Шет елдерінде
жер мониторингін
жүргізу жайлы жалпы
мәліметтер,жер мониторингінің
ұлттық жүйелері.
АҚШ-ғы
жер мониторингі.
АҚШ-ғы жер мониторингінің маңызы шаруашылыық
мәні бар топырақтардың барлық түрлері
бойынша мәліметтер базалары жүйелерін
қалыптастыруда. Ол АҚШ-тың Ұлтық топырақ
қызметімен жүзеге асырылады. Қазіргі
уақытта АҚШ-та топырақ жайлы мәліметтердің
4 ұлттық базасы және 13400-ден астаи топырақ
түрлері бойынша ақпараты бар бірнеше
автоматтандырылған топырақ базалары
бар.
АҚШ-тың топырақты қорғау қызметімен георафиялық
штаттардың топырақ ассоциациалары және
негізгі жер ресустары бар аймақтар жайлы
мәліметтері бар базаларды қамтитын топырақ
географиялық мәліметтер базалары құрылған.
Мичиган университеті дамып жатқан
елдерге шыгатын Кешенді ресурстық- ақпараттық
бағалау CRIES жүйесінің жобасын құрды. Оның
маңызы жерді пайдаланудың әр түрлі альтернативтік
нұсқалары бойынша алынған мемлекеттік
және жеке кірістерді бағалау үшін ресурстарды
жүйелік түрде талдауда.
Бұл жүйенің бағалау негізі
біршама біртекті деп есептеленетін
қазіргі уақыттағы жер пайдаланудың
түрлерімен, өсімдіктерді өсіру потенциялы
мен егін шаруашылығымен байланыстыруға
болатын агроэкологиялық өндірістік аймақтарды
автоматтандырылған түрде бөлуде.
CRIES үшін әзірленген бағдарламамен қамтамасыздандыру
модуьдері пайдаланушыларға жерді пайдаланудың
альтернативаларын бағалауға мүмкіндігі
бар нұсқалар береді.
Жерді қазіргі уақытта және потенциалды
пайдалануы жайлы жер мониторингінің
мәліметтері кадастырлық көп мақсатты
ақпараттық жүйелерге қосылады. Осындай
жүйелердің ішінде Аляска штатының табиғи
ресурстар комитетінің 6 бір-бірімен байланысты
кешенді ресурстық және кадастырлық есепке
алу жүйесі бөлінеді:
- НАСА-ның
жоғарғы ендік бағдарламасы- қазіргі уақытта
штат территориясының 95% масштабы 1:63360
түсті инфрақызыл біріңғайланған фотографикалық
түсіріспен және масштабы 1:5120000 қара фотографикалық
түсіріспен көрсетілген. Алынған фотолар
жерге орналастыру бюроның автоматтандырылған
сандық жүйесімен жүйеге келтірілген;
- ортаграфиялық
картографиялық бағдарламасы қазіргі
уақытта геодезиялық бақылауды бағалауға
арналған;
- жағалаудағы
теңіз шекарасын орнату бойынша бағдарлама;
- кадастрдағы
картографиялау бағдарламасы жер учаскелерінің
шекараларын белгілеу және маркирлеу
белгіленген;
- ресурсты
картографиялау бағдарламасы аймақты
жоспарлауды жүзеге асыруға арналған.
Осы мақсатпен штат ресурстарының инвентарлау
картографиялау жүргізіліп отыр;
- бұл бағдарлама
жерді тиімді пайдалану және игеру бойынша
шешім қабылдауға мәліметтермен қамтамасыз
ететін жер ақпараттық орталықты құруды
қарастырады.
АҚШта қуаң жерлердің мониторингін
жүргізуге назар аударылады. АҚШғы қуаң
жерлердің мониторингі бірнеше бағдарламалармен
көрсетілген. Олардың біреуі «Ұлттық ғылыми
қордың ұзақ мерзімді экологиялық зерттеулері»
атты бағдарлама. Ол АҚШтың ауыл шаруашылық
ғылыми зерттеу қызметімен бірігіп қуаң
жерлердегі учаскелерді зерттеуге бағытталған.
