Геодезияның ғылыми тұрғыдағы анықтамасы және оның міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 22:00, реферат

Описание работы

Геодезия - Жер туралы ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі. «Геодезия» деген сөздің өзі грек тілінен аударғанда, «жерді болу» мағынасын білдіретіндігі, оның адамзаттың тыныс тіршілігінде жер учаскелерін өлшеуге, белуге байланысты пайда болғандыгының дәлелі. Қазіргі замандағы геодезия-жерді болу мағынасы шеңберінен әлдеқашан шыккан, күрделі ғылыми, ғылыми- техникалық және инженерлік мәселелерді геодезиялық, т.б. да аспаптар көмегімен арнайы өлшеу және өлшеу нәтижелерін математикалық-графиктік өндеу арқылы шешетін жан-жақты ғылым саласына айналып отыр. Сөйтіп, геодезия - Жердің пішіні мен көлемін анықтауда, оның жекелеген бөліктерін планға, картаға түсіруде, жердің қималарын (профильдерін) жасауда, инженерлік жүмыстарды жобалауда, жүргізуде және пайдалануда қолданылатын әр түрлі өлшеу әдістері туралы ғылым. Геодезия ежелгі ғылымдардың бірі бола түрса да, адамзат қоғамының, ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты өзінің мазмүнын өзгертіп отырды. Соның нәтижесінде геодезия бірнеше дербес ғылыми және ғылыми-техникалық салаларға бөлінді.

Содержание

Геодезияның ғылыми тұрғыдағы анықтамасы және оның міндеттері
Жоғарғы геодезия
Картография
Қолданбалы геодезия

Геодезия жайлы жалпы түсінік
Ғарыш геодезиясы
Геодезиялық гравиметрия
Аэрофототопография

Геодезияда қолданылатын координаталар жүйесі
Кеңістік координаттар жүйесі
Геодезиялық бойлық
Географиялық координаталар жүйесі
Жазық координаталар жүйелері
Тік бұрышты жазық координаталар жүйесі.
Зоналық тік бұрышты жазық координаталар жүйесі
Жазық полярлық координаталар жүйесі

Геодезияның дамуы
Ежелгі замандағы дамуы
Орта замандағы дамуы
Ресей Империясының қарамағында дамуы

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Геодезияның ғылыми тұрғыдағы анықтамасы, міндеттері және дамуы.doc

— 157.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫ

ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ


 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы:

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:  Токтасынова Асия

ФСТИМ-12-4

 

Қабылдаған: Өміртаева Жанат Тоқтарбайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы

2012 жыл

 

МАЗМҰНЫ:

 

  • Геодезияның ғылыми тұрғыдағы анықтамасы және оның міндеттері
    • Жоғарғы геодезия
    • Картография
    • Қолданбалы геодезия

 

  • Геодезия жайлы жалпы түсінік
    • Ғарыш геодезиясы
    • Геодезиялық гравиметрия
    • Аэрофототопография

 

  • Геодезияда қолданылатын координаталар жүйесі
    • Кеңістік координаттар жүйесі
    • Геодезиялық бойлық
    • Географиялық координаталар жүйесі
    • Жазық координаталар жүйелері
    • Тік бұрышты жазық координаталар жүйесі.
    • Зоналық тік бұрышты жазық координаталар жүйесі
    • Жазық полярлық координаталар жүйесі

 

  • Геодезияның дамуы
    • Ежелгі замандағы дамуы
    • Орта замандағы дамуы
    • Ресей Империясының қарамағында дамуы

 

  • Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

Геодезияның ғылыми тұрғыдағы  анықтамасы және оның міндеттері

 

Геодезия - Жер туралы ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі. «Геодезия» деген сөздің өзі грек тілінен аударғанда, «жерді болу» мағынасын білдіретіндігі, оның адамзаттың тыныс тіршілігінде жер учаскелерін өлшеуге, белуге байланысты пайда болғандыгының дәлелі. Қазіргі замандағы геодезия-жерді болу мағынасы шеңберінен әлдеқашан шыккан, күрделі ғылыми, ғылыми- техникалық және инженерлік мәселелерді геодезиялық, т.б. да аспаптар көмегімен арнайы өлшеу және өлшеу нәтижелерін математикалық-графиктік өндеу арқылы шешетін жан-жақты ғылым саласына айналып отыр. Сөйтіп, геодезия - Жердің пішіні мен көлемін анықтауда, оның жекелеген бөліктерін планға, картаға түсіруде, жердің қималарын (профильдерін) жасауда, инженерлік жүмыстарды жобалауда, жүргізуде және пайдалануда қолданылатын әр түрлі өлшеу әдістері туралы ғылым. Геодезия ежелгі ғылымдардың бірі бола түрса да, адамзат қоғамының, ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты өзінің мазмүнын өзгертіп отырды. Соның нәтижесінде геодезия бірнеше дербес ғылыми және ғылыми-техникалық салаларға бөлінді.

