Қауіп-қатерден қалай сақтануға болады

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 10:18, реферат

Описание работы

ӨРТ КЕЗІНДЕ БИІК ҚОНАҚ ҮЙДЕН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ.
ҚҰЛАП БАРА ЖАТҚАН ЛИФТТЕН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ.
ТЕРРОРИСТТЕРДІҢ ҚОЛЫНАН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ.

Содержание

1. АДАМҒА НАНҒЫСЫЗ ЖАҒДАЙЛАРДАН шығу жолдары
2 Қауіп-қатерден қалай сақтануға болады
3 Жеке адамның алдан-ала қауіпсіздік шаралары
4 Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау.
5 Көпшілік орындарда өрт болған жағдайдағы әдістер мен ұсыныстар
6 КӨПШІЛІК ТОБЫРЫНАН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Работа содержит 1 файл

ЖАН САҚТАУ ӘЛІППЕСІ.docx

— 35.12 Кб (Скачать)

АДАМҒА  НАНҒЫСЫЗ ЖАҒДАЙЛАРДАН ҚАЛАЙ  ШЫҒУҒА БОЛАДЫ

ӨРТ КЕЗІНДЕ БИІК ҚОНАҚ ҮЙДЕН  ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

ҚҰЛАП БАРА ЖАТҚАН ЛИФТТЕН ҚАЛАЙ  АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Сулы матамен мұрныңызды және ауыз қуысын жауып, басыңызға сулы сүлгі  жамылып шығыңыз.

Егер  есіктің тұтқасы салқын болса, есікті ашыңыз. Егер коридор түтін болса  мүмкіндігінше еңкейіңіз (еденнен 60 см) және шығу есігіне беттеңіз. Егер есіктің тұтқасы ыстық болса, есікті ашпаңыз. Бөлмеге түтін кірмес үшін, есіктің астын сулы сүлгімен бекітіңіз.

Негізінде сөрт сатысы тек жетінші қабатқа  дейін жетеді. Мүмкін қабарға арқалы келесі бөлмеге кірі алатын шығырсыз (Шкаф орналасқан жерде жұқарақ). Балконнан  балконға жете алау мүмскіндігін де қарастырыңыз. Екінші қабаттан жоғары тұрсаңыз, секірмеңіз. Бір-біріне жалғанған төсенгіштірді  қолданыңыз, бұл жағдайдың өзінде де бір қабаттан артық түспеңіз.

Соққы күшін анықтау үшін, етбетіңізден жерге жатыңыз(шетінен гөрі ортасына қарай). Жоғарыдан еш нәрсе түсіп  кетпес үшін, басыңызды жабыңыз. Лифтінің шахта түбіне түсіп кету мүмкіндігін  де ойлаңыз. Осылай да тірі қалуға болады. Құлап бара жатқан лифтіде өлім жағдайы  сирек кездеседі. Кейбі сарапшылар тік тұрып, соққы алдында секіру қажет дейді, бірақ уақытты дұрыс  пайдалану мұмкіндіге аз.

ТЕРРОРИСТТЕРДІҢ ҚОЛЫНАН ҚАЛАЙ  АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

ҚҰЗДА ТОҚТАП ҚАЛҒАН КӨЛІКТЕ ҚАЛАЙ  АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Террористтер өте ашушаң келеді, сондықтан сабарлық танытыңыз. Олар сізге өздері сөйлемейінше, сіз оларға сөйлемеңіз. Егер оқ атып жатса басыңызды  жауып, жерге жатыңыз. Артық әрекет жасамай, солардың талаптарын орындаңыз. Ешқашан терриористтердің көзіне тура қарамаңыз. Егер сізге сөйлесе өте  сыпайы жауап беріңіз. Ертеңгі күні оны сипаттап беру үшін ойша есім қойып  алыңыз. Оларды ұстау тобы келген кезде  еденге жатып, басыңызды жабыңыз, әйтпесе  екі жақтың оғы да тиіп кетуі мүмкін.

Жылдам қозғалыстар жасамаңыз. Егер машинаның алдыңғы бампері  қауіпті жерде тоқтап қалса, онда аман қалуға уақыт өте аз, ақырын артқы орындыққа барып отырыңыз. Терезені сындыру жағдайында қолыңызға  ауыр нәрсе алып алаңыз. Егер машана құламайды деп ойласаңыз, тез  арада артқы есікті ашып шығыңыз  егер есік ашылмай қалса, артқы терезені сандырыңыз. Тез қимылдаңыз, әрі абай болыңыз.

ЖІПТЕН ҚАЛАЙ БОСАНУҒА БОЛАДЫ

СУАТТАРДАН ҚАЛАЙ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ

Егер сізді байлап қойса, терең  тыныс алып иығыңызды артқа тартыңыз. Күшіңіз келгенше жіпті тартыңыз. Жіліншек немесе сүйектеріңізді ажыратуға тырысыңыз (саусақтарыңызды тіреңіз). Басқалары кеткеннен кейін, денеңіздегі күш-қуатты жинап, жіпті шешуге тырысыңыз, мүмкін сіздің жолыңыз болып кетер. Жіпті шешу үшін барлық құралдарды қолданыңыз. Тұйінді тісіңізбен шешіңіз. Байлаулы қолмен де жіп түйiнін шешуге болады.

Судан шығып, келген жағыңызға қараңыз, ол жақта мұз қаттылау болуы тиіс. Суатттың шетіне шынтағыңызды тіреңіз. Жүзіп бара жатқандай аяғыңызбен итеріңіз. Мұздың үстінде тұрмай, сырғанаңыз, себебі суатқа қайта түсіп кетуіңіз мұмкін.

ҚҰМДЫ ЖЕРЛЕРДЕ АМАН ҚАЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 

СУСЫЗ АРАЛДА СУДЫ ҚАЛАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ

Мұрныңызды және аузыңызды бет  орамалымен жабыңыз. Ұзын шалбар, нәски және жабық аяқ киім киіңіз.Егер де сіздер бір топта болсаңыздар адасып кетпес үшін қолдарыңыздан немесе жіптен ұстасып алыңыздар. Биік жерге шығуға тырысыңыздар.

Жаңбыр суын ыдысқа немесе тәрелкеге жиып алуға тырысыңыз. Өсімдік көп өсетін жерге барыңыз. Шықты жинап алыңыз. Жіңішке шүберекті немесе бір топ шөпті байлап алыңыз. Шық матаға тез сіңеді, содан кейін оны сығуға болады. Балықты ұстап алғаннан кейін бірінші кезекте оның көзін соруға тырысыңыз, оның айналасында сұйықтық көп болады. Балық етінің құрамында су көп болады. Балықты матаға орап, сығыңыз одан шыққан сөлді ішіңіз.

ЖҮГІРІП БАРА ЖАТҚАН ТҮЙЕНІ ҚАЛАЙ БАСҚАРУҒА БОЛАДЫ

ТАРАНТУЛДЫ  ЖЕҢУ БОЛДАРЫ 

Шауып бара жатқан атты жүгеннен тартып тоқтатуға болады. Ал түйеге бұлай істей алмаймыз. Түйенің мойны мықты болады. Және оның жүгені мұрнында болады.Сіз оның мұрнын зақымдап алуыңыз мүмкін. Егер жүген түйенің басына қатты тартылған болса, түйе басын бұрған жағына қарай бұрылады.Ол келесі жағына бұрылуы да мүмкін Шаршағаннан кейін түйе жатады. Сол кезде одан секіріп түсіп кетіңіз Егер сіз түйенің қашып кетуіне жол берсеңіз, түенің егесі қатты ашулануы мүмкін

Бұл өрмекшінің шаққаны өлімге алып бармайды. Егер тарантуло сіздің аяғыңызда өрмелеп бара жатса, сабырлық сақтаңыз және оны таяқпен немесе газетпен итеріп тастаңыз. Егер ешнәрсе шықпаса, абайлап тұрып, аяқпен итеріп жіберіңіз. Тарантулдардың көпшілігі екі рет тістейді.(бірінші шаққаны құрғақ, екіншісі -сылы, улы). Жарақаттанған жерге инфекция түсу қаупі бар. Іскен жерді антигистаминен емдеңіз. Егер 12 сағаттан кейін ісік қайтпаса, дәрігерге көрініңіз. Тарантулды ешқашан қолыңызға алуға тырыспаңыз. Оның арқасындағы тікеншелері сынып, теріге сіңіп кетеді.


                                                          

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР 

(Қауіп-қатерден қалай сақтануға  болады)

Қарлы боран (дауыл)

Егер  сіз боранда қалсаңыз:

Қар үстінен паналайтын орын дайында;

  • ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;
  • паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;
  • ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.

Паналайтын жерде отырып не істеу керек:

    • паналаған орынды белгілеу керек;
    • бір-біріңе жақын отыру керек;
    • барлық киім түймелерін салып, етек-жеңін дұрыстау керек;
    • Су киімді сығу керек;
    • ыстық шәй, кофе ішу керек;
    • басыңды, аяғыңды барынша жылы ұстау керек;
    • майлы азық пен қант жеу керек

Түн уақытта не істеу  керек:

  • Ішімдік ішпеу;
  • отты қараусыз қалдырмау;
  • орынды себепсіз қалдырмау.

                                                  Су тасқын, сел

Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.

Елді мекендерде су тасқыны боларда  алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізі керек. Жергілікті елдің  топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.

Гидрологиялық алдын-ала  бақылаудың мынадай жүйесі бар:

  • Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік)
  • Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін)
  • Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары)

Жағаға жақын облыстардың тұрғындары жақын уақытта не болатынына қызығушылық білдіріп жүруі керек.

Жеке адамның алдан-ала  қауіпсіздік шаралары:

  • алғашқы толқынның әсерінен құлатқанда;
  • барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйрету;
  • қайықтың болуы (мүмкіндігінше екі қайық- біреуі кәдімгі, екіншісі-жел үрлеп толтырылған) ;
  • жергілікті елді-мекендердің топографиясымен танысу;
  • жақын маңда стихиялық жағдай болғанда хабарласу түрін білу.

Су тасқыны кезінде:

  • үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
  • пештегі жанып жатқан отты өшіру;
  • үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;
  • бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып тастау;
  • мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.

Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен  бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ  және т.б. керекті нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.

Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ  болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан  табылған заттардан тамақ әзірлеуге  болмайды.

Қар көшкіні - таулы аймақтарда болатын  қардың, тастың көшкіні. Бұл құбылыс  көбіне көлдерде судың толуынан, мұздардың  еруінен болады. Қар мен мұз  еріп, олар төмен қарай ағады. Ағынның биіктігі 10-20 метрге дейін (кей жағдайларда 40-50 метрге дейін), ағу жылдамдығы 3-5 м/с. Көшкіннің астында қалғандардың тірі қалуы мүмкін емес, сондықтан абай болу қажет.

Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600-ден көп әртүрлі жағдайлар болған. Қар көшкіні жағдайлары шамамен 80%, мұз еруінен 15% және қар еруі мен жер сілкінісінен 5% болады.

Қазақстанның ең қауіпті таулы аймақтары болып Жоңғар, Талас, Іле Алатауы, сондай-ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.

Көшкін қаупі бар кезең - Қазақстанның таулы аймақтарында күн жылыған  кезде болады (тамыз-қыркүйек айлары).

Көшкіннің болу белгілері 

  • Көшкін қаупі бар аймақтары жаңбырдың үздіксіз жауу;
  • Көшкін қаупі бар аймақтарында күннің жылуы;
  • Көлде деңгейінің күрт төмендеуі немесе жоңғар жағында шұңқыр пайда болуы;
  • Жер сілкінісі.

Көшкіннің жақындау қаупі және белгілері 

  • Көшкінге қауіпті арналарда судың тоқтап не болмаса күрт азайып кетуі;
  • Көшкінге қаупі арналардың жоғары жағында қатты дыбыстың пайда болуы;
  • Көшкін алып келген тастардың соққысынан болған қозғалыстар;
  • Көшкін соққысынан болған шаңды бұлттардың пайда болуы;
  • Судың лайлануынан пайда болған көшкін алдындағы себептер.

Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау.

  • таулы аймақтардағы жағдайларды бұқаралық ақпараттық құралдаынан тыңдаңыз;
  • Қатерлі аймақта тоқтаусыз жаңбыр жауса, ол жерден тез арада кетуге тырысыңыз;
  • Келе жатқан көшкін ағынына 50-60 м жақындамаңыз;
  • Тау шеттеріне және көшкін ағатын аймаққа тоқтамаңыз;
  • Қауіпті жерлерде адамдар арасындағы қашықтық 20-30 м болсын;
  • Қаупі бар аймақтарға тынығуға бармаңыз, көлдің жағысына лагер палаткасын тікпеңіз:
  • Көшкін болатынын сезген жағдайда, тауға шығып, неғұрлым алысырақ кетуге тырысыңыз;
  • Көшкін өткеннен кейін ол жерге түспеңіз, себебі ол жерде тағы да көшкін қаупі болуы ықтимал;
  • Қауіпті аймақтада қауіпсіздік шараларын сақтаңыз;
  • Теңіздің мұз жағында болу, қауіп төнген жағдайда дауыл тллқыны болмағанда ауа температурасының жағымсыз жағында болу;
  • Көлдің бөгет бойымен, жылжып жүрген үлкен мұздың немесе қар көшкіні үстімен жүрмеңіз;

                              Суда зиян шеккендерге алғашқы көмек

Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бақытсыздыққа көбіне балалар, мастар мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де ұшырайды.

Суға түскенде қандай жағдайларды  жасамау керек:

  • белгі қойылған жерден аспаңдар!
  • рұқсат етілмеген жерде шомылмаңдар;
  • балалар шомылғанда қараусыз қалдырмаңдар;
  • шомылғанда камера, доп, тақталарды пайдаланбаңыздар;
  • суда бұзықтық жасамаңдар;
  • өтірік дабыл көтермеңдер;
  • өтіп жатқан кеме, катер мен қайықтардан секірмеңіздер;
  • таныс емес жерде шомылмаңдар.

ЖАРАҚАТТАНУШЫНЫ ТАСЫМАЛДАУ

Есінен айырылған жарақаттанушыны  тасымалдау өте қауіпті. Қатты қан  кету, ашық сынық кезенде бірінші медициналық көмек көрсету, естен танған адамды тасымалдау қауіпті.

Жарақаттанушыны тасымалдау түрлері 

  • Қазықпен тасымалдау;
  • Екі футболкадан немесе палтодан жасалған  
    тасымалдағыштар. Түймелерін қадап, жеңін теріс қаратып қадаға таңылады. Жарақаттанушы үстіне жатқызылады.
  • Шанамен, шаңғымен тасымалдау;
  • Отырғызып, тасымалдағыштармен тасу;
  • Жіппен таңып тасу;
  • Кесілген қолдорбамен тасу;
  • Ағаштан жасалған сүргілермен мата, терімен тасымалдау;
  • Жарақаттанушының тасымалдану барысындағы қалпы:
  • жарақаттанушы естен танып қалған жағдайда, арқасы және аяқ-қолы сынған жағдайда - арқамен жатқызып тасымалдау;
  • жарақаттанушы естен танып қалған жағдайда, арқа жауырыны сынғанда - ішімен жатқызу;
  • жамбас сүйектері сынып, ішкі құрсақ ашық жарақаттанғанда, буын тізелері қисайғанда - арқамен жатқызып тасымалдау;
  • жарақаттанушы есінен танып қалған жағдайда және қансырағанда - басты төмен және аяқтығоғары көтеріп арқамен жатқызу;
  • жарақаттанушы есінен танып, басқа амал болмаған жағдайда бір жанымен жатқызу;
  • дененің жоғарғы жағы немесе мойын жарақаттанғанда жартылай отырғызып, аяғын алдына созу;
  • кеудесі жарақаттанып және іш құрылысы басқа да жерлері кенеттен аурып немесе қуық органдары жарақаттанғанда (тізенің астындағы жағына тіреуіш қою) - тіземен жантайып отырғызу.

Көпшілік орындарда өрт болған жағдайдағы әдістер мен ұсыныстар 

  Фейерверктер - бұл керемет. Әсіресе, оны атқан кезде саусақ қосылып ұшпайды, күйіктің иісі шықпайды. Сол себептен «Гагаринді» космосқа ұшырудан алдын, нұстауларын оқу қажет. Сол жерде қытайлық ағайындар орыс тілінде былай жазған:

  • барлық фейерверкті ашық ауада атылады, ал жабық бөлмеде атуға болмайды;
  • жаққаннан кейін ол жерден тезірек шығу қажет. Олай етпеген жағдайда, барлығы да дұрыс болмауы мүмкін.

КӨПШІЛІК ТОБЫРЫНАН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

  • Ешқашан көпшілікке қарсы жүрмеу керек;
  • Көпшіліктің ортасынан және темір тор, сөрелерден, қоршаулардан, бағаналардан, қабырғалардан аулақ жүру қажет.
  • Қолмен ешнәрседен ұстамау керек - қолыңызды сындырып кетуі мүмкін;
  • Есіңізде болсын, киімді түймелеп, мүмкіндігінше өкшесі биік аяқ киім кимеңіз;
  • Ешқашан жерге түсіп кеткен сөмкеңізді немесе қолшатырыңызды жерден көтеруге тырыспаңыз - өмір қымбатырақ;
  • Арттан келген соққылардан құтылу үшін, шынтағыңызды бүгіп алыңыз;
  • Егер сіз құлап қалсаңыз басыңызды соққыдан қорғаңыз және тұруға ұмтылыңыз - бір аяғыңызға сүйене отырып, көпшілік қозғалысының бағытымен тез тұрып кетіңіз.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

 

  1. АДАМҒА  НАНҒЫСЫЗ ЖАҒДАЙЛАРДАН шығу жолдары

 

       2       Қауіп-қатерден қалай сақтануға болады

3    Жеке адамның алдан-ала қауіпсіздік шаралары

     4      Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау.

     5   Көпшілік орындарда өрт болған жағдайдағы әдістер мен ұсыныстар

    6        КӨПШІЛІК ТОБЫРЫНАН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

 

 

Қолданылған    әдебиеттер :

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы :ТЖ    Қауіп-қатерден қалай сақтануға болады

 

 

 

 

 

Қабылдаған :Абдибаттаева А. М.

Орындаған :Оспанова Айдана     ис-4а


Информация о работе Қауіп-қатерден қалай сақтануға болады