Ислам және тероризім

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 20:00, реферат

Описание работы

Тероризімнің алғашқы толқыны Ұлы Француз революциясы кезінде пайда болды. Алғашқы «террор» термині 1798 жылы пайда болып карбондарда 1820 жылдары өшіп тынды. Екінші толқын ХІХ ғасырда пайда болып радикальды-ұтшылдық сипатқа ие болды жане Ирландия, Македония, Сербия жерлерінде жүрді. Мақсаттары біртұтас Ұлттық мемілекет құру.

Работа содержит 1 файл

ИСЛАМ ЖӘНЕ ТЕРОРИЗІМ.docx

— 24.37 Кб (Скачать)

                      ИСЛАМ ЖӘНЕ ТЕРОРИЗІМ

 

        Қалқаман. Н. Қ – студент. (жетекшісі: Нұрмаханов Н. Ә оқытушы)

Қарағанды мемілекеттік индустриялық университеті жанындағы гуманитарлы-техникалық колледжі. Теміртау қ.

 

Бүгінгі ХХІ ғасырдағы  әлем халықтарының күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелесі «халықаралық тероризім» болып отыр. Сондықтанда тероризім әлемдік проблема болғандықтан онымен күресу үшін оны үнемі бақылау мен зерттеулерді қажет етеді. Менің бұл жұмыстағы мақсатым терорлық ағым мен исламның байланысын анықтап, исламға жабылған күйені аздап болсада кетіруге септік ету.

 Бұл мәселе біздің  елімізді де айналып өткен  жоқ. Өткен жылдары халық қабырғасын  қайыстырып кеткен бірнеше терорлық  актілер тіркелді. Яғни Соңғы  бір жарым жыл (2011 жыл 17 мамыр  - 2012 жыл 21 қыркүйек) шамасында Қазақстан  аумағында болған, "терроризмге  қатысы бар" деп аталған  оқиғалар кезінде 74 адам (оның 12-сі - полицейлер мен арнайы жасақ  сарбаздары) қаза тапты.

   2011 жыл 17 мамыр.  Ақтөбе ҰҚК департаменті ғимаратында  жарылыс жасаған Рахымжан Мақатов  өзі өліп, 3 кісіні жаралады.

2011 жыл 24 мамыр. Астана  ҰҚК абақтысы жанында көлік  жарылды. Көліктен 2 адамның –  Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының  мәйіті табылды.

2011 жыл 30 маусым. Белгісіз  адамдар Ақтөбе облысы Темір  ауданы Шұбарши ауылында 2 полицейді  атып кетті.

2011 жыл 2 шілде. Ақтөбе  облысы Темір ауданы Шұбарши  ауылындағы атыста 1 арнайы жасақ  сарбазы қайтыс болды, 3 полицей  жараланды.

2011 жыл 11 шілде. Ақтөбе  облысы Темір ауданы Кеңқияқ  ауылындағы атыста 1 полицей және  қарулы топтың 9 мүшесі қайтыс  болды.

2011 жыл 26 шілде. Ақтөбе  полицейлердің өліміне күдіктілерді  ұстау кезінде атыс болып, 1 күдікті  өлді, 3 адам ұсталды.

2011 жыл 29 шілде. Ақтөбе  қаласы маңындағы Қызылжар ауылындағы  арнайы операцияда 1 полицей және  қарулы топқа қатысы бар деген  2 күдікті көз жұмды.

2011 жыл 31 қазан. Атырау  қаласында екі рет жарылыс  болып, соны жасаған адамның  өзі өлді.

2011 жыл 12 қараша. Таразда  "жиһадшы" деп аталған Мақсат  Қариев 5 полицейді, 2 бейбіт тұрғынды  өлтіріп, өзін-өзі жарып жіберді.

2011 жыл 3 желтоқсан. Алматы  облысы Іле ауданы Боралдай  кентінде қарулы топқа қарсы  арнайы операция барысында 7 адам (екеуі – ҰҚК арнайы жасағының  қызметкерлері) қаза тапты.

