Топогеодезия негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 19:52, курс лекций

Описание работы

Жер планетасындағы физикалық бет барлығы 510 млн. км2 аумақты қамтып, 71% су және 29% құрлық бетін құрады екен. Сондықтан жердің шынайы тұрпаты Дүниежүзілік мұхит бетінің деңгейіне (геоид бетіне) қатысты зерделенген.
Геоид (гр. ge – жер, eido-түр, кескін) – материктер астымен ойша жалғастырылған теңіздер мен мұхиттардың тынық қалпындағы деңгейлік беті. Бұл бет жер бетіндегі қай нүктеде болса да ауырлық күші бағытына (зілмауырлық түзуге) тіке (Қ-1*, сур. 1). Геоид атауын 1873 ж. неміс ғалымы И.Листинг (1808-1882) ұсыныпты. Геоид бетімен ең жақын қабысатын жердің есептемелік тұрпаты – ол жер эллипсоиды**.

Содержание

1. Жер тұрпаты, оның өлшемдері [3, 18-24; 7, 11-15; 9, 7-9; 10, 6-7; 12, 9-10; 14, 7-8; 15, 11-12; 16, 8-14].
2. Бағдарлау бағыттары мен бағдарлаушы бұрыштар: магниттік септеу мен меридиандардың жақындасуы. Жер телімін және картаны бағдарлау [3,55-59; 7, 28-30, 32-36; 9, 70-75; 10, 41-50, 75-88; 12, 35-38; 14, 9-13; 15, 12-16; 16, 22-25].
3. Жер шары қисықтығының тигізетін әсерлері [3, 36-37; 7, 21-24; 14, 14-17; 16, 14-15].
4. Топографиялық карта: үштұрықты математикалық негізі, торлануы мен номенклатурасы, топогр. картаның географиялық мазмұны және түсіндірме беру [3, 34-35, 39-55; 7, 51-66; 9, 23-45; 10, 9-18; 12, 14-35; 14, 17-24; 15, 18-28; 16, 29-31, 48-59].
5. Геодезиялық өлшеулер мен аспаптар, топографиялық түсірімдеулер туралы түсініктемелер [7, 126-151, 165-193-288; 9, 81-137; 12, 75-137; 15, 42-60; 16, 102-155; 19].

Работа содержит 1 файл

Лекция 1.doc

— 243.00 Кб (Скачать)

Фазалық аспаптың жарық сәулесі толассыз таралып  тұрады. Оның тасқындық қарқыныныа сай реттік өзгертілуі (модуляциялануы) дем (сигнал) жиілігінің гармоникалық меңгерілуімен үйлестірілген.

 

Геодезиялық өлшеулердің  есеп-қисабы

(зертханалық  – практикалық жұмыс)

Есеп – қисап (камералдық жұмыс) – бұл бұрыштық өлшеулердің, қашықтықтар мен биіктіктерді өлшеудің нәтижелері [5] бойынша түпкілікті құжатнамаларды алуға байланысты орындалатын  есептемелік – сызбалық өңдеу.

План, топоплан және профиль сияқты түпкілікті құжатнамаларды жасап шығару топогеодезиялық өлшеулердің есеп – қисабымен ғана іске асады. Есеп – қисаптың маңызын атақты ғалым Әл-Машани (Машанов А.Ж): “… есеп ғылымдары – математика барлық ғылымдардың анасы деген түсінік дәл айтылған нәрсе… Жер бетінің бедерін өлшеу, оны қағаз бетіне, картаға түсіру. Басқаша айтқанда топография жасау…” деп дәйекті – ақ пайымдайды [12].

“Есебін білген – еселі”  демекші топогеодезиялық  өлшеудің есеп-қисабының мұқиятты орындалуы-түпкілікті құжат намалардың сапалы болып шығуының бірден-бір кепілі болмақшы.

