Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 21:36, дипломная работа
Көп жылғы бақылау таулы аумақта орналасқан судың жайылу кезеңінде өзендердің ағуы көбінесе ақпан-мамыр кезеңіндегі жауын-шашынға байланысты болатынын көрсетті. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Сырдария, Орал, Шаған, Деркөл, Үлкен және Кіші өзен (Батыс Қазақстан облысы), Іле, Қаратал, Лепсі (Алматы облысы), Тобыл (Қостанай облысы) өзендерінің ағуы 2012 жылғы көктемде нормадан жоғары деп алдын ала күтіледі.
Төтенше жағдайлардың
алдын алу және жою жөніндегі
ведомствоаралық мемлекеттік
№ 1 хаттамасы
Астана қ. 2012 ж. 23 ақпан
Төрағалық етті: Божко В.К. – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, төраға.
Қатысқандар: Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының мүшелері.
«Қар жамылғысының күрт еруі салдарынан ағынды су тасқыны зардаптарының алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы»
(Божко В.К., Смаилов Ж.А., Толыбаев М.Е., Бектұров А.Г., Қизатов Е.А., Жақсалиев Б.М., Ақмурзин А.А., Сұлтанов Н.К.)
2008-2012 жылдардағы су тасқыны
кезеңдері республика үшін
Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болған су тасқындары анағұрлым көп шығынға әкелді, оларды қалпына келтіру үшін шамамен 50 млрд. теңге жұмсалды.
Көп жылғы бақылау
таулы аумақта орналасқан судың
жайылу кезеңінде өзендердің ағуы көбінесе
ақпан-мамыр кезеңіндегі жауын-
Жүргізілген жұмысты, су тасқынына дайындықты өткізу, көктемгі қар еруінен жоғарыдан аққан су ағынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету жөніндегі бар проблемалар мен кемшіліктерді қарап және талқылып, халықты, объектілер мен аумақты көктемгі су тасқынының кері зардаптарынан қорғау бойынша нақты инженерлік-техникалық, ұйымдастырушылық шараларды қабылдау мақсатында, Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясы ҰСЫНАДЫ:
1. Су тасқынына дайындықты өткізу бойынша Мемлекет басшысының қойған міндеттерін орындау үшін шараларды іске асыру туралы ведомствоаралық комиссия мүшелерінің баяндамалары мен сөздері назарға алынсын.
2. Облыстардың,
Астана және Алматы
1) су басқан елді мекендердің аумақтарын, мұз кептелістері қалыптасуы ықтимал жерлерді анықтау бойынша жұмыс жүргізсін, тұрғын үй қорын су тасқыны мен еріген-жауын судың қауіпті әсерінен қорғау бойынша шараларға ерекше назар аударсын;
Орындау мерзімі: 2012 жылғы 30 наурызға дейін
2) елді мекендерді қорғауды, автомобильдік және темір жолдарының, электр өткізу және байланыс желілерінің, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің сақталуын қамтамасыз ету, қорғау бөгендерін нығайту және салу, уақытша өткелдерді реконструкциялау не демонтаждау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және іске асырсын. Осы жоспардың уақтылы және тиімді іске асырылуына дербес жауапкершілікте болатын адамдарды анықтасын;
Орындау мерзімі: 2012 жылғы 30 наурызға дейін
3) Елді мекендерде, объектілер мен аумақта су басуды болдырмау мақсатында бөгендер мен өзге қорғау құрылыстарын нығайту бойынша жұмыс жүргізсін. Олардың жай-күйіне тұрақты бақылау белгілесін.
Орындау мерзімі: 2012 жылғы 10 сәуірге дейін
4) су тасқыны кезеңінде еріген судың көп мөлшерін шығаруға арықтық-арналық жүйелерді, өзендердің арналарын, су өткізетін және гидротехникалық құрылыстарды дайындауды қамтамасыз етсін. Қалалардан қардың шығарылуын қамтамасыз етсін;
Орындау мерзімі: 2012 жылғы 30 наурызға дейін
5) мамандандырылған және инженерлік техниканы, мотопомпаны, инертті материалдар мен қаптар қорын су тасқыны қаупі бар учаскелердің маңына жинасын. Су тасқыны жағдайы қиындаған кезде авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін оларды жедел қолдануды қамтамасыз етсін;
Орындау мерзімі: 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
6) елді мекендерде су басу қаупінің туындауы кезінде іс-қимыл, қауіпті аймақтардан эвакуациялау қағидалары бойынша халыққа жадынамалар, тақырыптық буклеттердің шығарылуы мен таратылуын ұйымдастырсын;
Орындау мерзімі: 2012 жылғы 30 наурызға дейін
7) тасқын суға қарсы, жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ тасқын су кезеңінде төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін жеткілікті қаржылық және материалдық резервтерді құрсын.
Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 наурызға дейін
3. Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті:
1) Су қоймаларынан судың жіберілуін тиімді реттеу, судың жиналуын және судың бөлінуін жоспарлау, олардың сақталуын қатаң бақылау жолымен тасқын сулардың қатерін және ауқымын, олардан болған шығынды азайту бойынша толық ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шараларды қабылдасын;
Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
2) ағымдағы жылға жоспарланған республикалық гидротехникалық құрылыстардың уақтылы салынуын және жөнделуін қамтамасыз етсін;
Орындау мерзімі 2012 жылғы 15 желтоқсанға дейін
5. Ауыл шаруашылығы министрлігі төтенше жағдайлар, қоршаған ортаны қорғау министрліктерімен бірлесіп 2013-2015 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде қар запастарының және жауын-шашынның бар-жоғын, көрші елдерде орналасқан су қоймаларының жұмыс режимін есепке ала отырып су шығыстарын бақылауға арналған негізгі ағысын және су қоймасын қоса алғанда ГИЗ базасында Сырдария өзені бассейнінің қазақстандық бөлігіндегі гидравликалық модельді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізсін.
Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 мамырға дейін
6. Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары жергілікті атқарушы органдармен, Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп:
1) облыс және аудан
орталықтары, елді мекендер, құтқару
бөлімшелері, Азаматтық
Орындау мерзімі 2012 жылғы 15 наурызға дейін
2) электр дабылдарын,
желілік радиохабар тарату, радио
және телевизия арналарын,
Орындау мерзімі 2012 жылғы 15 наурызға дейін
3) Тасқын су зардаптарын
жою үшін күштер мен құралдар
топтамаларының әзірлігін тексе
Орындау мерзімі 2012 жылғы 15 наурызға дейін
7. Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
8. Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
тасқын су кезеңінде автомобиль және темір жолдарының, байланыс және коммуникация желілерінің, көпірлердің, инженерлік және басқа да жол құрылыстарының сақтығын қамтамасыз ету бойынша толық шаралар қабылдасын.
Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
9. «Қазавтожол» РМК Төтенше жағдайлар министрлігіне қар борасыны және температура айтарлықтай төмендеген кезде жолдарды жабу тәртібі туралы құжат ұсынсын.
Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
10. Орталық атқарушы органдар тасқын су қауіпті учаскелерде орналасқан ведомстволық бағынысты объектілерді қорғау бойынша қажетті алдын алу шараларын қабылдасын.
Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
11. Бас прокуратура (келісім
бойынша) Төтенше жағдайлар
Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
12. Осы хаттама ұсынымдарының орындалуын бақылау Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
Төтенше жағдайлардың алдын алу
және оларды жою жөніндегі
ведомствоаралық мемлекеттік комиссия
төрағасы – Қазақстан
Республикасының Төтенше
жағдайлар министр