Тіршілік әрекеті қауіпсіздігін нығайтудың негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 12:46, реферат

Описание работы

Жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өркениетінің даму жолында ұзақ әрі күрделі тарихы бар. Қауіпсіздіктің өзі бірнеше салаларды қамтитын кешенді ұғым. Жалпы қабылданған тұжырым бойынша, қауіпсіздік - белгілі бір нысанның сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы. Ал ол қатер бірнеше сипатта болуы мүмкін. Солардың бірі экологиялық сипаттағы қатер.

Работа содержит 1 файл

Экологиялық қауіпсіздікті нығайтудың құқықтық негіздері.docx

— 26.95 Кб (Скачать)

Халықаралық білім беру корпорациясы

Қазақ бас сәулет-құрылыс  академиясы

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы:«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігін нығайтудың  негіздері»

 

 

 

 

                                      Орындаған:ст.гр:ТДО-10.1* Сқақ Г.С.

Тексерген:ассоц.проф: Жараспаева Г.Ж.

 

 

 

 

 

  Алматы 2012

 

 Қауіпсіздікті нығайтудың құқықтық негіздері

 

    Жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өркениетінің даму жолында ұзақ әрі күрделі тарихы бар. Қауіпсіздіктің өзі бірнеше салаларды қамтитын кешенді ұғым. Жалпы қабылданған тұжырым бойынша, қауіпсіздік - белгілі бір нысанның сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы. Ал ол қатер бірнеше сипатта болуы мүмкін. Солардың бірі экологиялық сипаттағы қатер.  
    Елбасымыздың тікелей қолдауымен бұл бағыттағы проблемаларды шешуге аса көңіл бөлінуде. Соның арқасында Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының бірқатар тетіктері қалыптастырылды. Қазақстан мемлекеті бірнеше халықаралық шарттар мен келісімдерге қол қойған, экологиялық проблемаларды шешудің халықаралық деңгейдегі ұсыныстарына ие субъекті. Мемлекеттің экологиялық қатынастарды реттеуге қабілеттілік таныта алатын құқықтық қоры белгілі деңгейде қалыптасқан. Әсіресе, солардың ішінде "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ұлттық қауіпсіздік туралы", "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" және басқа да бірқатар заңдардың мәні зор.  
    Қоршаған ортаның қауіпсіздігі - ол тиісті ортаның антропогендік және басқа да факторлардың қатерлі әсерінен қорғалуының жай-күйі. Демек, қоршаған ортаны қорғау динамиканы құраса, ал экологиялық қауіпсіздік - та-биғатты тиімді, кешенді пайдалану және қоршаған ортаны тиісті деңгейде қорғалу нәтижесін құрайды. Дұрыс нәтижеге жету немесе адам баласының талабын қанағаттандыратын қауіпсіздік көрсеткішінің сақталуы, осы бағыттағы заң нормаларының тиімді болуымен тікелей байланысты. 
Адамзат өркениеті дамуының бүкіл тарихы көрсетіп отырғандай кез келген мемлекеттің қатардағы адамдарының әл-ауқаты, ең алдымен оларды қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздік дәрежесіне байланысты екендігін анық көрсетіп отыр. Бұл орайда ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында атап айтылғандай, осынау қарапайым шындықты әр адамның түсінуі аса маңызды. 
    XX ғасыр ел қауіпсіздігінің ішінде әскери қауіпсіздіктің басымдығымен сипатталды. Ал, жаңа ғасырда ұлттық қауіпсіздік әскери емес факторлардың әсерінің басымдығымен байқалуда. Солардың ішінде экологиялық фактордың орны, әрине, ерекше.  
   Ұлттық қауіпсіздік еліміздің даму бағытындағы басым бағыттардың бірі. Экологиялық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық негізгі құрам бөлігі. 
   Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін, 1996 жылы 30 сәуірде Президенттің Өкімімен "Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы" мақұлданды. Бұл экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйіне бағытталған алғашқы арнайы құқықтық құжат болды. Бұл тұжырымдама экологиялық ахуалды жақсарту үшін атқарылатын шаралардың басымдықтарын, шарттарын, негіздерін, ерекшеліктерін, принциптерін, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді белгілеп берді. Тұжырымдама аясында бірқатар құқықтық шаралар іске асырылды. Дегенмен де аталған тұжырымдамада көрсетілген бірқатар құқықтық шарапар іске асырылмай отыр: 
    1. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқару жүйесінің тиімді шешілмеуі. Дәлірек айтқанда, қоршаған ортаны қорғау органдарының жергілікті атқару немесе басқа да органдардан тәуелсіздік мәселесі шешілмейінше, бұл бағыттағы қандай да бір өзгеріс өз нәтижесін бермейді. Жергілікті және орталық атқару органдары үшін экологиялық мүддеден экономикалық мүдде басымдығы жоғары болып отыр. Бұған біздің заңдарымыз да мүмкіндік береді. Заң ешқашанда өздігінен жүзеге аспайды. Заңның орындалуы оны талап етуші субъектінің әрекетіне байланысты. Сон-дықтан қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздерінің тиісті қоғамдық қатынастар мазмұнына сай орындалуы, оған күштеуші негіз болатын мемлекеттік басқару органдарынын, сәйкестілік жүйесінің қалыптасуына тікелей байланысты. 
