Азаматтық қорғаныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:43, лекция

Описание работы

Қазіргі заманғы мемлекеттің тіршілік әрекетін қаматамасыз етудегі ролі. Ғылыми-техникалық прогрестің пайда болатын табиғи және техногенді сипаттағы алапаттарға әсері. Тіршілік әркетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылық және әдіснамасы.
Қазіргі заманғы өндіріске тән ерекшеліктер, қауіпті және зиянды фа

Работа содержит 1 файл

Lektsia_OBZhD.docx

— 78.32 Кб (Скачать)

Тақырып.  Кiрiспе.

 Қазіргі заманғы мемлекеттің  тіршілік әрекетін қаматамасыз  етудегі ролі. Ғылыми-техникалық  прогрестің пайда болатын табиғи  және техногенді сипаттағы алапаттарға  әсері. Тіршілік әркетінің қауіпсіздігін  қамтамасыз етудегі маңыздылық  және әдіснамасы.

Қазіргі заманғы өндіріске тән  ерекшеліктер, қауіпті және зиянды факторлар аймақтары. Өндірістік ортаның  жағымсыз факторлары және олардың адамдарға  әсері. Қауіпсіздікті арттырудың және еңбек шарттарын жақсартудың  ұйымдастырушы-техникалық және басқарушылыық  шаралары. «Адам-машина-өндірістік орта»  жүйесіндегі қауіпсіздік проблемалары.

Дәрістің  мақсаты

Пәнде мынандай мәселелердің жай-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады.

  • тіршілік ортасының жай –күйі мен жағымсыз факторлары;
  • адамның тіршілік ортасымен қарым –қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің  қолайлы жағдайлары;
  • ТЖ мен оның салдарын болжау;
  • Төтенше жағдайда  халық пен шаруашылық объектілерінң өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөнінідегі шараларды әзірлеу.
  • Тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік- техникалық және ұйымдық негіздері.

Негізгі терминдер: 

Тіршілік қауіпсіздігі»- адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз- қарым қатынасы мен оны қорғауға,  төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және  техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға,сондай-ақ  осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.

Азаматтық қорғаныс*- бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы тж факторларынң зақымдағыш әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Шаруашылық объектілері- өнеркәсіптік ауылшаруашылық өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделерніе пайдаланатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс- әрекет ететін адамдар ұжымы.

Ұйым- бағдарлама немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы.

Қауіптілік дегеніміз- белгілі бір жағдайда адам денсаулығына тікелей немесе жанама әсерін тигізетін процесстер, құбылыстар. Қауіптілікті сипаттайтын белгілер саны талдау мақсатына байланысты кеміп немесе өсіп отырады. Таксономия- күрделі құбылыстың, түсініктердің жиіленуі және жіктелуі туралы ғылым. Пайда болу табиғатына қарай қауіптілік: табиғи, технологиялық, антропогендік, экологиялық, әлеуметтік және биологиялық болып бөлінеді. Әсер ету тәсіліне қарай физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық және механикалық болып бөлінеді. Кері зардаптардың білінуі уақытына қарай қауіптілікті импульсивті және кумулятивті деп 2-ге бөледі. Таралуына қарай қауіптілікті литосферамен атмосферамен және космоспен байланысты етіп бөледі. Тигізетін зардаптары бойынша ауру, жарақат, өрт, авария төндіретін болып келеді. Әкелетін шығыны бойынша қауіптілікті былай бөледі: әлеуметтік, техникалық, экологиялық.Адамға әсер ету сипатына қарай қаауіптілікті активті және пассивті деп 2-ге бөледі.

Қауіпсіздік түсінігі

Қауіпсіздік- сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті  шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа  тірі организмдерден айырмашылығы ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын  жасай алады.

Адамның іс- әрекетінің қауіпсіздігі-  адамның іс тіршілігі мен қауіп қатер бір бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер. Адамның іс-әрекетінің процесінде қауіп қатер әр уақытта болғанымен ылғи да бола бермейді. Сонымен қауіпсіздік – бұл іс әрекет кезінде қауіп қатердің болмайтындығын айқын болған жағдай. Ол үшін 3 негізгі міндетті атқару керек.

