Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 08:24, доклад
Карашығанақ кенорны – бұл 1979 жылы ашылған ірі мұнайгазконденсат кенорны. Аталған кенорын Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданында орналасқан. Қарашығанақ солтүстік ендіктің 51-паралелінен және шығыс бойлықтың 50-меридианынан солтүстік шығыста, Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 16 километрде немесе Орал қаласынан 150 километр қашықтықта мұхит деңгейінен 80-130 м биіктікте орналасқан.
I. ҚАРАШЫҒАНАҚ КЕН ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
1.1 Қарашығанақ кен орнының жалпы сипаттамасы
Қазіргі XXI ғасыр мұнай мен газ ғасыры болып табылады. Ғасырдың басынды ағаш пен көмірді ауыстырған осы ресурстарды өндіру және қолдану жылдан жылға өсіп келеді. Мұнай мен газ Қазіргі Қазақстан экономикасының негізінің бірі болып табылады және еліміздің экспорттық түсірілімдерінің бастысы болып келеді. Соңғы бес жылда Қазақстанның мұнай-газ өндірісіне бес миллиард доллардан астам ақша аударылды, бұл республикамызға түскен тікелей инвестицияның үлкен бөлігі.
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы қазіргі таңдағы жағдайларға байланысты мемлекетіміздің перспективті аудандарына жатады. Қазақстанның барлық ашылған, зерттелген және өндірілетін мұнай, газ және конденсат кен орындарының 92,5%-ы осы ауданға келеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңыстау облыстарының территорияларында 14 ірі кен орындары ашылды, олардың ішінде ерекше коммерциялық қызығушылыққа ие болғандары: Қарашығанақ, Чинарев, Гремячинское, Елемес, Сазтөбе, Жанатам, Лақтыбай, Жаңаөзен, Теңіз және тағы басқалары /1/.
Карашығанақ кенорны – бұл 1979 жылы ашылған ірі мұнайгазконденсат кенорны. Аталған кенорын Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданында орналасқан. Қарашығанақ солтүстік ендіктің 51-паралелінен және шығыс бойлықтың 50-меридианынан солтүстік шығыста, Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 16 километрде немесе Орал қаласынан 150 километр қашықтықта мұхит деңгейінен 80-130 м биіктікте орналасқан.
Қарашығанақ кенорны ірі мұнайгазконденсат өндіретін орталықтардың бірі болып табылады, оны кейде супергигант деп те атайды. Қарашығанақ дүние жүзіндегі 25 ірі кен орын қатарына кіреді. Осында Қазақстанда өндірілетін газдың 34%-ын өндіреді, алайда оның көп бөлігін жағуға жұмсайды. Жалпы мұнай мен конденсат қоры 200 млн т (9,5 млн баррель), ал табиғи газ қоры 1 350 млрд м3 (48 триллион куб фут). Орташа күндік өндірілу дебиті газ үшін 51,526 млрд м3, мұнай үшін 46,63 млн т. Кеннің игерілуі 1984 жылы басталды, ал газ бен конденсатты Ресейдегі Орынбор өңдеу зауытына экспорттап отырды.
1997 жылы құрамына Karachaganak Integratied Organization
мен ННК «Казахойл» кіретін
концорциум мен Қазақстан
2005 жылы газ 3,75 млрд м3, ал конденсат 3,98 млн т өндірілді. Кенорынның барлық мүмкіндігін іске асыру үшін өндірістік нысандарды, ұңғымаларды, мұнай құбырларын және тағы басқа мұнайгазконденсат өндіруге қатысты инфрақұрылымды дамытуға байланысты. КПО концорциумы жобадағы Қазақстанның ролін және қазақстандық кәсіпкерлердің қатысуында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. 2006 жылғы жаңа келісімшарттардың пайыздық құрамын қарастырсақ, Қазақстандық үлес 63%-ды құрайды. КПО-ның қазақстандық жабдықтаушыларды көбейту туралы бағдарламасының екінші кезеңің үкімет осы жылдың басында бекітіліп, мұнайгаз секторында үлгі ретінде қолданылып жүр. Бұл бағдарлама екі негізгі аспектілерден тұрады:
1. Батыстық және қазақстандық жабдықтаушылардың арасындағы іс-әрекеттер туралы келісімшарт жасасу.
