Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:49, реферат

Описание работы

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Работа содержит 1 файл

kaz_azbuki.doc

— 1.10 Мб (Скачать)

- жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;

- төтенше жағдайлардың  пайда болуына әкеп соққан  аварияны, зілзала мен апатты  тергеуге қатысады;

- халықты және  ұйымдарды қажетті қауіпсіздік,  ТЖ алдын алу мен оларды  жою жөніндегі шаралар туралы  хабардар етеді;

- ТЖ алдын  алу мен оларды жою жөніндегі  шараларды жергілікті қорлардан қаржыландыруды жүзеге асырады;

- материалдық-техникалық, азық-түлік  медициналық және басқа ресурстардың  жергілікті қорларын құрады және  пайдаланады;

- ТЖ салдарынан  зардап шеккен халықтың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірілген зиянның өтелуін, медициналық қызмет көрсетуді, ТЖ аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктер алуды өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;

- ТЖ жойылғаннан  кейін қоршаған ортаны сауықтыру,  ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық  қызметін қалпына келтіру жөніндегі  шараларды жүзеге асырады.

15-бап. Ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы  ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен  ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік оргндардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

18-бап. Табиғи және  техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы  қорғану шаралары

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ пайда  болған кезде қатер қауіпін, шығындар мен залалды мүмкін болғанынша барынша  азайту үшін мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылуға тиіс:

- сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық беріктігін күшейту;

- гидротехникалық және инженерлік геологиялық қорғану шаралары;

- көлік қауіпсіздігін қамтамасыз  ету және көлікте ТЖ болғызбау  үшін коммуникациялар жүйелерін жетілдіру;

- қауіпті өндірістік  объектілердегі қорғану шаралары;

- өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауыл шаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары;

- арнайы уәкілдік  берілген органдардың міндетті  күші бар нұсқамаларында көздеген  басқа да шаралар.

Ұйымдар мен азаматтардың төтенше  жағдайлардың пайда болу қатеріне байланысты қызметі міндетті түрде сақтандырылуға тиіс

 

VI.Төтенше  жағдайлар салдарынан зақымданған тұрғын үйлерді қаржыландыруға қажет құжаттар тізімі

I-Ауыл әкімдігі  дайындайтын құжаттар

  1. Ауыл әкімінің аудан, қала әкіміне төтенше жағдай туралы орын алғандығы туралы қатынас хаты.
  2. Меншік иесінің аудан әкіміне жазған өтініші.
  3. Тұрғын үйге меншік иесінің жеке куәлігінің  көшірмесі.
  4. Меншік иесінің салық төлеуші куәлігінің (РНН) көшірмесі.
  5. Зардап шегушінің сол елді мекенде, сол үйде тұратынын және жанұя мүшелерінің санын растайтын  ауыл, қала әкімдігінен анықтама.
  6. Үш-төрт көршілердің орын алған төтенше жағдайларды растайтын түсініктемелері.
  7. Зақымданған үйдің жарамсыздық (дефектный) актісі.
  8. Шығын көлемін көрсететін есеп (лицензиясы бар мекеме).
  9. Жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығында үйдің зардап  шегушінің атына тіркелгендігі туралы анықтама (нотариуспен расталған).

 

НҰСҚАУЛЫҚ

Эвакуациялық  шараларын ұйымдастыру

Эвакуация- адамдардың өмірін сақтау  және өндірістің  жұмыс істеуіне  жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан  және  осы заманғы зақымдау  құралдары қолданылуы  мүмкін  аудандардан  ұйымдасқан  түрде әкету шығару.

     Эвакуацияланған   барлық  халық  қауіпсіз  аймаққа  орналыстырылған  пункттерде  тіршілік  қызметіне  қажеттілермен   аз  шамада  қамтамасыз  етілуге  тиіс.

     Төтенше жағдай  тәртібін  енгізе  отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ  табиғи және  техногендік  сипаттағы төтенше жағдайларда  эвакуациялауды  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  шешімі  бойынша  жергілікті  атқарушы органдар, ұйымдар  жүргізеді.

   Халықты эвакуациялау  сабақтас  тәсілмен-халықты  жаяу  немесе  көліктің  барлық  түрімен көп  мөлшерде әкетуді  үлестіру  жолымен жүзеге  асырылады.

