Еңбекті қорғау

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 12:03, реферат

Описание работы

Еңбекті қорғау журналы № 10 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның ақпараттық материалы.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 17.83 Кб (Скачать)

Еңбекті қорғау журналы № 10 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы  қолданбалы ғылыми зерттеулер  
 
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  
Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның ақпараттық материалы.  
  
Елді индустриялау, өндірісті жаңғырту, өндіріс пен технологиялық процестердің жаңа түрлерінің пайда болуы еңбекті қорғау саласында жаңа әрі күрделі міндеттерді қойып отыр. Қазіргі өмір мен тәжірибе қандай да бір өндіріс ерекшеліктерін тереңірек ұғыну қажеттігін, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша нақты талаптарды зерделеп, қадағалау нәтижелерін қорытындылауды, оларды негіздеп, ғылыми-негізделген гигиеналық нормативтерді әзірлеуді өктем талап етеді. Мамандандырылған ғылыми-зерттеу базасын жасамай әрі отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибені зерделемей, өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіби ауруларды азайту, еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды арттыру шараларын әзірлеу және т.б. мүмкін емес.  
  
Осының бәрінен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында кәсіби ғылыми-зерттеу институтын құру қажет деп пайымдауға тура келді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» (бұдан әрі – Институт) РМҚК құрылған болатын.  
  
Институт қызметінің мәні: ғылыми зерттеулерді жүргізу; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында нормативтік-құқықтық құжаттама әзірлеу; заңның сақталуына мониторинг жүргізу; өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында оқыту; еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік жұмыс тәжірибелерін насихаттау болып табылады.  
  
Қазіргі уақытта Институт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 67 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының» шеңберінде кәсіби ғылыми-зерттеу мекемелерімен бірлесіп еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуде, олардың негізгі міндеттері: еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету; еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру; еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ғылыми қамтамасыз ету болып табылады.  
  
Ағымдағы жылы осы міндеттерді шешуге он тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, олардың ішіндегі неғұрлым маңыздылары төменде келтірілген.  
  
Еңбек жағдайларының Қазақстан Республикасы экономикасының басты салаларындағы жарақаттанушылықтың жай-күйіне әсер етуі  
  
Соңғы тоғыз жыл ішіндегі өлім-жітіммен аяқталған өндірістік жарақаттанушылықтың үрдісі диаграмма түрінде берілген. 2005 жылдың қорытындысы бойынша республикада өндірістік жарақаттанушылық 2004 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8%-ға өсті және 3282 зардап шегушіні құрады, оның ішінде 384-і қайтыс болды, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 28 адамға көбейді деген сөз.  
  
Республика кәсіпорындарындағы жазатайым оқиғалардың жиілігін орташа есеппен  
1000 жұмыс істейтін адамға шаққанда 0,085 құрайды және 2003 жылы елеулі төмендей отырып, оның 1997-2005 жылдар бойы динамикасы тұрақты болды.  
  
  
  
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес ең ауыр жарақаттар металлургия өнеркәсібі және металлургия өнімдерінің өндірісі кәсіпорындарында алынған, оларда орташа есеппен әрбір зардап шегушіге 41 еңбекке жарамсыздық күнінен, одан әрі отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіру кәсіпорындарында – 40 жұмыс күнінен, құрылыс кәсіпорындарында – 38 күннен, отын-энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісін қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 36 күннен, көлік және байланыс кәсіпорындарында – 35 күннен және сусындарды, табакты қоса алғанда, тамақ өнімдерінің өндірісінде – 28 күннен келеді.  
  
Мысал ретінде «Қазмырыш» АҚ және «ҚазақМыс» ЖШС-ның Шығыс Қазақстан филиалы келтірілген.  
  
Өндіру сипаты бойынша тау-кен өнеркәсібі еңбек жағдайлары зиянды, ауыр және қауіпті сала болып қалуда. Есептерге сәйкес оларда өндірістік ортаның қолайсыз факторларының әсер ету ұзақтығы ауысым уақыты бюджетінің 47%-ын қамтиды. Жұмыс істеушілердің қолайсыз санитарлық-гигиеналық еңбек ету жағдайлары пайдалы қазбаларды жерасты өндіру сипатына және соның нәтижесінде жұмыскерлердің денсаулығына келеңсіз әсер ететін физикалық әрі психологиялық сипаттағы әртүрлі қолайсыз факторларға байланысты. Олар – қорғасын, мырыш, мыс, кадмий, құрамында кальций мен темір көп кендік шаңдар сияқты ауыр металдардың аэрозольдары. Осы металдардың барлық жиынтығы, сол сияқты әрбіреуі жекеленген түрде кәсіби сырқаттанудың белсенді көзі болып табылады. Сонымен бірге, пайдалы қазбаларды өндіру жағдайында авариялық ахуалдар, тау-геологиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты әртүрлі тәуекелдер және оқиғалардың салдары ретінде өндірістік жарақаттанушылық пайда болуы мүмкін.  
  
Жобаның шеңберінде өндірістік ортаның зиянды факторларының әсер етуін одан әрі азайту жөніндегі іс-шаралар әзірленетін болады. Бұл тау-кен өнеркәсібіндегі өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіби аурулар үлесінің азаюына әкелуі тиіс.  
  
Қызметкер организмінің өзгеріп жатқан еңбек жағдайларына бейімделуін диагностикалау және олардың салдарынан болған бұзылуларды түзету критерийлерін әзірлеу.  
  
Осы тақырып бойынша зерттеулер «Қазақтан темір жолы» АҚ компаниясының базасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми орталығы» РМҚК-мен бірлесіп жүргізілетін болады.  
  