Бірінші міндет- нақты іс әрекеттен  болатын қауіп- қатерді талдау. (идентификация).  Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек: өмір сүру ортасының қауіп  туғызатын элементін анықтау; қауіп  тудыратын іс әрекетті талдайтын  адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің  идентификациясы жүргізіледі.

Екінші міндет- адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді  шараларын әзірлеу.

Үшінші міндет- осы іс-әрекеттің  тәуекелінің қалдығынан қорғану   шараларын әзірлеу, себебі толық  қауіпсіздік орнату мүмкін емес. Қауіп  қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негігі белгілері бір- бірмен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар. Осы сияқты құбылыстарды жіктеумен және жүйелеумен айналысатын ғылымды таксономия деп атайды.

                          “Адам -машина -өндірістік  орта”жүйесі.

     Эргономика  пәні  адамды  “Адам -машина -өндірістік  орта” жүйесіндегі   бас түйін  ретінде   қарайды.  Жүйе   қаншалықты  күрделі   болса,  адами   фактордың  алатын   орны   соншалықты   маңызды.

     Адами  фактор - бұл адамға   тән  психологиялық   және  психофизиологиялық   қасиеттері   мен олардың   жұмыс  жасау   барысында  көрінетін  қасиеттерінің   жиынтығы.

     Машина- “Адам -машина -өндірістік  орта” жүйесіндегі   адам  мен   ол   басқаратын   объектілер   арасындағы  барлық  заттар.

     Өндірістік   орта- зиянды   өндірістік  фактор   мен   қауіпті   өндірістік   фактор   деңгейі,  сондай-ақ   машиналарды  қолдану   барысында   пайда   болатын   параметрлер  ( діріл, шу, электр   тогы ),  сондай-ақ   жүйеге   сырттан   түсетін   ақпараттар  ағыны.

     

                 Оператордың  жұмыс  орнын   ұйымдастыру.

     Операторлардың   жұмыс  орны -  бұл  адамның   еңбектену  әрекеті  өтетін,  ақпараттарды  көрсету   құралдарымен   басқару   органдарымен   және   көмекші  құралдармен  жабдықталған   адамның   жүйедегі   орны.   Жұмыс  орны   отыруға,  тұрып  тұруға,  сондай-ақ   отырып-тұруға   арналады.  Адамның   буындарына  күш    түсуді   азайту   үшін   күш   эпюрасы   тұрғызылады.

      Оператордың   жұмыс  орны   ақпарат   және  мотор алаңдарынан  тұрады.

    


400


1200



 

200


                         



 

 

     

 

 

                                                 

 

 

 

 

1-сурет.  Ақпарат   алаңы.

 

 


       

 


 

 

 

 

 

 

 

600              400               200                          2-сурет.  Мотор   алаңы.

 

     Ақпарат  алаңынан  3   зонаны   бөліп   алуға   болады.

1.  Бірінші   зонаға   тез   және   дәл   есептеуді   қажет   ететін   ақпараттарды   көрсету  құралдарын    орналастырады.

2.   Екінші  зонаға    маңыздылығы   төмен   ақпаратты   көрсету   құралдары   орналастырылады.

3.   Үшінші   зонаға   аз   қолданылатын  ақпаратты  көрсету   құралдары    орналастырылады. 

     Мотор   алаңын  3    зонаға  бөлеміз.

    Бірінші   зона -  қолайлы,   қол   жеткізу   зонасы. Иықтан   шынтаққа   дейінгі  тоқпан   жіліктің  қозғалу  шеңбері.

    Екінші  зона- оңай  қол   жеткізу   зонасы,  иық   қозғалғанда   бос   тұрған   қолдардың   қозғалыс   шеңбері.

    Үшінші   зона-  қол   жеткізу   зонасы,  иық  қозғалысы   кезінде   қолдарды  созған   кездегі   қозғалыс   зонасы.

                              Адамның  жұмыс  жасау   қабілеті.

      Адамның   жұмыс   жасау   қабілеті-  бұл  оның   белгілі    бір  күрделілігі   мен   ауырлығы   бар   нақты   жұмысты   ауысым   барысында   жоғары  дәрежеде   атқара   алуы.