   Төтенше жағдайлар  қауіпі  туындағанда  халықты  қауіпті   аймақтардан  қауіпсіз жерлерге  уақытша көшіру  жүзеге асырылады.

   Эвакуация  мүмкіндігінше   қысқа  мерзімде  жүргізіледі. Халықты  қауіпті  аймақтардан тыс  жерлерге  жеткізу ( шығару) мерзімі  оның аяқталуы  болып саналады.

    Қауіпті  аймақта эвакуацияланатын  халық  өз  облысының  аумағында  орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті)  белгіленеді.

    Халықты соғыс кезінде   орналастыру  аудандары  (пункттері)  күні бұрын белгіленеді, жергілікті  атқарушы  органдармен келіседі, және солардың шешімімен  қаулысымен бекітіледі.

      Бытыраңқы  орналастыру –соғыс кезінде  өндірістік  қызметін одан әрі жүргізіп  отырған ұйымдардың жұмысшылары  мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан  түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

      Эвакуациялық  тізімдер  мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын  және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын  негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша  жағдайларда  ғана жол беріледі.

1. Бытыраңқы  орналастыру мен  эвакуациялауды жоспарлау;

2.Азаматтық қорғаныс жоспарында  көрсетілген эвакуациялық  шараларды  орындауға  төтенше  жағдай  мен Азаматтық қорғаныс  қызметтерінің   басқару құрамы  мен  басқармалардың ,бөлімдердің  қызметкерлерін  даярлау;

3.Эвакуациялық органдарды  өздеріне  жүктелген  міндеттерді  орындауға  даярлау;

4.халықты  эвакуациялық  шараларды   орындауға даярлау;

5.көліктің  барлық түрлерін халықты  әкетуге даярлау;

6.стансаларды,аймақтарды және кеме жайларды  халықты  отырғызатын және түсіретін пункт ретінде  жабдықтау,көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу  және түсіру пункттері  мен эвакуацияның аралық  пункттеріне  ұластыру;

7.халықты жаяу  алып шығуға  арналған жолдар мен сап түзету  жолдарын таңдау,барлау және даярлау,марш  схемасын пысықтау мен  егжей-тегжейлі зерттеу;

8.жерасты құрылғаларын,жекпелерді  және  басқа да  халықты   жасауға  болатын орындар мен   құрылыстарды  анықтау  және  оларды одан әрі  жабдықтау;

9.Ааматтық қорғаныстың  басқару пункттерін,байланыс  және  хабарлау құралдарын даярлау;

10.қауіпсіз аумақта  селолық жерлерде  материалдық  жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің  қорын жасау,сумен қамтамасыз  ету пункттерін жабдықтау.

    Халықты   бытыраңқы  орналыстыруға және  эвакуациялауға даярлау  жөніндегі  бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың  бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы жүргізеді.

    Эвакуациялық  комиссиялар жергілікті атқарушы  органдар  мен ұйымдардың Азаматтық  қорғаныс бастықтарының жұмысшы   органдары болып табылады. Олар  халықты бытыраңқы орналастыру  мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді.

   Эвакуациялық  комиссиялардың  құрамын жергілікті  атқарушы органдардың тиісті  басшылары бекітеді.

     Эвакуациялық  комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік  қамтамасыз ету  бөлімдерінің, қорғаңыс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың  және  басқалардың  өкілдері енеді.

     Эвакуациялық  қабылдау  комиссияларына эвакуация  кезінде  келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен  қамтамасыз етуді  ұйымдастыруға бақылау  жасау жүктеледі.

   Эвакуациялық  жиналу пункттерін орналастыру   үшін  әралуан қоғамдық  бөлмелер  пайдаланады.Эвакуациялық  жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде  халықты қорғау үшін тіршілікті  қамтамасыз етуге арналған

(медицина, тамақтандыру,күзету  және т.с.с.) орындар әзірленеді.

    Эвакуациялық  жиналу пунктіне рет нөмірі  беріледі шаруашылық жүргізу  объектілері мен пәтерлерді  иемденушілердің кооперативтері тіркеліп  жазылады.Эвакуациялық жиналу пунктінің  әкімшілігі  қала мен аудан әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен тағайындалады.Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің саны оған тіркеліп  жазылған халықтың санына  байланысты  болады.Эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады.