 

Жоғарғы геодезия

Жоғарғы геодезия - жердің және планеталардың фигуралары мен көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялык негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия мәселелерін шешу үшін жүргізілген егжей- тегжейлі зерттеулер барысында одан геодезиялық астрономия, геодезиялык гравиметрия, ғарыштық геодезия сияқты жеке пәндер бөлініп шықты.

Геодезиялык, астрономия - геодезиялык тірек жүйелерін құруда аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтау мәселелерімен шүғылданады.

Геодезиялық гравиметрия - жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жер пішінін зерттеумен айналысады.

Ғарыштың геодезия - жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық аракатынастарын зерттейді.

Геодезияның (топографияның) еншісіне жер бетінің шағын аймактарын жазықтык ретінде қарап, оны өлшеу мен қағаз бетіне кескіндеу тиген.

Картография

Картографияда жер бетінің едәуір аймақтарының кескіндерін әртүрлі мақсаттағы түрінде жасау әдістері мен процестері және көбейту технологиясы зерттеледі.

 

Қолданбалы  геодезия

Қолданбалы  геодезия - ізденістер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу жэне пайдалану, кұрылыс жабдыктарын монтаждау, табиғат байлықтарын пайдалану, т.б. инженерлік жұмыстар кезінде атқарылатын геодезиялык жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда жоғарғы геодезияның, топографияның, маркшейдерлік істің де негіздері кең пайдаланылады, ал кей кездерде өзіне тән өлшеу тәсілдері мен аспаптарын қолданады.

Геодезия пәнінің негізгі ғылыми-техникалық міндеттеріне мына төмендегідей жұмыстар жатады: - жер бетіндегі нүктелердің координаттарын белгілі бір жүйеде аныктау; - тау-кен кәсіпорындарын жобалау, салу және пайдалану кезінде қажетті әртүрлі өлшеулерді жер бетінде, жер қойнауында, атмосфера қабатында, теңізде және ғарыш кеңістігінде жүргізу; - республикамыздың корғаныс мұктаждығын геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету мәселері жатады. Алдына қойылған міндеттерін атқаруда геодезия, математика, физика, астрономия, география, геоморфология, фотограмметрия, механика, радиоэлектроника сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенеді. Геодезиялық өлшеулердің нәтижелерін өндеуде осы күнгі ғылыми математикалық өндеу әдістері мен есептеу техникасы, оның ішінде әр түрлі цифрлы және электронды машиналар қолданылады.

Физика геодезияны электроникамен және электротехникамен қатар оптикалық, оптикалык-механикалық және электронды- оптикалық аспаптар мен жүйелердің жобалау есептерінің негіздерімен толықтырады. Астрономия геодезияны геодезиялық  тірек жүйелерін дамыту үшін бастапқы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Автоматика, телемеханика және радиоэлектроника салаларындағы ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде аса жаңа геодезиялық аспаптар қүрастырылады. Географияны білу жер бедерін қүрайтын ландшафт элементтерін, жер бетінің табиғи жамылғыларын жэне адам қызметінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді қамтамасыз етеді. Жер бедерінің пішіндерін және олардың өзгеру зандылықтарын танып білуде геология мен геоморфология көмекке келеді. Жерді зерттеу оның сыртқы гравитациялық өрісіне зерттеулер жүргізумен байланысты. Ал гравиметрияның зандары мен аспаптарын пайдаланбай, мүндай зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Пландар мен карталарда графикалык сапалы безендіру топографиялық сызу тәсілдерін білуді қажет етеді. Геодезияның халық шаруашылығының түрлі-түрлі салалары үшін практикалық үлкен маңызы бар. Мәселен, геодезиялык өлшеулер, жолдар, каналдар, жерасты күрылыстары (метро, кабельдер, қүбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілері) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кездерінде кең қолданылып келеді. Геодезия жер иегерлерін орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта эскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау және т.б. үшін пайдаланылады.