Темір жол жұмыскерлерінің өндірістік-кәсіби топтары психоэмоциялық стрестермен байланысты жұмыста тәуекелге ұшырайтыны белгілі. Стресс еңбекке қабілеттілікті, сол сияқты еңбек уәждемесін жоғалтуға әкеп соғады. Еңбек ету барысындағы қателік немесе кедергі тек жұмыскердің және оның психофизиологиялық статусымен ғана байланысты емес, сол сияқты еңбек ету процестерімен байланысты себептердің салдары ретінде қарастырылады.  
  
Жобаның негізгі міндеттері – оператор-диспетчерлік қызметтердегі қызметкерлердің еңбек ету сипатының ерекшеліктерін анықтау және қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтай отырып, ой еңбегі қабілеттілігін жақсартуға бағытталған түзету іс-шараларын әзірлеу.  
  
Денсаулықты және еңбек режимі мен жағдайларына бейімделудің қалпына келтіру тетіктерінің тиімділігін сақтау тұрғысында еңбек ету жағдайлары зиянды өндірістердің жұмыскерлеріне емдік-профилактикалық тағам мен витаминдік препараттарды қолдануды зерделеу және жүйелі түрде талдау.  
  
Кәсіби аурулардың таралуы айтарлықтай алаңдаушылықты туғызып отыр. Қолайсыз факторлардың организмге ұзақ уақыт әрі жүйелі түрде әсер етуі кәсіби созылмалы ауруларға әкеп соғады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша кәсіби аурулар салдарынан 321 адам диспансерлік есепке қойылды. Басқаларының арасында ең көп таралған кәсіби аурулар - омыртқа арасындағы дискілердің зақымдалуы, оның үлесіне 2001 жылы сырқат адамдардың 14%-ы және  
2004 жылы 30%-ы келді, одан кейін кәсіби бронхит (жыл сайын 15% -30%), органикалық емес заттардың уытты әсер етуі (13-тен 19%-ға дейін), қолдың вегетативті-сенсорлық (ангионевроз) полиневропатиясы (12-ден 17%-ға дейін) және діріл аурулары  
(11-ден 13%-ға дейін).  
  
«Денсаулықты және еңбек режимі мен жағдайларына бейімделудің қалпына келтіру тетіктерінің тиімділігін сақтау тұрғысында еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің жұмыскерлеріне емдік-профилактикалық тағам мен витаминдік препараттарды қолдануды зерделеу және жүйелі түрде талдау» жобасы металлургия кәсіпорындарының өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыскерлердің емдік-профилактикалық тамақтануының нормаларын әзірлеумен байланысты және «Қазмырыш» АҚ-ның Өскемен металлургиялық кешенінің базасында «Тағамтану академиясы» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырылды.  
  
Өндірістің белгілі бір шамамен қарқындануынан жұмысшылар еңбегінің санитарлық-гигиеналық жағдайлары едәуір нашарлайды және соған байланысты жүйке-психикалық ауырсыну пайда болады. Сонымен қоса, қолайсыз өндірістік факторлардың ұзақ уақыт әсер етуі организмнің қорғаныш күштерінің азаюын туындатады.  
  
Осындай жағдайларда металлургия кәсіпорындарында жұмыс істейтіндерге арналған энергия мен негізгі тағамдық заттарға қажеттілік нормалары түзетуді қажет етеді, ал қазіргі кездегі олардың жұмыскерлердің тамақтануын ұйымдастыруы мамандандырылған ғылыми-зерттеу мекемелерінің тарапынан аса көңіл бөлуді және ерекше көзқарас білдіруді талап етеді.  
  
Тамақтану факторының жұмыс істеушілердің денсаулығы мен оны сақтаудағы маңызы зор, себебі рациондар құрылымы мен сапасы жұмыс ортасының қолайсыз әсерін жандандыруы мүмкін.  
  
Осындай ахуалда емдік-профилактикалық тағамды қолдануға ерекше көңіл бөлінеді. Емдік-профилактикалық тағам химиялық, радиоактивтік, биологиялық және басқа да бөтен заттардың организмге енуіне немесе өндірістің қолайсыз физикалық факторларының әсер етуіне кедергі жасай отырып, организмнің физиологиялық қорғаныш функцияларының (терінің, асқазан-ішек жолдары шырышты қабықшаларының, жоғары тыныс алу жолдарының) артуына септігін тигізетіні белгілі.  
  
Витаминді препараттарды қолдану организмнің жалпы төзімділігін арттыруға, зиянды заттарды организмнен шығару процесін жылдамдатуға, аса қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеушілерде созылмалы, өндірістік және кәсіби ауруларды асқындырмай, алдын алуға септігін тигізеді.  
  
Өткізілген зерттеулердің қорытындысында емдік-профилактикалық тағамды қолданудың тиімділігі негізделіп, зиянды әрі қауіпті өндіріс жағдайларында жұмыс істейтін металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің тағам рационын жақсартуға бағытталған профилактикалық шаралар әзірленетін болады. Жобаның шеңберінде өндірістің қолайсыз факторларының әсері ескеріле отырып, жынысы, жасы, жұмыс сипаты бойынша сараланатын топтарда жұмыс істейтін халықтың тамақтануының физиологиялық нормаларын түзету жалғасатын болады.  
  
Осы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу нормативтік құқықтық актілерді, гигиеналық нормативтер мен ұсынымдарды әзірлеу үшін ғылыми-негізделген базаны дайындауға, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша нақты талаптарды негіздеуге мүмкіндік береді.  
  
Келесі мақалаларда институт оқырмандарды өткізілетін ғылыми зерттеулердің басқа тақырыптарымен, олардың орындалу барысымен және алынған нәтижелермен таныстыратын болады. Осының бәрі ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалғандай «қолданбалы ғылымды өндіріс пен бизнеске барынша жақындататын болады».   

 


Информация о работе Еңбекті қорғау