Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2012 в 18:27, доклад
Азаматтық қорғанысты (АҚ) ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі, қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі. АҚ-ты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы ҚР-ның Заңымен белгілінген.
Азаматтық қорғаныс (АҚ) - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық нысандары мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш (қиратқыш) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы.
АҚ-тың ең басты міндеті халықты (адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау), аумақтарды және шаруашылық жүргізетін нысандарды қорғау болып табылады.