Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 21:23, реферат
Өрт сөндірудің кең тараған құралдары болып: көмірқышқылы, сулағыштар, химиялық және ауалық-химиялық көбік, галойдталған көмірсутектер, түйіршікті қоспалар, бромэтилды қосылыстар, СО2, инертті газдар және т.б. табылады. Осы аталған өрт сөндіру құралдары келесі түрлерге жіктеледі: суытатын және оқшаулайтын, яғни жану аймағына оттегінің түсуін көбік қабатын жабу немесе құрғақ түйіршіктерді себу арқылы оқшаулау жүргізіледі.
ЛВЖ қабаттарында түйіршіктерден көбік түзетін ПГ-50 және ПГ-100 көбік генераторлары, ал СИ-2 жылжымалы түйіршікті өрт сөндіргіштер – мұнай өнімдері мен металлоорганикалық қосылыстарды сөндіру үшін қолданылады. Стационарлы жылжымалы СЖБ-50, СЖБ-150 өрт сөндіргіштері электр құрылғыларын сөндіру үшін, сонымен бірге аэродром қызметінің өрт машиналарын біріктіру үшін қызмет етеді. (9-сурет).
9-сурет. СЖБ-50
стационарлы қозғалғыш өрт
4 ӨРТТІ СУМЕН СӨНДІРУ
4.1 Судың өртті сөндіру қасиеті
Су – өрт сөндірудің
кең тараған, қолайлы құралы. Оның
жылу сиымдылығы (бу түзілу жылуы 539 кал/сағ),
термиялық тұрақтылығы өте
Өртті сөндіру кезінде су кешенді ағын немесе жіңішке шашыраңқы күйде қолданылады.
Кешенделген су ағыны жалынды азайтып, жанып жатқан заттарды суландырады, сонымен қатар өрттің таралуына шектеу қояды. Осындай ағындар жанып жатқан бөліктерді бұзып, ұсақтайды. Жіңішке шашыраңқы ағындарда су тамшылары әр-түрлі көлемде болады, сол арқылы олардың соққылық және алысқа шашырау әсері аз болады. Бірақ сулану аймағының ауданы үлкейеді және судың жұмсалуы азаяды. Ұсақ дисперсті судың шашырауы судың аз мөлшерін қолдану және оны буға айналдыру арқылы жанған беттің тез сулануына негізделген. Шашыраңқы ағындармен жану аймағына өту мүмкін болса, жанып жатқан заттардың көп бөлігін сөндіруге болады. Суды шашыраңқы ағын түрінде пайдалану, өрт кезінде түтінді сейілту, құрылыс құрылғыларын суыту, жарылыс температурасы 45°С жоғары жанатын сұйықтарды сөндіру үшін кең қолданылады.
Бірақ, судың электр өткізу қабілеті жоғары болғандықтан, оны кернеу жүріп тұрған электр құрылғыларын және өртті сөндіру кезінде сумен әрекеттесетін жанғыш заттарды (K, Na, кальций карбиді) сөндіру үшін қолданбайды.
Жабық бөлмелерде жануды тоқтату
үшін, ауадағы өртті сөндіру
Сумен қатты суланбайтын заттарды сөндіру кезінде суға сульфанол, сульфанат, пакалий немесе көбік түзгіштер сияқты суландырғыштарды араластырады. Судың салмағы бойынша 0,2-2% суландырғыштардың болуы, заттардың беттік керілуін 2 есе азайтып, оның өртті сөндіру қасиетін жоғарылатады. Осыдан, су шығыны 2-2,5 есе өртті сөндіру уақытымен қоса азаяды.
4.2 Өртке қарсы су құралы
Өртке қарсы шаруашылық су жабдығы шаруашылық – ауыз су және өндірістік қажеттіліктен басқа, тәуліктің кез-келген уақытында өртті сөндіруге ғимараттың ішінен де сыртынан да сумен көп мөлшерде қамтамасыз етілуі қажет.