Әр учаскеде мониторинг жұмыстарының
келесі түрлері жүргізіледі: микроклимот,
бірінші ретті өнімділік, қоректену заттарының
қорының өзгеруі, қоректену заттардың
айналымы. Бұл климаттың биологиялық
процестерге әсер етуін талдауға және
ағымдағы процестердің (газ алмасуы, су
және жел эрозиясы) жылдамдығын аны
қтау үшін экспериментальды жұмыстарын
жүргізуге мүмкіндік береді.
Қуаң жерлердің мониторингіне
эронафтика және «Жерді бақылау
жүйелері» бағдарламасының ғарыштан
зерттеу бөлімдері арналған. Оларда
қуаң жерлердегі аймақтық геологиялық
және гидрологиялық процестерді талдауда
пайдаланатын техниканы жетілдіруге және
әлемдегі қуаң жерлердің мониторинг мәліметтерінің
мұрасын ұйымдастыруға аса назар аударылған.
Қоршаған ортаны қорғау Агенттігінің
зерттеу мөлімімен аймақтық экологиялық
тенденцияларды және олардың шаруашылық
іс әрекеттерге тәуелділігін анықтау
мақсатымен қоршаған орта мониторингінің,
кешенді бағдарламасы ұсынылған болатын.
Онда топырақтың пестицидтер мен радионуклидтермен
ластануына мониторинг жүргізуге аса
назар аударылған.
Франциядағы жер мониторингі.
Мәліметтердің ақпараттық базасын
құруға негізделген. Францияның агроэкономикалық
зерттеу ұлттық инситуты мемлекеттің
топырақ жамылғысы жайлы мәліметтер банкін
құрды. Ол мыналарды қамтамасыз ететін
файлдардан тұрады:
- топырақ профильдері
жайлы ақпаратты сақтау,өңдеу және беру;
- топырақтардың
физикалық географиялық ерекшеліктері
жайлы мәліметтер;
- елдегі барлық
топырақ материалдарын жинау және қорытындылау,салыстыру.
Сонымен қатар Орлеанда ғылыми зерттеу
орталықпен бірге топырақ профильдерінің
морфологиялық сипаттамаларының банкі
құрылған. Онда қоршаған орта бойынша
және физикалық химиялық зертханалық
талдаулардың мәліметтері жиналған.
Қазіргі уақытта Францияда көптеген
аймақтық мәліметтер банкілері
құрылған. Мысалы,Ұлттық география инситуты
құрылған Орталық аймақтың мәліметтер
банкінде аймпқтың әр топырақ бірлігі
бойынша мәліметтер (топырақтың топтастырмалық
атаулары, механикалық құрамы, гидроморфтық
қасиеттері, төсеніш тау жыныстарының
сипаты,тастар) бар. Сонымен қатар, жерді
пайдалануды құрылымының өзгеру нәтижесінде
жүзім егісінің аудандарының едауір азаюына
байланысты құрылған Лангедок Русильон
аймағының арнайы геоақпараттық жүйесін
айтуға болады.
Аймақтық ақпараттық мәліметтер
банкілерінде мәліметтерді ұйымдастыру
жүйелерінде айырмашылықтары бар. Осыған
байланысты қазіргі уақытта оларды кешенді
талдау мақсатымен біріңғай геоақпараттық
жүйесі құрылып отыр.
Сонымен қатар, Франциядағы жер
мониторингін жүргізу ерекшеліктеріне
жер қатынастарын мемлекеттік реттеу
ұлттық жер кадастрының шегінде мәліметтер
базасын құрылуымен байланысты болғаны
жатады. Статистикалық зерттеулер қызметімен
жерді пайдалану бойынша мәліметтер банкі
құрастырылған . Онда жыл сайын ұлттық,
аймақтық және департамент деңгейлерінде
жерді пайдалану туралы ақпарат қарастырылады.