2012 жыл 11 шілде. Алматы  облысы Қарасай ауданы Таусамал  ауылында "террористік әрекетке  дайындалғандардың" (ресми анықтама) үйі өртеніп 9 адам қаза тапты.

2012 жыл 30 шілде. Алматы  қаласындағы "Ақкент" шағын  ауданында "қылмыстық топты  ұстау кезiнде" 6 адам мерт болды.

2012 жыл 16 тамыз. Алматы  облысы Қарасай ауданы Үлкен  Алматы ауылдық округінің "Таң"  саяжай алабындағы арнайы операция  кезінде үй өртеніп, оқиға болған  жерден 13 адамның өртеніп кеткен  мәйіті табылды.

2012 жыл 5 қыркүйек. Атырау  қаласындағы жарылыстан 1 адам (сол  іске күдікті Нұрлыбек Сақауов)  қаза болды.

2012 жыл 12 қыркүйек. Атырау  облысы Жылыой ауданы Құлсары  қаласында полициямен атысқан  5 адам мерт болды.

2012 жыл 21 қыркүйек. Атырау  қаласы маңындағы "Көктем" саяжай  алабындағы үйлердің біріндегі  атыста "полицейлерге шабуыл жасады" деген күдікке ілінген 4 адам  қаза тапты. [1]

Бұл тек қазақстан аумағында  ғана ал әлемде осы терорлық әрекеттер  салдарынан қанша адам, қанша бейбіт тұрғын зардап шекті десеңізші?

 Әлемдегі терорлық  әрекеттердің қысқаша даму тарихы:

Тероризімнің алғашқы  толқыны Ұлы Француз революциясы  кезінде пайда болды. Алғашқы  «террор» термині 1798 жылы пайда болып  карбондарда 1820 жылдары  өшіп тынды. Екінші толқын ХІХ ғасырда пайда  болып радикальды-ұтшылдық сипатқа ие болды жане Ирландия, Македония, Сербия жерлерінде жүрді. Мақсаттары біртұтас Ұлттық мемілекет құру. Және Франция, Италия, Испания жерлерінде Ревалюциялық-демократиялық сипатта жүрді. Мақсаты Мемілекетті құлдырату, Ресей жерінде жүргізілген терорлық әрекеттер Ревалюцияны тездету мақсатында болды.

1910 жылы екінші толқын  бәсеңдеп сөнді. 1960-1970 жылдары саяси  тероризімнің жаңа толқыны пайда  болды және ол соғыстан жеңіліс  тапқан, Германия, Жапония жерлерінде  жүрді. [2]

Ал қазіргі әлемдік  мәселеге айналған терористік қозғалыстардың жаңа толқыны Исламдық діни экстремистік тероризім. Исламды білмейтін не исламға күйе жағып, мұсылман әлемінің ұйтқысын кетіруді мақсат еткен батыс елдерінің түрлі БАҚ бір-бірімен жарса Ислам діні жайында жалған айыптаулар жариялау үстінде. Ал шын мәнісінде осы ислам экстремистерінің ұстанатын жолы, мәсхабы Уахабилік жол көптеген мұсылман ғұламалары арқылы адасқандар, деп танылғандығы, олардың ілімінің жалған екендігі, құран мен сүннетке сүйенбейтіндіктерін біреу білсе біреу біле бермейді.

Жаңа толқын ислам экстремистік тероризім толқыны ресіми түрде 1979 жылғы ислам революциясы негізінде  пайда болды делінеді. Ал шын мәніндегі исламдағы экстремизімнің бастауларына келсек, олардың негізгі идеологиялық жолы әлем елдерінің көпшілігінде тыйым салынған мазхабб Уахабшілер ағымы. Бұл ағым халық арасына бахабизім деген атаумен кең таралып кеткен.