Өртке қарсы су жабдығының көзі жасанды және табиғи болып бөлінеді. Табиғи көздеріне өзен, көл, теңіз, көлшіктер жатады. Оның өрт шыққан жерге жақындығы 200 м болғаны жөн. Жасанды су жабдығы – су құбырлары, жасанды су қоймалары өртке қарсы су құбырларының мөлшері бойынша төмен әрі жоғары ағынды деп бөлінеді. Төмен қысымды су құбырында ағын өрт автосорғышпен немесе мотопомпамен жасалады. Ол гидраттан суды өрт болған жерге жібереді. Осыдан бос су ағыны су құбырында әсер деңгейімен салыстырғанда 10 м-ден аз болмауы керек.
Жоғары қысымды су құбырында ағын стационарлы өрт сорғыштың көмегімен құрылады. Ол тұрақты су құбыр құрылысына кіреді және сорғыш станциясының мекемесінде орналасады. Өрт болған соң сорғыш 5 мин ішінде іске қосылуы керек те, ең жоғарғы қабатқа 10 м ағынды қысыммен көтерілуі керек.
Өртке қарсы су құбырының жүйелері негізінде сақиналы жабдықталады және үздіксіз су беріп тұрады. Жеке тұрған құрылыстарға ұзындығы 200 м иілген су құбырлары қолданылады.
Өртке қарсы су құбыры өзара жалғасқан шойын және электрмен дәнекерленген түтіктер арқылы байланысады. Түтіктің ішкі диаметрі:
мұнда, Q – бір өртті өшіруге кеткен су шығыны, м3/сағ; V – түтіктегі қозғалған су жылдамдығы, ол 4>V>2, м/с тең.
Түтік қабырғасы қалыңдығы мына өрнекпен анықталады:
мұнда, D – түтіктің сыртқы диаметрі, мм; P – құбырдағы қысым, Па; K – жүк тиеу коэффициенті, 1,1-ге тең; R –үзілгендегі құбыр материалының қарсылығы.
Магистральды құбырларға қабырға қабаты өсуі, коррозияға 10 жылға дейін 2 мм, ал одан көп мерзімге 8 мм болып қабылданады.
Өрт сөндірудің өнеркәсіптік объектідегі есептелген ұзақтығы 3 сағатты құрайды, ал су шығыны өрт сөндіруге жұмсалған құрылыстың өртке қарсы бұру дәрежесіне тәуелді. Су шығыны 5-тен 40 л/с арасында болады (2-кесте).
Гидранттар жолдарда бір-бірінен 100 м ара қашықтықта, ғимараттан 5 м, жолдан 2 м ары орналасу керек. Гидранттар мен өрттің арасы жоғары қысымды су құбыры үшін 150 м, ал төменгі су құбыры үшін 100 м-ден аспауы тиіс. Сыртқы су құбыры нүктелерін әр бөлікте 5 гидрант бөліп тұрады. Гидранттардың өздері өрт көтергіш ретінде келтіріледі. Олар су құбыры нүктесінде немесе жер астында және жер үстінде орналасады.
Өрт бағанашығы өрттің жолын және жер асты гидрантын жабуға арналған. Ол бас жағымен сыртқы қабықтан тұрады. Қабықтың төменгі бөлігінде өрт гидрантқа бағанашықты жалғау үшін өрнекті сақина болады. Өрт бағанашығының басында жалғасқан гайка, ашып жабуға арналған айналдырық және өрт гидрантын ашып, жабатын кілт болады.
Өртке қарсы сорғыш шлангтар су көздерінен
суды қалқалауға және спиралі бар
резеңкелі бірнеше қабатты
Қазіргі уақытта өнеркәсіпте капронды және резеңкелі шлангтар шығарылады. Олар 35 атмосфералы қысымға арналған.
Біріктіруші сомындар, өзгерткіштер, судың сорғыштарынан оқпанға дейінгі жолын жалғастыруға арналған.
Ең көп таралған тез жалғанатын өрт сомындары екі бірдей жартылай бұрағыштан тұрады. Ол (3) тығынмен жалғасқан бір-бірімен бірдей қашықтықта орналасқан. Ең көп Богдановтың жартылай гайкалары қолданылады. Оларды бір-бірімен жалғастыру қиын емес (№ 4-плакат).