Есеп-қисап барсында әр қилы топогеодезиялық ұғымдар  кездеседі. Бұларға оқушы қауымның құлық қойып, оларға тән анықтамалар  мен ережелерді жадта ұстап қалуы, есептеме нәтижелерінің сызбалық тұлғамен және керісінше жағдайда әрдайым үлесіп отыруын қадағалай білуі, есеп-қисаптың тиянақты атқарылуын, инженерлік-техникалық мамандыққа тән есептемелік-сызбалық (графо-аналитикалық) ой-өрістің бек қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Оқу құралында  топогеодезиялық алаң (полигон) төбелері координаталарының ақпарат тізімін есептеу, полигон планын салу, жер бедерін бейнелеу, топогеодезиялық арна (трасса) алқабын нивелирлеудің журналын өңдеу, бойлық және ендік профильдерді салу сияқты жұмыстармен байланысты орындалатын есеп-қисаптардың жөн-жосығы баяндалады.

Зертханалық жұмыстың мақсаты: полигон планын жасауға, жер  бедерін бейнелеуге және трасса профилін салуға қажетті орындалатын есеп-қисаптарды жете меңгеруге машықтау.

 

Топогеодезиялық алаң (полигон) бойынша орындалатын  есеп-қисаптар

Жер телімін  планға түсіру оның периметрлік тұлғасын жер бетінде қадалармен бекітіп, геометриялық көрінісін көпбұрышпен шектеуден басталады. Осы көпбұрыштағы жазық бұрыштар мен төбе аралықтары өлшенді-ақ, оның қабырға түзулерімен тұтқасқан кейпі топогеодезиялық алаң (полигон) болып қабылданады. Төбелердің тұлғалық жиынтығына байланысты полигон тұйықталған немесе тұйықталмаған болып келеді.

Полигон төбелерінің  координаталарын табу есеп-қисаптың ең күрделі де жауапты кезеңі. Бұл  жұмыстың теориялық негізгі тура геодезиялық есептің шығарылуы болғандықтан мынадай топогеодезиялық атауларды жете білу керек: тұрақ және нысана нүктелері жазық бұрыш β, дирекциондық бұрыш α, румб бұрышы r, салынды ұзындық d, координата өсімшелері ∆y және ∆x, полигон төбелерінің координаталары y және x.

Енді полигон  планын салу әңгімелейік. Бұл үшін ең әуелі форматтық қағаз бетінде  тікбұрышты координаталар жүйесінің 10 см х 10 см квадраттық торын құрып, оның y және x біліктерін сандау қажет.

1-ші төбенің  координаталары y1 =866,54 м және x1 = 937,85 м тор бетінде шығарылады:

1) бұл координаталардың  оңтүстік – батыс (ОБ) бұрышы yОБ = 800 м және xОБ = 800 м координаталарынан басталатын тор бетіне шығарылуы айқындалады;

2) координата  өсімшелерінің ∆y=y1 – yОБ = 66,54 м және ∆x= Х1 – ХОБ = 137,85 м теңтыстағы мәндері табылады;

3) қабылдаған 1:2000 масштабтың тура есебінің шешілуімен  осы есімшелердің тор бетіндегі 

= = 3,327 см = 33,3 мм және = = 6,8925 см = 68,9 мм тең кесінділер ұзындығын табады;

4) тор бетінің  ОБ бұрышынан y және x біліктері  бойында тиісінше ℓх  және ℓу кесінділері ұзындығын сызғышпен мұқият өлшеп, олардың ұшынан тұрғызылатын перпендикулярдың қиылысында полигонның 1-ші төбесін нүктелейді. Басқа төбелер де тор бетіне осылайша шығарылып нүктеленеді. Шығарған нүктелерді шеңберлеп және “құлақтандырып”, оларды өзара түзу сызықтармен қосқаннан соң полигон планның тұлғалық көрінісі пайда болады.

