Азаматтық корганыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:11, реферат

Описание работы

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі.[1] Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.

Работа содержит 1 файл

азаматтык корганыс.doc

— 181.00 Кб (Скачать)

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі.[1] Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.[2

 

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

09.12.98 ж. N 307-I ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  1- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы;

Азаматтық қорғаныс бөлімдері - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын Азаматтық қорғаныстың әскер бөлімдері;

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылатын, әкімдер, орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері;

Азаматтық қорғаныс күштері - Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, аумақтық, объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-құтқару отрядтары;

Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары;

Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

Азаматтық қорғаныстың басқару органдары - бейбіт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ұйымдар;

«Баршаңыздың назарыңызға!» дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті;

жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объектілерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар;

қорғану құрылыстарының қоры - өндірістік персонал мен халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлік құрылыстардың жиынтығы;

шаруашылық жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар;

эвакуациялық органдар - халықты, материалдық құндылықтарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндірістік қызметті және тыныс-тіршілікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық-қабылдау комиссиялары.   

 

2-бап. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы заңдары

1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.  

 

2. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)  

 

3-бап. Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi

Халықты және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн  қорғау Азаматтық қорғаныстың бiрiншi кезектегi мiндетi болып табылады және осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде нұқсанды азайту мүдделерi үшiн халықтың iс-қимыл жасауының оңтайлы тәсiлдерiн ғылыми тұрғыдан анықтау және аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн дер кезiнде дайындау негiзiнде жүргiзiледi.

Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

1) басқару, құлақтандыру және  байланыс жүйелерiн ұйымдастыру,  дамыту және оларды ұдайы әзiрлiкте  ұстау; 

2) Азаматтық қорғаныс күштерiн  құру, оларды дайындау және төтенше  жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау;

3) орталық және жергiлiктi атқарушы  органдардың, ұйымдардың қызметшiлерiн  даярлау және халықты оқыту; 

4) радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау  және оған лабораториялық бақылау  жасау; 

5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруға әзiрлiктi қамтамасыз ету;

6) шаруашылық жүргiзу салалары  мен объектiлерiнiң жұмыс iстеу  тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шаралар  кешенiн жүргiзу;

7) қорғану құрылыстарының қажеттi қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте ұстау;

8) халыққа, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың  өмiрi мен денсаулығына төнген  қатер және орын алып отырған  жағдайда iс-қимыл жасау тәртiбi  туралы хабарлау;

9) iздеу-құтқару жұмыстары мен  басқа да шұғыл жұмыстарды  жүргiзу, зардап шеккен халықтың  тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан  эвакуациялауды ұйымдастыру; 

10) азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ  шикiзаттарын, жемшөптi, мал және  өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғау. 

 

 

 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-бап. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптерi мен тәртiбi

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады.

Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды  Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады.

Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше  жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi.

Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық  қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу  маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру  мен жүзеге асыруға Қазақстан  Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп берiп отырады. 

 

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛҚЫН, АУМАҒЫ

МЕН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГIЗУ ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ШАРАЛАРЫ 

 

2004.20.12 N 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.04.12.  № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді

5-бап. Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары

Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік  сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында:

1) уәкілетті орган:

халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше  жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын  әзірлеуді, сондай-ақ оны Азаматтық  қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге беруді;

шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі  перспективалық және ағымдағы жоспарларды  және оларды жою жөніндегі іс-қимыл  жоспарларын бекітуді;

шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін бекітуді;

төтенше жағдайлар зардаптарының  алдын алу және жою жөніндегі  күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды  және оларды қолдануға әзірлік жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсетуді;

мониторинг жүйесін ұйымдастыруды, халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргізу  объектілерін техногендік авариялар, ықтимал су тасқындары, селдер, көшкіндер  мен басқа да қауіпті экзогенді  құбылыстар туралы құлақтандыруды;

2) жергілікті атқарушы органдар:

ықтимал су тасқындарын, селдерді, көшкіндерді  және басқа да қауіпті экзогенді  құбылыстарды ескере отырып, аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;

төтенше жағдайлар кезінде баспанасыз қалған халық үшін уақытша тұрғын үй резервін жасауды;

тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде азық-түліктің, дәрі-дәрмектің және материалдық-техникалық құралдардың  қорларын жасауды;

3) ұйымдар:

шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді;

шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру  және төтенше жағдайларда олардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуді;

төтенше жағдайлар зардаптарының  алдын алу және жою жөніндегі  күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды  және оларды қолдануға әзірлік жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек  көрсетуді;

мониторинг жүйесін, персоналды, шаруашылық жүргізу субъектілерін және халықты техногендік авариялар туралы құлақтандыруды ұйымдастыруды;

ықтимал су тасқындарын, селдерді, көшкіндерді  және басқа да қауіпті экзогенді  құбылыстарды ескере отырып аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;

тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде азық-түліктің, дәрі-дәрмектің және материалдық-техникалық құралдардың қорларын жасауды жүргізеді.  

 

 

       2004.20.12 N 13-III Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

6-бап. Жер сiлкiнiсiнен қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары

1. Халықты, аумақтар мен шаруашылық  жүргiзу объектiлерiн ықтимал жер  сiлкiнiстерiнен қорғау мақсатында  алдын ала мынадай шаралар  кешенi жүргiзiледi:

сейсмологиялық байқаулар мен жер сiлкiнiстерiн болжаудың республикалық жүйесiн дамыту;

республика аумағының сейсмологиялық қауiптiлiгiн ғылыми тұрғыдан болжау, бағалау және оны сейсмологиялық ықшам аудандарға бөлу;

құрылыс нормалары мен ережелерiн  сейсмологиялық қауiптi ескере отырып жасау;

сейсмикалық орнықты үйлер мен  ғимараттардың тиiмдi конструкцияларының және шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң  сенiмдi жұмыс iстеуiнiң есептерiн  ғылыми тұрғыдан негiздеу және оларды жобалау;

сейсмикалық орнықты үйлер мен  ғимараттар құрылысының сапасын бақылауды жүзеге асыру;

Информация о работе Азаматтық корганыс