Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 06:38, автореферат
Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адам мақсатты, жүйелі
қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгеріп,
олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие процесі.
Мұғалімнің қызметі.
Жоспар:
Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адам мақсатты, жүйелі
қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгеріп,
олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Мақсат дегеніміз – бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты – жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді.Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды.
Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д. Ушинский өз қызметініңайқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырды. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
Я.А. Коменский “Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек”, “Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға
байланысты. Дүние – даналардың көнтігімен бақытты” –деген ойлар айтты. Осы ойларын”Ана мектебінің” кіріспесінде өрбітеді.
Тәрбие мақсаты
қазақ тәлім – тәрбие
Ы. Алтынсарин “өмірдің негізгі мәні – еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тең еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз еңбекқорлық адамның жігерін мақұлдатады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу – кісіліктің басты белгісіә – деген.
Мағжан Жұмабаев “Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы” - деп жазды.
Ақыл-ой тәрбиесі – оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы таным іс-әрекетін дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
ә) оқушыларды
халық шаруашылығының басты
түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие міндеттері:
қалыптастыру.
Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке,
Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке
Тәрбиелеу.
Тәрбие процесінің мәні – баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды есепке алу.
Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі
қарама-қайшылықтар ықпал етеді:
Сыртқы қарама-қайшылықтар:
Ішкі қарама-қайшылықтар:
Назарларыңызға рахмет!!!
Орындаған: Есеркеп Абылай БДҚ-211