Планның дұрыс  салынғанын былайша тексереді. Тор бетіндегі полигон қабырғаларының ұзындығын сызғышпен өлшеп, қабылдаған 1:2000 масштабтың кері есебінің шешілуімен олардың тыстағы мөлшерін табады. Бұларды ақпарат тізімдегі (1.1 – кесте) салынды ұзындықтармен салыстырады. Егер олардың арасындағы айырмашылық қалыпты ауытқудан аспаса, онда полигон қабырғаларының дұрыс ұзындықпен орналасқаны болмақшы. Тексерудің екінші жолы – ол тор бетіндегі полигон қабырғаларының румб бұрыштарын транспортирмен өлшеп, оларды ақпаратізімдегі (1.1 - кесте) мәндерімен салыстыру.

Жер телімін топографиялық түсірімдеу

(Н.В. Андреев  [14] бойынша)

Түсірімдеу  - бұл жер телімінң картасын (планын) жасауда жер әлпеті мен жер бедерін бейнелеуде қолданылатын геодезиялық аспаптар мен өлшеулерді орындаудың кешені. Мұнда: жер әлпеті – бұл жер бетіндегі заттар мен тұлғалар, ал жер бедері – жер бедерінің ойлы – қырлылығы болып келеді.

Егер түсірімдеу жұмыстары  арқылы жер әлпеті ғана бейнеленсе әлпеттік түсірімдеу, ал жер әлпетімен қоса жер бедері де кескінделсе, онда топографиялық түсірімдеу деп аталады.

Пайдаланылатын  құрал – аспаптардың атауларына қатысты түсірімдеудің бірнеше  түрі бар:

  • эккерлік,
  • буссольдік,
  • теодолиттік,
  • мензулалық,
  • нивелирлік,
  • көзөлшемдік,
  • аэрофото және
  • ғарыштық түсірімдеу (т)

Эккерлік т.  жер телімінде (тыста) тікбұрыш құрушы эккердің көмегімен атқарылады. Қолданылу аясы: тұлғалары күрделі емес тегіс келген ашық жер телімінде.

Буссольдік т. Буссольдің көмегімен орындалады. Көбінесе зертханалық оқыту мақсатында, ал өндірістік жағдайда – басқадай түсірімдеулерге қосымша ретінде қолданылады.

Теодолиттік т. Жер телімінде қашықтықты - өлшеуіш таспамен, ал жазық бұрышты – теодолитпен өлшеу арқылы тұлғалық планды жасауда қолданылады.

Аэрофототүсірім самолетте қондырылған арнайы фотоаспаптармен атқарылады. Шығарылатын аэросуреттер жер үстіндегі топографиялық жұмыстар арқылы жер теліміндегі тіректік геодезиялық пункттермен ұштастырылады.

Ғарыштық т. Тәуліктің уақытына және ауа райының жағдайына қарамастан МКФ және КАТЭ аппаратураларындағы арнайы көпбуынды камералардың жұмыс істеуімен атқарылады. Мұндай камералармен жер танабын түсірімдеу спектрдің әр қилы белдеулерін қамтиды.

Түсірімдеу  жұмыстары екі кезеңмен атқарылады: далалық және есеп – қисаптық (камеральдық) іс әрекеттер. Далалық жұмыстардың  мақсаты – қашықтықты, жазық және көлбеу бұрыштарды, сондай-ақ нүктелердің биіктігін өлшеу. Кейде далалық жағдайда планшет бетінде жер теліміндегі бұрыштар мен қашықтықтарды сызбалық бейнелеу болып келеді: мысалы, мензулалық түсірімдеуде жазық бұрыш пен салынды қашықтық тікелей өлшенбейді, олар кипрегельдің көмегімен сызбаланып табылады.

 

 

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Салищев К.А.  Картография: Учеб. для географических  спе-циальностей ун-тов. - М.: Высш. шк., 1982. - 272 с.

