Экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 09:39, реферат

Описание работы

Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына кері ықпал етіп отырған діни экстремизм мен лаңкестік Ғасырдың өзекті мәселесіне айналды. Бүгінде террорлық актілерге итермелнйтін, ымыраға келмейтін қайшылықтар күннен – күнге өсуде. Мұндай құбылыс бір аймақ немесе бір мемлекетпен ғана шектеліп қоймай, жаһандану ықпалымен құлашын кеңге сермеп, әлемнің бейбітсүйгіш, ізгі ниетті тұрғындарының арасына жік түсіруде.

Работа содержит 1 файл

Экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу.doc

— 28.00 Кб (Скачать)


Экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу.

     Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына кері ықпал етіп отырған діни экстремизм мен лаңкестік         Ғасырдың өзекті мәселесіне айналды.  Бүгінде террорлық актілерге итермелнйтін, ымыраға  келмейтін қайшылықтар күннен – күнге өсуде. Мұндай құбылыс бір аймақ немесе бір мемлекетпен ғана шектеліп қоймай, жаһандану ықпалымен құлашын кеңге сермеп, әлемнің бейбітсүйгіш, ізгі ниетті тұрғындарының арасына жік түсіруде.

     Діни экстремистік топтар әдетте  қандайда бір діннің атын жамылып әрекет етеді. Көпұлтты отандастарымыздың діни сенімдеріде  алуан түрлі.  Алайда, олардың барлығын дәстүрлі діндер қатарында днп айиа алмаймыз. Облыс аумағында ашықтан ашық Ата Заңымыздың талаптарын бұзып, бірлігі жарасып отырған отандастарымыздың ынтымағына қарсы уағыздар айтып, жымысқы әрекеттерін  жалғастырып келе жатқан ұйымдар жоқ  деп айта алмаймыз. Еш қағажу көрмей, еркінсіп алған олар мемлекетіміздің рәміздерін сыйлаудан бас тартып, басқа мүддені қарастыруда. Мамандардың сипаттамасы ол ұйымдардың қолданып жүрген әрекеттерінің ішінде адам жүйкесіне змян тигізетін паропсихологиялық ықпалдың бар екендігін көрсетеді.

     Ислам атын жамылған лаңкестер де дүниені дүрліктіруде. Әсіресе, халықаралық дәрежеде лаңкестік әрекеттерге барып жүрген «әл-Каида» тобын айыптаушылар саны күн сайын өсуде. Сондай-ақ «шығыс Түркістан Ислам партиясы» , «Әспат әл-Ансар», «Мұсылмандар бауырластығы» және «Хизбу ут-Тахрир әл-Исламия» т.б. барлығы 14 экстремистік топ Қазақстан Республикасы Жоғары сотының шешімімен лаңкестік топ деп танылып, олардың еліміздің аймағындағы әрекетіне тыйым салынған болатын. Бұл топтардың елімізде «халифаттық» басқару жүйесін орнатамыз деген бос қиялға беріліп, жасап жүрген көзсіз әрекеттері, сөз жоқ, қауіпті. Өйткені мемлекетіміздің құрылымын өзгертуге әрекет жасап жүрген «құтқарушылардың»  партия ретінде алдына қойған негізгі мақсаты – отандастары-  мызды билікке  қарсы қою арқылы,  ауызбірлігі жарасқан көпэтносты халқымыздың  тыныштығын талқан етіп, елімізді дүрбелеңге салу.  



Информация о работе Экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу