Картографиялық проекция

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 14:58, реферат

Описание работы

Картографиялық кескін – Жер эллипсоидының (шардың) немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.
Картада кездесетін бұрмаланулар сипатына қарай, картографиялық проекциялардың мынадай түрлері белгілі: тең ауданды, тең бұрышты, тең аралықты және еркін проекциялар.

Работа содержит 1 файл

Картографиялық проекция.doc

— 113.00 Кб (Скачать)

Дүниежүзілік мұхит түбінің жер бедері көгілдір түстен қою көк түске дейін ауысатын қат-қабат бояулармен қоса, изобаталармен де (бірдей тереңдікті қосатын сызықтар) кескінделеді. Оның сандық көрсеткіштері тереңдік шкаласында беріледі.

XXI ғасыр карталары қандай болуы мүмкін?

Өте қарқынды дамып отырған компьютерлік техника география ғылымының көптеген салалары мен маңызды мәселелерін қамтуда. Осындай маңызды өзгерістер картография ғылымына тікелей қатысты, ол электрондық карталардың жасалуынан айқын көрінеді. Компьютерлік жүйелердің біртіндеп күрделенуі XX ғасырдың 60-жылдары геоинформатика ғылымының пайда болып, жедел дамуына негіз болды. Аса жоғары интеллектілік компьютерлік жүйелер мен мультимедиалық технологияның шығуы табиғаттағы әлі де нақты жауабы табылмаған көптеген құпиялардың сырын ашуға мүмкіндік беретіндігіне дау жоқ.


Информация о работе Картографиялық проекция