Радиациялық қауіп

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:54, реферат

Описание работы

Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.ағаштарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені артпайды.

Содержание

Кіріспе...................................................................................3
1.Радиация туралы жалпы түсінік......................................4
2.Қазақстандағы радиациялық жағдай..............................5
3.Әлемдегі радиациялық қауіп...........................................7
4.Қортынды..........................................................................8
5. Пайдаланылған әдебиеттер............................................9

Работа содержит 1 файл

Реферат Радиациялық қауіп.docx

— 124.07 Кб (Скачать)

Қазақстан   Республикасы  Білім және Ғылым  Министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университеті

 

 

                                                                  Факультет: География және таб.п

Кафедра: Жерге ор-у,кадастр,гео-я

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Радиациялық қауіп

                                                                             

                                                                        

                                                                           

                                                                           Орындаған: Алдаберген Ұ.Р

Тексерген: Абдибаттаева М.М

 

 

 

                                                Алматы 2013

 

Жоспар

Кіріспе...................................................................................3

1.Радиация туралы жалпы  түсінік......................................4

2.Қазақстандағы радиациялық  жағдай..............................5

3.Әлемдегі радиациялық  қауіп...........................................7

4.Қортынды..........................................................................8

5. Пайдаланылған әдебиеттер............................................9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе  

Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.ағаштарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені артпайды.  
          Космостан келетін космостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жок. Ол 1000км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралды. Космонавтарды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр [3.,173б].  
   Әлем ғалымдарының болжаулары бойынша 21 ғасырдың алғашқы ширегінде планетамызда энергетикалық қордың тапшылығы сезілу қаупі бар, оның шикізатына деген талас күшеюде. Мұндай адамзат цивилизациясына төңген экологиялық қауіп-қатер ең жоғарғы мемлекетаралық деңгейде мойындалып отыр. Тіпті, экологиялық апаттың туындауы ғылыми-техникалық прогрестің «даму» құбылысына деген көзқарасты дүдәмалдыққа әкеліп отыруы жер-жерде байқалуда. Сөйтіп адамзат құндылығының кейбір шкалаларын қайта қарастыру қажеттілігі пайда болуда. [2.,5б].  
Бүгінгі таңда иондаушы сәулелердің антропогендік көздері көптеп табылуда. Олар қоршаған ортаны ластаумен қатар әртүрлі биологиялық кері нәтижеліктің басты себепкері болуы әбден мүмкін. [2.,3б]

Радиациялық қауіп — радиоактивтік зақымдану қаупі туралы халықты алдын ала сақтандыру үшін берілетін АҚ сигналы. Сигналды берумен қатар, халыққа нақты қорғану шаралары, атап айтқанда, жеке қорғаныс құралдары мен қорғаныс ғимараттарын пайдалану ұсынылады. Жүріс-тұрыс режімін және қорғаныс ғимараттарынан шығуды тиісті штабтар мен АҚ бастықтары белгілейді.

 

         

 

 Радиaция туралы жалпы түсінік 
Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция қабылдайды.  
Кесте иондалған сәулеленудің табиғи қайнар көзі  
Негізгі қайнар көзі Жылдық орта дозасы Доза%  
Бэр 36  
Космос (теңіз деңгейіндегі сәулелену) 30 0,10 15,3  
Жер (қатты қабат, су, құрылыс материалдары) 50-30 0,5-1,3 68,8  
Адам денесіндегі радиоактивті элементтердің мөлшері 30 0,30 15,1  
Басқадай көз қоры 2 0,02 1  
Жылдық орташа доза 200 2 -  
Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радияцияның нағыз мөлшері белгіленген. Халықаралық деңгей бойынша қазіргі кезде адамдарға радияциялық доза 0,1 бэрден аспауы керек. Профессионал мамандар дайындау оқу орындарына ППД-ның (предельно допустимая доза) 5 бэрден аспауы тиіс, иондалған сәуле тарататын аймақта да тұратын адамдардың ағзасында радиацияның мөлшері 0,5 бэр болуы мүмкін.  
70 жыл өмір сүрген адам радияциялық қайнар көздерінен 14-15 бэр алуы мүмкін. Бұл көрсеткіш ағзаларға онша қауіп төңдіре қоймайтыны анықталған. Жер шарында тіршілік ететін әрбір адам өзінің өмір сүру кезеңдерінде жылына 250-400 м бэр радияция алатыны сөзсіз [3.,175б].  
Кесте жасанды радиоактивті элементтердегі сәулелену (жылдық доза мөлшері)  
Қайнар көзі Жылдық дозасы Табиғи радиацияның бір бөлігі  
Мбэр Мзе  
Медициналық аспаптар (флюорография – 370м бэр, тістің рентгеографиясы – 3 бэр, өкпе рентгеографиясы 2-8 бэр) 100-150 1,0-1,5 50-75  
2000км биіктігі 12км ұшақтармен ұшу жылына 5 рет 2,5-5 0,02-0,05 1,0-2,5  
Телевизор көру (күніне 4 сағат) 1 0,01 0,5  
АЭС 0,1 0,001 0,05  
ТЭЦ (тас көмір жағатын) 20км қашықта 0,6-0 0,006-0,06 0,3-3 