2. Таңдалған қазақстандық
КПО бес бағыт бойынша тоғыз біріккен ынтымақтастық туралы келісімшарттың жасалуына ықпал етті. Осы жабдықтаушылардағ таңдалғандары КПО Бағдарламасының оларға көмек көрсету туралы екінші кезеңіне өтті. Аталған кезеңде қазақстандық жабдықтаушыларға төмендегідей сұрақтар бойынша арнайы тренинг жүргізуге шешілді: сапаны қамтамасыз ету жүйесі, коммерциялық ақпарраттану және стандарттау мәселелрі. КПО құрамында ЮСАИД және МФК секілді аталған тренингтерді жүргізе алатын ұйымдармен келісімшарт жасасты.
Қарашығанаққа жақын жатқан елдімекендерге мыналар жатады: Тұңғыш (кенорнының контурына жақын жатыр), Березовка (3 км-де), Успевка ( км-де), Қаракемір (8 км-де), Жаңаталап (4 км-де), Қарашығанақ (6 км-де), Димитров (9 км-де), Жарсуат (9 км-де), Бестау (4 км-де).
Кенорыннан оңтүстікке қарай 15 километр қашықтықта «Орал - Илек» теміржол тармағы өтеді. Кенорын ауданын «Орал – Орынбор» асфальтты автожол кесіп өтеді. Қарашығанақтан солтүстік-шығысқа қарай 35 км-де «Орынбор – Батыс шекара» магистральды газ құбыры, ал батысқа қарай 160 км-де «Маңғышлақ – Самара» магистральды мұнай құбыры өтеді. Қарашығанақ кенорнынан Орынбор қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 км-де орналасқан Орынбор газ өңдеуші зауытқа дейін ұзындығы 120 км газ және конденсат құбырлары жүргізілген. Кенорынның батыс бөлігінде солтүстік-шығыс бағытымен ЛЕП-35 ток линиясы, ал кенорын арқылы ЛЕП-110 ток сымы жүргізілген /3/.
Ауданның гидрографиялық жүйесін қарастыратын болсақ, солтүстікке қарай (15-20 км) Жайық өзені, солтүстік-шығыста (10 км) – Елек өзені ағып жатыр. Кенорын жері бойымен жазда кеуіп қалатын Березовка өзені ағып өтеді. Өндіріс территориясында кішкене жасанды су қоймалары бар. Сумен техникалық қамтамасыздандыру жер асты сулары есебінен жүргізіледі. Су көтергіш қабаттар 65-110 м тереңдікте жатыр. Сулары аз минералданған, ұңғыма дебиті 26-100 м3/тәулігіне құрайды.
Орографиясы. Ауданды орография жағынан қарастыратын болсақ, жұмыс жасау алаңы тегіс жазық болып келеді, кей жерлерде жыралар мен батпақтар кездеседі. Рельефтің абсолютті көрсеткіштері 80 метрден 200 метрге дейін өзгеріп отырады. Ал жыралар тереңдігі 5-10 метр. Рельефтің биіктік өзгерісі 1 км-ге 50 метрден аспайды. Кенорны алаңының көп бөлігін жайылымдар алып жатыр, олар жеке телімдерге орман жолақтарымен бөлінген. Елек және Жайық өзендері бойында орман массивтері де кездеседі. Жоғарыда айтылған мәліметтерді Қосымша А мен Қосымша Ә-ден көрулеріңізге болады.
1-Сурет. Қарашығанақ кенорны.
