Алматы облысының даму ерекшелігі және мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 08:24, доклад

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан аумағы бойынша Батыс Қазақстаннан кейінгі екінші экономикалық аудан (елдің жалпы аумағының 27%-ы). Оңтүстік Қазақстан аумағының көп бөлігін Алматы облысы алып жатыр. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Алматы облысының әр түрлі тұрғыдан қарастырайық.

Работа содержит 1 файл

эссе 1.doc

— 48.00 Кб (Скачать)

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

     Л.Н.ГУМИЛЕВ  АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

     ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ФАКУЛЬТЕТ

     «МЕНЕДЖМЕНТ»  КАФЕДРАСЫ 
 
 
 
 

     ЭССЕ 

                     Тақырыбы: Алматы облысының даму ерекшелігі және мәселелері  
 
 
 
 
 
 
 

     Орындаған: ГМУ-41қ тобының студенті

       Советова Ә.С.

                                Қабылдаған: Тлеубаева А. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Астана  2011 
 

     Оңтүстік  Қазақстан аумағы бойынша Батыс Қазақстаннан кейінгі екінші экономикалық аудан (елдің жалпы аумағының 27%-ы). Оңтүстік Қазақстан аумағының көп бөлігін Алматы облысы алып жатыр. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Алматы облысының әр түрлі тұрғыдан қарастырайық.

     Алматы  облысының «Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы» деңгейіне келіп тоқталайық. Қала маңындағы аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы орталықтың ықпалына байланысты болады. Жалпы айтқанда, Алматы облысының ірі өндіріс орталығына айналдыру үшін аймақта: тамақ өнеркәсібінде – ет, сүт тағамдарын өндіру, өсімдік май, қант, шарап жасау, темекі өндірісі және лимон қышқылын, қоюландырылған және құрғақ сүт, соя мен қызанақты қайта өндеу арқылы өнімдерін шығару, яғни  қайта өндеу өндірісін дамыту басшылыққа алынса, ал аймақтағы пайдалы қазбалар қоры арқылы мәрмәр, кварц құмы, гипстік шикізаттардың, құрылыс және безендіру табиғи тастарының молдығы құрылыс өндірісінің дамуына немесе құрылыс кластерін қалыптасуында ерекше орын алады. Аймақтың сырттан келетін қуат көздері тәуелділігінен құтылу үшін жердің су және жел қуат табиғи қорларын дәстүрлі емес және өздігінен қайта қалпына келетін қуат көздеріне айналдыру қажет.

     Алматы  облысы Республика бойынша ең қымбат бағадағы электр қуатын пайдаланып отыр. Қазір аймақта осы түйткілді мәселені түбегейлі шешудің қам-қаракеттері жасалуда. Бүгін Қаратал өзені бойынан салынған төртінші ГЭС- ашылды. Жетісу - өзені көп өлке. Бірі балыққа бай болса, тағы бірі егіншілікке қолайлы. Енді ағысы қатты тау өзендерінен электр қуатын өндіру қолға алына бастады. Алматы облысының Ескелді ауданы Қаратал өзенінің бойынан шағын су электр станцияларын салып, игілікті жұмыстарға жол ашты.

     Өткен екі жылда Қараталдың бойынан 2 су электр станциясы салынған. Екеуінің мүмкіндігі 9 мегаватт электр қуатын өндіруге жетіп тұр. Олардың қатарын бүгін 3,5 мегаватт электр қуатын өндіретін жаңа ГЭС толықтырды. Жобаның құны 800 миллион теңгеге жуық. Жетісу жұрты да елдің индустрияландыру бағарламасы байыпты түрде жүзеге асып жатқанына куә болды.

     Аймақ энергетиктерінің айтуынша, Қаратал  өзенінің бойынан онға жуық шағын  су электр станциялары салынады. Алдағы айда тағы бір ГЭС-тің құрылысы басталмақ. Ол келер жылғы күзде пайдалануға  беріледі.Биыл елімізде жүзеге асырылған 72 инновациялық жобаның 6-уы Алматы облысында. Олардың қатарында сүт өнімдерін шығаратын және майбұршақ пен табиғи тастарды өңдейтін зауыттар бар. Осылайша, аймақта жаңа жұмыс орындары ашылып, экономикалық өрлеудің жаңа кезеңі басталды.

     Сонымен қатар, қолда бар әлеуетті толық пайдалануға мүмкіндік бермей, облыс экономикасының дамуын тежеп отырған теріс жақтар да бар.

     Білім беру саласының теріс жақтары 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейін білім беру қызметімен қамтудың төмендігінен, білім ғимараттарының нақты және рухани тұрғыда айтарлықтай тозуынан, мектепке дейінгі, орта және кәсіби-техникалық білім беру объектілерінің сәйкес құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігінен көрінеді.

     Өндіріс күштерін орналастырудағы аумақтық теңсіздік, кластерлерді қалыптастыруда қосымша құн тізбегінің өнеркәсіп  буындарының болмауы аудандар мен  қалалардың біркелкі дамымауын түсіндіреді.