Қазақстан Республикасының
жер мониторингін жүргізу.
Қазақстан Республикасында жер
мониторингі 1997 17.09 №1347 ҚР-да жер мониторингін
жүргізу тәртібін бекіту жайлы ҚР-ның
Үкіметінің Қаулысына сәйкес жүргізіледі.
2002 жылдың 01 қаңтарына дейінгі ҚР-да жердің
жәй күйі мен пайдалануы жайлы Мемлекеттік
баяндамасы бойынша сонғы жылдары республикада
жер мониторингі бойынша келесі жұмыстар
жасалынады.
Республикада егістік жерлердің
инвентарлауы жүргізілді. Меншігіне қарамастан
шаруашылық кәсіпорындар және жеке шаруашылықтардың
ауданы 28.5 млн.га жерлеріне инвентарлау
жүргізіледі,
Топырақ және геобатаникалық
ізденістерінің материалдары бойынша
жер сапасының өзгеруіне талдау
жүргізіледі. 1960-1962 жылдардан бастап 30-35
жылдың топырақ ізденістерінің материалдарын
талдау және қорытындылау нәтижесінде
ҚР-ның жерге орналастыру қызметімен егістік
жерлерде гумстың мөлшері, минералды қоректену
элементтерінің жылжымалы формаларының
(азот,фосфор,калий) сіңіру сыйымдылығының
азайғанын және жоғары горизонттарының
корбанаттылығының ұлғаюын анықтады.
Орман және далалы орман аймақтарында
кәдімгі қара шірік топырақтарында азоттың
жоғалымы 8%, фосфор мен калийдің жылжымалы
түрлерінің жоғалымы сәйкесті 33 және 20%
құрады. ҚР ҰҒА-ның Топырақтану институтының
мәліметтер қара шірік 19-22%, ал қоңыр-сарғылт
топырақтар 28-30% гумсты жоғалтты. Солтүстік
Қазақстанда ұзақ уақыт бойы егістік салудың
гумс жоғалымы бастапқыдан 25-30% құрады.
Гумс жоғалымын эрозия,қоректену элементтерінің
интенсивті пайдаланумен т.б себептермен
түсіндіруге болады. Егістік топырақтарында
гумстың орта жылдық жоғалымы 0,8-1,0 т\га
құрайды.
Топырақ және геоботаникалық
ізденістерді,бүлінген жерлерді
инвентарлауды, мұнай газ өндіру
кәсіпорындарында топырақ және өсімдіктердің
ластануын бағалауды қамтитын локальды
мониторингін жүргізу үшін 7 полигон жұмыс
істейді. Зерттеу нәтижелері топырақта
және өсімдіктерде ауыр металдардың жиналуын
көрсетті. Өсіп жатқан техногенді процестің
табиғи эко жүйелерге деген әсері топырақтың
ауыр металдармен ластану деңгейін анықтауды
қажет етеді. Ауыр металдарға 40-тан астам
химиялық элементтерді жатқызады.
Оның ішінен үш элемент сынап,қорғасын
және кадмий өте қауіптілерге жатады және
біріншіден тексерулері керек.
Шетелдік тәжірибені Қазақстан
жағдайында қолдану мүмкіндігі
туындауы мақсатымен келесі жалпы принциптерді
тұжырымдап айтуға болады:
- ҚР-да жер
мониторингін халықаралық бағдарламаларға
қатысу шеңберінде ұлттық бағдарламалар
бойынша жүзеге асыру керек.
- Кері әсерге
ұшыраған аймақтарда аймақтық мониторинг
жүйелерін құру керек;
- ҚР-да жер
мониторинг базаларын құру керек. Осы
мақсатпен қазіргі уақыттағы халықаралық
базалармен келісетін техникалық және
бағдарламалық келісетін техникалық және
бағдарламалық құралдарды әзірлеу керек.