Төтенше жағдайдағы шаруашылық объектілерінің жұмыс тұрақтылығын анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 22:11, реферат

Описание работы

Шаруашылық жүргізу объектілеріндегі жұмыс тұрақтылығының негіздері
ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың мемлекеттік жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мен ТЖ-ды ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.
Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар негізгі себептерге қатысты:
• өндірістік саладағы мемлекеттік реттеу мен қауіпсіздік механизмінің әлсіреуі, барлық деңгейдегі еңбек және технологиялық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі;
• негізгі өндірістік қорлардың жылдам қозуы, сонымен қатар оларды жаңарту қарқынының төмендеуі;
• өндірістің технологиялық қуатының артуы, қауіпті заттар, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы;
• шарасыз заңдық және нормативтік құқықтық бағы ТЖ қауіпсіздігін және ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне талдаудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану;
• мемлекеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы мен тиімділігінің төмендеуі;
• әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болуы ықтималдығы.

Работа содержит 1 файл

ТЖ.doc

— 120.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

Қазақ Технология және Бизнес университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Төтенше жағдайдағы шаруашылық объектілерінің жұмыс  тұрақтылығын анықтау

                             

 

 

 

 

 

Орындаған: Джангабилова А. М.

                                                                               Тексерген: Тілеулесов Р. Б.      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2013

Шаруашылық  жүргізу объектілеріндегі жұмыс  тұрақтылығының негіздері

 

  ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың мемлекеттік жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мен ТЖ-ды ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.

  Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар негізгі себептерге қатысты:

  • өндірістік саладағы мемлекеттік реттеу мен қауіпсіздік механизмінің әлсіреуі, барлық деңгейдегі еңбек және технологиялық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі;
  • негізгі өндірістік қорлардың жылдам қозуы, сонымен қатар оларды жаңарту қарқынының төмендеуі;
  • өндірістің технологиялық қуатының артуы, қауіпті заттар, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы;
  • шарасыз заңдық және нормативтік құқықтық бағы ТЖ қауіпсіздігін және ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне талдаудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану;
  • мемлекеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы мен тиімділігінің төмендеуі;
  • әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болуы ықтималдығы.

  Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы ретінде оның төтенше жағдайларда жоспарланған көлемдегі және номенклатурадағы өнімдерді шығаруға (тікелей материалдық құндылықты шығармайтын нысандар үшін өз міндеттерін мақсатқа сәйкес орындалуы), авария (зақымдану) жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге қабілеттілігі түсіндіріледі.

  Төтенше жағдайларда  шаруашылық нысандарының жұмыс  істеу тұраақтылығына мына факторлар  әсер етеді: жұмысшылар мен  қызметшілерді зілзала, авария (апат), сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталана соққан факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; нысанның инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ықпалға қарсы тұру қабілеті; нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикізат, отын, электроэнергиясы, газ, су және т.б.); жабдықтау жүйесінің сенімділігі; жұмысшылар саны, олардың құдіреті немесе тәртіп деңгейі; нысан сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология; өндіріс пен АҚ-ты басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі; нысанды күрделі және өзге де шұғыл жұмысқа, сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау.

  Тізбектелген факторлар төтенше жағдай ахуалы мен оны көтеру жолындағы шаруашылық нысанының тұрақты жұмыс істеуінің негізгі талаптарын анықтайды.

  Қазіргі уақытта  болашақта «Чернобыль» сияқты аварияларды болдырмау үшін төтенше жағдай ахуалында өнеркәсіп өндірісінің тұрақтылығына талаптар ерекше маңызға ие болуда.

  Осы талаптар инжнерлік-техникалық  шараларды жобалау (ИТЖ) нормасында, сондай-ақ олар үшін әзірленген  салаға қатысты қолдарындағы норма талаптарын толықтыратын және дамытатын ведомстволық нормативтік құжаттар негізінде қаланған.

