Темекі шегу

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 15:52, курс лекций

Описание работы

Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Көпшілік құмарта шегетін темекі түтінінің құрамында адам ағзасына токсикалық әсер ететін заттар бар екенін қоғамға түсіндіруден жалыққан жоқпыз. Темекі шегудің зияны әлемдегі басты дертке айналған...
Темекінің шығу тарихы.

Работа содержит 1 файл

Темекі шегу зияны.doc

— 42.50 Кб (Скачать)

ОӘЖ?.....................................

 

ТЕМЕКІ ШЕГУ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ...

 

Мұқанова Ф.М. – ЖТ – 12 – 1к3 тобының студенті

Жұмабеков М.У. – т.ғ.к., аға оқытушы

 

Темекі - заңды түрде  қолдануға болатын есірткі түрі. Көпшілік құмарта шегетін темекі түтінінің құрамында адам ағзасына токсикалық әсер ететін заттар бар екенін қоғамға түсіндіруден жалыққан жоқпыз. Темекі шегудің зияны әлемдегі басты дертке айналған...

Темекінің шығу тарихы.

Табак шөбі Еуропа мен Азияға XV ғасырда II Генрих тұсында  әйгілі болған. Бұл улы затты бірінші рет 1560 жылы Францияға алып келіп таратқан француз оқымысты Жан Нико болатын. Ол кезде табак шөбінің орталығы – Португалия қаласы болатын.  

Қазақстанда 8 ірі компания темекі өндірумен айналысады. Олар жылына 18 миллиард дана шылым өндіреді. Бұған қоса 3 миллиард дана темекі сырттан келіп кіреді. Бұл 16 млн халқы бар мемлекетке көп пе, аз ба, өзіңіз бағалай беріңіз.  Жас өспірімдерді өтірік сақтандырған болып, «Темекі ересектердің – таңдауы» дейтін ұрандарды тастайды. Бұл ұран жасөспірімдерді қайта тез «ересек» болуға үндейтін тәрізді. Соның бірі Алматы Филип Моррис Темекі Компаниясы - кәсіпорын құрылысы 1933 ж басталған.

Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы – никотин. Адам ағзасы үшін бар болғаны бір-ақ тамшы /ол 10-12 тал сигаретте болады екен/ никотин уы жеткілікті көрінеді.

Темекінің құрамындағы  улы зат 3 топқа бөлінеді: никотин, смола, ысты газ!


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлемдік көрсеткіштерге назар аударар болсақ, темекіні көп  тартатын елдер. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Темекінің салдарынан дүниежүзінде жыл сайын бес миллион адам қаза табады, яғни әр секунд сайын темекінің салдарынан 1 адам өледі. Темекінің түтіні автомобильдердің шығаратын зиянды заттарынан 4 есе көп зиянды болады. Герман ғалымдарының зерттеуінше бір сигарет адам өмірін 12 минуттқа кемітеді. 20 сигар тарту арқылы, адам күніне бір сигареттің түтінінен 580-1100 есе артық кір ауамен дем алғандай болады. Жер шарының тұрғындары жылына 12 биллион папирос пен темекі тартады. Темекі қалдықтарының жалпы салмағы – 2 520 000 тонна.

Елімізде 4,8млн адам темекі шегеді. Қазақстан халқының 30%:

-осылардың 1 миллионы –қыз-келіншектер 

-12-14 жас аралығындағы балалардың-10%

-15-17 жас аралығындағы   бозбалалардың-21%

-18-19 жастағы жас жігіттердің-32 %

-20-29 жастағылардың 39%

-29-59 жастағы ер адамдардың 65% темекіге  құмар 

 

Статистикалық мәлімет бойынша, темекі салдарынан жабысқан дерт кесірінен, жылына 25000 адам, күніне 70 адам дүниеден өтеді. Алматы қаласында жарты млн тарта  шылымқор бар. Елімізде жыл сайын 400 млн темекі өнімі сатылады. Бұл есепті жан басына шаққанда Қазақстан шылым шегу жөнінен әлемде IX-шы орынды иеленіп тұр.

Темекіден қалай тез бас тартуға  болады?

  1. Шылымның кері әсерін үгіттеу тиімді, тез сезіндіретін әдістермен жолға қою керек.
  2. Темекі қорабының сыртында оны тартудан болатын түрлі аурулардан қорқынышты түрге енген адамның суретін бейнелеу қажет. Мәселен, тістері шіріген, миына жара шыққан, беті іріңдеген адамдардың суреті темекіден безіндіріп жіберердей көрінеді.
  3. Шағын телекөрсетілімдер арқылы темекіден адам ағзасының қалай қартаятыны, қыздардың бетіне неге тез әжім түсетіні не көз жеткізу  қажет.

Өкініштісі, бізде әрбір  сегізінші мектеп оқушысы темекі шегеді. Шылым тарту деген нашақорлықтың алды, баспалдағы! Темекі тартқан адам-нашақорлықты да оңай қабылдайды...

Жас балалар темекіге қалай үйренеді? Себебі көп. Балалар темекі шегетін ата-анасына, ағайын-туғандарына, өздері жақсы көретін, пір тұтатын өнер адамдарына еліктейді. Тағы бір себебі бірге жүретін құрбы-құрдастарынан қалыспай ертерек «ересек» көріну үшін тартады. Темекі шегушілік студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.

ҚР қабылданған кодексте бұрынғы нормалардан өзгеше талаптар қойылды. Ең бастысы, мемлекеттік орындарда  шылым шегу шектелді. Білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, әсіресе  спорт орталықтары, мұражай секілді  мәдени орындарда да шылым шегуге болмайды. Мейрамхана, дәмханалардың тек арнаулы бөлмелерінде  темекі шегуге рұқсат. Түнгі клубтарда 100% тыйым салынды. Себебі: жастар баратындықтан, депутаттар осы талапқа қатты назар аударып отыр. Бұдан өзге темекі қорабының сыртындағы берілетін түсініктерге байланысты нормалар енгізілді. Ең бастысы, онда «18 жасқа дейінгі балаларға сатуға болмайды» деген жазу болуы қажет. Темекінің сыртындағы «жеңіл, жұмсақ» деген адамға жаңсақ түсінік беретін жазулар ендігі жерде алынып тасталды. Темекіні ашық және балаларға арналған тауармен бірге сатуға тыйым салынады.

Қыз балалардың темекі шеккені  көңіл алаңдатарлық. Темекі шегу әсіресе  тұрмыс құрған болашақ аналарға өте  зиян. Олардың шеккен әрбір тал  темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 % көбейтіп, нәрестенің ағзасына өте қажет оттегінің мөлшерін керісінше 10% кемітеді екен. Темекі шегетін ананың құрсағындағы нәрестенің бауыр жасушалары әлі дамып жетілмеген, сол себепті олардың бауырының жасушалары тез уланып, істен шығады. Сол себепті, жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге үйренбей, тіптен темекі шеккіштерден аулағырақ жүрген  дұрыс. Себебі, темекінің түтіні темекі шекпейтін адамға  дем алуға ауа арқылы-ақ зиянды әсер ететіні дәлелденіп отыр. 

Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.

 

 Әдебиеттер

  1. Қабыкенов Ф.Н. «Темекі және оның зияны»
  2. Керимбеков Ж.Е. «Зиянды әдеттердің ұрпақ тағдырына
  3. Қасымбаева Т., Аманжолова Л. «Тіршіліктану» Алматы:
  4. Маринова Ю , Никитина А.А. «Возрастная физиология»

 


Информация о работе Темекі шегу