      Жұмыс   жасау   қабілеті   жұмыс   уақыты   барысында   3  кезеңнен  өтеді.

1- кезең (0,5-1,5сағат) – жинақталу   кезеңі. Жұмыс   жасау   қабілетінің   төмендігімен   сипатталады.

2-  кезең (2,5-3  сағат)- жұмыс   жасау  қабілетінің   жоғары   болуы.(80%)

3-  кезең (0,5  сағат) – жұмыс   жасау   қабілетінің  шаршау  нәтижесінде  төмендеуі.

    Шаршау-жұмыс   жасау   қабілеті   уақытша   төмендегенде,  көрініс  табатын   ағзаның   ерекше   физиологиялық   күйі. Өзіне  тән   белгілері: еңбек   өнімділігінің   төмендеуі,   физиологиялық   қызметтердің  (қан  қысымының  көтерілуі,  тамыр  соғысының  жиілеуі,  энергияны   көп   жұмсау),  ынта  мен   есте   сақтаудың   әлсіреуі,   қозғалыс   реакцияларының  бәсеңдеуі.

    Шаршаумен  күресудің   бірден-бір  жолы- үзіліс.  Үзілістің   ұзақтығы   жұмыстың   түріне   байланысты.

    Кәсіби   іріктеу- психофизиологиялық,  кәсіптік  жарамдылығы   объективті   бағаланған   адамдарды   күрделі,  жауапты  және  қауіпті  мамандықтар   бойынша   оқыту    және   жұмыс   жасау   үшін   кандидаттар   тобынан   ғылыми   негізде   таңдау.  Кәсіби  іріктеудің  мақсаты-  еңбек   қауіпсіздігін   жоғарылату, сондай-ақ  кадрларды  тиімді   пайдаланып,  оларды   жүйелі   орналастыру.

    Қайғылы   оқиғалардың   себептері-  көбінесе   адами   фактор,  яғни   адамдардың   қате  іс-әрекеттері  (қасақана  және  абайсызда) болып  табылады. Сондықтан   еңбек   процесі   кезіндегі   адамның   қауіпті   және   қауіпсіз   мінез-құлықтарының  психологиялық   ерекшеліктері,  сондай-ақ   психофизиологиясына   байланысты   адамдардың   қате  әрекеттер       жасау  ерекшеліктері.

    Қате  әрекеттер  қасақана   немесе   абайсызда   жасалуы   мүмкін.

    Адам   кәсіби   дайындығы   төмен   болғанда,  машықтануы   болмағанда,  психофизиологиялық   жағдайының   жасалынып   жатқан   жұмысқа  сай  болмағанда   (есте  сақтау   қабілеті   төмен,   ойлау   қабілетінің   сын   көтермеуі, зиянды   өндірістік  факторлар,  шаршау) қателікке   жол  береді.

     Кәсіби  іріктеу   психофизиологиялық   сынақ   нәтижесінде   жүргізіледі:

  • медициналық-  биологиялық;
  • психофизиологиялық;
  • психологиялық.

Сынақ  кезінде   тестілік,аспаптық, сауалнамалық  түрде   жүргізіледі.

Тақырып бойынша бақылау  сұрақтары

1. Тіршілік қауіпсіздігінің негізгі  мақсаттары қандай?

2. Тіршілік қауіпсіздігі түсінгі.

3. Азаматтық қорғаныс дегеніміз  не?

4. Қауіптілік түсінігі.

5. Қауіпсіздік түсінігі.

Қолданылатын әдебиеттер

1.  Н. Приходько  «Безопасность жизнедеятельности» курс лекции Алматы-2000 5-15 беттер

2.С Арпабеков «Өмір-тіршілік  қауіпсіздігі» Алматы-2004    5 бет.

3.«Тіршілік қауіпсіздігі» курсы  бойынша жоғарғы курс студенттеріне  арнлған оқу құралы;  Алматы 2001ж  5-8беттер

Қосымша әдебиеттер

1. П.П.Кукин,В.Л.Лапин идр. «Безопасность  жизнедеятельности» М-1999- 18 -32 беттер


Информация о работе Азаматтық қорғаныс