  Тұрақтылықты көтеру  бойынша шараларды іске асыру  мен әзірлеу саласындағы ұйымдар  басшыларының негізгі міндеттері:

  • ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша ұсынысты белгіленген тәртіппен әзірлеу және ұсыну;
  • төтенше жағдайларда және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар мен әзірлеуді жүргізу;
  • авариялардың пайда болу қауіпін, қайталана зақымдау ошағын төмендету бойынша шаралар жүргізу;
  • азық-түлікті, ауыз суын, сумен жабдықтау көзін, мал мен өсімдікті, өсімдік пен мал өнімдерін, радиоактивті, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау бойынша шараларды өткізу мен ұйымдастыру.

  Шаруашылық нысанының  тұрақтылығы жұмысшылар мен қызметшілердің  сенімді қорғауы, басқару мен  технологиялық процестің тұрақтылығы,  объектінің қажетті өндірістік бұйымдармен, шикізатпен, отынмен жабдықталуы және объектінің қалпына келтіру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқталуы тұрғысынан бағаланады.

 

АҚ инженерлік-техникалық шараларын жобалау нормалары

 

  Азаматтық қорғаныс  шараларын кешенді және саралай  өткізу мақсатында, халықты қорғау  деңгейін қажетсіз мемлекеттік  шығындарды жұмсамау мақсатында, халықты қорғау деңгейін төмендетпей, аумақ пен ұйымның маңыздық деңгейін ескере отыра, жүргізіледі.

  Қалаларды, топтарды, ұйымдарды Азаматтық қорғаныс  Заңы бойынша категорияларға  жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының  Үкіметі анықтайды.

  Категорияланған нысан – бұл үлкен экономикалық, стратегиялық және қорғаныстық маңызы бар қалалар. Категорияланған қалалар маңызы бойынша төрт топқа бөлінеді: аса маңызды, бірінші, екінші және үшінші топтар.

   Категорияланған объектілер –үлкен экономикалық және қорғаныстық маңызы бар өнеркәсіп орындары мен өзге де ұйымдар. Үш категорияға бөлінеді: аса маңызды, бірінші және екінші категориялар.

  «Категорияланбаған  объектілер» - барлық қалған ұйымдар  (нысандар).

  Тұрақтылық мәселелерін  реттейтін құжаттар Азаматтық  қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларын жобалау (ИТЖ) нормалары болып табылады. Олар құрылыс нормалары мен ережелер кешенін (ҚНжЕ), мемлекеттік стандартты  (ГОСТ) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық қамсыздандырудың барлық түрі бойынша нұсқаулық пен басшылықты қамтиды.

  Осы құжаттар негізінде  орталық атқарушы органдар салалық  стандартты, АҚ ИТЖ нормаларын  қолдану бойынша басшылық нұсқаулықты  әзірлейді.

  Шаруашылық нысандары  мен салаларында АҚ ИТЖ және  орталық атқарушы органдар, республикалық  мекемелер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің келісімі бойынша жоспарлау 2.01.51-90 ҚНжЕ талаптарына сәйкес жүргізеді.

  1.2-4-98 ҚНжЕ сәйкес 1998 жылдан бастап  Қазақстан Республикасында сейсмобелсенді жобалау мен құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

  АҚ ИТЖ жобалау  нормалары өз мақсатымен мынаны  жүргізеді:

  • халықты қорғау және жаудың осы заманғы зақымдау және әдеттегі құралдарды қолдану жағдайында ықтимал залал мен қирауды төмендету;
  • соғыс уақытында шаруашылық нысандары жұмысының тұрақтылығын көтеру;
  • зақымдану ошағында, зілзала аумағында және өндірістік аврия мен апатты жою кезінде ҚНжЕ жүру үшін қажетті жағдай.