 

Геодезия туралы жалпы түсінік

Геодезия (грек. geo — жер және daі — бөлемін) — Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы. Жердің физикалық бетін зерттеу үшін картографиялық және топографиялық әдістер мен пландық және биіктік координаталар құрылады. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы — геогр. координаттар арқылы доғалардың сызықтық және бұрыштық мәндерін анықтаудан тұрады. Г-дағы координаттық негіздер триангуляция, полигонометрия, геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен геодезиялық торлар құру арқылы жасалынады. Өндірістік, гидротехн. және т.б. құрылыс объектілерінің пландық пен биіктік негізін салуды және инж. түсірімдерді орындау мәселелерін инж. Геодезия шешеді.

Қазіргі уақытта мұхит, теңіздердіңжәне көлдердің байлықтарын меңгеру үшін олардың жағаларын, түбін зерттеу жұмыстары жүргізіліп, гидрографиясы толықтырылды, бұл су асты Г-сын дамытты. Үлкен территориялардатопографиялық жұмыстар тез және тиімді жасалу үшін әуеден жер бетінің фотогр. бейнесі алынды, осыған байланысты Г-ның аэрогеодезия мен ғарыштық геодезия саласы қалыптасты. Жер асты байлықтарын (кен қазбаларын, мұнай мен газ өнімдерін, т.б.) меңгеруде инж.-техникалық жобалар мен сызбаларды қамтамасыз ету үшін жер асты Г-сының маркшейдерияның) тәсілдері қажет. Г-ның ғыл. және практикалық шешу әдістері матем. мен физ. заңдарына негізделген. Республикада ғылыми және практикалық мәні зор көптеген геодезиялық және топогр. жұмыстар жүргізіліп келеді. Егер 1917 ж. дейін Қазақстан аумағының тек 13,5%-іне 1:126000 масштабты аспаптық түсіру жұмыстары орындалса, 1945 ж. ол 86,6%-ке жеткізілді және масштабы 1:100 000, 1:200 000 топогр. карталар жасалды. 1920 — 45 ж. 22800-ден астам пункттің триангуляциясы анықталды. 1950 жылдары Қазақстан аумағы толығымен түсіріліп бітті. 1954 ж. масштабы 1:25000 картографиялық түсірілу басталды. Дәлдігі жоғары 1-, 2- және 3- класты мемл. триангуляция торы құрылды. Бұрынғы шығарылған масштабы 1:100 000 карталар жаңартылды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық институтытының Қазақстан филиалы Геодезия және картогр. Бас басқармасының картогр. материалдарын пайдаланып Қазақстан аумағының фотокартасын түсірді және а.ш-ғының картасын жасады (1960). Г-лық тәсілдермен жер сілкінудің алдын ала болжау мүмкіндігін анықтау мақсатында, жер қыртысының жылжуын зерттеу үшін Тянь-Шань аймағында геодинамикалық болжау полигоны құрылды. Полигонда қазіргі кездегі жер қыртысының жылжуының вертикаль және горизонталь құраушылары зерттеледі.

Геодезия - Жер пішіні мен өлшемін анықтау, планда және картада бейнелеу үшін жер бетіндегі  өлшеулер туралы ғылым жүйесі. Геодезия — жер туралы өте ежелгі ғылымдардың  бірі. Адамзатшң бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан зандылықтары Геодезияның ғылым ретінде қалыптасуына негіз болды. Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін зерттеу қажеттігі туған кезде пайда бодды. Әсіресе Ежелгі Египетте Геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы жағдайлар туды. Б.з.д. XIV—XII ҒҒ. Қытайда "бүкіл жерді" зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді. Геодезия Ежелгі Грекияда жоғары дамып, теориялық жағынан негізделді. Оған бізге жеткен Александриялық Геронның (шамамен 1 ғ.) "Диоптрия тура геожүйелердің қалыптасу, қызмет ету және даму процестері. Олар геожүйелердің қасиеттері мен құрамдарының, шекаралары мен өзара байланыстарының өзгеруімен қатар жүреді. Геодезиялық процестер заттық, энергетикалық немесе ақпараттық, географиялық нақтылыққа байланысты - физикалық-географиялық (табиғи), қоғамдық - ( географиялық, сондай-ақ табиғат пен қолы" және "Ауданды өлшеу" атты кітаптары дәлел бола алады. Бұл кітаптарда геодезиялық жұмыстар мен геодезиялық құралдардың еипаттамалары келтірілген. Грекғалымы Эратосфен (б.з.д. 276—194 жж.) Египетте жердің көлемін анықтады. Ол жер шарының радиусы, шамамен, 6000 км екенін анықтап берді.