1.2 Кенорын топырағы және климаты
Қарашығанақ кенорны шұғыл континентті зонаға жататын болғандықтан оның топырағы көбіне қою күңгірт болып келеді. Кенорын территориясы қоңыр топырақты құрғақ дала зонасына жатады. Тыңды жағдайында бұл зона топырақтары келесідегідей құрылымда болады: үстінде қуаттылығы 14-18 см ұсақ ұяшықты құрылымды гумусты аккумулятивті горизонт алып жатыр. Одан төмен өзгермелі гумусты горизонт орналасқан, оның жоғарғы бөлігі бірінші қабатқа қарағанда қалыңдау және түсі қоңыр күңгірт келеді, ал төменгі бөлігі біркелкі емес, ауыспалы орналасқан гумусты жинамалар бар. Барлық гумусты қабаттың қуаттылығы 45-60 см-ді құрайды. Еспе сулар 7,2 м тереңдікте орналасқан. Өсімдікті қабатында далалардың екі зонашалық түрі кездеседі: қоңыржай құрғақ жусанды және құрғақ тіпшақты. Кенорын ауданы солтүстік қоңыржай құрғақ далалар зонасында орналасқан, сондықтан мұнда далалық жануарлар кең таралған /18/.
Қарашығанақ кенорнының климатына келетін болсақ, Батыс Қазақстан облысының климаты жоғарғы континентальдылығымен ерекшеленеді. Ол солтүстікбатыстан оңтүстік-шығысқа қарай өсіп отырады. Климат континентальдылығы күн мен түннің, жаз бен қыстың температураларының тез өзгеруінен және қыстан жазға тез ауысуынан көрінеді. Барлық облыс үшін атмосфералық жауын-шашынның жетіспеушілігі байқалады. Қар аз жауып, даладан қардың қатты ұшырылып кетеді және ауасы құрғақ. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 239 мм-ден 273 мм-ге дейін өзгеріп тұрады және жыл маусымдарына бірқалыпты таралмаған: барлық жауын-шашынның 40%-ы қысқы-көктемгі уақытқа келсе, 60 %-ы жазғы-күзгі маусымға сәйкес. Жауын-шашындар жыл бойынша да бірқалыпты емес. өте құрғақ жылдары жауыншашын мөлшері 100С-тан жоғары температуралы жылы жыл маусымында 60мм-ге дейін түсуі мүмкін, ал ылғалдылығы жоғары жылдары аталған уақыт аралығында 160-230 мм болады. Жауын-шашынның ең көп мөлшері шілде айында түссе, ал оңтүстіктегі аудандарында маусымда түседі.
Ауданға шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттағы желдер тән. Қыс айларында жел жылдамдығы 4,5-4,6 м/сек-қа жетеді. Желдердің орташа айлық жылдамдығы 3,6 м/сек-тан 5,7 м/сек-қа жетеді. Өте қатты желдер ақпан және наурыз айларында болады. Штормды желдер жылына 25 күннен 41 күнге дейін, шаңды дауылдылар 40 күннен 46 күнге дейін, аязды дауылдармен 22 күннен 39 күнге дейін, найзағайлармен 15 күннен 20 күнге дейін, тұманмен 31 күннен 38 күнге созылады. Тұрақты аяздардың ұзақтылығы жылына шамамен 110-115 күндей болады. Тұрақты қар жамылғысы 3-100 қазан арлығында қалыптасады, ал 31 наурыз-3 сәуір аралығында ериді. Оның ұзақтылығы 119-131 күнді құрайды. Қар жамылғысының орташа биіктігі 24-27 см шегінде өзгеріп тұрады /19/.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы ауаның бумен қанығуы деңгейін сипаттайды және жыл бойы әртүрлі шектерде өзгеріп отырады, жазда 47-53%-ға жетсе, қыста 81-83%-ды құрайды. Ылғалдылығы 30%-дан төмен күндер саны жылына 84 күндей болады. лиматтық шарттары төмендегідей:
1. Жол-климаттық зона
2. Ең суық айы қаңтар, орташа температурасы минус 14,40С
3. Ең ыстық айы шілде,
орташа температурасы
4. Ауа температурасының абсолютты максимумы плюс 430С
5. Ауа температурасының абсолютты минимумы минус 450С
6. Орташа жылдық температура
7. Абсолютты жылдық
амплитуда
8. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 302 мм
9. Желдің орташа айлық
жылдамдығы
10. Желдің орташа жылдық жылдамдығы
11. Қар жамылғысының
қалыңдығы
12. Грунт қатуының нормативты тереңдігі
Құм
жерлер үшін
Тасты
грунт үшін
1.3 Қарашығанақ мұнайгазконденсат кенорнының стратиграфиясы мен тектоникасы
Қарашығанақ кенорнының тектоникасы. Қарашығанақ кенорны Қарашығанақ көтерілімінен солтүстікке қарай орналасқан Қарашығанақ-Қобыланды зонасында Каспий маңы солтүстік бүйірлі зонасының ішкі бөлігіндегі тұзды палеозойдың түзілімдеріндегі ірі көтеріліммен байланысқан. Негізінен субендік бағытында созылған Каспий маңы ойпатының бүйірлі кертпеші бекітіледі. Бұл кертпеш кунгур ярусының табанында анық ерекшеленеді. Жақын жатқан төмен пермьді және таскөмірлі түзілімдерде шельфті карбонатты фациялардың терең сазды-карбонаттыларға ауысуы байқалады, осыған байланысты аталған кертпеш Каспий маңы ойпатының Еділ-Жайық антиклизасымен тұтауы зонасындағы тектоникалық-седиментиционды құрылымы деп саналады. Каспий маңы бүйірлі кертпешінің және оның тұзды палеозойдың әртүрлі горизонтымен шектелген сыртқы жиектерінің шегінде үймек сипатты көтерілімдер қатары бар. Қолда бар геофизикалық мәліметтер бойынша солтүстік кертпештің ішкі бөлігінде осындай құрылымдар қатары бар. Ал Қарашығанақ көтерілімі Қарашығанақ-Қобыланды үймегінің құраушысы болып саналады. Қарашығанақ ьұзды көтерілімінің құрылымы төрт шағылдырғыш горизонттар (П3, С1, П2, П1-S) бойынша құрылымдық жоспарымдармен сипатталады, олардың екі төменгісі (П3, С1) кенорынындағы бұрғылау мәліметтеріне байланыстырылмаған, сондықтан да олардың стратификациясы шартты түрде алынған. П3 горизонты шамамен жоғарғы девонның карбонатты кешеніне жатқызылады. С1 горизонты төменгі карбон турней ярусының әктастарының төбелік жабындысына жатса, П2 горизонты төменгі және орта карбонның шайылған беткейлі қабатына, ал П1-S төменгі пермь артин ярусы әктастарының төбелік жабындысы мен олармен ауысып тұратын филлиппов горизонтының ангидриттарына жатады. П1 мен S шағылымдары бір шағылдырғыш горизонтқа бірігіп кеткен. Қарашығанақ көтерілімінің құрылымдық жоспарларын тұзды кешеннің аталған горизонттар арқылы салыстыру олардың ұқсастылығы мен елеулі айырмашылықтарын көрсетеді. Сонымен қатар, П1 және П3 горизонттарының құрылымдары Қарашығанақ кенорнының карбонатты массивының беттік жамылғысы мен табанындағы құрылымдарды сипаттайды, ал С1 және П2 горизонттары оның таскөмірлі шөгінділер деңгейіндегі ішккі құрылысын көрсетеді. Барлық аталған горизонттар бойыншы көтерілім кішкене созылған пішінді болып келеді және субендікті бағытта Каспий маңы ойпатының бүйірлі кертпешіне паралель бағдарланған. Сонымен бірге, оның әрбір горизонты бойынша изогипспен тұйықталған контуры бойымен көтерілу мөлшері де белгілі болып отыр. Қарашығанақ көтерілімінің карбонатты массив құрылымының ерекше қасиеті оның қима бойынша амплитудасының жоғарға қарай өсуі болып табылады, бұл оның тектоникалық-седимитационды табиғатымен түсіндіріледі. Сейсмо-бақылаушылардың мәліметтерінде П3 горизонты бойынша Қарашығанақ көтерілімінің амплитудасы 300 метрдей құрайды, С1 горизонтында ол 600-700 м-ге көтеріледі, ал П2 горизонтында 1000 м-ге және П1-S горизонтында 1550 м-ге өседі. Төменгі пермь шөгінділерінің қуаттылығының ұлғаю зонасы көтерілімнің ортаңғы бөлігінде локальданған /22/.