  ИТЖ нормалары  мынаны ескереді:

  • аудандық жоспарлаудың жобасы мен схемасын, жаңа категорияланған қалалар мен нысандардағы бұрыннан бар және салынып жатқан тұрғын үй және өнеркәсіп аудандары. Аудандарында тұрғын үймен өзге нысандарды егжей-тегжейлі жоспарлау кезіндегі әр түрлі жайттарды;
  • ықтимал қираулар аумағында орналасқан жұмыс істеп жатқан өнеркәсіп орындарын кеңейту және жобалау, энергетика, көлік және байланыс кәсіпорындарын, сондай-ақ соғыс уақытында категорияланған қалалардың тіршілік аумағында орналасқан тұрғын үй және өнеркәсіп аудандарды;
  • бұрыннан салынған кәсіпорындарды қалпына келтіру және кеңейту кезінде.

 

АҚ ИТЖ жобалау  нормаларының талаптары

 

  Шаруашылық нысандарын орналастыру

  Қала тіршілігін  қамтамасыз ететін кәсіпорындар Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тізбесіндегі қалалар шекарасында орналастырады.

  Қалаларды күнделікті  жабдықтайтын тауарларды сақтауға  арналған жаңа база, қойма, таратқыш, мұздатқыш.

  Қазақстан Республикасының  үкіметі белгілеген тауарларды  сақтау нормасынан артпайтын  көлемде жүргізеді. Оларды қала  шегінде орналастырады.

  Категорияланған  қалаларда т/ж сараптау және  техникалық станцияларын ықтималы күшті қираулар аумағынан алыс жерге орналастырады. Қала аумағында жолаушылар немесе жүк станциялары мен пристаньдарды, теңіз порттарын қала аумағынан аулақ жерге орналастырылуы ұсынылады.

  Қаладан тысқары  жерлерге троллейбус, трамвай парктері  және телефон станциялары апарылады.

  Демалыс лагерлері,  пансионаттары, санаторилер, демалыс  үйлері, базалар және мемлекеттік  азық-түлік және материалдық қорлары,  жаңа категорияланған нысандар, хабар беретін радио орталықтар, жылжымалы құрал резервтері байланыс  тораптар станциялары, ҚӘУЗ, базистік қоймаларға ықтимал бүліну аумағына орналастыруға тиіс.

  Магистральдық (транзиттік) автомобиль және темір жолдары  қаладан аулағырақ жерге төселуге  тиіс. Ішкі қалалық желі сыртқы  қалалық желімен орайластырылуға  тиіс.

  Ықтимал апатты су басу аумағында жаңа құрылыс аудандарын, категорияланған кәсіпорындар, материалдық және азық-түлік қоймаларын, жылжымалы құрам тұрақтарын салуға рұқсат етілмейді. Аталған аумақтарға тау-кен өндірісін салуды міндет етеді.

  Қалаларды жоспарлау мен құрылыс салу

  АҚ ИТЖ жобалау  нормалы талаптарын ескере отырып  қалаларды жоспарлау мен салу  елді мекендердің зақымдалуын,  халық шығынын азайтуға және  қысқы мерзімде ҚНжЕ жүргізу  қабілеттілігін жүргізуге ықпал ететін маңызды шаралар болып табылады. Жаңа қалалар онда 200-250 мың тұрғындарды ескере отырып жобаланып салынады.

  Қала аумағы әрқайсысы  250 га бөлінген жекелеген оқшау  тұрғын алқаптарына (телім, оран, ықшам аудан) бөлінеді. Олардың  арасындағы өрттен қорғау бөліктері  100 м аспауға тиіс.

  Үлкен көшелер (даңғылдар) 2 бағытта қаланың орталық бөлігінен сыртқы аймаққа шығуды қамтамасыз етуге тиіс.

  Қаланың 1 км2 алаңында өзеннің жалпыға ағынына орай 3000 м3 көлемдегі су алабы. Осындай суат бір шақырым бойындағы өрт сөндіруді қамтамасыздандырады.

  Жаңа көпірлер барлығының бір жарылыс пен құруын болдырмайтындай қашықтықта салынуы тиіс.

  Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалау

  АҚ ИТЖ жаңа  шаруашылық нысандары және коммуналдық  энергетика жүйесін, ғимарат пен  құрылыс салу кезінде экономикалық тұрғыдан аса қажетті және тиімді.

  өндірістік ғимараттарды  салу мен жобалау кезінде жанбайтын немесе баяу тұтанатын материалдан жасалынған жеңіл қоршау құрылғыларын пайдалану ұсынылады.