     Көптеген  кәсіпорындардың заманға сай  технологиялық құралдармен жабдықталуының төмендігі және негізгі өндіріс қорларының айтарлықтай ескіруі энергия, еңбек- және материалдық сыйымдылықтың өсуіне әкеліп, шығарылатын өнімнің бәсеке қабілеттілігін азайтады.

     Ауыл  шаруашылығында шаруашылықтардың ұсақ тауарлығы және өңделетін жерлер көлемінің аздығы ірі ауқымдағы будандастыру-асыл тұқымдандыру жұмыстарын жүргізуге және ғылыми негізделген егістік айналымын сақтауға, қазіргі заманғы технологияларды, механизациялауды және өндіріс әрекетін автоматтандыруды кеңінен пайдалануға мүмкіндік бермейді.

     Суару жүйесінің техникалық жағдайының нашарлауы  суармалы алқаптарды оңтайлы пайдаланбауға  және ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігінің төмендеуіне алып келді.

     Ауыл  шаруашылығы техникасының тозу дәрежесі 80%-ды құрайды, бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өнімнің өз құнының артуына және бәсекеге қабілеттілік деңгейінің құлдырауына әкеліп соғады.

     Әлсіз туристік инфрақұрылым, туризм объектілеріне  апаратын жолдардың нашар жағдайы, сервистік қызметтердің төмен деңгейі  және кәсіби мамандардың жоқтығы облыстың республика экономикасында мамандануының стартегиялық бағытының бірі болып табылатын, туризмің дамуын тежеуде.

     Облыста халықтың 70%-дан астамы ауылдық жерлерде мекендейді, бұл халықтың өмір сүру деңгейінің орташа болуын, еңбек әлеуеті біліктілігінің жеткіліксіз деңгейін, ауылдан қалаға жағымсыз көші-қон ағымын білдіреді және ауылдық аумақтарды дамыту баяулайды.

     Басқарма  тарапынан 2011 жылдың бірінші жарты  жылдығында облыс әкімдігінің жер  қатынастары мәселелеріне қатысты 10 қаулының жобасы дайындалды, 7 жерге орналастыру жобасы бекітілді, жер учаскелерін жалға беру туралы 38 шарт жасалды, жер учаскелеріне 69 сәйкестендіру құжаттары және 1 тұлғаға іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілді

     Жер қатынастары басқармасының 2011 жылғы  негізгі мақсаттары:

     - жер қатынастарын реттеу жер  ресурстарын басқару аясындағы  бірыңғай мемлекеттік саясат  жүргізу;

     - жер учаскелерін мемлекетік меншіктен  беру бойынша сауда-саттық (конкурстар,аукциондар) өткізу;

     - бөлінген бюджеттік қаржыларды  уақытылы игеру бойынша шараларды жүргізу;

     - стратегиялық жоспардың дамуын  жүзеге асыру мақсатындағы жерге  орналастыру жұмыстарын жүргізу,  жоспарлы-картографиялық материалдармен  жабдықтау, бюджеттік қаржыларды  уақытылы игеруін; 

     - жер нарығын дамыту.

     Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін көтеру және қайта даярлауды ұйымдастыру әлеуметтік қолдаудың маңызды түрлерінің бірі болып табылады. 2011 жылы кәсіби оқытуға, біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға 2840 жұмыссыз азаматты жіберу қарастырылған болса, жыл басынан 3127 адам оқуға жіберілді, оның ішінде 45 адам «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде оқытылуда. Олардың ішінен бүгінгі күнге 2702 адам оқуын аяқтап, 2460 адам жұмысқа орналасты.

     Менің ойымша, 2011 жылға келесі тапсырмалар  белгіленуі қажет:

1. 2011 жылға мемлекеттік бюджетке салықтар және міндетті төлемдер бойынша болжам көрсеткіштерін орындалуын қамтамасыз ету.

2. Бюджеттің  түсімінің көбеюі мақсатында  салықты әкімшілендіруге жаңа  көзқарастар енгізу, аналитикалық  және бақылау жұмыстарын күшейту.

3.Бюджеттегі  салық қарыздарын азайту барысында  уақытысында төлемейтін салық  төлеушілерге қатысты әрекетті  жұмыс жүргізу, тіпті банкроттық  процедураларды қолдану. 

4. Салық  сұрақтары бойынша қоғамды хабардар  ету және заман талабын есепке  ала отырып, салық қызметінің сапасын жоғарлату жұмыстарын жүргізу.

     Қорытындылайтын болсам, жалпы Алматы облысысының  қазіргі экономикалық тұрақтылығын әлі де көп уақыт бойы жалғастыра алады. Алайда мен қарастырған мәселелері бойынша әлі де көптеген іс шаралардың атқарылуы тиіс екені мәлім болды. Сонымен қатар, агроөнеркәсіпті жалғастыруды негіз етіп ал керек. Алматы облысының экономикалық және жалпы әл ауқатын жан- жақты қарастырдым, алайда экологиялық мәселелерінің нақты 2008, 2009, 2010  жылдар бойынша нақты ақпараттың жоқтығынан, экологиялық әл ауқатына талдау жасалынбады. 
 

      

Информация о работе Алматы облысының даму ерекшелігі және мәселелері