Біріктірілген немесе бөлшектенген су
ағынын түзіп, бағыттау үшін күйіп жатқан
затқа өрт оқпандары
СА-2,5 қол өрт оқпаны жанып жатқан заттың бетіне біріккен су ағысын жібереді. Ал біріккен оқпан арқылы біріктірілген су жылудан сақтайтын су қалқандарына беріледі. КР-Б оқпанында тығынды көтергіш болады, ол су құбырының бұрағышын жаппай суды реттейді немесе мүлде тоқтатады.
2-кесте. Өрт сөндіруге
қажетті су шығыны жайлы
Ғимараттың өртке төзімді |
Өндірістік жарылыс қаупінің санаты |
Ғимараттың сыртқы ауданын сөндіруге кететін су көлемі, мың. м3 |
Өрт сөндірудің ішкі ауданы | ||||||
3 дейін |
3-5 |
5-20 |
20-50 |
50-200 |
200-400 |
400 жоғары | |||
I және II
I жәнеII
III
III
IV-V
IV-V |
Г.Д.Е.
А.Б.В.
Г.Д.
В
Г.Д.
В |
10
10
10
10
10
15 |
10
15
10
15
15
20 |
10
15
15
20
20
25 |
10
20
25
30
30
40 |
15
30
-
-
-
- |
20
35
-
-
-
- |
25
40
-
-
-
- |
5
5
5
5
5
5 |
Өртті сөндіруге арналған шашыратқыш – РС-2 типті оқпандар суды шашыратып береді. Ол үшін жоғарғы жағында шашыратқыш орналасқан. Яғни бұрылғыш муфта арқылы суды жауып реттеуге болады.
Дисперсті су газында өрт температурасын түсіріп, өртті тоқтату әртүрлі су шашқыштармен жүзеге асырылады. Ең көп тараған ВВР-1 (10-сурет) екі винтті отырғышы бар су шашқыш.
10-сурет. ВВР-1 су шашқышы
Ішкі өртке қарсы су құбыры өрттің аймағын өшіруге арналған. Ол тірек жүйелердегі су құбырларында ішкі өрт көтергіштері орналасқан. Тіректер барлық жағынан қол жететіндей етіп орналасу керек. Олар көбінесе сатылы аймақтарда орналасады. Өнеркәсіп өндірісіндегі су құбыр торлары сақиналы және сыртқы су құбырлар торынан немесе өзіндік су көздерімен жабдықталады. Өндірістің ішіндегі өрт сөндіруге есептеу бойынша 2,5-5 л өнімділікпен екі өрт сөндіру су ағысы қолданылды.
Өртке қарсы көтергіштер жылу берілетін бөлмелерде еденнен 1,35 м биіктікте орналасады. Ұзындығы 10 – 20 м болған иілгіш өртке қарсы құбырлар арнайы сөрелерге салынады.
Өртке қарсы құбырлар болмаса, өртті үш сағат ішінде сөндіруге кететін су сиятындай бөшкелер орнатылады.
4.3 Өртті сумен сөндірудің механикалық және автоматтық құралдары
Қолданылатын өрт құралдары қолдық, автоматтық және механикалық деп бөлінеді. Механикалық құралдарға матопомпалар, автоцистерна, авто- сорғыш, ал автоматты құралдарға – спринклерлі, дренчерлі құрылғылар жатады.
Мотопомпаның негізгі құрам бөліктері – бір рамаға орнатылған іштен жану двигателі және редукторы бар ортаға тартқыш сорғыштан тұрады. Өрт мотопомпасы қозғалмалы және бір рамаға тіркеледі. Қозғалмалы мотопомпа өрт болған жерге автомобильмен, қолмен немесе тасығыштармен жеткізіледі, ал тіркелген мотопомпалар бір осьті тіркеуге бекітіледі, ол автомобиль немесе тракторға жалғанады.
Қазіргі кезде қозғалмалы мотопомпалар М-600, МП-800 және МП-1200 қолданылады. Тағы да МП-1400, МП-1600 (11-сурет, № 6-плакат) түрлері бар.