2. Берлянт A.M. Картография: Учебник для вузов. - М.: Аспект Пресс, 2002. - 336 с.

3. Комиссарова  Т.С. Картография с основами  топографии. Учеб. для студентов  высш. пед. учеб. заведений, обучающихся  по географическим и естественно-научным  спец. / Т.С.Комиссарова. - М.: Просвещение, 2001. - 181 с.

4. Атлас мира. ГУГК. - М., 1981. - 65 с.

5. Модринский  Н.И. Геодезия. Учеб. для гидрометеорологических техникумов.- Л.: ГИМИЗ, 1954. - 392 с.

6. Локшина CM. Краткий словарь иностранных слов. - М.: Рус.яз., 1977. - 351 с.

7. Топография  с основами геодезии: Учеб. для  студентов геог-рафических спец. ун-тов / А.П.Божок, К.И.Дрич, СА.Евти-феев и др. / Под ред. А.С.Харченко и А.П.Божок. — М.: Высш. шк., 1986. - 304 с.

8. Вахрамеева  Л.А., Бугаевский Л.М., Казакова З.Л.  Математическая картография: Учеб. для вузов. - М.: Недра, 1986. - 286 с.

9. Южапинов B.C. Картография с основами топографии. Учеб. пособие. - М: Высш. шк., 2001. - 302 с.

10. Левицкий  И.Ю., Евглевская Я.В. Решение задач  по географическим картам. - М.: Просвещение, 1996. - 159 с.

11. Берлянт A.M. Образ пространства: Карта и информация. - М.: Мысль, 1986. - 240 с.

12. Картография  с основами топографии: Учеб. пособие  для студентов пед. ин-тов по  спец. «География» / Г.Ю.Грюн-берг, Н.А.Лапкина,  Н.В.Малахов, Е.С.Фельдман / Под ред.  Г.Ю.Грюнберга. - М.: Просвещение, 1991. - 368 с.

13. Краткий топографо-геодезический  словарь / Б.С. Кузьмин, Ф.Я.Герасимов, В.М.Молоканов и др. - М.: Недра, 1979. - 310 с.

14. Жумаділда  Б.Ы. Картография негіздері: Оқу  құралы. - Қарағанды; ҚарМУ баспасы, 2003. - 141 бет.

15. «Топография  геодезия негіздерімен» пәні бойынша «050609 - География» мамандығы үшін ОӘК. / Құрастырған: Б.Ы. Жұмаділда. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. – 113 бет.

16. Андреев П.В.  Топография и картография: факультетив.  курс. – 2-е изд., перераб. –  М.: Просвещение, 1995. – 159 с., ил., карт.

17. Жумадилда  Б.Ы., Жантлесова Д.М. Топографические  съемки местности: Учеб. метод.  пособие. Караганда: Изд-во КарГУ, 2006, 50 с.

18. Жантлесова  Д.М. Топография с основами  геодезии: УП. – Караганда: ЦНТИ, 2007. – 98 с.

19. Б.Ы. Жұмаділда,  Д.М Жантілесова. – Топография геодезия негіздерімен: оқу құралы. – қарағанды:

 

Сабақ өткізу алдында студенттерге үлестірілетін  кешендік қосымшалар «А», 1 ÷

Қ-«А». СОӨЖ-1 бойынша  «Топогеодезиялық ілімнің пайда  болуы, дамуы мен қалыптасуынан  деректер», 1+4 .

Қ-1. Тақырып 1 бойынша, 1-14 , сур. 1-31

Қ-2. Тақырып 2 бойынша, 1-5 , сур. 1, схема, сур 2-5

Қ-3. Тақырып 3 бойынша, 3-20 , тапсырмалар, варианттар, сур. 1-28

Қ-4. Тақырып 3 бойынша, 21-28 , сур. 1-33

Қ-5. Тақырып 4 бойынша, қ-ңыз: [12, с. 314-341]




Информация о работе Топогеодезия негіздері