Шарт дегеніміз

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:58, доклад

Описание работы

Шарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.
Шарт еркіндігі — шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы:
шартты жасау еркіндігі;
шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;

Работа содержит 1 файл

Шарт дегеніміз.docx

— 17.97 Кб (Скачать)
  • Шарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.

Шарт еркіндігі — шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы:

  • шартты жасау еркіндігі;
  • шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;
  • жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;
  • тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;
  • тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.

Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тараптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды. Шарттың мазмұны заңдакөрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады. Тараптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызнша және жазбаша мүмкін

Шарттың жіктелуі


Шарттарды жіктеудің маңызы өте зор. Шарттың дұрыс анықталуы тараптардың мүдделерін қорғауға септігін тигізеді. Шарттар жасалу уақытына байланысты (күшіне енуі) және консенсуалды болып екіге бөлінеді.

Несие шарты— бұл реалды шарт, құқықтар мен міндеттер несие алушының ақша қаражатын алғаннан бастап пайда болады.

Шарттарды ақылы және ақысыз деп екіге бөліп қаруға болады. Ақылы шарттың өзінің атынан көрініп тұрғандай, шарт бойынша өзінің міндетін атқарған жақ тиісті ақысын алуы қажет. Белгілі бір қызмет көрсеткен адам сол көрсеткен қызметінің ақысын алады. Ал егер бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе бірдеңе бермей затты ұсынуды міндетіне алған болса, онда мұндай шарт ақысыз иіарт болып есептеледі. Оған біреуге бір нәрсені сыйға беруді, т.б. жатқызуға болады. Шарттарды сонымен қатар, бір жақты міндеттеуші және өзара келісілген деп жіктеуге болады. Шарттардың басым көпшілігі өзара келісілген, яғни құқықтар мен міндеттер екі жақта да бірдей.

  • Мәселен, сатып алу — сату шарты бойынша сатушы сатылған тауарды беруге міндетті және оның ақысын талап етуге құқылы, екінші тарап — сатып алушы тауарды талап етуге құқылы және оны қабылдап ақысын төлеуге міндетті. Көріп отырғанымыздай екі тарапта да қуқықтар мен міндеттер бар, яғни сатушы мен сатып алушының арасындағы шарт өзара келісімді. Сыйға беру шарты керісінше, бір жақты міндеттеуші шарт. Сыйға алушының ешқандай міндеті жоқ, тек қуқықтарға ие және сыйды қабылдау немесе қабылдамауды өзі шешеді.

Информация о работе Шарт дегеніміз