Бұл ағым өз бастауын Осман  империясы кезінде бастаған және онда діни мүделіктен көрі жеке дара билікке  ұмтылған Араб шофинизімі кең орын алады.

Уахабизімді  Арабияның  Недж обылысында тұрған Мухаммет Ибн  Абдул Уахаб деген адам қалаған. Ал оның ізбасарлары қатал радикалды  бағыт ұстанып ислам қағидаларын  бір жақты түсінікпен қарайды, жане Уахабиттер деген атауға ие болған. Уахабқа ұқсас адамдар ислам  тарихының ерте кездерінде де пайда  болған бірақ ол тәрізді қолдауға ие болып өздерінің жікшілдік  ойларын тарата алмады. Ал Уахабтың кезеңі Осман имперясының патшасы  Силимхан ІІІ сұлтан билігі кезінде  Османияның әлсіреуі мен Англияның  шығыс елдерін отарлау саясаты  күшейген тұсқа тұспа-тұс келді.

Яғни бұл тұс ХVIII ғасырға  келеді, осы кезеңде мұсылман елдерінің  бірлігін кетіріп ішкі саясатын әлсірету мақсатында Аңглияда Құранды зерттеген, Араб, Парсы тілдерін еркін меңгерген 5000 астам агенттер дайындалып шығады. Бірақ бұл жоспардың тек бастамасы  еді, жікке бөліну идеологиясын тарататын  көш басшы аратор керек болды, ал бұл екі қасиет Уахабтың бойынан  табылды, ол өзі әкесінің тілін алмайтын, оқытушыларды сыламайтындығымен ерекше көзге түскен және дінді өзі қалай  ұқса солай түсіндіре беретін  тіпті ғұламалар пәтуа беріп  түсіндіре аламаған қыйын астарлы  аяттарды тура мағында түсіндіре  берген жан болған, ари асқан шешендігі  арқасында өз ойлары мен құранның қайшылықтарын осы қасиеті арқылы, білімсіз мұсылмандарды сендіре  білеген. Ал оның әкесі мен ағасы  сол заман ғұламалары оның осы  әрекеттері үшін оған үнемі сын айтып  отырады, бірақ Уахаб өз ой өрісі  бойынша шынайы дін жойылған сондықтан  оны қайтару керек деген ойдан  алшақ кетпейді. 1730 жылдан бастап Уахабистік ағым қатты дами бастайды, уахабб Ад-Дария  жерінің зиялы қауымы мен дінді  білмейтін көшпелі Бәдәуи тайпаларының арасында беделге ие болады оған бұл  орайды Англия үкіметі де қолдау беріп  отырған. Уахабтың соңына ермегендер өлтіріліп  олардың мүлкі уахабшыларға беріліп  отырады. Күшейген және ағылышын қаруы  мен қаруланған әрі ағылышын кеңесшілері  бақылауы мен дайындалған Уахабб жақтастарының армиясы Хижра  жыл санауының 1160 жылы (1747ж) Ад-Дария  басшысы Мухаммада ибн Сауд басшылығымен Недж обылысы аумағында әскери іс қыймылдарын бастайды. Жарты ғасырдан соң оның немересі Сауд уахабб іліміне сүйене отырып бес парыздың бірі Қажылық жасауға тыйым салды. 1801 жылы Иракка басып кіріп Карабелла қаласындағы пайғамбардың немересінің зиратын бұзады, 1802 жылы зулхиджа айында Меккеден 80 шақырым жердегі Тайф қаласын алып өзгелерді қорқыту үшін адамдары асқан қаталдықпен өлтіріледі, емшектегі балалар мен намаз оқып жатқан ададамдарға дейін бірін қалдырмай қырып салады. Бұл дәл қазіргі Сирия жеріндегі опазиция өкілдерінің іс әрекеттерімен бірдей. Сол заманда осы қырғынға Батыс елдері қалай қолдау берсе қазірде сирияның екі қабат әйелдерді шімірікпей атып тастап не қарнын жарып кете беретін қан ішер қарақшы көтерілісшілеріне дәл сол деңгейде қолдау беріп, Сирия призиденті Ассадттың биліктен кетуін талап етіп отыр емеспе, және Ливия жерінде де осындай көтерілісші экстремистерге қолдау беріп Каддафийді биліктен тайдыруы, Батыс елдерінің ХVIII ғасырдан бері келе жатқан ислам әлемін бөлшектеу саясатынан бас тартпағандығын көрсетеді. Шынайы дінді қаралап өз агенттері құрған жалған ағымды дұрыс етіп көрсетуге тырыспақ. Және исламдағы ең көркем амал  ол пайғамбар жасаған істерді қайталау болып табылады яғни суннет амалдар. Ал пайғамбарымыз, Соғыс кезінде храмдар мен шіркеулірге қашып тығылған өзге дін иелерін өлтіруге, тонауға қатты тыйым салғандығы белгілі. Ал Бұл содырлар өзге тәңірге емес, Аллаһқа жалбарынған жандарды өлітірім намазына кедергі келтіргендіктен, және шариғат заңдарын белшеден басып жүргендігі үшін оларды мұсылмандар деп атуға болмайтын сиақты.