Төменгі карбонатты рифті
құрылым Қарашығанақ
Қарашығанақ көтерілімінің таскөмір шөгінділері беті созылған субендікті пішінге ие. Изогипс контурындағы мөлешерлер – 5200 м, 26 х 19 км. Көтерілімде кең нығыздалған шыңы бар, ол 4600 м изогипспен тұйықталған. Қарашығанақ көтеріліміндегі кунгурдың галогенді кешені мен тұзды жоғарғы пермьді және мезозой-кайнозой шөгінділері Каспий маңына тән тұзды тектоникамен қамтылған, онда тұзды қатпарлар, күмбездер және күмбезаралық мульдалар кездеседі. Бұл шөгінділерде көтерілімнің оңтүстік және солтүстік бөліктері сызықты созылған тұзды күмбездер – Қарашығанақ және Көкшебаймен сипатталады, ал шығысы периклинальды-тұзды күмбез Сухоречкамен берілген. Көтерілімнің тұтасу бөлігіне тұссыз күмбезаралық мульда сәйкес келеді.
Стратиграфиясы. Жобаланған жұмыс алаңында ең көне ашылған шөгінділер төменгі девон кезеңіне жатады. Олар 15, Д-5 ұңғымаларында алғаш кездескен. Төменде жазылған шөгінділердің сипаттамасы сәйкесінше Бұзылық қазаншұңқыры, Шығыс-Орынбор және Соль-Елек күмбездері аудандарымен бөлінеді.
Кристалды іргетас. Іргетас Шығыс-Орынбор күмбезі шегінде 4,1 км тереңдікте қазылды (Землянская ауданы), Бұзылық қазаншұңқырында (Зайкин және Ростогинская аудандары) 4,5-4,7 км тереңдікте, Булатов көтерілімінде (Чинаревская ауданы, П-9 ұңғымасы) 5260 м тереңдікте орналасқан. Іргетас гранит құрамды жыныстардан тұрады. Іргетас жасы архей-орта протерозойға сәйкес келеді. Сейсмобақылаулар нәтижесі бойынша жобаланған жұмыс аймағында іргетастың қалыптасқан тереңдігі 7-9 км-дей болады.
Жоғарғы протерозой тобы – PR. Қарастырылып отырған ауданда аймақтық таралу екі кешеннен тұрады – рифей және венд кезеңділер.
Еділ-Жайық антиклизасы шегіндегі рифей кешені архей-протерозой массивтеріндегі іргетастың магмотоморфтық шөгінділерін бөлетін грабендерде дамыған. 300-400 м тереңдіктегі рифей шөгінділері Үлкенөзен, Рожков, Землянская аудандарында орналасқан. Кешен тереңдігі сейсмобақылаулар нәтижесі бойынша 1000 м-ге дейін жетеді. Ол қызылтүсті молассовидті түрлердің жиынтығынан тұрады, осы жинақта гравелиттар, құмдақтар және аргиллитттар белгілі бір ретпен ауысып отырады.
Информация о работе Қарашығанақ кен орны туралы жалпы мәліметтер