Өрт сөндіру үшін керек болатын жабдықтар мен өрт сөндіру командаларының жеке құрамын өрт орындарына автоцистерна мен авто сорғыштар көмегімен жеткізіледі. Оларда суды өрт орындарына беру және ауа-механикалық көбік алуға арналған ортадан тартқыш сорғыштар орналасқан.
Өрт автомобильдер арасында сыйымдылығы 2,1-5 м3 АЦ-40 автоцистерна кең тараған. Түйірлі өрт сөндіргішті АП-3 ПС және ПСБ-3 запас түйіршіктермен 3,2т мөлшерде арнайы автомобильі бар. Аэродомдық қызмет автомобильдері АА-60 және АА-40, сумен, ПО ерітіндісімен және 114в2 хладоппен жабдықталған. Ауа – көбікті сөндіргіш автомобильдер АВ-40, көбік түзегіш запасы 400 л-ға дейін, төмен дәрежелі көбік алу үшін қолданылады.
Автоматты құрал қатарларына шашыраған суы бар спринклерлі құралдар кіреді. Олар ғимараттар төбесіне орналасады да түтіктерден тұрады. Ол түтікте спринклерлі болады.
11-сурет. МП-1600 тіркеуіші
12-сурет. Металл құлыпты мотопомпа спринклері
Спринклердің бастарында оңай балқитын металл немесе шыны құлып бар (12-сурет). Бөлгіш түтіктің үш басына шутцер (1) басы бұралады да одан су ағыны отқа қарсы шығады. Диафрагма (3) басында шыны клапанмен (4) жабылған саңылау бар. Клапан 4 құлыппен (5) жабылады, оның екінші басы разеткаға (2) жалғанып, суды шашыратады. Металл құлып (3) қызыл мыс тілімшесінен тұрады. Олар бір-бірімен өзара оңай балқитын балқымамен жалғанған. Ол шыны құлып әбден жабылған капсула. Шыны құлыпты ашу температурасы 53oС, ал металды – 0,5; 72; 93; 141 және 182oС. Бір спринклер ашылса табақ бақылаушы клапан көтеріледі де су түтікпен электрлі дабылға беріледі.
Қолдану практикасы спринклерлерді пайдаланғанда 90 % аса өртті сөндіруді қамтамасыз ететінін көрсеті.
Топталып жұмыс істейтін дренчерлі құрылғыларды спинклерлі түтіктер, керілген тростар бар. Құрылғының біреуін ашса камераның клапаны астында қысым түседі де, ол ашылып су түтік торына дренчерге келеді.
Топталып істейтін дренчерлі құрылғыда қолмен және қашықтықтан басқаратын құрылғы болады. Ол үшін дефлекторлы немесе қалақты дренчер қолданылады.
5 ӨРТ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ДАБЫЛ БЕРУ
Дабыл беру және өрт байланысы өртті автоматты анықтауға, ол туралы өрт сөндіру құрылымындарына дер кезінде хабарлауға арналған.
Оған телефон, радиобайланыс, автоматты және қолмен басқаратын өрт дабыл беру құрылғысы, электр сиренасы, қоңырау, т.б. жатады.
Өртке қауіпті объектілерде өрт хабарлаушы датчиктер орналастырылады. Олар өрт болған кезде сым арқылы (немесе сымсыз) қабылдаушы аппараттарға дабыл береді. Бұл автоматты өрт дабыл беру құрылғысы деп аталады. Автоматты өрт дабыл беру құрылғысы сәулелік және шеңберлі сұлбалар бойынша орналастырылады. Қолданылатын датчиктерге байланысты олар жылулық, түтіндік, күзетілмелі және аралас болып бөлінеді.
Өртке қарсы дабыл беру құрылғылары
өртке қарсы және өртке қарсы
күзетілмелі болып екіге
Негізгі өрт элементтері мен өрт бақылаушы дабыл беруге өрт хабарлаушы, қабылдағыш станция, байланыс сызығы, қор жинау көздері жатады.