Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 13:16, лекция
Киіз үйдің сүйегімен таныстырады.Киіз үй ауа райының қандай жағдайындада пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай.Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды.Киіз үйдің сүйегі жасалатын «үй ағашты» алты ай немесе бір даярлайды.
Қазақ тілі пәнінен қазақша ашық сабақтар жинағы: Дара және күрделі етістік (Бастауыш сынып)
Қазақ тілі
2 сынып
Тақырыбы: Дара және күрделі етістік
( интербелсенді тақта арқылы)
Мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларғаетістіктің
дара және күрделі болып бөлінетін,күрделі
етістіктер екі, үш сөзден құралып, құрамындағы
сөздердің бөлек жазылатынын меңгерту.
2. Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін
дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып,білім
сапасын арттыру. Сөздер арқылы сөз байлығын,
сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Жерін,елін,
Отанын сүюге,табиғатты аялай білуге тәрбиелей отырып,құстарға,жануарларға
қамқорлық жасау.
Сабақтың түрі: Аралас
сабақ
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, салыстыру,
талдау.
Формасы: Жекелей, жұптық, фронтальды
Көрнекілігі: Суреттер, сызба, ойындар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Қазір қандай сабақ екендігін еске түсірейік.
Қазақ тілім- өз тілім,анам тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Міне, балалар,ғұлама кемеңгер ақындарымыздың
тілі- туған тіліміз қазақ тілі сабағы.
ІІ. Өткенді қайталау.
- Сұрақтарға жауап беру арқылы жасырын
сөздерімізді табамыз.
1.Қандай сөз таптарын білесіңдер?
2.Етістік дегеніміз не?
3.Етістіктің сұрақтарын ата.
4.Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?
- Сонымен, өткен сабақта етістіктің қандай
түрлерін өтіп едік?
Дара етістік дегеніміз не?
Күрделі етістік дегеніміз не?
ІІІ. Негізі бөлім
1.Ой қозғау. «Буындардан сөз құра»
Берілген тем,көк буындарынан сөз құраймыз.
Қандай сөз шықты?
Көктем.
Балалар көктемге байланысты суреттерді
тауып, топтастырамыз. (суреттерді әкелеп
қояды)
құстар
ұя ағаштар
бүршік
2. Дәптермен жұмыс.
-Дәптерлеріңе осы суреттер бойынша сөйлем
құрап жаз.
- Құраған сөйлемдеріңнің ішінен етістікті
тауып, қай түріне жататынын ажырат.
Қорытынды: Дара етістік пен күрделі етістікті
қалай ажыратамыз? Күрделі етістік қалай
жазылады?
3. «Жылдам тап» ойыны
Берілген суретке сәйкес етістіктерді
сызба арқылы көрсет.
Жаңбыр ұшады
Кеме гүлдейді
Тікұшақ жауады
Гүл жүзеді
Қорытынды: Етістік қай сөз табымен байланысты?
Сөйлемнің қай жерінде кездеседі?
4. Сергіту сәті.
Солға,солға түзу тұр,
Оңға,оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары,төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
5. Оқулықпен жұмыс.
-Оқулықтарыңның 130-бетін ашып, 354- жаттығуды
оқиық.
1- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті
әріпті қойып сөздерді оқы.
2- тапсырма. «Ішіне –сыртына» ойыны.
Дара етістіктерді ішіне,сол етістіктерді
күрделі етістікке айналдырып, сыртына
жаз.
Ішіне Сыртына
күреді күреп жатыр
үйді үйіп жатыр
құйды құйып тұр
сүзді сүзіп жатыр
ұшты ұшып жүр
6.Жұппен жұмыс.
«Сөйлемді аяқта» ойыны.
І нұсқада отырған оқушы нүктенің орнына
тиісті дара етісткті,
ал ІІ нұсқадағы оқушы күрделі етістікті
қойып жазады.
Арман кітап .......
Айдын футбол .........
Жұптағы балалар бірін –бірі тексереді.
ІV. Қортынды: Етістік турады эссе жазу.
V. Бағалау.
VІ.Үйге тапсырма: 356- жат
Ашық сабақ, Тәрбие
сағаты
Киіз үйді жіліктей білесің бе?
(«Сарыарқа» күйі ақырын үнтаспада ойнап тұрады)
1- оқушы:
Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңінен үзінді оқиды.
2- оқушы:
Киіз үйдің сүйегімен таныстырады.Киіз үй ауа райының қандай жағдайындада пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай.Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды.Киіз үйдің сүйегі жасалатын «үй ағашты» алты ай немесе бір даярлайды.
Кереге – киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Керегенің әр ағашын желі, ал керегелік желінің ең ұзынын – ерісін, қысқалауын – балашық, ең қысқасын – сағанақ деп атайды.
Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Қанат саны (3 қанаттан бастап 12 қанатқа дейін) үй көлеміне қарай көбейе береді. Керегенің бас санына қарай уық саны азайып, көбейіп отырады.
Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні деп атайды.
Уықтың жоғары түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатан төрт қырлы ұшын қаламы дейді.Уықтың кеғреге басына байланатын жағын тесіп, бау өткізеді, оны уық бау дейді.
Шаңырақ – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Оны көбіне тораңғыдан, сом қайыңнан иіп қиюластырады, қоспаларын жылтырауық металмен, күміспен құрсайды. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді.
Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз - қаламдықтар теседі.Түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын – шашын іркілмеуі үшін 45 градус шамасында айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды.
Сықырлауық (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттерден құралады.
3- оқушы: (Киіз үйдің макетін құрады).
Киіз үйді тігу үшін ең алдымен ауыл азаматы сықырлауықты құрып ұстап тұрады. Одан соң оң босаға жақтан бастап кереге керіліп байланады. Кереге құрып болған соң ауыл азаматының бірі (ер адам болу керек) бақанмен шаңырақты ортаға көтеріп ұстайды. Осы кезде қыз, келіншектер уық шаншып байлай бастайды. Киіз үйді тігуге ауылдағы бар жастар ұйымдасқан түрде қатысады.
4- оқушы: Киіз үйдің ішкі баулары:
Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.
Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.
Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.
Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.
Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.
Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.
Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.
Бел- бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.
5- оқушы: Киіз үйдің шилері.
Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.
Киіз үйдің сыртқы жабдықтары – күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Оларды пісірген ақ шаңқан киізден пішіп, ою - өрнектермен безендіреді.
Туырлық – керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жауып тұрады.
Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады. Киіз есіктің сыртқы киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады.
Түндік – шаңырақты, киіз есікті туырлық шетін бастыра жабылады. Түндіктің төрт бұрышына түндік бау байланады. Түндікті ық жақтан қайырып ашады, әйтпесе жел көтеріп, желпіп кетуі мүмкін.
6- оқушы: Үй жиһаздары.
Абажа – тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен қапталған.
Кебеже – сүр ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы.
Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекейленіп
қапталады.
Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.
Асадал-тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеже.
Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ.
Адалбақан – киім ілуге арналған үй жиһазы.
Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат.
Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.
7- оқушы: Төсеніштер туралы айтайын.
Алаша – әр түрлі түске боялған жүннен тоқылған төсеніш. Көп мәнерлі өрнектер түсіріп тоқиды.
Бөстек – малдың не аңның жұмсақ терісіне киізден астар салып жасалынады.
Киіз – қой жүнінен, еденге төсейтін төсеніш.
Сырмақ – киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. Ақ-қара киіздер бөлек-бөлек даярланып бір-біріне беттестіріп, қиюластырып тігеді.
Түскиіз – сәндік үшін төсектің тұсына тұтатын үй бұйымы. Киіз үстіне барқыт, шұға, жібектерден ою-өрнектер тігіледі.
Қоржын – екі жағын тең етіп тоқыған, не құрап тіккен зат салатын дорба.
Аяққап – ыдыс-аяқ салатын қапшық. Екі бетін киізден тігіп, бетін ою-өрнек салып не кестелеп әшекейлейді.
8- оқушы:
Көрпе – матаның арасына мақта немесе жүн салып тіккен жамылғы. Көрпенің астары жай матадан, тысы асыл матадан тігіледі. Егер көрпе тысын мата қиындыларынан құрап тіксе «құрақ көрпе» делінеді.
Ақ дастархан – ас қоюға арналған мата төсеніш. Дастарханды кейде «ақ жаулық» деп те атайды. Дастарханның шетін сырып тігеді, не шашақ тағады.
«Ақ дастархан» әні орындалады.
9- оқушы: Қазақтың ұлттық киімдері, қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе атқан бай қазына.
Айыр қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртында өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде, негізінен, хан – сұлтандар салтанатқа киетін болған.
Оқалы немесе зерлі шапан – қымбат матадан жағасы мен өңіріне зер салынып, арқасы мен етек жеңі оқалы жіппен өрнектеліп тігілетін сырт киім. рқасына күн тәріздес дөңгелек өрнек, өн бойына өсімдік тектес оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапандарды хан – сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған.
Жарғақ шалбар. Иленіп, әбден өңделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі – түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал – серілер салтанатқа киген.
Кимешек – жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін шылауыш немесе күндік сияқты ақ мата оралады.
Камзол – шапанға қарағанда ықшам, қысқа, көбінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі. Салтанаттарға киілетін камзолдар аса қымбат маталардан белі қыналып, өңірі мен етегі түрлі өрнектермен кестеленіп өрнектеледі.
10- оқушы: Зергерлік, бұйымдарды атап шығайын.
Алтын, күмістен жасалған білезік, сақина, тұмар, шолпы, алқа, сырға, белдік т.б. Күміс бұйым тағу тазалық, адалдық символы болған, сол себепті әрі әсемдік үшін таққан.
11- оқушы: Ұлт аспаптары:
Адырна – қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе таптып, аң-құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады.
Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты-үсті терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішектер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарысен іліп тартып ойнайды.
Аса таяқ – сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110-130см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылды.
Домбыра – қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалынады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері де бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.
«Кеңес» күйі орындалады.
Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектеп
Ашық тәрбие сағаты
Мұғалім: Сәдуахас Райхан
Сыныбы: 10-сынып.
Қазалы 2012 жыл.
Сабақтың тақырыбы:
Абайдың табиғат лирикасы
Сабақтың мақсаты: Білімділік:
Оқушыларға Абайдың табиғат лирикасына
арналған өлеңдерін жатқа айтуға үйрету,
сазгерлігін таныту, әндерін орындату.
Сөздік қорын молайту.
Дамытушылық:
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне
ықпал ету.
Тәрбиелік:
Табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:
әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылық
жұмыс.
Сабақтың түрі:
Жарыс сабақ (топтық жарыс).
Пәнаралық байланыс:
қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:
«Абай елі» Абайдың табиғат лирикасына
арналған
плакаттар, интерактивті тақта, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы:
Қазақ тілі мұғалімі:
Құрметті қонақтар,әріптестер,оқушылар!
Сіздер қазақ халқының ұлы ақыны Абай
Құнанбаевтың табиғат лирикасына арналған
әдеби кешке келіп отырсыздар.
Сабақтың эпигрофы:
Асыл сөзді
іздесең,
Абайды
оқы ерінбе.
1-ші сөз: Қазақ
әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Сәлімқызына
сөз кезегін береміз. Интерактивті тақтамен
сендерге Абайдың өмірбаяны мен шығармашылық
жолын таныстырып өтеді.
Қазақ тілі пәнінің
мұғалімі: Сафура Базарбайқызы
«Абайдың табиғат лирикасы» деген тақырыпты
қорытындылау сабағын топтық жарыс түрінде
алып отырмыз.
-Балалар, біз бүгін Абайдың «Қыс», «Көктем»
өлеңдерін қорытындылауға арналған жарыс
сабағын өткіземіз. Жарысқа екі топ қатысады.
Жарыс сабағының
мақсаты: - Сендердің өнер-білімдеріңді
жан-жақты байқау. Әр топтың арнайы сұрақ-тапсырмалары
бар. Сендердің жауаптарыңды сарапшылар
бағалап отырады.
Топ жетекшілері шығып өз тобымен, оның
атымен және төсбелгісімен таныстырады.
Марат – Біздің
тобымыздың аты – «Қыс» - Қыс белгісі –
қарды біз төсбелгі етіп алдық.
Ирина – біздің
тобымыздың аты – «Көктем». Көктемде айнала
жасыл түске айналады. Сондықтан біз жасыл
түсті, гүлдерді төсбелгі етіп алдық.
1-бағыт. – Поэзия
3 оқушы.
1-топ. Әр топтан бір шумақтан бірін-бірі
жалғастырып өлеңді жатқа айтып шығады.
2-тапсырма. Әр
топ өздеріне арналған сұрақтарға жауап
береді.
«Қыс» тобына
Информация о работе Қазақ тілі пәнінен қазақша ашық сабақтар жинағы: Дара және күрделі етістік