  Аудандар мен қала  ұйымдарының Азаматтық  қорғаныс  жоспарлары бытыраңқы орналастыру   және эвакуациялау  мәселелері  бойынша аудандардың, меншіктің  барлық  түріндегі  ауыл шаруашылығы  кәсіпорындарының Азаматтық  қорғаныс  жоспарларымен келіседі.

Категорияланған  қаланың  (қалалық  ауданның)  Азаматтық  қорғаныс  жоспарының  орналастыру  мен  эвакуациялауға  қатысты  бөлімінде  мыналар  көрсетіледі:

  1. әрбір  қалалық  аудан,  ұйым,  пәтер  иеленушілердің  кооперативі бойынша  орналастыруға  және  эвакуациялауға  жататын  халықтың  саны;
  2. қауіпсіз  аймақтағы  халықты  орналастыратын  аудандар  мен  пункттер;
  3. орналастыру  мен  эвакуациялау  мерзімдері  (басталуы  және  аяқталуы);
  4. жергілікті  атқару  органдарымен  ұйымдардың  басшыларына,  сондай-ақ  жұмысшыларға,  қызметшілерге  және  халықтың  басқа  бөлігіне  орналастыру  мен  эвакуацияның  басталу  мерзімі туралы  хабарлар  тәртібі;
  5. эвакуациялық  органдардың  құрамы  және  оларды  даярлыққа  келтіру  мерзімдері;
  6. жаяу  тәсілмен  әкелетін  және  көліктің  барлық  түрімен  шығарылатын  халық  саны;
  7. халықты  шығару  мен  әкету  маршруттары,  жаяу  тәсілмен  эвакуациялаудың әрбір  маршрутындағы эвакуациялаудың бастапқы пункттері,  демалыс орындары,  реттеу  пункттері,  аралық  пункттер;
  8. халықты  көлікпен  әкетудің  және  жаяу  тәсілмен  шығару  кезектілігі;
  9. эвакуациялық  жинау  пункттері  және  оған  бекітілген  ұйымдар  мен  пәтер  иеленушілердің  кооперативі;
  10. халықты  көлікке  отырғызу  пункттері;
  11. оны  қауіпсіз  аймаққа  түсіру;
  12. халықты  қауіпсіз аймақта  қабылдауды  және  орналастыруды  ұйымдастыру  жөніндегі  шаралар;
  13. қауіпсіз  аймаққа  орналастыратын  және  эвакуацияланатын  халықты  қамтамасыз  ету  жөніндегі  қорғану жайларын  дайындау  тәртібі  мен  мерзімдері,  жекеше  қорғану  құралдарымен  қамтамасыз  ету  және  басқа  шаралар;
  14. халықты  эвакуациялаудың  аралық  пункттерінен  және  түсіру  пункттерінен  оларды орналастыру  орындарына  жеткізу  үшін  аудандардың  көлігін  пайдалану;
  15. эвакуациялық  шараларды  жүргізу  кезінде  бақылауды  басқаруды  және  байланысты  ұйымдастыру;
  16. жұмысшылар  ауысымын  қауіпсіз  аймақтағы  орналастыру  аудандарынан  қалаға  және  кері  қарай  тасымалдау  тәртібі;

Ұйымдардың  Азаматтық  қорғаныс  жоспарының  орналастыру  мен   эвакуациялауға  қатысты  бөлімінде  мыналар  көрсетіледі:

    1. орналастыру  мен  эвакуациялауға  жататын  жұмысшылар  мен  қызметшілердің,  олардың  отбасы  мүшелерінің  саны;
    2. орналастыру  мен  эвакуациялау  мерзімдері ;
    3. жұмысшылар,  қызметшілердің  және  олардың  отбасы  мүшелерін  көлікпен   ( транспорт  түрлері  бойынша)  және  жаяу  тәсілмен әкетілетіні;
    4. эвакуациялық  шаралар  үшін  ұйымдарға  берілетін  көлік  құралдары;
    5. жұмысшыларды,  қызметшілерді  және  олардың  отбасы  мүшелерін  жаяу  тәсілмен  шығару  маршруттары  эвакуацияның  бастапқы пункттері,  демалу  аудандары,  аралық  пункттері;
    6. ұйымдар  бекітілген  немесе  өрістірілген  эвакуациялық  жинау  пункттері,  олардың  нөмірлері  мен  орналасатын  орындары,  ұйымдардың  эвакуациялық  пункттерін  өрістету  уақыты;
    7. жұмысшылардың,  қызметшілердің  және  олардың  отбасы  мүшелерінің  эвакуациялық  жинау  пунктіне  келген  уақыты;
    8. жұмысшыларды,  қызметшілерді  және  олардың  отбасыларын отырғызуға   және  тасымалдауға  жауапты эшалондардың  бастықтары,  автомобиль  легінің басқарушысы және  басқа лауазымды адамдар,  жаяу  саптың  бастықтары;
    9. адамдарды  көлікке  отырғызуды  ұйымдастыруға  бөлінген   пункттер  мен  қауіпсіз  аймақтағы  аралық  эвакуациялық  пункттері;
    10. қауіпсіз  аймақта  жұмысшыларды,  қызметшілерді және   олардың  отбасы  мүшелерін  қабылдауды  ұйымдастыру;
    11. халықты  түсіру  пункті  мен  эвакуациялаудың  аралық  пункттерінен  орналастыру  орындарына  жеткізу  тәртібі  және  ол  үшін  бөлінетін  көлік  ( саны,  сиымдылығы,  келетін  уақыты,  бөлген  адам);

   

 

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС МІНДЕТТЕРІ. ОСЫ  МАҚСАТТА ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫ, ҰЙЫМДАРЫ МЫНА ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАЙДЫ:

 

  • Халықты қорғау үшін перспективалық және ағымдағы жоспарларды жетілдіру, төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік характері мен елді-мекендер мен шаруашылық объектері және оларды жоюдың іс-қимыл жоспары;
  • Шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін, іс-шараларды комплексті жақсарту мен төтенше жағдайлар жұмыстарының қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі;
  • Жергілікті хабар беру жұйелерін құру және олардан алдын алу үшін күш-құралдар дайындау;
  • Төтенше жағдайлар зардаптарын жою мен және оларды ұдайы дайындықта ұстау;
  • Су тасқыны болады-ау деп жүргізіліп отырған құрылыс аймақтарын, көшкінді және басқа да қауіп-қатерлерді жоспарлау;
  • Төтенше жағдайларда баспанасыз қалуы мүмкін тұрғындар үшін уақытша тұрғын жай қорын жасайды;
  • Мониторинг жасау, тұрғындарға, шаруашылық субъектілеріне техногендік авариялар, болуы мүмкін су басу, тасқын, сел, сырғымалар және басқа қауіпті экзогендік құбылыстар жөнінде хабарлау жүйесін ұйымдастырады;
  • Азық-түлік, дәрі-дәрмек және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде материалдық-техникалық жабдықтау қорларын құру;
  • Объектілерде (ауданда, қалада, елді мекендерде, аумақта, нысандарда т.б.) бейбіт мезгілге арналған АҚ жоспарын жасау және уақтылы нақтылау;
  • Объектілерде орын алу мүмкін ірі көлемді авариялардың, катастрофалар, дүлей апаттар тізілімін анықтайды;
  • Авариялар, дүлей апат нәтижесінде қалыптасуы жағдаптты мүмкін   бағамдаудан қорытынды жасау (төтенше жағдай түріне қарай) болуы мүмкін көлемі  және олардың зардаптары;
  • Зардаптарды жоюда атқарылатын жұмыстар көлемінің шамасын және қажет күш-құралдар санын анықтайды;
  • Басшы құрамға, құрылымдардың жеке құрамына, мемлекеттік қызметкерлерге және тұрғындарға хабарлау сызбасын жасау және бекіту;
  • АҚ ұйымдары мен күштерінің бейбіт мезгілдегі төтенше жағдапттарда іс-қимыл жасауға дайындығын қадағалау;
  • Қорғану ғимараттарының құрылысын бақылауда  ұстау және ұжымдық, жекеше қорғану құралдарын ұдайы дайындықта ұстау және көбейту;
  • Басшы құрамның қалыптасқан жағдайларды  дұрыс бағамдай білуі, бейбіт мезгілде  АҚ іс-шараларын жүргізу үшін негізделген жедел шешім қабылдау білуі,  бағыныстағы күштерді сенімді басқара білуі қажет;

Информация о работе Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары