Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 15:14, реферат
Күю - жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.
Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр.
Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады.
Клиникалық өлім кезінде негізгі өмір сүру белгілері – тыныс алуы және жүрек соғуы болмайды, бірақ та ағзада кері айналмайтын өзгерістер әлі дамымайды.
Клиникалық өлім 5-8 минутқа созылады. Осы кезеңде реанимациялық шаралар көрсету қажет. Бұл уақыттың өтуінен кейін биологиялық өлім басталады.
Өлімнің белгілеріне жатады:
- тыныс алмауы;
- жүректің соқпауы;
- ауруды және термиялық тітіркендіргішті сезінбеуі;
- дене температурасының төмендеуі;
- көздің мөлдір қабығының бұлдырауы және кебуі;
- лоқсу рефлексінің болмауы;
- бет терісі, төс, іште қып-қызыл немесе көк-күлгін түсті өлік дағы;
- өлгеннен кейін 2-4 сағатта білінетін өліктің сіресіп қатып қалуы.
Зардап шегушінің өлімі
туралы соңғы шешім заңда
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ.
Зардап шегушілерге ойдағыдай алғашқы медициналық жәрдем көрсету жағдайын жасау үшін құтқарушыда міндетті түрде қажетті құралдар, дәрі-дәрмектер, таңу материалы, арнайы құралдар болу қажет.
АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ АПТЕЧКАСЫ
Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге қажет құралдар және дәрі-дәрмектер жиынтығы алғашқы жәрдем аптечкасы деп аталады. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған дәрі-дәрмек апараттары және басқада құралдар жиынтығын нақты жағдайларға есептелген және тәжірибеден өткізілгенінен таңдап алу қажет.
Алғашқы жәрдем аптечкасында міндетті түрде ауруды басатын, ыстық түсіретін, қабынуға қарсы, тынышталдыратын, антисептикалық құралдар, сонымен қатар таңғыш шүберектер, бинттер, мақта, бактерецидті лейкопластырь, қан тоқтататын жгут болу керек.
Аптечкада қайшы, пинцет, ине, шприц, күре тамыр қысымын өлшейтін құрал, термометр болса артық болмайды.
Зақымданғанда, жарақаттанғанда, терісі сыдырылған жараларда, кесіп алғанда қан тоқтату үшін жгут (шалбар бауы, тығыз белдік), жеке таңатын пакет, стерилденген жара танғыш, салфеткалар, (таза шүберек, гүлді болмау керек), бактерецидті пластрь,5 % йод ерітіндісі, 1% бриллиантты жасыл дәрі, марганецті қышқыл калий, сутегі тотығы, медициналық спирт, БФ-6 желімі керек.
Сынықтарда таңғыш қалақ, корсет, қолдан жасалған құралдар (қатты картоп, фанера, тақтай, таяқ, оралған журнал және т.б.) қажет.
Алғашқы жәрдем аптечкасын міндетті түрде үнемі жаңа дәрілермен толтырып отыру қажет. Оларды қолданар алдында сақтау мерзімін, герметикалық орауышын, қолдану нұсқаулығының болуын тексеру керек.