    Бұл мәселелерді оңтайлы шешудің тиімді ұсыныстары мен теориялық қағидалары профессор Д. Байделдиновтың еңбегінде ("Правовой механизм государственного управления в области экологии". Алматы, 1998) өте жан-жақты тұжырымдалған. 
    2. Реттеуші экологиялық заңдар мен тиісті қоғамдық қатынастар мазмұнынын, сәйкессіздігінің нәтижесінде құқық нормаларының декла-рациялық сипат алуы.  
Қандай да бір қоғамды заңға негіздеп құру, дамыту мүмкін емес. Керісінше заң қоғам ерекшелігіне негізделіп, оның дамуына ықпал жасап отыруы қажет. Бұл жерде сапа көрсеткіші тиісті қоғамдық қатынастардың реттелу нәтижесімен бейнеленеді. 
    Заңның тиісті қатынастар ерекшелігімен үндесуі ғана тиімді нәтижеге қол жеткізетіндігі ғалымдар тарабынан нақты тұжырымдалған. (Мухитдинов Н.Б. Проблемы совершенствования природо-охранительного законодатель-ства и правотворческий процесс. Алматы, 1997). 
     Әрқашанда тиімді заңдар болуы үшін, ол заң тиісті қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне сай мазмұнда болуы қажет. Сонда ғана құқықтық реттеу өз нәтижесін береді, заңдар тиісті заңдық күшке ие болады. 
      3. Экологиялық қауіпсіздік - қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың оң нәтижесі. Бұл нәтижеге қол жеткізуде 4 экологиялық жауапкершілік институтының алар орны ерекше. 
    Біздің құқықтық жүйеде экологиялық жауапкершіліктің көптеген жетілмеген теориялық және практикалық мәселелері көп. Тиісті жауапкершілік көрсетілген нормативтік актілердің өзі бағытталған құқық бұзушылардың мазмұнымен мүлдем сәйкессіз. Әкімшілік жауапкершілік санкциялары өте жұмсақ тұрғыда қарастырылған. Материалдық жауапкершіліктің тетіктері жетілдірілмеген. Мұндай құқықтық база елдің экологиялық қауіпсіздігі мәселелерің шеше алмайды. 
    Жауапкершілік нормалары басқа нормалардың іс жүзіндегі орындалу мүмкіндігінің негізгі тетігі. Экологиялық заңдарды бұзудың салдарынан келтірілген материалдық жауапкершілікті өтеудің басқа да заң бұзушылықтан келтірілген материалдық жауапкершіліктен өзіндік ерекшелігі бар. Аталмыш бағытта да соңғы кездері нәтижелі табыстарға жеткен теориялық зерттеулер бар (Әбдірайымов Б. Экологиялық зиян: сипаттамасы, денсаулыққа әсері, сот арқылы өтелуі. Алматы, 2001). 
     Елдің экологиялық қауіпсіздігі, азаматтардың бұл құқықтарының сақталуы -өркениеттіліктің ажырамас белгісі. Осыған орай жауапкершілік институтын жетілдіру туралы бірнеше ғылыми еңбектер жазылып, маңызды тұжырымдар жасалған. Осы тұжырымдарды іс жүзіне асыру, заң шығару ба-рысында оны пайдалану, яғни жоғарыда көрсетілген үш мәселенің құқықтық тұрғыдағы міндеттерін шешу экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің оң жетістіктері болар еді. 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 
1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан өз  дамуындағы жаңа серпіліс жасау  қарсаңында Қазақстанның әлемдегі  бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»  атты 2006 жылғы Жолдауы, www.president.kz. сайты 
2. Бекмаганбетов Р. «Экономико-экологические факторы и механизмы их развития в условиях рынка»// Экология. Устойчивое развитие№12, дек. 2004 г. 
3. Кажымуратова А. «Влияние экологического фактора на уровень жизни населения в Республике Казахстан»// Саясат-Policy №7, 2002 г. 
4. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» дисс. жұмыс. 2003 ж. 
5. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы, 1998 жыл, 26 маусым.// Егемен Қазақстан газеті. 
6. «Қала мен Дала» газеті, «Экологияның өзекті мәселелері» атты мақала, 2004 ж. 26 мамыр. 
7. Ақиқат журналы, «Экологияның экономикалық залалдары» атты мақала, 2006 ж №4, 58 б. 
8. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» диссерт. 2003ж. 45 б. 
9. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы, Алматы. Юрист, 2004 ж. 
10. Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабы 
11. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» дисс. жұмыс. 2003 ж. 
12. Қазақстан және оның аймақтары. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі. — 2002. — №4 
13. Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл». Алматы: Атамұра, 2003. — Б.240 
14. Нарибаев К.Н. Научно-технический прогресс и занятость: современные мировые тенденции. — Алматы, 1998. — С.46 
15. Энгельс Ф. Табигат диалектикасы. — Алматы: Қазақстан, 1982. — 342 б. 

 

 

 

 

Жоспар

 

 

  1. Қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі
  2. Қоршаған ортаның қауіпсіздігі
  3. Ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық негізгі құрам бөлігі.
  4. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғатты пайдаланудың басқару жүйесі.
  5. Реттеуші экологиялық заңдар мен тиісті қоғамдық қатынастар.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Тіршілік әрекеті қауіпсіздігін нығайтудың негіздері