Сонымен Тайф қаласын қанды  қырғанға ұшыратқан соң бұл қасіретті  көшпелі бәдәуи тайпалары қаланы   толықтай тонау арқылы нүкте қояды. Осыдан соң Сауд әскері меккеге атанады  бірақ бұл кез қажылық кезіне тұспа- тұс келгендіктен қажылыққа  келушілердің қала билеушілерімен бірігіп  кетуінен қауіптеніп шабуылды қажылық  біткенше шегере тұрады.Мухарам айның 8 күні Меккеге шабуыл басталды күштер тең болмағандықтан қала әміршісі Шариф  Галип Джида қаласына шегініп  кетеді, ал уахбшыл вандалдар қасетті  қаланы тонап, Мулайдың битіндегі зираттар бұзылды. Сонымен бірге пайғамбарымыздың бірінші әйелі мұсылмандар анасы  саналған Хадишаның зираты талқандалды. Және пайғамбардың сүйікті сахабалары Абу Бакир мен Али Асхаб  туған үйлер бұзылды, Зәм-зәм бұлағының  күмбезі құлатылды. Меккедедегі  барлық сахабалар мен әулиелер зираты толықтай жермен жексен етіліп бұзылды. 1805 жылы Араб жері толықтай Уахабилер қолында болды және қажылық парызын атқаруға тек Уахабизімдегілерге ғана рұқсат етілді, шынайы діндегі мұсылмандарға джихат жарияланды (джихат тек кафирлерге қарсы дін тарату үшін не дінді қорғау үшін жүргізілетін қасиетті соғыс). Уахабистердің вандалдық әрекеттеріне 1817 жылы Мысыр сұлтаны Мухамет Алибаша тосқауыл қойып қарсы соғыс бастайды. 1818 жылы уахабилердің қанды ордасы Ад- Дария қаласы құлатылып үш жылдан кейін уахабизімнің барлық басшылары халық алдында дарға асылды. Бірақ Недж обылысы Англия көмегіне сүйене отырып өз дербестігін сақтап қанды қырғындарын жалғастыра береді . Бірінші дүние жүзілік соғыс басталуы мен Осман империясының толықтай күйреуі және Батыс елдерінің мұсылман жеріне тиесілі мұнайға қызығушылығының артуы олардың Англия үкіметінен көмек алып Араб жеріне билік орнатуға мүмкіндік берді. Және қандай жағыдайлар болмасын Сауыд және оның мұрагерлері англия үкіметіне көмек беруі және қарсы шықпауы туралы шарт жасасты.[3]

Исламға осынша қастық етіп, пайғамбар мен оның сахабаларында  силамаған уахабшылар ағымын мұсылмандар  деуге боларма екен? Олар көптеген ислам ғұламаларының өзі пәтуа  беруге қорыққан, түсіндіре алмаған  астарлы айаттарды тура мағынасында  ұғып және халыққа да сол мағынасында  жеткізеді, осының арқасында адасуға  ұшырайды. Енді олардың қасиеттідеп  санаған әрекеттері мен тыйымдарын, көптеген ғұламалар ұсынған сүннет пен құранға негізделген патуалары арқылы салыстырып көрсек:

1.Олар мемілекеттік билікке  қарсы әрекеттер жасайды.