радиоактивті заттардан  қорғану.  
Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері.  
Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек.  
Екер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады.  
Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.  
Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны.  
Радияциядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радияцияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады.  
Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Дерттерге диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады.  
Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды Радияциядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл юөлінеді. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған.

     Қазақстандағы радиациялық жағдай  
Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.  
Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен йондаушы сәулелену дозасын алған. Радияциялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.  
Қазақстан территориясында радияциялық ластану себептеріне мыналар жатады:  
Ø Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары  
Ø Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық өнеркәсіп орындары  
Ø Ғаламдық жауындар  
Ø Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар  
Ø Табиғи радиоактивтілік  
Ø Радиоактивті қалдықтар.  
Семей ядролық полигоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий – 137 активтілігі 65 – 100 мкр/сағ. болғаның көрсетті. Кейбір жерлерде 120-500 мкр/сағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий 137 радиациялық фоны 120-150 макр/сағ. құраған. [1.,290б]  
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияда да қалыптасуынан теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы мен Мұржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған. α және β белсенділіктің жоғарғы деңгейі Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта - α және β белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған.  
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық шаруашылық шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген.

Радиациялық қауіп әлемді алаңдатуда

Орталығы Женевада болған Біріккен Ұлттар ұйымы Метеорология агенттігі желдің әсерімен радиация бұлттарының мұхитқа бет алғанын сол себепті қазірше Жапония мен аймақ үшін риск қалмағанын білдірді.Үш реакторы жарылған Фукусима Даичи атомдық электр станциясы орналасқан аймақта радиация сигналы берілді.«Фукусима» префектурасында радиация деңгейі әдеттегі мөлшерден сегіз есе көп болып тіркелді.Жағдай 240 шақырым қашықтықтағы ел астанасы Токиоға да әсер етті.Радиациялық жел себепті ел астанасында радиация деңгейінің аз да болса артқаны жөніндегі хабарлардан соң халық, бензин станциялары мен дүкендердің алдында ұзын кезектерге тұрды. Кейбіреулер болса қаланы тастап кете бастады.Үкімет лауазымдылары болса адамдарға қажеттіліктерінен көп зат сатып алмауы үшін шақыру тастады.Ғалымдар болса алаңдаудың орынсыз екенін алға тартуда. Біріккен Ұлттар Ұйымы Метерология агенттігі де радиация бұлттарының мұхитқа бет алғанын және Жапония мен аймаққа қазірше риск туғызбағанын мәлімдеді.

Жапониядағы зілзаладан кейінгі  жағдай.

 Тау жыныстарының қуыстық жиынтығы. Көкжиегі 400 м.

Қортынды:  
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады.  
Қазіргі кезде ауаны ластайтын заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.  
Радиациялық ластанудың баска ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы - радиактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды (клеткаларды) бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.  
Радиациялык ластанудың негізгі көздері - альфа, гамма және бэта, сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермеш жоне басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.  
Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшерше қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде адам ұзак уакыт сәуле ауруына шалдығады.  
Қабылданған мөлшеріне карай сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады: 1-дәрежесі жеңіл түрі - 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа - 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр - 300-500 рентген мөлшерінде: 4-ші дәрежесі өте ауыр - 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.  
Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді: бірінші кезең- сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашкы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, қүсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы. Екінші кезең - бірінші кезеннен кейін уакытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезен, яғни, жағдайдын жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын бұзылуы байкалады жәнс қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан үюы бүзылады да жүқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің кабынуы, дизентерия, іш өту, каннын бүзылуы, т.б.).].

Қолданылған әдебиеттер  
1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология «Алматы» 2009  
2. Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық экология жайлы қысқаша таным «Павлодар 2008»  
3. Ж.Ж.Жатқанбаев Экология негіздері «Алматы» 2003  
4. Янтекс  
5. Молахметов З.М. , Ғазалиев А.М., Фазылов С.Д., Экология негіздері «Қарағанды» 2002


Информация о работе Радиациялық қауіп