Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 15:11, реферат
Желдету ─ бұл ұйымдастырылған ауа ауыстыруға арналған, яғни, өндірістік орындардағы ластанған немесе өте ысытылған (салқындатылған) ауаны жойып және оның орнына жұмыс орнында таза және салқындатылған ауа ортасын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процедуралар кешені.
Өндірістік желдету жүйесі механикалық және табиғи болып бөлінеді. Бұл екі желдету түрлерінің үйлесімі әр түрлі нұсқада болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда ауа ауыстыру арнайы желдеткіштерді іске қосатын қоздырғыштар көмегімен, ал екінші жағдайда сыртқы және ішкі өндірістік орындарда ауа алмастырудың әртүрлілігі, сонымен қатар желдік жүктеме қысымы көмектерімен жүзеге асырылады.