Геодезиялық жұмыстардың Ресейде ғылыми жолға койьглуы I Петр кезінде жүзеге асырылды. XIX ғ. бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық жұмыстардың ғылыми жағынан жоғары қойылуына атақты орыс астрономы және геодезисі, Пулков астрономиялық обсерваториясының негізін салушы және бірінші директоры В.Я. Струве (1793-1864 жж.) болды.

Қазіргі кезде геодезия іргелі ғылымдардың жетістіктеріне сүйенетін күрделі әрі жан-жакты дамыған ғылымдардың бірі болып саналады. Оның негізгі атқаратын міндеті - Жердің пішіні, келисіп және гравитациялық өрісін зерттеу, пландар мен карталарды және олардың электрондық ұқсастығын — жергілікті жердің цифрлық моделін және электрондық карталарды жасау, шаруашылық салаларының жоіте еліміздің корғанысының жергілікті жердегі әр түрлі инженерлік мәселелерін шешу. Адамзат қоғамының және ғылым мен техниканың дамуына байланысты Геодезияның мазмұны да өзгеріп отырды. Соның нәтижесінде өзінің даму процесінде геодезия бірқатар дербес ғылыми және ғылыми-техникалық пәндерге бөлінді.

Жоғарғы геодезия жердің және планеталардың пішіндері мен  көлемдерін зерттейді, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия міндеттерін шешу әдістерін егжей-тегжейлі зерттеу басырында одан геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия және ғарыш геодезиясы жеке пәндер болып бөлінеді.

Геодезиялық астрономия геодезиялық тірек жүйелері үшін аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтау мәселелерімен айналысады.

 

Геодезиялық гравиметрия

Жер бетінің жекелеген  нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу аркылы жердің пішінін зерттейді.

 

Ғарыш геодезиясы

Жердің жасанды серіктерінің көмегімен  жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді. Геодезия немесе топография жер бетінің біршама шағын телімдерін түсірумен байланысты мәселелерді зерттейді. Картография жер бетінің едәуір аумағының кескіндерін әр түрлі мақсаттағы карталар түрінде жасау әдістері мен процестерін, оларды жасау және көбейту технологиясын зерттейді.

 

Аэрофототопография

Аэрофототопография жердің карталары  мен пландарын жерден және әуеден түсірген фотосуреттер бойынша жасаудьщ әдістерін талдаумен айналысады. Теңіз геодезиясы мұхиттар мен теңіздер түбінің табиғи корларын барлау мен картаға түсіруге байланысты арнайы өлшеу әдістерін талдайды.

Қолданбалы немесе инженерлік геодезия іздеулер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, жабдыктарды құрастыру, сонымен қатар еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда геодезиялық әдістері кең пайдаланылады, ал кейбір жағдайларда оны өз тәсілдері мен құралдары арқылы шешеді.

Геодезияның шаруашылықтың түрлі  салаларында практикалық маңызы зор. Мысалы, геодезиялық олшеулер жолдар, каналдар, жер асты құрылыстары (метро, кабельдер, құбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілер) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы қазба кен орындарын барлау және игеру кездерінде кең қолданылады. Геодезия жерді орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, әскери операцияларға талдау жасау және тағы да басқалары үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде "ОР5" спутниктік нави-гация жүйесінің пайда болуына байланысты жер бетіндегі нүктелердің үш өлшемді координаталарын анықтау тез және жоғары долдікпен орындалатын болды. Геодезиялық түсірулерді жүргізу мақсатымен жетілдірілген электрондық тахеометрлер, сандық нивелирлер, лазерлік рулеткалар және тағы да басқалары шығарыла бастады. Осыған орай геодезия ғылымында инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жургізудің технологиясы мен әдістері біршама езгеруде. Геодезияның, картографияның, аэротүсірудің, электрониканыц және ғарыш геодезиясының соңғы жетістіктері инженерлік объектілерді жобалаудың, салудың және пайдаланудың автоматтандырылған жүйесінің жаңа технологиясын жасауға және оған өтуге мүмкіндік тудыруда.

Информация о работе Геодезияның ғылыми тұрғыдағы анықтамасы және оның міндеттері