  Бұған пайдалану  шарттарымен жол берілген жағдайда  шатыр немесе жеңіл жамылғы астындағы ашық алаңдағы технологиялық қондырғыны орналастырған жөн.

  Азық-түлік және  азық-түлік шикізат қоймалар үшін  тұрақжайды таңдау кезінде сүрлен  үлгісіндегі және резервуармен  жабылған ғимараттарға артықшылық  беріледі, имарат бөлмелерінде есік және терезе ойықтары саны шағын болуға тиіс.

  Ғимарат пен құрылысты  жобалау мен салу кезінде оларды  радиоактивті шаңнан, УЗ және  бактериялогиялық қорғау бойынша  шаралар жүргізуге тиіс.

  Сумен жабдықтау бойынша

  Сумен жабдықтау  жүйесі қатардан шығуы кәсіпорынның тоқтауына және кәсіпорын қирамаған жағдайдың өзінде өнім шығарудың доғарылуына алып келеді. АҚ ИТЖ сумен жабдықтау нормаларының тұрақтылығын көтеру мақсатында мыналар қарастырылады:

  • категорияланған қалалар мен нысандардың сумен жабдықтау жүйесін қайта жобалауды оларда екі және одан артық су көзі орналастырылуы қажет, оның бірі жабық үлгіде (жер асты) болуға тиіс;
  • екі тәуелсіз көзден сумен қамсыздандыру мүмкін емес жағдайда бір су көзінен жабдыықтауға рұқсат етіледі, бұл жағдайда оған екі басты ғимарат орналастырылуға тиіс, ал оның бірі ықтимал қирау аймағынан алысырақ жерде болған жөн;
  • сумен жабдықтаудың орталық жүйесінде су беру су қысымы мұнараларына жетпей берілуге тиіс;
  • орталықтанған сумен жабдықтау су айдау мұнараларынсыз жіберілуге тиіс;
  • таза су көздері ауаның шаңнан тазалайтын желдеткішпен, қымтағыш люктермен және жылжымалы ыдысқа су беру үшін икемделгіштермен жабдықталуға тиіс;
  • өрт гидранттары, су құбырының жылжымалы нүктелерін ажыратуға арналған қозғалтқыштар мүмкіндігінше ғимарат пен бөлме қираған кезде субаспаған аумақта орналастырылғаны жөн.

  Газбен  жабдықтау жүйесі

  Қалалар мен шаруашылық  нысандарына 2 және одан әрі  дербес газ құбырлары арқылы  газ беру және одан артық  газ тарату станциялары арқылы  жүргізілуге тиіс, олар қаланың  жобалық құрылыс аумағынан тысқары мүмкіндігінше әр түрлі жағынан тиіс.

  Газ тарату станциялары  мен нүктелер ажыратқыш автомат  қондырғылары бар жер асты  айналмалы газ құбырымен жабдықталуға  тиіс.

  Айдағыш және компрессорлық  станциялар ықтималы күшті қираулар және апатты су басу аймағынан аулағырақ орналастырылуға тиіс.

  Жер үсті төсемі  жағдайында газ құбырларын магистральдық  жолдарына ықтималы күшті қирау  аймағындағы мүлік бүліншілік  аумағынан тыс жерлерде  төсеуге,  терең (жер асты) ұңғымасын жасауға жол беріледі; ашық төсемге күрделі жер бедерінен өткен уақытта болмашы қирау аумағында рұқсат етіледі.

  Газ құбырларында құбыр жарылған кезде газдың шығуын автоматты тоқтататын кран мен қашықтықтан басқару нүктесі бар, тығын арматурасын орнатқан дұрыс.

  Энергожабдықтау жүйесі

  Осы заманғы өндіріс барысында  энергия көзісіз мүмкін емес. Сондықтан энергожабдықтау желілері  мен тұрақтарында АҚ ИТЖ қарастырылады.

Информация о работе Төтенше жағдайдағы шаруашылық объектілерінің жұмыс тұрақтылығын анықтау