерткіш кышқыл, хлорциан, арсин, фосфин және т.б., ал түншықтыратын улағыш заттарға фосген, дифосген, хлорпикрин т.б. жатады. Теріге әсер ететін улағыш заттар аяғы елімге әкеліп соқтыратын улағыш заттарға жатады, олардың қатарына иприт, азоттық иприт, люизит т.б. кіреді.
Химиялық қауіп
І. Химиялық заттардың жіктелуі:
1. Кейбір заттардың рөліне қарай (хлорофос, мышьяк, дихлорэтан, т.б)
2. Заттың топтарына қарай (барбитураттар, қышқылдар, сілтілер)
3. Арналуына қарай заттарды біріктіретін класс бойынша (улы химикаттар, дәрілік өсімдіктер, т.б)
4. Шығу тегіне қарай (өсімдік текті, жануар текті, синтетикалық улар.)
ІІ. Ағзаға түсу жолдарына қарай жіктеу:
1. Ингаляциялы (таралу жолдары арқылы)
2. Пероральді (ауыз қуысы арқылы)
3. Перкутанды (тері арқылы)
4. Инъекциялы (парентеральді енгізгенде)
ІІІ. Әсер ету механизмі бойынша жіктеу:
1. Тітіркендіргіш
2. Күйдіргіш
3. Гемолитикалық, т.б.
ІҮ. Таңдамалы токсинділігі бойынша:
1. Нефретоксинді
2. Гепатотоксинді
3. Кардиотоксинді, т.б.
І-ІҮ- Химиялық заттарды нозологиялық тұрғыдан жіктеу туралы.
Ү – Химиялық заттарды клиникалық тұрғыдан жіктеу туралы.
Ү. Зардап шегуші күйінің ауырлығын бағалау бойынша:
1. Жеңіл.
2. Орташа ауырлықты.
3. Ауыр
4. Аса ауыр улану
Уланудың пайда болу мерзімі, химиялық заттың дозасы, ағза сезімталдығына қарай:
1. Жіті (химиялық зат бір-бірнеше сағатта әсер берсе)
2. Созылмалы (ұзақ уақыт бойы химиялық заттың шамалы дозасы әсер етсе)
Токсинді заттың ағзада таралуы 3 негізгі факторға тәуелді:
1. Кеңістік факторы.
2. Уақыт факторы.
3. Концентрация.
Белгілі мүшенің зақымдалуы қанмен жабдықталу мөлшеріне және мерзіміне байланысты; бірден зақымдалатын мүшелер: өкпе, бүйрек, бауыр, жүрек, ми.
Ағзаға түскен улы заттың әсері басталған уақыт пен оның токсинді эффектісі өзара байланыста.
Ағзаға түскен улы заттың концентрациясын білгеннен соң улану дәрежесі анықталады, дезинтоксикациялық шаралар ұйымдастырылады.
Уланудың клиникалық кезеңдері:
1. Токсинді – улану бірден басталу негізінде токсинді агенттің дозасы улы әсер береді.
2. Сомотогенді – токсинді агент әсері ағзадан шыққан соң немесе ыдыраған соң басталады, көрінісі- зақымдалу “іздері” түрінде.
Уланумен күрес:
1. Асқазанды шаю- ағзадан шығару
2. Уға қарсы дәрілік зат беру (противоядие)
3. Ішті айдатқыш препарат беру
4. Активтелген көміртегі беру, карболен беру.
5. Спецификалық терапия (улы заттың түрлерін тоқтату, улы әсерін азайту)
6. Симптоматикалық терапия (ағзаның зақымдалу функциясын қорғау, сақтау.
Оқиға болған жерде жүргізілетін шаралар:
1. Улану себебін анықтау:
2. Улы заттың түрін, ағзаға түскен мөлшерін және қалай түскенін анықтау.
3. Улану уақытын анықтау.
4. Ерігіш улы заттың концентрациясын немесе дәрілік заттың дозасын анықтау.
Химиялық заттар:
1. Зиянды- қатты әсер ететін уланғыш заттар (ҚӘУЗ- СДЯВ)
2. Улағыш заттар
7 млн белгілі- жылына 500-1000 жаңа химиялық қосылыстар мен қоспалар түзіледі.
7 млн : 5500- тағам қоспасы, 4000- дәрілік заттар, 1500- тұрмыста қолданылады (жуғыш, тазартқыш).
Ағза – зиянды зат- қоршаған орта- өзара әрекет- токсиндік әсер- заттың мөлшері.
Токсиндік әсер мынаға байланысты: адамның жасы, адамның жынысы, ағзаға ену жолы, адамның сезімталдығы,зиянды заттардың ағзаға ену жолы, заттың ағзадан шығу долы, ағзада таралу жолы, метеорологиялық жағдайлар , заттың мөлшері, заттың физикалық қасиеті, токсинділігі, ену ұзақтылығы, өзара әрекеттесу қабілеті.
Аздаған мөлшерде зиянды әсер көрсететін заттар улар деп аталады-зиянды заттар.
Химиялық қосылыстардың практикада пайдалануына қарай жіктелуі:
- Өнеркәсіп улары
- Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар.
- Дәрілік заттар
- Тұрмыстық химикаттар (тағам қоспалары, тазартқыш заттар, косметика, т.б.)
- Биологиялық жануар текті және өсімдіктекті улар (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар, насикомдардағы)
- Әскери улағыш заттар.
Зиянды зартардың ағзаға әсер ету сипаты бойынша жіктелуі:
1. Жалпы улы әсерлі (тұтас ағзаны немесе жеке жүйені уландыру)
2. Тітіркендіргіш (тыныс алу жолы, көздің кілегейлі қабықшасын, тері жабынын)
3. Сенсибилиздеуші (күшеіткіш) (аллерген ретінде әсер ететін)
4. Мутагенді ( генетикалық кодты бұзатын, тұқым қуалау ақпаратын өзгентетін)
5. Концерогенді (қатерлі ісіктерді тудыратын)
6. Репрадуктивті функцияға әсер етуші
7. Адам әсерін үйреніп кететін зиянды заттар, бейімделу тудырғыш зиянды заттар.
Улы газдар, булар, тұмандар, аэрозольдер-тыныс алу жолы
Аэрозольдер-тағам арқылы, тері арқылы.
Тыныс алу жолы- қан айналымы.
1. кәсіби аурулар- қан айналымы
2. улану –жалпы және жергілікті.
Ағзада зиянды заттардың жиналатын орндары:
1. Кілеткадан тыс сұйықтықта (14 л /70 лг салмаққа шаққанда)
2. Кілетка ішілік сұйықтық (28 л)
3. Май ұлпасы
Уланудың өту барысы:
1. Жіті
2. Жіті улануға ұқсас, бірақ баяу өтетін
4. Созылмалы.
Ағзаға түскен зиянды заттардың биотрансформацияға және метоболизмге ұшырау. Зиянды әсер күшейеді немесе әлсірейді (жойылады)
Зиянды заттардың әсерін жою жолдары:
1. Удың химиялық құрылымын өзгертуі.
2. Депоға (қандағы мөлшері азаяды) жиналу (сүйекте, бүйректе, бауырда, жүйке жүйесінде)
3. Ағзадан шығарылу (тыныс алу, асқорыту жолдары арқылы, бүйрек, тері, бездері арқылы)
Кейбір органикалық қосылыстар жартылай тыныспен шығарылады;
Ауыр металдар асқазан жолы және бүйрек арқылы шығырылады;
Май және тер бездердің ролі аз шығаруда.
Кейбір улар (Pb, Co) ана сүтімен де шығыу мүмкін.
Зиянды заттарды қауіптілігі бойынша кластарға бөлу:
І. Аса қауіпті
ІІ. Қауіпті жағдай
ІІІ. Қауіпті шамалы.
ІҮ. Қауіпті аз.
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Реферат
Тақырыбы: «Қатты әсер ететін улағыш заттар»
Астана-2012