2.Қоғамдық орындарда жарылыстар  жасап көптеген бейбіт тұрғындар  өмірін қиды. Адамдарды ( сәбилер мен әйелдерді де) кепілге алып құн талап етті.

3. Өз ағымдарына сай  келмитін ағымдағыларды, ( Абу ханафи, шариф, мәлік) кафирлер деп  санайды.

4. Әйел жыныстылардың  білім алуына қарсы.

 Енді хадистер мен  шарихат заңына сүйене отырып  бұларға шынайы ислам тұрғысында  қарсы пікір келтірсек:

  1. « Аллахтқа сыйынып иман келтіріңдер, пайғамбарды сыйлап айтқанын орындаңдар, патшаларыңа бағыныңдар. » және « Намазды ашық оқуға мүмкіндік болса және дініңе қайшы әрекеттер жасауға мәжбүрлемесе, әділетсіздіктер мен озбырлықтар ашықтай жасалмаса патшаға қарсы шықпаңыздар» деген хадистерді негізге ала отырып экстремистердің әрекеттерін дін қолдамайтындықтарын көруге болады.
  2. Қоғамдық орында жарылыс жасау салдарынан ол жерде бейбіт халық зардап шегеді ал олардың ішінде мұсылмандарда болуы мүмкін, мұсылманды жазықсыз өлтіру үлкен күнә. Және адамды тұтқынға алып ол үшін құн сұрау қасиетті борыш емес қарақшылық.
  3. Кафир ең ауыр айып. Көз жеткізбей тұрып ешкімді кафир деп айыптауға болмайды. Осы негізді пайхамбар (с.ғ.с) сахаббасы хазіретті Омар (р.а.ғ) өзіне қарсы шығып қаншама мұсылманның қанын төккен бүлікшіліктерді өлім жазасына кескен кезінде халықтың:
  • О хазіретті бұлар кафирлер ме? Деген сауалына
  • жоқ оларда өзіміз таризді мұсылмандар, тек адасып кеткен. Деп жауап береді.

Сонда қан төгіп ислам  мемілекетінің болашағына қауып  төндіргендерді де кафир деп атамағанда, аузынан алласы түспей, бес уақытын  намазын оқып, сүннет пен құранды  құрмет тұтқан жандарды, өз масхаббтарына  сай әрекет етпегендері үшін кафир  деп айыптау әділеттілікке жатама?

  1. Әйел адамдар мен қыз балаларға аса қатал шектеу қояды. Иә рас шарихат бұл жыныс өкілдері үшін көптеген шектеулер қояды бірақ бұл сол оларды кемсіту үшін емес қорғау үшін. Оның себебін сол замандағы Араб елдерінің салт дәстүрлерін қарасақ өздігінен ақ түсінікті болады. Және пайхамбар (с.ғ.с) «Бір әріп үйренген 40 түйеге жүк боларлық сауаб алады» дейді сонда әйел баласын осынша сауабтан айыру әділдікпе әрі «Адам шыр етіп өмірге келгеннен әйел болсын ер адам болсын өмірден озғанынша білім іздеуге міндетті» делінеді. Демек бұдан байқайтынымыз жыныстық ерекшеліктеріне сай ешкімді білім алуға кедергі келтіруге болмайды. Бұл айтылғандар шынайы ислам мен экстремистердің арасындағы тек кейбір ерекшеліктер ғана ал оларды саралай берсе айтып тауысу мүмкін емес.

Информация о работе Ислам және тероризім